Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті
Басым жобалар
2015 - 2019 жылдар кезеңінде қара металлургияны дамытудағы мемлекеттік саясат болат алу үшін сапасы жоғары шикізат өндіру жөніндегі басым жобаларды іске асыруға (түйіршіктелген шойын және брикеттелген ыстық темір, ферроқорытпалардың көлемін ұлғайту және жаңа түрлерінің өндірісі), болаттың жаңа түрлерінің өндірісіне (құбырлық және тот басуға төзімді, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік, құралдық, шар-мойынтірек, рельстік және рессорлық-серіппелі) және жаңа қосындыланған болат ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады.
Бизнес-құрылымдардың өздерінің ұсыныстарына сәйкес жалпы инвестициялар көлемі 400 млрд. теңгеден асатын өндіріс көлемі мен өнімнің қосылған құнын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға келеңсіз әсерді төмендетуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Ақтөбе және Павлодар облыстарында инновациялық технология бойынша орташа көміртекті феррохром өндірісін құру жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске асырылады.
Алматы облысында инновациялық технология бойынша қуаты жылына 400 мың тонна шойын шығаратын шекті шойын өндіру жөніндегі жоба іске асырылатын болады.
Жамбыл облысында шикізат базасын кеңейту арқылы ферроқорытпа өндірісі жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.
Қарағанды облысында болат өндірісі жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайтылатын болады және қуаты жылына 75 мың тонна болатын кешенді қорытпалар өндірісі ұйымдастырылды.
Қостанай облысында қуаты 1,8 млн. тонна брикеттелген темір шығаратын металдандырылған өнім өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Маңғыстау облысында қуаты 600 мың тонна болатын электр болат балқыту кешенін салу жөніндегі жоба іске асырылатын болады.
Павлодар облысында қуатын жылына 270 мың тонна құбырға дейін ұлғайта отырып, құбыр прокатының өндірісін дамыту жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске асырылады.
Алматы қаласында қуаты жылына 200 мың тонна дәнекерленген болат құбырларының өндірісін құру жоспарланып отыр.
Түсті металлургия
Түсті металлургия Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін қалыптастыратын өңдеуші өнеркәсіптің түйінді саласы. Сектор өнімдері машина жасауда, электр техникасында, құрылыста, радиоэлектроникада пайдаланылады.
Басым тауарлар топтары бойынша ішкі нарық пен макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы тиісінше 111 және 6 718 млн. АҚШ долл. құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында түсті сектордың үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 19,6%-дан 2012 жылы 22,8%-ға дейін өсті, ал 2013 жылы 19,2 %-ға дейін төмендеді. Жалпы қосылған құн 2008 жылғы 377,9 млрд. теңгеден 2012 жылы 749,9 млрд. теңгеге дейін өсті. 2008 - 2013 жылдар аралығында өндіріс көлемі атаулы мәнде 1,7 есе өсті. 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылғандар саны 22,2 мың адамға қысқарды. 2013 жылы түсті металлургиядағы еңбек өнімділігі 107,8 мың АҚШ долл. құрады. ЭЫДҰ елдерінің осы көрсеткіші осыған ұқсас кезеңде орта есеппен 147,5 мың АҚШ долл. құрады, бұл Қазақстан үшін осындай көрсеткішпен салыстырғанда 18,9%-ға жоғары. 2013 жылы түсті металлургия экспортының көлемі 2008 жылғы деңгейде қалып, 4,2 млрд АҚШ долл. құрады (7-кесте).
7-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Металлургия өнеркәсібіндегі үлесі
|
19,6
|
20,0
|
23,7
|
25,2
|
22,8
|
19,2
|
ЖҚҚ, млрд. теңге*
|
377,9
|
376,0
|
492,2
|
687,6
|
749,9
|
523,3
|
Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі
|
3 359,6
|
2 946,0
|
3 844,7
|
4 801,4
|
5 446,7
|
5 882,5
|
НКИ, өткен жылға %
|
97,5
|
97,1
|
113,9
|
107,7
|
101,2
|
101,6
|
Түсті металлургия өндірісінің көлемі
|
658,6
|
596,9
|
902,4
|
1 141,5
|
1 244,0
|
1 131,4
|
НКИ, өткен жылға %
|
104,5
|
92,0
|
115,7
|
108,2
|
107,2
|
98,8
|
Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны
|
69 529
|
64 885
|
65 569
|
62 771
|
53 213
|
47 245
|
Кәсіпорындардың саны
|
47
|
39
|
36
|
36
|
36
|
34
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге
|
8 164
|
8 827
|
10 495
|
15 033
|
18 692
|
16 565
|
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
|
67,6
|
59,5
|
71,2
|
101,3
|
124,0
|
107,8
|
ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
|
131,6
|
121,7
|
141,1
|
149,6
|
147,5
|
н/д
|
Есепті жылы орташа жылдық қуаттың пайдаланылуы, %*
|
93,2
|
86,7
|
88,2
|
86,5
|
82,2
|
н/д
|
Негізгі құралдардың тозу деңгейі, %
|
38,85
|
39,58
|
34,87
|
35,24
|
47,47
|
н/д
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге
|
109285
|
121381
|
106847
|
132061
|
133868
|
119678
|
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
|
19,4
|
25,6
|
19,3
|
19,4
|
12,7
|
н/д
|
Жылдың соңына теңгерімдік құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге
|
109 784
|
143 087
|
157 846
|
190 782
|
197 317
|
н/д
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
4 274,4
|
2 407,1
|
3 388,7
|
5 636,5
|
4 343,4
|
4 230,3
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
489,8
|
299,2
|
206,9
|
364,1
|
411,9
|
3 558,4
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
7-кестеге:
Ескертпе: ** көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген.
Түсті металлургияның теріс серпіні жаңа технологияларға көшумен байланысты Жезқазған мыс қорыту зауытының тоқтауымен байланысты болып отыр.
Алтын өндіру бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеу «Бақыршық ТӨК» ЖШС-нің жоспарланған өндірістік объектілерінің пайдалануға уақтылы енгізілмеуіне байланысты - металлургия кешенінің құрылысы мен өнімділігі жылына 1,5 млн. тонна жер асты кенішін игеру экологиялық аспектілерге байланысты технологиялар қайта пысықталғандықтан жобаның қымбаттауына байланысты; «Юбилейное» ЖШС-нің құрамында алтын бар 5 млн. тонна кенді қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының құрылысы қоршаған ортаға әсерін бағалауға байланысты оңтайлы қайта өңдеу технологиясын таңдауға байланысты.
Секторды одан әрі дамыту стратегиясы Rio Tinto Plc, Glencore International AG, ThyssenKrupp AG, Sumitomo сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастыққа негізделеді.
Сектордың түйінді проблемалары:
1) түсті металлдардың бай және оңай қолжетімді кендері қорларының сарқылуы, минералдық құрамдардың көп компоненттілігіне байланысты оларды байыту күрделілігі;
2) кәсіпорындардағы жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы мен моральдық ескірген жабдықтардың болуы, нашар дамыған ішкі нарық;
3) өндірістік қуаттардың аз жүктелуі;
4) әлемдік нарықтағы базалық металдар бағасының құбылмалы болуы және өткізу нарықтарындағы сұраныстың төмендеуі;
5) қосылған құны жоғары өнім экспортының қысқаруы және импортының ұлғаюы;
6) теміржол тасымалдарына, электр энергиясын тасымалдауға жоғары тарифтер;
7) өнімнің энергия мен еңбекті көп қажет етуі;
8) көліктік-логистикалық инфрақұрылым дамуының төмен деңгейі;
9) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы;
10) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттілігі.
Мақсаты:
Базалық металдарды өндіру көлемдерін ұлғайту, олардан жасалатын бұйымдарды шығару жөніндегі өндірістерді дамыту және құру.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (8-кесте):
1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,3 есе;
2) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,4 есе;
3) экспорт құны көлемінің кемінде 1,1 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
8-кесте. Нысаналы индикаторлар
№
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлш. бірл.
|
2012 есеп
|
2013 меже
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 жылға қатысты 2019 ж., %
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
98,8
|
98,8
|
117,1
|
117,4
|
120,7
|
122,4
|
127,1
|
1,3 есе
|
2
|
Еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
111,3
|
111,2
|
130,0
|
125,4
|
131,4
|
135,2
|
140,8
|
1,4 есе
|
3
|
Экспорт
|
%
|
100
|
81,9
|
80,7
|
98,0
|
99,2
|
105,3
|
108,7
|
114,4
|
1,1 есе
|
Міндеттер:
1) жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуаттарын кеңейту;
2) еңбек өнімділігі мен ресурс тиімділігін ұлғайту арқылы өндіріс тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту;
3) кенді кешенді өңдеуге арналған инновацияларды енгізуді ынталандыруға жағдайлар жасау;
4) қазіргі өндірісті кеңейту және аралас секторлар үшін базалық металдардан жасалған жаңа өнімдерді шығаруды игеру;
Достарыңызбен бөлісу: |