7. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекеттің және жекеше сектордың қаржы ресурстары шоғырландырылатын болады, бұл ретте мемлекет жекеше инвестициялардың құйылуы үшін жағдай жасайтын қолдау шараларын қаржылай қамтамасыз етуге назар аударады.
Алға қойылған мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізу үшін өңдеуші өнеркәсіптің инвестицияларды болжамды қажет етуі 6,6 трлн. теңгеге жуық, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен - 600 млрд. теңгеге жуық.
62-кесте. Өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялардың жалпы қажеттілігі, млрд. теңге
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
2019 ж.
|
2015-2019 жж.
|
Қара металлургия
|
89
|
53
|
84
|
72
|
93
|
390
|
Түсті металлургия
|
361
|
400
|
216
|
59
|
66
|
1102
|
Мұнай өңдеу
|
48
|
50
|
514
|
68
|
70
|
750
|
Мұнай-химия
|
14
|
284
|
264
|
582
|
144
|
1289
|
Тамақ өнімдерінің өндірісі
|
59
|
61
|
66
|
73
|
82
|
341
|
Агрохимия
|
30
|
12
|
18
|
361
|
96
|
517
|
өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі
|
16
|
18
|
23
|
29
|
36
|
121
|
Автомобильдер өндірісі
|
17
|
31
|
44
|
24
|
49
|
164
|
Электр жабдығы
|
23
|
34
|
42
|
34
|
36
|
169
|
А/ш техникасының өндірісі
|
19
|
13
|
14
|
16
|
18
|
80
|
Т/ж техникасының өндірісі
|
53
|
64
|
76
|
86
|
107
|
385
|
Тау-кен жабдығы
|
17
|
17
|
18
|
21
|
18
|
90
|
мұнай өңдеу және мұнай-газ өңдеу жабдығы
|
8
|
9
|
9
|
11
|
14
|
51
|
Құрылыс материалдарының өндірісі
|
124
|
77
|
77
|
77
|
83
|
436
|
Басым секторлар бойынша жиыны
|
876
|
1121
|
1464
|
1512
|
912
|
5885
|
Өзге де секторлар
|
144
|
152
|
165
|
124
|
130
|
715
|
Өңдеуші өнеркәсіп
|
1020
|
1273
|
1629
|
1636
|
1042
|
6600
|
Бағдарлама бойынша бөлінетін нысаналы бюджеттік қаржы ресурстарының 80%-ы басым секторларды қолдауға бағытталатын болады. Қалған 20%-ы өңдеуші өнеркәсіптің басқа секторларының табысты жобалары мен кәсіпорындарын қолдауға бағытталады.
Бағдарламада көзделген іс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналып нақтыланады.
Пайдаланылатын терминдер
Аддитивті технологиялар - бөлшегі дәстүрлі технологиялардағыдай дайындамадан алу арқылы емес, материалды күшейте отырып қалыптастырылатын технологиялар класы.
Голландтық ауру - экономиканың екі белгі тән болатын жай-күйі. Бірінші - шикізатты өндіру мен экспорттаудың ұлғаюы. Екінші - отандық өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы. Бұл ретте, екінші белгінің пайда болуы біріншісімен тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, «голландтық ауру» - шикізат экспорты ел экономикасының дамуын баяулататын экономикалық ахуал.
Іскерлік ахуал - елдің шетелдік инвестициялар үшін артықшылықтарын, сондай-ақ барлық көлемдегі және саладағы ұлттық компаниялардың дамуға инвестиция салуға бейімділігін айқындайтын саяси, экономикалық, заңдық және материалдық факторлардың ауқымды жиынтығы.
Әртараптандыру - экономикалық тәуекелдерді азайту мақсатында капиталды салымдардың әртүрлі нысандары арасында шоғырландыру.
Ұлттық даму институттары - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу немесе одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті заңды тұлғалар.
Интернационалдандыру - өнім әзірленгеннен өзге өңірдің тілдік және мәдени ерекшеліктеріне өнімді бейімдеуді жеңілдететін технологиялық әзірлеу амалдары.
ТШИ жанындағы сенім индексі (FDI Confidence Index by A.T.Kearney) - халықаралық ірі инвесторлардың пікірлерін жүйелі түрде сұрау деректеріне негізделген, A.T.Kearney компаниясы әзірлеген индекс. Елдердің рейтингтерін жасаған кезде жылдық айналымы 2 трлн. АҚШ долларынан асатын компаниялар қатысады.
Кластер - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді түпкілікті немесе аралық өндірушілерді, жиынтықтаушы, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен белгілі бір салалық маманданған басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысты әрі бірін-бірі толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы.
Коммодитиз - сапалы біртектілікке ие ұзақ уақыт кезеңдері ішінде сапалық сипаттамалары салыстырылатын және жеке партиялары бірін-бірі алмастыратын, жаппай өндірістің белсенді экспортталатын тауарлары, бұл олардың саудасын сипаттамалары мен үлгілері бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Орташа кіріс тұзағы - экономикалық дамуда белгілі бір кіріске қол жеткізген ел сол деңгейде «тұрып қалатын» ахуал. Оқшаулау - бастапқыда шетелде шығарылған өнімнің өндірісін ел аумағында орналастыру.
Макроөңір - Қазақстан Республикасымен ықпалдасу дәрежесіне байланысты бес деңгейден тұратын өңір.
Бірінші деңгей Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлерін қамтиды: Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстары, Башқұртстан Республикасы, Челябі, Қорған, Түмен, Омбы, Новосібір облыстары, Алтай өлкесі, Алтай Республикасы.
Екінші деңгей Ресей Федерациясының барлық өңірлерін, Украина мен Беларусьті қамтиды.
Үшінші деңгей Қытайдың Қазақстан Республикасымен шекаралас батыс өңірлерін қамтиды.
Төртінші деңгей Қытайдың, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Қырғызстанның барлық өңірлерін қамтиды.
Бесінші деңгей Түркияны, Иранды, Иракты, Әзербайжанды қамтиды.
ЭЫДҰ елдері - Жапония, АҚШ, Австралия, Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея, Мексика, Испания, Түркия.
Үнемді өндіріс әдісі - өндірістік кәсіпорынды басқарудың барлық шығын түрлерін жоюға үнемі ұмтылуға негізделген тұжырымдамасы.
Yellow pages қағидаты - жекеше бизнес айтарлықтай шоғырланған секторларда мемлекет бизнес-ойыншы ретінде қатыспауға тиіс.
Өнеркәсіп - өнеркәсіптің өзі үшін де, халық шаруашылығының салалары үшін де еңбек құралдарын шығарумен, сондай-ақ шикізат, материалдар, отын өндірумен, энергия өндірумен, ағаш дайындаумен, өнеркәсіпте алынған немесе ауыл шаруашылығында шығарылған өнімдерді одан әрі өңдеумен айналысатын кәсіпорындар (зауыттар, фабрикалар, кеніштер, шахталар, электр станциялары) жиынтығы (БЭС).
Трансұлттық компания - екі және одан көп елде өндірістік бөлімшелері бар компания, сондай-ақ активтердің жалпы көлемінің шамамен 30 %-ы шетелдік активтерге тиесілі компания.
R&D (Research & Development) орталық - жаңа білім алуға және жаңа бұйымды немесе технологияны жасау кезінде практикалық пайдалануға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер орталығы.
ҚҚТ - қосылған құн тізбегі (сондай-ақ бизнес жүйесі ретінде мәлім) сипаттама модельді білдіреді, ол өнімнің жеткізушіден тұтынушыға дейінгі осы өнімге құн немесе құндылық қосатын сатылар арқылы қозғалыс процесін сипаттау үшін қолданылады. ҚҚТ талдау тиімділікті арттыруға болатын салаларды айқындау үшін өндірістік процестің құрылымын түсінуге мүмкіндік беріп, сол арқылы жұмыс істеу тиімділігін арттырады және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |