Мемлекеттік бағдарламасы


) Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту



бет4/5
Дата12.06.2016
өлшемі337.5 Kb.
#129747
1   2   3   4   5


1) Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту

 

Ақпаратты қоғамды қалыптастыру елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттар мен басқа да мәдениет мекемелерінде шоғырланған ақпараттық материалдар бұл процесте маңызды рөлге ие.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, АКТ негізінде мәдениет мекемелерінің жаңа кызметтерін дамытуға, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыруға және оған ашық қолжетімділікті ұсынуға, электрондық кітапханаларды ашуға баса назар аударылуда.

Осыған байланысты таяудағы перспективада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту бойынша белсенді шараларды қабылдауы тиіс.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік мекемелері жүйесінде 40 республикалық және шамамен 8 мыңдай облыстық мәдени ұйымдар қызмет етеді.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша елімізде 64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 кинозал және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169 мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы, ойын-сауық және демалыс саябақтары қызмет етуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004 жылдан бастап ауқымы мен тарихи диапазоны бойынша теңдесі жоқ «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы іске асырылуда.

2004 жылдан бастап ғылымды мыңдаған артефактілермен байытқан және ұлттық тарих туралы түсінік беретін 40-тан астам археологиялық және 30-дан астам ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілді.

2011 жылы «Мәдени мұра - Культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталының жаңа нұсқасын іске қосу жүзеге асырылды.

Ресурс Қазақстанның мәдени мұрасы туралы жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын кеңейтілген ақпаратты қамтиды. Мұнда 1 млн. файл, 2000 фотосурет және сурет, 360 кітап, 50 бейнематериал орналастырылған.

Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат - елді мекендер мен ескерткіштердің географиялық деректемелеріне сәйкес Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.

Міндеті: азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту.

Нысаналы индикаторлар:

1) «Мәдени мұра» жобалары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 2017 жылы - 82 %, 2020 жылы - 85 % құрайды;

2) «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру 2017 жылы - 55 мың бірлікті, 2020 жылы - 57 мың бірлікті құрайды.

Қол жеткізу жолдары

Азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту бірқатар шараларды іске асыру арқылы камтамасыз етіледі, атап айтқанда:

1) «Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және техникалық қолдау;

2) ұлттық электрондық кітапханаларды, сондай-ақ кітапханалардың еркін электрондық каталогін жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

3) мәдениет және өнер саласындағы түрлі ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті, электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін камтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) мәдениет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары туралы 3D-суреттер жиыны бар кітапхана ашу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражай қорының электрондық тіркелімін және мәдени ескерткіштер мен объектілер бойынша дерекқор жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

6) құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

7) мемлекеттік кітапханаларды интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингтеу;

8) «Ұлттық электрондық құжаттар орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

9) Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

 

 

2) Отандық БАҚ-тарын жаңғырту

 

Жаһандық ақпараттық дәуірдегі қоғамдық қатынастардың өзгеру процесінде ашылатын мүмкіндіктер Қазақстанның тұрақты дамуына қызмет ететін ақпараттық-мәдени ортаны құру үшін пайдаланылуға тиіс. Сонымен қатар жаңа заман талаптары лайықты жауапқа ие болуы тиіс. Мұнда отандық БАҚ жаңғыруына негізгі рөл жүктеледі.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Отандық БАҚ ашық ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді, онда ол аудиторияның назарын аудару үшін шетелдік БАҚ-тармен күресуге мәжбүр. Қазақстан шетелдік медиа-өнімдерді таратуды әкімшілік тұрғыда шектеуге бағытталған шараларды қолданудан саналы түрде бас тартты. Осы бәсекелі күресте табысқа жету үшін Қазақстан өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын таңдады.

Мемлекет отандық БАҚ-тардың техникалық базасын жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізуде. 2010 жылғы желтоқсанда DVB-S2 цифрлық стандарттағы MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық жерсеріктік желісін іске қосу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оған 180 мыңнан астам абонент қосылды.

Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы компаниялардың басты технологиялық алаңына айналған қазіргі заманғы телерадиокешен пайдалануға енгізілді.

Міндеті: отандық БАҚ жұмысының сапасын арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер саны 2020 жылы — 500 мың абонент;

2) бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар 2017 жылы — 45;

3) қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясы 2017 жылы - 100 шет ел, 2020 жылы - 110 шет ел;

4) Интернетте баспа және электрондық БАҚ ұсынылуын 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 95 %;

5) Интернет арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 80 %;

6) негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын тұрғындардың үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы - 64 %, 2020 жылы - 70 %;

7) мемлекеттік БАҚ-тар тарататын жарнама қаражатының көлемі 2017 жылы - 35 %, 2020 жылы - 50 % (2012 жылға қатысты).

Қол жеткізу жолдары

Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың техникалық базасы мыналар арқылы қамтамасыз етілетін болады:

1) телерадио хабарларын тарату желісінің ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлік цифрлық телевизияны енгізу;

2) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту;

3) отандық телеарналардың өнім өндірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануы;

4) телевизиялық бағдарламалардың таспасыз өндірісін қолдану бөлігінде мемлекеттік телеарналардың әлеуетін дамыту;

5) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені негізінде мемлекеттік телеарналардың алтын қорының цифрлық мұрағатын құру бойынша ұсыныстарды енгізу;

6) елдің медиаинфрақұрылымын дамыту.

Қазақстан аумағында отандық БАҚ тарату географиясын кеңейту үшін:

1) ұлттық жерсеріктік телехабарларын тарату желісін танымал ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

2) елдің шалғайдағы елді мекендерінде республикалық арналардың көрсетілімін камтамасыз ету үшін электрондық БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара іс-қимыл жасауын кеңейту;

3) мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне он-лайн-қатысуын қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу;

4) мемлекеттік емес дәстүрлі БАҚ-тардың Интернет желісіне шығуына жағдай жасау, оларға ұтқыр қосымшаларды әзірлеуде қолдау көрсету.

Қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін отандық контенттің өндірісін ынталандыру арқылы көтеру болжануда, сондай-ақ:

1) мемлекеттік телеарналардың біреуін эксклюзивті материалдарды (ел өміріндегі ауқымды оқиғалар туралы, жаһандық деңгейдегі маңызды жаңалықтар және шетелдік әріптестерден алынған бірегей бейнематериалдар) жаратушы ретінде белгілеу;

2) мемлекеттік телеарналар мен олардың өңірлік филиалдары бейнематериалдарының HD форматына аудару сапасын арттыру;

3) мультимедиалық өнімдерді жаңа форматтарда (анимациялық 3D-фильмдер, голографиялық кескін, инновациялық мультимедиалық-шешімдер) әзірлейтін орталық ашу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) баспа БАҚ-ты басудың, беттеудің және таратудың жаңа технологияларын талдау және Қазақстан жағдайына бейімдеу, отандық газеттер мен журналдарды жеделдік, мультимедиалық, аудиториямен байланыс бөлігінде бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы өлшемдерінің тиісті деңгейлеріне жеткізу;

5) Қазақстан үшін саяси, экономикалық және ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын елдер мен өңірлерде жетекші республикалық баспасөз БАҚ-тың шетелдік тілшілер пункттерін дамыту;

6) қолданыстағы штат саны шегінде мамандандырылған интернет-редакцияларды болу мақсатында мемлекеттік БАҚ-тың штат кестесі мен құрылымын қайта қарау;

7) мемлекеттік БАҚ интернет-ресурстарының тартымдылығы мен қолжетімділігін, ноутбуктар мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен интернетке шығуы бар теледидарлардың, автомобильдердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуын арттыру үшін олардың жұмыс істеуінің тұжырымдамасын қайта қарау.

Дайын медиа-өнімдерді ілгерілету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады, атап айтқанда:

1) бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және электрондық БАҚ-тар үшін міндетті практика болады;

2) қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет желісінде белсенді түрде алға жылжитын болады;

3) мемлекеттік БАҚ өзінің жеке қаражаты есебінен тоғыспалы технологияларды пайдаланатын болады.

Ақпарат саласын басқару халықтың барлық санаттарын ескеретін БАҚ аудиториясының объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделетін болады. Көрермендер сұранысын талдау нәтижелері бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі төмен бағдарламаларды алып тастау жұмыстары жалғасын табуда. Арналардың көрермендер аудиториясын барынша көтеруге жетекші шетелдік аналогтер үлгісі бойынша қайта бағдарламалау қызмет етеді.

Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың жаңа тетіктерін белсенді түрде қолданатын болады, оның ішінде мемлекеттік БАҚ-қа стратегиялық жоспарлау талаптарының деңгейін арттыру есебінен жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік арналар және газеттердің басшыларымен келісімшарттар, олар көрермендер аудиториясы мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды көбейту, интернет-ресурстардың оқырмандарын арттыру және т.с.с. сияқты түпкілікті нәтижелерге негізделетін болады.

Туындаған қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес барлық мүдделі тараптар тартыла отырып, БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру процесі жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаның қолданысы кезеңінде баспа БАҚ өз өзектілігін сақтап қалады, сондықтан мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағытталған газеттер мен журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті Интернет ресурстарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Интернет желісінде орналастырылатын материалдар жаңа медиа форматқа бейімделетін болады. Жарияланымдарға қолжетімділікті арттыру БАҚ нұсқаларын ұткыр коммуникация құралдарына қолжетімді етеді. Жалпы, барлық негізгі БАҚ-тың Интернетке көшуі жүзеге асырылады және Интернет масс-медиа үшін бірыңғай тұғырнамаға айналатын болады.

Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық желіде контентті дербестендіру бірінші кезектегі мәнге ие болады. Аудиторияның адалдығын қамтамасыз ету үшін БАҚ — Интернет-өнімдерін тақырып және өңірлік жақындықтары бойынша пайдаланушылардың нақты топтарының қызығушылықтарына бейімдейтін болады. Ақпараттық хабарламалар географиялық «оқиғалар картасында» бейнеленуі мүмкін, ал геолокация технологиясы оқырман тұрған өңір туралы хабарламаларға назар аударуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады:

1) Астана қаласындағы телерадиокешеннің мүмкіндіктері медиа-нарықтың инженерлік-техникалық және басқа да қазіргі заманғы мамандарын практикалық оқыту ісіне барынша жұмылдырылатын болады;

2) халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның медиа-қауымдастығы өкілдерінің халықаралық көрмелерге, форумдарға, конференциялар мен сыйлықтарға белсенді қатысуы БАҚ саласында тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға арналған алаңға айналуға тиіс.

Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде аудиторияның сенімі баспа және электрондық БАҚ, интернет-ресурстың неғұрлым қажетті сапасы болып табылады. Сондықтан журналистік қоғамдастықтың өзін-өзі реттеу мәселесі жөніндегі масс-медиа саласындағы кәсіби мамандардың бастамаларына қолдау көрсетілетін болады. Мұндай жалпы мойындалған құндылықтарды қорғау тетігі бір уақытта мемлекеттің қоғамдастық пен БАҚ арасындағы қатынасқа араласу қажеттілігін төмендете отырып, отандық БАҚ-ты күшейтуге мүмкіндік береді.

Халықаралық деңгейдегі мемлекет имиджін нығайтуға және Қазақстан туралы жаһандық ақпаратты ілгерілетуге қазақстандық телеарналардың шетелдік аудиторияны қамтуы әсер етеді:

1) Қазақстанның жақын көршілерінің тұрғындарына қазақстандық мәдени-білім беру арналарына қолжетімділік ұсынылатын болады;

2) Қазақстанның стратегиялық әріптестері аумағында үш тілде хабар тарататын ақпараттық және мәдени-білім беру телеарналарына қолжетімділік ұйымдастырылатын болады.

Елді мекен ауқымында сымсыз ақпараттық-коммуникациялық желілерінің дамуымен, көлік кұралдары және қоғамдық пайдалану орындарда қазақстандық радио мен телеарналарға қолжетімділік мүмкіндігі ұйымдастырылатын болады.

 

 

3) Отандық ақпараттық контент өндірісін ынталандыру

 

Ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың жаңа форматы қазіргі заманғы ақпараттық-идеологиялық отандық өндірістің өнімдерін маркетингтік ілгерілетуге және өндірістің жаңа мәдениетін қалыптастыруға тиіс. Мемлекеттің тиімді ақпараттық саясатты іске асыруы үшін нәтижелілігі елдегі меншікті контент индустриясының даму деңгейіне тікелей байланысты болатын мамандандырылған коммуникативтік стратегияны әзірлеу және іске асыру қажет.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

2012 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 2 752 БАҚ жұмыс істейді, оның ішінде: мемлекеттік - 439 (16 %), мемлекеттік емес - 2 313 (84 %). БАҚ-тың жалпы санының ішінде 1 664 газет, 837 — журнал, 238 - электрондық БАҚ (51 телекомпания, 48 радиокомпания, 133 кәбілді телевизия және 6 жерсеріктік хабар тарату операторы), 13 - ақпараттық агенттік.

Тұрақты түрде іскерлік және жеке қажеттіліктері үшін Интернет мүмкіндігін пайдаланатын адамдардың саны шамамен 8,9 млн. құрайды.

Сонымен қатар құны бойынша шетелдік өніммен салыстыруға болатын қызықты, танымдық және тартымды отандық өндіріс материалдарының жеткіліксіз екендігі байқалады. Нәтижесінде қазақстандықтар шетелдік ойын-сауық және интерактивті ресурстарға қызығушылық танытады.

Міндеті: отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар:

1) отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі 2017 жылы - эфирлік уақыттың - 53 %, 2020 жылы - 60 %;

2) прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны 2017 жылы - 8 %, 2020 жылы - 10%;

3) Интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арақатынасы - 2017 жылы - 0,7:1-ге, 2020 жылы - 1:1-ге;

4) «.kz» және «.қаз» домендеріндегі интернет-ресурстардың өсу санын 2017 жылы - 35 %-ға, 2020 жылы - 50 %-ға жеткізу;

5) қоса қаржыландыру шартының негізінде жеке меншік телеарналар арасында тапсырыс беру тәсілімен телевизиялық өнімнің өндіріс көлемі 2017 жылы - кемінде 10 жоба, 2020 жылы - кемінде 15 жоба;

6) қазақстандық интернет-ресурстарға орташа кіруді арттыруды 2017 жылы - 40 %-ға, 2020 жылы - 50 %-ға жеткізу;

7) қазақстандық блог саласының көлемін - 2017 жылы 1 дербес интернет-блогқа 100 Интернет пайдаланушы, 2020 жылы 2 дербес Интернет-блогқа 100 Интернет пайдаланушы;

8) отандық телесериал түсіру 2017 жылы кемінде - 10, 2020 жылы - 20;

9) мемлекеттік телеарналар контенті өндірісін 2017 жылы — 50 %, 2020 жылы - 60 % аутсорсингке беру.

Қол жеткізу жолдары

Отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігі бірқатар ауқымды ынталандыру шараларын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде:

1) бұқаралық коммуникация технологиясының дамуынан кейін қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеу үшін БАҚ саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру;

2) қолда бар ақпаратты ресми интернет-ресурстарға орналастыруға мемлекеттік мекемелерді және ұйымдарды ынталандыруға нормативтік және әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану;

3) контент өндірудің ашық нарығын дамыту мақсатында мемлекеттік телеарналар өндірісінің өнімдерін әзірлеуді аутсорсингке беру саясатын жалғастыру;

4) қауіпсіздіктің, сенімділіктің және қол жеткізу жылдамдығының тиісті деңгейін қамтамасыз ету кезінде Интернет-ресурстардың меншік иелерінің интернет-ресурстарды техникалық қолдау шығындарын төмендету;

5) жеке меншік телеарналармен бірлесіп, қоса қаржыландыру шарты бойынша әзірленетін сериалдарды, деректі драмаларды, ток-шоу, ақпараттық және ойын-сауық бағдарламаларын өндіру;

6) мемлекеттік телевизиялық студияларды жекеше контент өндірушілерге жалға беру;

7) әлеуеттерін талдау нәтижелерінің деректері негізінде іріктелген продакшн-студияларға қолдау көрсету, әлеуметтік тележобаларды іске асыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

8) ата-аналар мен провайдерлер арасындағы ерікті шарт негізінде балаларды құқыққа қарсы және әлеуметтік қауіпті контенттен қорғау тетіктерін енгізу;

9) телефон және интернеттегі - «қызу желілер» арқылы құқыққа қарсы контенттерді таратуға қарсы іс-қимыл бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдау.

Салаға қажетті инвестицияларды тарту және білікті кадрлар нарығын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Ол үшін қоғамдық даму институттарын құру орынды деп санаймыз. Оның міндеті Интернет желісіне орналастыруға арналған отандық киноөнімдерді, сериалдарды және авторлық телебағдарламаларды, қызықты мәтіндік және мультимедиалық материалдарды әзірлеу сияқты контенттік индустрияның жекелеген салаларын дамыту және қолдау болады.

Елде контент-индустриясы саласының қалыптасу процесі аяқталғаннан кейін мемлекет сұранымды ынталандыру практикасынан бас тартады. Болжам бойынша бұған шамамен 10 жыл қажет болады.

Білікті мамандардың, әсіресе Интернет-контентті өндіру саласында жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады:

1) медиасалада студенттерді оқытуға шетелдік мамандарды тарту процесі жандандырылады, студенттер алмасудың оқу бағдарламалары кеңінен қолданыс табады;

2) қазақстандық жобалар шеңберінде шетелдік мамандардың жұмысы міндетті түрде барлық санаттағы жергілікті мамандармен тәжірибе алмасумен қатар жүреді.

Шығармашылық студиялар мен авторлардың танылуын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады, олар мыналарды қамтиды:

1) халықаралық конкурстарға белсенді қатысу;

2) оқушылар, студенттер, блогерлер және кәсіби контент-өндірушілер арасында конкурстар өткізу жөніндегі қоғамдық бастамаларға ақпараттық қолдау көрсету;

3) азаматтық журналистика өкілдері үшін баспа басылымдарының интернет нұсқаларында, телеарналарда, жетекші ақпараттық-жаңалықтар ресурстарында жариялау мүмкіндіктері кеңейтілетін болады.

Контенттік индустрияны ынталандыру процесін тиісті әдістемелік қолдау үшін сала серпінділігінің объективті көрсеткіштері және медиа-өнім рейтингін бағалау жүйесі әзірленетін болады. Бұл телевизиялық бағдарламалардың танымалдығын және Интернет-ресурстарға кіруді өлшеудің техникалық және бағдарламалық құралдарын кең ауқымда енгізуді талап етеді.

Перспективада мемлекеттік органдардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, коммерциялық салалардың, денсаулық сақтау ұйымдарының және қоғам өмірінің басқа да салаларының ақпараттық инфрақұрылымның бірыңғай кеңістігіне ықпалдасу контент өндірісінің дәстүрлі практикасын қайта қарауға әкеледі. Кез келген ұйымның немесе жеке тұлғаның ақпараттық өнім жасау және оны көпшілікке тарату мүмкіндігі болады. Адам құқығын қорғау, азаматтарды дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында тиісті белсенділікті заңнамалық регламенттеу жүзеге асырылатын болады.

Жаңа дәуірде тұрғындарға ақпаратпен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін оқыту жұмыстары жүргізіледі. Барлық деңгейдегі оқыту мекемелеріндегі бағдарламалар және БАҚ арқылы қазақстандықтар бейнематериалдар және графикалық контент әзірлеу, ақпаратты және т.б. желілік ілгерілетудің қолданыстағы тетіктерін пайдалана отырып, мәтіндік материалдарды тиімді ұйымдастырудың әдістері туралы біле алады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет