Мемлекеттік бағдарламасы


Бағдарламаны іске асыру кезеңдері



бет6/7
Дата20.03.2024
өлшемі1.44 Mb.
#496192
1   2   3   4   5   6   7
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған бағдарламасы

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
 
Алға қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу қадамдап жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезең экономиканың базалық ресурстық секторларынан ұлттық кластерді, экономиканың нарыққа бағдарланған секторларынан 3 кластерді және «жаңа экономика» секторларынан екі инновациялық кластерді дамыту жөніндегі іс-шараларды іске қосуды қамтиды. Басым секторларда индустриялық дамуды қолдау үшін индустриялық дамуды қолдаудың пилоттық құралдары іске асырылады.
Іске асырудың екінші кезеңінде басым секторларда индустриялық дамуды қолдау құралдарының бүкіл жинағы пайдаланылады. Базалық ресурстық секторлардан, нарыққа бағдарланған секторлардан басым кластерлерді және инновациялық кластерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Даму институттары жүйесін жаңарту аяқталады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, саясат өзектілендіріледі, ал бұл кезеңнің соңғы сатысында Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың үшінші бесжылдық бағдарламасы әзірленетін болады. Бұдан басқа, өнеркәсіптің базалық және нарыққа бағдарланған секторларының кластерлері, сондай-ақ «жаңа экономика» секторларының инновациялық кластерлері үшін ТМД мен Орталық Азия елдерін қамтитын макроөңірде халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Саясаттың өзгермелі сыртқы жағдайларға сай келуін қамтамасыз ету мақсатында оны қайта қарау жүзеге асырылады, оның ішінде Саясатты іске асыруға жұмылдырылған министрліктердің стратегиялық жоспарлары, үш жылдық және бес жылдық жоспарлары (бюджет циклін есепке ала отырып), сондай-ақ даму институттарының стратегиялық жоспарлары, үш жылдық және бес жылдық жоспарлары (бюджет циклін есепке ала отырып) қайта қаралады.
Іске асырудың үшінші - соңғы сатысында Саясатты іске асыру қорытындыларын кешенді бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың үшінші бесжылдығының 2020 - 2024 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу ұйымдастырылатын болады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет