Мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар жалпы, басым секторлардағы және инновациялық секторлардағы болып бөлінеді. Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін индустриялық дамытудың мақсаты, міндеттері және жалпы нысаналы индикаторлары. Бағдарламаның мақсаты: өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте): 1) өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43%-ға ұлғайту; 2) өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту; 3) өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту; 5) өңдеуші өнеркәсіптің энергияны қажет етуін 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15%-ға азайту: 6) өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.
2-кесте. Өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлш. бірл
2012 есеп
2013 меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 жылға қатысты 2019 ж., %-бен
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Өндірілген өнім көлемі
%
100,0
101,6
108,0
117,1
119,5
133,4
138,8
143,0
143,0
2
Жалпы қосылған құн
%
100
101,8
108,3
117,7
120,1
134,2
139,7
144,6
1,4 есе
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
100,8
105,5
113,2
114,4
127,1
132,4
137,0
1,4 есе
4
Шикізат емес (өңделген) экспорт құны көлемінің өсуі
%
100
93,1
91,5
106,3
107,8
90,5
100,8
109,2
1,1 есе
5
ЖІӨ энергия сыйымдылығы
%
100
103
101
97
93
90
87
85
15%-ға
6
Жұмыспен қамтылғандар саны
мың адам
543,5
548,0
557,8
563,9
569,3
572,9
572,3
572,6
29,2 мың адам
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің шамалы өсуі, бір жағынан, мұнай өңдеу секторының міндетімен байланысты, ол өз кезегінде ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін 2020 жылға қарай толық қамтамасыз етуге байланысты. Бұл ретте, мұнай өңдеу секторы экпортының көлемін 2012 жылғы деңгейде сақтау өңдеуші өнеркәсіптің жалпы шикізаттық емес экспорты 2019 жылы 20,7%-ға, ал 2014 жылдың деңгейіне қатысты - 37,0%-ға өсуін қамтамасыз етер еді. Екінші жағынан, Бағдарламаны іске асыру шеңберінде өз өндірісі есебінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және содан кейін ішкі нарықты молықтырған сайын, экпортты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Осындай тәсіл кезінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық өнімін дамыту міндеті біршама шешілетін болады. Қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп өнімінің импорт көлемі өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ көлемінен 1,8 есе артық. Міндеттер: 1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту; 2) басым секторларда тиімділікті жоғарылату және қосылған құнды ұлғайту; 3) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; 4) өнімді жұмыспен қамтуды сақтап қалу; 5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына технологиялылықтың жаңа деңгейін беру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз құру; 6) өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту. Басым секторлардағы мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар Өңдеуші өнеркәсіптің орнықты өсуі үшін мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, қоғамдық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының, жеке және мемлекеттік меншік нысандарындағы кәсіпорындардың басым секторларды дамытуға бағытталған іс-қимылы үйлестірілетін болады. Бағдарламаның іс-шаралары түйінді тосқауылдарды еңсеру жөніндегі міндеттерді шешуге және өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады, бұл нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларында Бағдарлама жобаларын сәтті іске асыру қолжетімді қаржыландырудың болуына, бәсекеге қабілетті тарифтер бойынша логистикалық, энергетикалық, коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге тәуелді болады және мынадай тәуекелдермен ұштасады. Макроэкономикалық тәуекелдер: экономиканың өсу қарқыны мен инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуі, металл өнімдерінің, энергия жеткізгіштердің және көліктік тасымалдардың әлемдік бағаларының өзгеруі. Геосаяси тәуекелдер: макроөңір елдеріндегі саяси ахуалдың тұрақтылығы және ЕурАзЭҚ-қа ықпалдасу тереңдігі. Нормативтік-құқықтық тәуекелдер: Бағдарламаны қолайлы құқықтық және экономикалық ахуал жасайтын техникалық және нормативтік құқықтық қолдаудың жеткіліксіздігі. Қаржылық тәуекелдер: қолжетімді қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі. Қара металлургия Қара металлургия өңдеуші өнеркәсіптің ірі секторы болып тарихи тұрғыдан қалыптасқан және оның өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 13 %-ды құрайды. Қара металлургия машина жасау мен металл өңдеуді дамыту үшін база болып табылады, оның өнімі экономиканың барлық дерлік салаларында қолданылады. Шикізат секторларын, машина жасау мен құрылысты дамыту ішкі нарықта да, сол сияқты макроөңір нарығында да орнықты сұраныс қалыптастырады. Ішкі нарықтың және макроөңір нарықтарының басым тауарлар топтары бойынша импорт сыйымдылығы тиісінше 2,7 және 25,3 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өндіру көлемі 2008 - 2013 жылдар аралығында нақты мәнде 6,2%-ға өсті және 632 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы қара металлургияның үлесі 2008 жылы 20%-дан 2013 жылы 10,7%-ға дейін төмендеді. Жалпы қосылған құн 2008 жылғы 393 млрд. теңгеден 2013 жылы 453,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылған адамдар саны 28 мың адамға қысқарды. 2013 жылы еңбек өнімділігі 89,9 мың АҚШ долл. құрап, 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 1,2 есе ұлғайды. Алайда, сала 2012 жылы ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен (151,9 мың АҚШ долл.) бұрынғысынша 37% артта болды. 2008 жылмен салыстырғанда қара металлургия экспортының көлемі 2013 жылы 47,3%-ға төмендеп, 3,4 млрд АҚШ долл. құрады (3-кесте).
3-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
2008
2009
2010
2011
2012
2013*
Өңдеуші өнеркәсіптегі кара металлургияның үлесі
20,0
16,1
17,9
16,5
13,1
10,7
ЖҚҚ, млрд, теңге**
393,0
311,4
388,0
495,1
453,2
308,8
Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі
3 359,6
2 946,0
3 844,7
4 801,4
5 446,7
5 882,5
НКИ, өткен жылға %
97,5
97,1
113,9
107,7
101,2
101,6
Қара металлургия өндірісінің көлемі
670,8
474,7
687,4
785,4
712,5
631,9
НКИ, өткен жылға %
86,6
101,6
109,4
106,8
88,2
89,6
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
65 622
62 038
60 005
58 398
38 038
36 831
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
22
22
30
26
28
33
Еңбек өнімділігі, мың теңге
8 889
6 928
9 581
13 118
16 732
13 814
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
73,6
46,7
65,0
88,4
111
89,9
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, мың долл.
148,3
120,0
143,2
153,2
152,0
н/д
Есептік жылы орташа жылдық қуаттылықты пайдалану, %***
Жылдың соңындағы теңгерімділік құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге
126 242
84 303
97 279
89 630
115 468
н/д
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге
26 849
36715
83418
112378
125390
152149
Экспорт, млн. АҚШ долл.
6 530,8
3 069,1
3 765,0
4 875,6
4 030,8
2793,5
Импорт, млн. АҚШ долл.
5 570,9
5 192,6
2 222,5
3 040,8
4 743,0
5 407,8
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті 3-кестеге: Ескертпе: *мұнда және бұдан әрі салалық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері пайдаланылды; **мұнда және бұдан әрі салалық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылдың 9 айы үшін жедел деректер пайдаланылды ***көрсеткіш «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі - «ҚИДИ» АҚ) статистикалық деректері негізінде есептелген. Сектордың дамуына, негізінен сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Халықаралық нарықтардағы қиындықтар өнім экспортына және «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ), «Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС), «АЛЗ» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС сияқты қара металлургия кәсіпорындарының өндірістік қуаттарына ықпал етті. Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жаңғырту бағдарламасы іске асырылған жоқ. Қазіргі уақытта Forbes - Global 2000 журналының нұсқасы бойынша әлемнің жетекші трансұлттық компанияларының тізіміне кіретін әлемдік нарықтың мынадай ірі ойыншылары бар: Posco (Оңтүстік Корея), ArcelorMittal (Люксембург), Evraz Group (Ресей). Сектордың түйінді проблемалары: 1) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмен жүктемесі; 2) кәсіпорындардағы жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, моральдық ескірген жабдықтардың болуы; 3) нашар дамыған ішкі нарық; 4) қосылған құны жоғары өнім экспортының төмендеуі мен импортының өсуі; 5) шығарылатын өнімнің төмен сапасы мен аз ассортименті; 6) теміржол тасымалдарына, электр энергиясы тасымалдарына жоғары тарифтер; 7) өнімді сертификаттау үшін сынақ базалары мен зертханалардың болмауы; 8) өнімнің жоғары энергия және еңбек сыйымдылығы; 9) көліктік-логистикалық инфрақұрылымның төмен деңгейі; 10) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы; 11) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттілігі. Мақсаты: Қара металлургияны орнықты дамытудың және оны әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылға қарай экономикалық көрсеткіштерді: 1) жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,3 есе; 2) жұмыспен қамтылуды 3,1 мың адамға; 3) еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,18 есе; 4) экспортты кемінде 1,04 есе өсіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді (4-кесте).
4-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірл.
2012 есеп
2013 меже
2012 ж. қатысты болжам
2012 ж. қатысты 2019 ж., %
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100,0
89,6
107,5
120,2
120,6
125,2
125,2
128,4
1,3 есе
2
Жұмыспен қамтылғандар саны
мың адам
35,8
34,6
34,9
37,0
39,7
40,1
39,6
38,9
3,1 мың адамға
3
Еңбек өнімділігінің өсуі
%
100
92,7
110,5
116,4
108,7
111,8
113,3
118,1
1,18 есе
4
Экспорт
%
100
69,3
68,1
91,1
93,1
98,2
99,8
103,7
1,04 есе
Міндеттер: 1) әртараптандыру және жаңғырту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру; 2) өнімнің сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін ұлғайтуға және өнімнің энергияны қажет етуін төмендетуге бағытталған инновацияларды енгізуді ынталандыруға жағдайлар жасау; 3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайту және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру; 4) бәсекеге қабілетті отандық өндірісті дамыту есебінен металл өнімдері импортының көлемін қысқарту; 5) жұмыс істеп тұрған өндірістер мен инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; 6) саланы техникалық орта буынның білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету; 7) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын жаңғырту. Қызметтің басым түрлері Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалды (5-кесте).
5-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
Атауы
2410
Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі
2420
Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі
2431
Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)
2432
Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу
2433
Суықтай пішіндеу немесе бүктеу
2434
Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі
Басым тауарлар топтары Басым тауарлар топтары ішкі нарықпен қатар, макроөңір нарығына да: ТМД елдеріне, Иран мен Қытайға бағдарланған. Басым тауарларды/тауарлық топтарды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жаңа қуаттарын құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту сектор өнімі импортының қысқаруына және экспортының ұлғаюына ықпал етеді (6-кесте).
6-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭҚТӨЖ
Атауы
Импорттың үлесі мен көлемі*
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
мың тонна
%
мың тонна
%
мың тонна
%
мың тонна
%
24.20.11
Диаметрі әртүрлі құбырлар, болаттан жасалған іші қуыс жіксіз пішіндер
468,6
66,1
467,9
80,3
1000,6
80,3
2064,5
87,1
24.20.40
Құбырларға арналған болат, құйылмаған фитингтер
13,4
99,1
14,2
98,9
22,71
98,9
22 350
98,5
24.34.11
Суықтай тарту жолымен алынған сым
58
90,9
61
81,5
61
81,5
78
77,2
24.10.63
Ыстықтай илектенген серіппелер мен шыбықтар, тот баспайтын болаттан жасалған пішіндер
618,9
87,3
620,8
71,9
696,1
71,9
754,6
68,8
24.10.74 24.10.75
Дәнекерленген пішіндер мен болаттан жасалған тығын конструкциялары және теміржолдарға арналған кара металдардан жасалған бұйымдар
138,9
99,6
97,3
100
151,1
100
244,9
100
28.22.20
Бұрғылау машиналарына арналған шөміштер, грейферлер, бөлшектер
5,58
100
3,65
100
5,58
100
3,5
100
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар кезеңінде қара металлургияны дамытудағы мемлекеттік саясат болат алу үшін сапасы жоғары шикізат өндіру жөніндегі басым жобаларды іске асыруға (түйіршіктелген шойын және брикеттелген ыстық темір, ферроқорытпалардың көлемін ұлғайту және жаңа түрлерінің өндірісі), болаттың жаңа түрлерінің өндірісіне (құбырлық және тот басуға төзімді, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік, құралдық, шар-мойынтірек, рельстік және рессорлық-серіппелі) және жаңа қосындыланған болат ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады. Бизнес-құрылымдардың өздерінің ұсыныстарына сәйкес жалпы инвестициялар көлемі 400 млрд. теңгеден асатын өндіріс көлемі мен өнімнің қосылған құнын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға келеңсіз әсерді төмендетуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Ақтөбе және Павлодар облыстарында инновациялық технология бойынша орташа көміртекті феррохром өндірісін құру жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске асырылады. Алматы облысында инновациялық технология бойынша қуаты жылына 400 мың тонна шойын шығаратын шекті шойын өндіру жөніндегі жоба іске асырылатын болады. Жамбыл облысында шикізат базасын кеңейту арқылы ферроқорытпа өндірісі жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылатын болады. Қарағанды облысында болат өндірісі жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайтылатын болады және қуаты жылына 75 мың тонна болатын кешенді қорытпалар өндірісі ұйымдастырылды. Қостанай облысында қуаты 1,8 млн. тонна брикеттелген темір шығаратын металдандырылған өнім өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Маңғыстау облысында қуаты 600 мың тонна болатын электр болат балқыту кешенін салу жөніндегі жоба іске асырылатын болады. Павлодар облысында қуатын жылына 270 мың тонна құбырға дейін ұлғайта отырып, құбыр прокатының өндірісін дамыту жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске асырылады. Алматы қаласында қуаты жылына 200 мың тонна дәнекерленген болат құбырларының өндірісін құру жоспарланып отыр. Түсті металлургия Түсті металлургия Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін қалыптастыратын өңдеуші өнеркәсіптің түйінді саласы. Сектор өнімдері машина жасауда, электр техникасында, құрылыста, радиоэлектроникада пайдаланылады. Басым тауарлар топтары бойынша ішкі нарық пен макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы тиісінше 111 және 6 718 млн. АҚШ долл. құрайды. Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында түсті сектордың үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 19,6%-дан 2012 жылы 22,8%-ға дейін өсті, ал 2013 жылы 19,2 %-ға дейін төмендеді. Жалпы қосылған құн 2008 жылғы 377,9 млрд. теңгеден 2012 жылы 749,9 млрд. теңгеге дейін өсті. 2008 - 2013 жылдар аралығында өндіріс көлемі атаулы мәнде 1,7 есе өсті. 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылғандар саны 22,2 мың адамға қысқарды. 2013 жылы түсті металлургиядағы еңбек өнімділігі 107,8 мың АҚШ долл. құрады. ЭЫДҰ елдерінің осы көрсеткіші осыған ұқсас кезеңде орта есеппен 147,5 мың АҚШ долл. құрады, бұл Қазақстан үшін осындай көрсеткішпен салыстырғанда 18,9%-ға жоғары. 2013 жылы түсті металлургия экспортының көлемі 2008 жылғы деңгейде қалып, 4,2 млрд АҚШ долл. құрады (7-кесте).
7-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Есепті жылы орташа жылдық қуаттың пайдаланылуы, %*
93,2
86,7
88,2
86,5
82,2
н/д
Негізгі құралдардың тозу деңгейі, %
38,85
39,58
34,87
35,24
47,47
н/д
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге
109285
121381
106847
132061
133868
119678
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
19,4
25,6
19,3
19,4
12,7
н/д
Жылдың соңына теңгерімдік құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге
109 784
143 087
157 846
190 782
197 317
н/д
Экспорт, млн. АҚШ долл.
4 274,4
2 407,1
3 388,7
5 636,5
4 343,4
4 230,3
Импорт, млн. АҚШ долл.
489,8
299,2
206,9
364,1
411,9
3 558,4
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 7-кестеге: Ескертпе: ** көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген. Түсті металлургияның теріс серпіні жаңа технологияларға көшумен байланысты Жезқазған мыс қорыту зауытының тоқтауымен байланысты болып отыр. Алтын өндіру бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеу «Бақыршық ТӨК» ЖШС-нің жоспарланған өндірістік объектілерінің пайдалануға уақтылы енгізілмеуіне байланысты - металлургия кешенінің құрылысы мен өнімділігі жылына 1,5 млн. тонна жер асты кенішін игеру экологиялық аспектілерге байланысты технологиялар қайта пысықталғандықтан жобаның қымбаттауына байланысты; «Юбилейное» ЖШС-нің құрамында алтын бар 5 млн. тонна кенді қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының құрылысы қоршаған ортаға әсерін бағалауға байланысты оңтайлы қайта өңдеу технологиясын таңдауға байланысты. Секторды одан әрі дамыту стратегиясы Rio Tinto Plc, Glencore International AG, ThyssenKrupp AG, Sumitomo сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастыққа негізделеді. Сектордың түйінді проблемалары: 1) түсті металлдардың бай және оңай қолжетімді кендері қорларының сарқылуы, минералдық құрамдардың көп компоненттілігіне байланысты оларды байыту күрделілігі; 2) кәсіпорындардағы жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы мен моральдық ескірген жабдықтардың болуы, нашар дамыған ішкі нарық; 3) өндірістік қуаттардың аз жүктелуі; 4) әлемдік нарықтағы базалық металдар бағасының құбылмалы болуы және өткізу нарықтарындағы сұраныстың төмендеуі; 5) қосылған құны жоғары өнім экспортының қысқаруы және импортының ұлғаюы; 6) теміржол тасымалдарына, электр энергиясын тасымалдауға жоғары тарифтер; 7) өнімнің энергия мен еңбекті көп қажет етуі; 8) көліктік-логистикалық инфрақұрылым дамуының төмен деңгейі; 9) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы; 10) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттілігі. Мақсаты: Базалық металдарды өндіру көлемдерін ұлғайту, олардан жасалатын бұйымдарды шығару жөніндегі өндірістерді дамыту және құру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (8-кесте): 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,3 есе; 2) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,4 есе; 3) экспорт құны көлемінің кемінде 1,1 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
8-кесте. Нысаналы индикаторлар
№
Нысаналы көрсеткіштер
Өлш. бірл.
2012 есеп
2013 меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 жылға қатысты 2019 ж., %
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
98,8
98,8
117,1
117,4
120,7
122,4
127,1
1,3 есе
2
Еңбек өнімділігі
%
100
111,3
111,2
130,0
125,4
131,4
135,2
140,8
1,4 есе
3
Экспорт
%
100
81,9
80,7
98,0
99,2
105,3
108,7
114,4
1,1 есе
Міндеттер: 1) жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуаттарын кеңейту; 2) еңбек өнімділігі мен ресурс тиімділігін ұлғайту арқылы өндіріс тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; 3) кенді кешенді өңдеуге арналған инновацияларды енгізуді ынталандыруға жағдайлар жасау; 4) қазіргі өндірісті кеңейту және аралас секторлар үшін базалық металдардан жасалған жаңа өнімдерді шығаруды игеру; 5) бәсекеге қабілетті отандық өндірісті дамыту есебінен металл өнімдері импортының көлемдерін қысқарту; 6) ішкі нарықтағы сұранысты ынталандыру; 7) шикізаттық емес тауарларды өткізу және қосылған құнның жаһандық тізбектеріне (бұдан әрі - ҚҚТ) қатысу үшін нарықтарды кеңейту; 8) жұмыс істеп тұрған өндірістерді және инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; 9) саланы техникалық орта буынның орта білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету; 10) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын жаңғырту. Қызметтің басым түрлері Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалған (9-кесте).
9-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
Атауы
2441
Асыл (бағалы) металдар өндірісі
2442
Алюминий өндірісі
2443
Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі
2444
Мыс өндірісі
2445
Өзге де түсті металдар өндірісі
Басым тауарлар топтары 2015 - 2019 жылдар кезеңінде елдің түсті металлургиясын дамытудағы мемлекеттік саясат сектор өнімі импортының қысқаруына және экспортының ұлғаюына ықпал ететін басым тауарларды/тауар топтарын өндіру жөніндегі кәсіпорындар қуаттарының жаңаларын құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталатын болады (10-кесте).
10-кесте. Басым тауарлар топтары, тоннамен
ЭҚТӨЖ
Атауы
ҚР-да өндіру
Импорт
Ресей
Қытай
Қалған елдер
24.44.26
Мыс құбырлар мен түтіктер
-
1 428,9
129,3
417,3
24.44.23
Мыс сым, мыс шыбықтар мен пішіндер
-
651,4
82,5
173,3
24.44.24
Мыс тақтайлар, табақтар және жолақтар немесе таспалар
-
518,8
9,8
249,7
24.42.22
Алюминий шыбықтар мен профильдер
-
3 392,3
1 374,8
3 061,1
25.11.10
Алюминий металл конструкциялары
-
24 616,2
811,5
1455,2
25.91.11 25.91.12
Күбілер, атанақтар, құтылар, жәшіктер және ұқсас сыйымдылықтар
-
4 903,8
33,2
452,4
Жиыны:
-
35 507,0
2 441,0
5 809,0
Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар кезеңінде елдің түсті металлургиясын дамытудағы мемлекеттік саясат базалық металдар: мыс, алтын, титан, алюминий өндірісін кеңейтуге; мына бұйымдардың: илек, сым, прокат, пішін және қорытпалар, фольга, зергерлік бұйымдар, аралас салаларға арналған бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады. Бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес инвестициялар көлемі 800 млрд. теңгеге жуық ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Алматы облысында қуаты жылына 12 мың тонна алюминий пішіндерінің өндірісін құру жоспарланып отыр. Ақмола облысында ЖСМҰК жылына өндіріс көлемі 3000 тонна жерде сирек кездесетін металдар өндірісін ұлғайту жөніндегі жоба іске асырылатын болады. Шығыс Қазақстан облысында 85 мың тонна мыс концентраты мен 25 мың тонна катод мысына арналған жаңа байыту қуаттарын пайдалануға енгізе отырып, Ақтоғай кен орнын игеру жөніндегі жоба іске асырылады; Бақыршық кен орнында катод алтынын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру жалғасады. Қуаты жылына 6 мың тоннаға жуық құрылған сом титандар мен қуаты жылына 15 мың тонна ильменит концентратының өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Қазақстанда бұрын өндірілмеген никель өндірісі бойынша қуаты 40 мың тонна тауарлық ферроникельдің «Горностаевский» кобальт-никель рудаларының кен орнында металлургия комбинатын салу мәселесі пысықталуда. Қарағанды облысында жаңа гидрометаллургиялық технологияға ауыстыру арқылы мыс балқыту зауытын реконструкциялау жүргізілуде, бұл мыс өндіру көлемін сақтап, қуаты 60 мың тонна катод мысы болатын Жезқазған кен орнын пайдалану мерзімін ұзартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Павлодар облысында Бозшакөл кен орнын игеру жобасын іске асыру жалғасын табады. Қызылорда облысында ванадий өндіру жөніндегі мәселе пысықталуда. Бала-Сауысқандық және Қорымсақ кен орындарында ванадийдің бірегей қорлары бар. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жылына 2,5 тоннаға дейін скандий өндіру көлемімен уран ерітінділерінен алынатын скандийдің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау және орналастыру жөніндегі мәселе пысықталуда. Бастапқы алюминийді шығаруды ұлғайту жөніндегі жоба пысықталатын болады. Мұнай өңдеу Мұнай өңдеу нарықтық перспективаларды, экономикалық әсерді және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіптің неғұрлым тартымды секторы болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде сектордың айтарлықтай үлесі бар - 13,8 %, бұл ретте көрсеткіш серпіні бірнеше жылдар бойы жағымды болып табылады. Қазақстанның мұнай өнімдері нарығының орташа жылдық өсімі 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 35,7 %-ды құрап, 2013 жылы 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Нақты өндіріс көлемі 20,5 % ұлғая отырып, 13,7 млн. тоннадан (2008 жыл) 16,5 млн. тоннаға дейін (2012 жыл) өсті. Импорттың орнықты ұлғаюы да байқалды, оның мәні 2013 жылы 1,8 млрд. АҚШ долл. дейін жеткен, оның ішінде 89%-ы дистиляттар (жеңіл - 45%, орта және ауыр - 44%). Сектордың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі байқалуда. Еңбек өнімділігі 2008 - 2012 жылдар кезеңінде бір адамға шаққанда 54,7 млн. теңгеге 2,3 есе өсті. Бұл жалпы қосылған құнның 449 млрд. теңгеге дейін 2,7 есеге едәуір өсуіне байланысты болды, ал жұмыспен қамту 16%-ға ғана артып, 9,1 мың адамды құрады. Экспорт 2008 - 2013 жылдар кезеңінде жыл сайын 9,4%-ға артып, 2013 жылы 4,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Экспорттың шоғырлануы мейлінше жоғары - оның ақшалай көлемінің 86%-ы орта және ауыр дистилляттарға (67%), сондай-ақ сұйытылған пропанға (19%) тиесілі. Сектор бойынша негізгі көрсеткіштер 11-кестеде берілген.
11 -кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Өңдеуші өнеркәсіптегі сектордың үлесі, %
6,3
7,2
9,2
8,5
11,5
13,8
Мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге
210 559
211456
352 582
407 360
626 783
810 222
НКИ, өткен жылға %-бен
103,1
105,0
114,2
100,9
100,5
101,4
ЖҚС, млн. теңге
183 288
225 387
354 523
448 541
499 377
350 017
Жалданған қызметкерлердің тізімдік саны, адам
7 860
8 193
8 686
9 184
9 130
9 323
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
23 319
27 510
40 815
48 839
54 696
37 543
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл./адам
193,8
186,5
277,0
333,1
366,8
246,8
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
36
40
47
38
38
-
оның ішінде:
Ірі
4
4
5
6
5
-
Орта
4
5
5
6
6
-
Шағын
28
31
37
26
27
-
Жылдың соңында бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
121 622
130 177
148 445
184 662
212 269
-
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
24,2
27,7
31,0
28,9
32,6
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
40 118
25 095
36 177
49 272
56 707
75 905
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %
6,9
4,1
6,7
2,6
4,1
-
Қуаттардың жүктелу деңгейі**, %
49,7
47,7
56,7
61,5
62,1
62,8
Экспорт, млн. АҚШ долл.
2 967
1665
2 649
3 872
4410
4 642
Импорт, млн. АҚШ долл.
1 747
895
539
1 476
1 659
1753
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті 11-кестеге: Ескертпе: *негізгі үш зауыт бойынша орташа өлшенген жүктелім Атырау мұнай өңдеу зауыты (бұдан әрі - МӨЗ), Шымкент МӨЗ және Павлодар мұнай-химия зауыты (бұдан әрі - МХЗ) бірге сектордағы өндіріс көлемінің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді. Павлодар МХЗ Ресей Федерациясынан келетін батыс-сібір мұнайын қайта өңдеуге бағдарланған. Қалған екі МӨЗ отандық мұнайды қайта өңдеуге бағдарланған. Шағын МӨЗ өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы салдарынан олардың мұнай өңдеу секторының жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 5,8%-ға дейін қысқарды және өсуі күтілмейді. Бұл мұнайды өңдеу тереңдігі мен өнім сапасын шектейтін өндірістік және технологиялық ерекшелікке байланысты. Мұнай өндірудің оң серпініне және мұнай өнімдеріне артып отырған сұранысқа қарамастан, Қазақстан МӨЗ-дің жиынтық қуаттары мен өндіру көлемінің арақатынасы көрсеткіші бойынша әлемде соңғы орындардың бірін алады. Айталық, 2013 жылы мұнайды өңдеу 15,3 млн. тонна деңгейіне дейін жетіп, өңдеу/өндіру коэффициенте 18,7%-ды құрады. Ішкі нарыққа жеткізуден түсетін кіріске қарағанда, мұнайды экспорттаудан түсетін неғұрлым жоғары кірістілік мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің өсуіне айтарлықтай кедергі болып табылады. 12-кестенің деректері ҚҚТ-дағы жекелеген буындар бойынша кірістілікті бөлудегі теңгерімсіздікті көрсетеді.
12-кесте. Кірістілікті сегменттер бойынша бөлу, теңге
Бағыт
Өткізу бағасы
Операциялық кіріс
Өндіру
экспорт
71 758,0
30 286,5
ішкі нарық
49 145,5
2 408,4
Қайта өңдеу (МӨЗ)
ішкі нарық
8 436,8
1 506,6
Көтерме сауда
ішкі нарық
71 874,9
316,0
Бөлшек сауда
ішкі нарық
54 838,7
3 820,5
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 12-кестеге: Ескертпе: деректер 1 тонна мұнайдың айналымы бойынша есептеуге негізделіп алынған. МӨЗ үшін көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір МӨЗ үшін бекітетін тарифтерге негізделе отырып есептелген процессинг үшін орташа есептелген тариф негізінде есептелген (МӨЗ үшін көрсетілген «өткізу бағасы» процессинг мөлшерлемесін білдіреді). Көтерме нарықтағы баға - барлық мұнай өнімдері қоржынының орташа есептелеген бағасы. Бөлшек саудадағы бағасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мұнай өнімдерін өткізудің шекті бағалары негізінде есептелген саудаға салынатын позициялар бойынша (бензиндер мен дизель отыны) орташа есептелген баға. Қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес мұнайды қазіргі кен орындарынан ішкі нарыққа жеткізу 2030 жылға қарай үш МӨЗ-дің және Ақтау битум зауытының қажеттілігін жабу үшін жеткіліксіз болады. Тағы бір кедергі Қазақстанның негізгі МӨЗ ағымдағы техникалық жай-күйіне байланысты. Сектордағы негізгі құралдардың тозу деңгейі 2012 жылы 33 %-ға дейін жетіп, оның ұлғаю үрдісі орын алып отыр, ал негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті соңғы жылдары 2-7% аралығында болды. Технологиялық артта қалу шикізатты өңдеу тереңдігінің жеткіліксіздігіне (13-кесте) және еңбек өнімділігінің біршама төмендігіне алып келеді, оның өсу серпіні жақсы болса да, ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен әлі де біршама артта қалуда.
13-кесте. Негізгі үш өндірушінің өңдеу тереңдігі бойынша деректер
Атауы
ҚР МӨЗ, 2013 ж., нақты
Ресей МӨЗ
Батыс Еуропа МӨЗ
АҚШ МӨЗ
нақты
жоспар
Өңдеу тереңдігі, оның ішінде:
70%
71%
85%
85%
95%
АМӨЗ
59,8%
ПМХЗ
74,2%
ПҚОП
74,4%
Дереккөз: ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг, SPG Мақсаты: ішкі нарықты мұнай өңдеудің, газ өңдеудің және мұнай химиясының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ макроөңір елдеріне экспортты дамыту мақсатында Қазақстанның ресурстық әлеуетін барынша іске асыру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылғы деңгейге қарағанда мынадай экономикалық көрсеткіштердің: 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,6 есе; 2) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 2,3 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
14-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 ж. есеп
2013 ж. меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 ж. қарағанда 2019 ж.
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
101,4
103,0
103,1
103,2
159,8
160
160,1
1,6 есе
2
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
99,3
128,8
152,1
149,6
231,3
231,2
231,2
2,3 есе
Міндеттер: 1) ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету; 2) мұнай өңдеу саласын шикізаттың тұрақты жеткізілімдерімен қамтамасыз ету; 3) мұнай өңдеу саласы қызметінің тиімділігін арттыру; 4) қазақстандық өнімнің макроөңір нарықтарына шығуы. Қызметтің басым түрлері Секторды дамыту басымдықтары 15-кестеде көрсетілген.
15-кесте. Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру секторы қызметінің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
Атауы
1920
Мұнай және мұнай өнімдері
Басым тауарлар топтары Басым тауарлар топтары Қазақстан және макроөңір нарықтарының көлемдеріне, тауар топтарының технологиялық «күрделілігіне», сондай-ақ оларды өндіру мүмкіндігіне (16-кесте) негізделе отырып айқындалған. Бұл ретте, экологиялық шығарындыларды азайту жөніндегі талаптар ескерілген.
16-кесте. ЭҚТӨЖ жіктемесі бойынша басым тауарлар топтары
Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.
192024, 192025, 192026, 192027, 192028, 192029
Өзге дистилляттар мен өнімдер (ауыр дистиляттар, орта дистиляттар, мотор майлары және басқалар)
677 681
42 368 357
192023
Жеңіл дистилляттар мен өнімдер
793 469
5 133 032
192042
Мұнай битумы
170 245
2 017 956
192023
Сұйытылған пропан
380
2 004 626
192032
Сұйытылған бутандар
1211
1 490 846
192042
Кальцийлендірілмеген мұнай коксы
248
956 939
192032
Сұйытылған этилен, пропилен, бутилен және бутадиен
2
459 502
192042
Кальцийлендірілген мұнай коксы
3 264
299 964
192029, 381225
Құрамында биодизель бар битумдандырылған жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикіден басқа)
449
299 964
192032
Өзге сұйытылған мұнай газдары
562
142 165
192041
Синтез немесе басқа процестер нәтижесінде алынған, боялған немесе боялмаған өзге минералдық балауыз бен ұқсас өнімдер
91
101 247
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, UN Comtrade Көрсетілген талаптардың нәтижесінде Еуро 4 және Еуро 5 сыныптағы мотор отындарын шығару және ақшыл мұнай өнімдерін шығаруды 76-82%-ға дейін ұлғайту басымдықтар ретінде айқындалған. Басым жобалар МӨЗ жаңғырту жобаларын іске асыруды аяқтау 2017 жылға жоспарланып отыр. Мұның өзі оларда мұнай өңдеуді жылына 19,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға және К4, К5 кластарының талаптарына сәйкес келетін экологиялық таза мотор отындарының өндірісін бастауға мүмкіндік береді. Базалық майларды шығару жөніндегі жоба пысықталатын болады. Мұнай-газ химиясы Базалық мұнай-газ химиясы (бастапқы нысандарда мұнай-химия өнімдерінің өндірісі) - Қазақстан экономикасының перспективалы жаңа саласы. Базалық мұнай-газ химиясының өнімдерін түрлі мақсаттағы: құрылыс материалдары, қаптамалар және басқалар үшін пластмассалардан жасалатын бұйымдарды қазақстандық өндірушілер пайдаланады. Осы секторлардың мұқтаждықтары үшін жыл сайын Қазақстанға орташа алғанда 400 млн. АҚШ долл. полимерлік шикізат импортталады. Базалық мұнай-газ химиясы өнімінің ішкі нарығының көлемі шамамен 72 млрд. теңгені құрайды, бұл ретте 70%-дан астамы импортқа тиесілі. Мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары. Басым тауарлар топтары бойынша макроөңір елдерінің импорты 20 млрд. АҚШ долл. астам. Импорт алмастыру үшін мүмкіндіктер Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешен, Атырау облысындағы ықпалдастырылған газ-химия кешені және бутадиен мен полибутадиен өндірісі жөніндегі кешен іске қосылғаннан және басқа да жобалар іске асырылғаннан кейін жасалады. 2012 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі саланың үлес салмағы 2008 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға ұлғайып, 10,8%-ды құрады. 2008 - 2012 жылдар аралығында өндіріс көлемі нақты көріністе 12,8%-ға өсті. Саладағы жалпы қосылған құн 2008 жылғы 3,5 млрд. теңгеден 2012 жылы 14,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Еңбек өнімділігі 2002 жылдан бастап 2012 жыл аралығында 5,8 есе өсті. Негізгі құралдардың тозу дәрежесі 2012 жылы 52%-ды, негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті - 22,4%-ды құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 2012 жылы 48,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 27 есе жоғары. Қазақстаннан базалық мұнай-газ химиясы өнімдері экпортының көлемі 2008 - 2012 жылдар кезеңінде 2,2-ден 63,7 млн. АҚШ долларына дейін шамамен 29 есе өсті. Ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті қуаттардың болмауы жағдайында базалық мұнай-газ химиясы өнімдеріне деген серпінді өсіп келе жатқан сұраныс біршама деңгейде импорт есебінен қамтамасыз етіледі. Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі секторы дамуының 2008 - 2012 жылдардағы негізгі көрсеткіштері 17-кестеде келтірілген.
17-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі
0,2
0,2
0,3
0,4
0,4
0,3
Химия өнеркәсібіндегі үлесі
6,9
8,3
11,2
11,6
10,8
10,0
Базалық мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге
7 310
7 089
11 647
17 189
19 378
18 517
ЖҚҚ, млн. теңге
3536,5
3809,1
9687,9
13914,6
14616,5
11103,9
Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
1 669
1 980
1019
971
1 191
2 021
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
2119
1924
9507
14330
12272
5494
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
39,2
48,5
55,7
50,5
51,9
39,2
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
22 959
31 107
39 772
34 046
37 172
22 572
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
151,9
29,0
14,1
14,3
22,4
151,9
Жылдың соңына бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
45,5
26248,1
18863,5
16183,1
15740,4
45,5
Экспорт, млрд. АҚШ долл.
2,2
4,0
20,8
35,6
51,0
40,6
Импорт, млрд. АҚШ долл.
343,2
267,5
383,7
526,2
565,8
598,0
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Қазақстанда Павлодар қаласында полипропилен өндірісі бойынша қуат («Компания Нефтехим Лтд.» ЖШС) бар. Мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің әлемдік нарығындағы Exxon Mobil Corp (АҚШ, 334 млрд. АҚШ долл.), Chevron Corp (АҚШ, 233 млрд. АҚШ долл.) Royal Dutch Shell plc (Британия-Голландия, 360 млрд. АҚШ долл.), Газпром (Ресей, 375 млрд. АҚШ долл.), Statoil ASA (Норвегия, 135 млрд. АҚШ долл.) сияқты2 аса ірі ойыншылар қызметін өндіру сегменттерінде де, сол сияқты мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы сегменттерінде де жүзеге асыратын тігінен ықпалдастырылған болып табылады. Мұнай-газ химиясын дамыту мемлекеттің негізгі екі міндетін шешуге мүмкіндік береді: 1) көмірсутек шикізаты - ілеспе мұнай мен құрғақ газды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, бұл өнімсіз экономикалық шығындарды, оның ішінде экологиялық сипаттағы шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді; 2) химия өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісінің, резеңке-техникалық бұйымдар өндірісінің өнеркәсібін арзан шикізатпен қамтамасыз ету, өйткені бүгінгі таңда пластмасса және резеңке бұйымдарының өндірушілер импорттық шикізатты пайдаланады, ал бұл соңғы өнімнің қымбаттауына әкеліп соғады. Сектордың түйінді проблемалары: 1) шикізаттың негізгі көлемін - өндірілген газды технологиялық мұқтаждыққа пайдалану (газды қыртысқа айдау, электр энергиясын өндіру); 2) мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындардың төмен технологиялық деңгейі; 3) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымының жеткіліксіз қаржыландырылуы; 4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі; 5) шетелдік білікті кадрларды тарту жөніндегі шектеу (квоталау, рұқсаттар беру); 6) шетел инвестицияларын тартуға кедергі болатын қаржы, жер қатынастары саласындағы, арнайы экономикалық аймақтар бойынша заңнаманың жетілдірілмеуі. ______________ 2Капиталдандыру бойынша деректер. Platts Мақсаты: Қазақстанның қолда бар ресурстық әлеуетін іске асыру және қолайлы нарықтық конъюнктура есебінен мұнай-газ химиясын дамыту. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің: 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 19,1 есеге; 2) жұмыспен қамтудың 2,6 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 6 есе; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 41 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
18-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 есеп
2013 меже
2012 ж. қатысты болжам
2012 ж. қарағанда 2019 ж., %
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
95,2
102,1
110,8
110,6
447,5
1360,9
1909,7
19,1 есе
2
Жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам
1,2
2,0
2,0
2,0
2,5
3,0
3,4
3,8
2,6 мың адам
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
56,1
60,2
65,4
52,4
175,7
471,8
600,8
6 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі
%
100
86,6
117,9
152,4
162,8
401,3
2712,5
4096,6
41 есе
Міндеттер: 1) бәсекелестік негізде базалық өнім өндіру бойынша жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету; 2) шикізаттық емес тауарларды сату үшін нарықтарды кеңейту; 3) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында инфрақұрылымды және қуаттарды дамытуды қаржылық қамтамасыз ету; 4) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағындағы жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; 5) мұнай-газ химиясы өнімінің экспортын көліктік-логистикалық қамтамасыз ету; 6) мұнай-газ химиясы секторында біліктілігі жоғары қажетті кадрлармен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері Сала қызметінің басым түрлері 19-кестеде берілген.
19-кесте. - ЭҚЖЖ-4 бойынша басым қызмет түрлері
ЭҚЖЖ-4
ЭҚЖЖ атауы
20.14
Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі
20.16
Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі
20.17
Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі
Басым тауарлар топтары Басым тауарлар топтары ішкі нарық конъюнктурасына, сондай-ақ халықаралық нарықтың өсу көлемі мен әлеуетіне негізделе отырып айқындалды (20-кесте).
20-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭҚТӨЖ
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.
Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.
201610
Үлес салмағы 0,94 және одан көп полиэтилен
202,5
6 906,3
201651
Полипропилен
17,6
6 449,1
201610
Үлес салмағы 0,94 кем бастапқы нысандардағы полиэтилен
37,9
3 183,3
201651
Пропиленнің қосалқы полимерлері
14,0
2 267,2
201630
Басқа құрамдауыштармен араласпаған ПВХ
26,0
2 057,4
201411
Бутадиен
0
790,7
201710
Бастапқы нысандардағы бутадиен каучугы (BR)
0,9
833,6
201656
Полиуретандар
9,7
808,9
201640
Полиэтилентерефталат
99,8
1 286,5
Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар кезеңінде мұнай-газ химиясы секторын дамытудағы мемлекеттік саясат бастапқы нысандағы полимерлерді (Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен мен қуаты жылына 800 мың тонна полиэтилен; қуаты 4,1 мың тонна ПП-пленка полимерлік өнім, БОПП-пленка -14,7 мың, ПП-қаптар - жылына 48 млн. дана; Атырау облысында бутадиен жылына қуаты 125 мың тонна) және мұнай-газ химиясы секторының өзі, сол сияқты тұтастай алғанда, химия саласы үшін органикалық қоспаларды - шикізат (Атырау облысында хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешен) өндіру жөніндегі жаңа қуаттарды құруға бағытталады. 2015 - 2019 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес полимерлік өнімдер мен одан жасалатын бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі 1,2 трлн. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Тамақ өнімдерінің өндірісі Тамақ өнімдерінің өндірісі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар сала болып табылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына өзгеруімен ел халқы өсуінің орнықты үрдісі қалыптасты. Сектор шикізатты жеткізуші ретіндегі ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты. Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар тұтыну орталықтарының (қалалар, ірі кенттер) жанында шоғырланған. Өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі тамақ өнімдері өндірісінің үлесі 2008 жылғы 18,6%-дан 2013 жылы 16,5%-ға дейін төмендеді, бұл ретте 2008 - 2013 жылдар аралығында тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 56,0%-ға ұлғайды. Тамақ өнімдері өндірісі саласындағы ЖҚҚ 2008 - 2013 жылдар аралығында 1,5 есе ұлғайды. Тамақ өнімдері экспортының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 17,1 %-ға төмендеп, 902,1 млн. АҚШ долл. құрады. Тамақ өнімдерінің импорты дәл осы кезеңде 17,4%-ға өсіп, 2 446,5 млн. АҚШ долл. құрады. Тамақ өнімдерінің өндірісі секторының 2008 - 2013 жылдары дамуының негізгі көрсеткіштері 21-кестеде келтірілген.
21-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіш
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.*
Тамақ өнімдерінің өндірісі, млн. теңге
623 488
629 756
695 244
828 005
865 570
973 030
Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі
18,6%
21,4%
18,1%
17,2%
15,9%
16,5%
ЖҚҚ, млн. теңге
230 589,1
264 604,1
360 433,4
427 430,8
472 810,9
355 404,9
Жұмыскерлердің тізімдік саны (мың адам)
52,3
52,6
52,8
53,9
53,2
52,4
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
4 286
5 324
7 620
9 017,5
9 891,4
7 094
Еңбек өнімділігі, АҚШ долл./адам
35 548
35 808
51 696
60 970
65 759
46 980
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
2442
2 402
2 326
2 263
2219
1 573
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
27,9
33,8
32,5
50,9
35,5
-
Экспорт, млн. АҚШ долл.
1 088,6
797,6
854,2
886,5
898,1
902,1
Импорт, млн. АҚШ долл.
2 083,4
1 615,5
2 190,6
2 450,4
2 456,3
2 446,5
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
22 959
31 107
39 772
34 046
37 172
33 572
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
14,3
13,8
11,6
8,9
10,1
-
Жылдың соңына бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
174 489,9
236 200,2
289 893,2
392 229,3
336 416,6
-
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Тамақ өнімдері өндірісі құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу саласы (23,5%), сүт өңдеу (16,3%), нан және нан-тоқаш өнімдері (15,3%), ет өңдеу (13,4%), жеміс-көкөніс (8,1%), май-тоң май (7,8%) және өзге де салалар (15,6%) алып отыр. Сектордың негізгі проблемаларына: жергілікті өндірістің сапалы шикізатының жеткіліксіздігі; сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамуының жеткіліксіз деңгейі; өңдеуші кәсіпорындар үшін айналым қаражатының төмен қолжетімділігі; моральдық тозған жабдықтың жоғары үлесі; білікті кадрлардың тапшылығы; сауданы статистикалық есепке алу және саланы дамыту проблемалары; техникалық реттеу, оның ішінде стандарттардың сақталуын бақылау саласындағы проблемалар; коммуналдық және көліктік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің жоғары құны; ыдыс пен қаптаманың төмен қолжетімділігі; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жоғары кредиттік жүктеме; ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімді жылжытудағы жеткіліксіз қолдау жатады. Мақсаты: Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің (22-кесте): 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,2 есе; 2) жұмыспен қамтудың кемінде 2,4 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,1 есе; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,2 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
22-кесте. Нысаналы индикаторлар
Р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 есеп
2013 меже
2012 ж. қатысты болжам
2012 ж. қарағанда 2019 ж., %
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
105,0
108,0
111,0
113,0
114,0
115,0
116,0
1,2 есе
2
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам
53,2
52,4
54,2
54,6
55,6
55,6
55,6
55,5
2,4 мың адам
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
105,0
106,0
108,0
108,0
109,0
110,0
111,0
1,1 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың көлемі
%
100
95,8
86,0
93,0
100,0
106,0
111,0
117,0
1,2 есе
Міндеттер: 1) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізатының қолжетімділігін арттыру; 2) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру; 3) саладағы өндірістің инфрақұрылымдық шығындарын (коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтері, ыдысқа және қаптамаға жұмсалатын шығындар және басқалары), оның ішінде МЖӘ тетігі есебінен төмендету; 4) отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау; 5) тамақ өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту; 6) тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту; 7) экспортты/импортты саудалық реттеуді жетілдіру; 8) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету; 9) тауар айналымының есебін жетілдіру. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызметтің басым түрлері Тамақ өнімдерінің өндірісі секторы бойынша қызметтің басым түрлері 23-кестеде келтірілген.
23-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
ЭҚЖЖ атауы
1011
Етті өңдеу және консервілеу
1012
Үй құсының етін өңдеу және консервілеу
1013
Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі
1020
Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу
1031
Картопты өңдеу және консервілеу
1032
Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі
1039
Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері
1041
Майлар мен тоң майлар өндірісі
1042
Маргарин мен осыған ұқсас жануарлар тоң майларының өндірісі
1051
Сүт өңдеу және ірімшік өндірісі
1061
Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
1062
Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі
1071
Нан өндіру ісі; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдарды, торттар мен тәтті тоқаштар өндірісі
1072
Қатырлақ нан мен печенье өндіру; ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдарды, торттарды, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі
1073
Макарон өнімдерінің өндірісі
1081
Қант өндірісі
1082
Какао, шоколад және қанты көп кондитерлік бұйымдар өндірісі
1083
Шай және кофе өңдеу
1085
Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі
1086
Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі
24-кестеде түйінді нарықтарға бағдарланған басым тауарлар топтары келтірілген.
24-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭҚТӨЖ
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың сыйымдылығы 2012 ж. (млн. тг)
Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы 2012 ж. (млн. тг)
1
2
3
4
101120
Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдері
4,1
530,5
101130
Мұздатылған ет және тағамдық қосымша өнімдер; ет және өзге тағамдық қосымша өнімдері
13901,8
1484755,1
101210
Жас немесе тоңазытылған үй құсының еті
106,6
16534,1
101220
Мұздатылған үй құсының еті
1808,1
25615,5
101314
Еттен, еттік қосымша өнімдерден немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар
14065,6
26177,9
101315
Ірі қара малдың етінен жасалған дайын және консервіленген
103 705,18
22302
102013
Мұздатылған балық
1714,9
193428,0
102014
Мұздатылған балықтың жон еті
-
9583,6
102023
Кептірілген, тұздалған немесе тұздалмаған немесе тұздық судағы балық
269,3
9494,0
102025
Балықтан жасалған дайын тағамдардан басқа, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық
3267,4
47619,0
103111
Мұздатылған картоп
638,04
38 025
103114
Қайта өңделген және консервіленген картоп
3 872,08
14 988
103200
Құрамында спирт қоспалары жоқ жеміс шырындары (жүзім ашытқысын қоса алғанда) және көкөніс шырындары
67 178,05
137 557
103917
Сірке суы немесе сірке қышқылы қосылмай консервіленген өзге де көкөністер (картоптан басқа), дайын көкөніс тағамдарынан басқа
4 034,51
47990
103918
Сірке суы немесе сірке қышқылы қосылмай консервіленген көкөністер (картоптан басқа), жемістер, жаңғақтар және өсімдіктердің өзге де жеуге жарамды бөліктері
350,15
14 483
103923
Басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында қант немесе басқа да тәттілейтін заттардың қоспасы немесе спирті бар немесе жоқ, өзге тәсілмен дайындалған немесе консервіленген жемістер, жаңғақтар және өсімдіктердің жеуге келетін өзге бөліктері
9 338,11
96 446
103930
Көкөністі шикізаттар және көкөністі қалдықтар, көкөністі шығындар және жанама өнімдер
15,29
1 198
103992
Джемдер, жеміс-жидек желесі, мармеладтар, жеміс-жидек немесе жаңғақ пюресі, жылытып өңдеу, оның ішінде қант қосып немесе тәттілеуіш заттар қосу жолымен алынған жеміс-жидек немесе жаңғақ пастасы
4 452,45
30 171
104120
Тазартылмаған өсімдік майы
1,7
427749,0
104124
Гидрогенизделген және эстерифицирленген, бірақ кейіннен өңделмеген тоң майлар және жануарлардан немесе өсімдіктен алынатын тоң майлар және олардың фракциялары
71 494,75
587843
104141
Күнжара және қатты майлар мен өзге өсімдік майларының қалдықтары
4 427,90
273564
104150
Қалдықтардан басқа, тазартылған май
8372,1
1429468,1
104210
Маргарин және ұқсас өнімдер
17 738,51
144 685
105111
Қоюлатылмаған және қант пен басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей
83 537,18
31 266
105121
Майсыздандырылған құрғақ сүт
10245,3
135856,2
105122
Тұтас құрғақ сүт
2838,8
219598,3
105130
Сары май және сүтті спредтер (паста)
5902,4
145994,2
105140
Ірімшік және сүзбе
92 779,56
360 478
105152
Өзге де ұйытылған немесе ашытылған йогурт, сүт және кілегей
8461,6
23416,2
106111
Тазартылған күріш
141,1
1862,4
106121
Бидай немесе аралас ұсақ тартылған ұны
129 347,76
136 810
106122
Дәнді дақылдардың ұсақ тартылған ұны (бидай ұнынан басқа)
134,9
135 889
106123
Ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны
1 683,67
2 201
106131
Ірі тартылған жарма, ұн және дәнді дақылдардан алынған түйірлер
139,1
593,9
106133
Жүгері қауызын қоса алғанда, дәнді дақылдардың өзге де өнімдері
1 084,32
23 613
106140
Кебектер, еленділер, өзге де дәнді дақылдарды өңдеуден қалған қалдықтар
3 883,71
29 158
106211
Крахмал; инулин; бидай ұлпасы; декстриндер; өзге де түрлендірілген крахмалдар
471,43
89 866
107111
Құрамында какаосы бар немесе жоқ нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті тоқаштар, печенье және өзге де нан өнімдері; фармацевтикалық мақсаттарда пайдалану үшін жарамды вафильді пластиналар, бос капсулалар, жапсыру үшін қажетті вафельді қабықтар, күріш қағазы және ұқсас өнімдер
11 885,12
206 448
10721
Кептірілген нан мен печенье; ұзақ уақыт сақталатын кондитерлік өнімдер мен тәтті тоқаштар
2937,2
5669,5
107311
Жылумен өңдеуге тартылған немесе тартылмаған, салындысы бар (еттен немесе өзге азық-түліктерден) немесе салындысы жоқ немесе спагеттилер, макарондар, лапша, рожки, клецки, равиоли, каннеллони сияқты басқа тәсілмен дайындалған макарон бұйымдары
22 284,60
46 693
108111
Құрақ немесе қызылшаның қатты түрдегі шикі қанты
231,3
30157,1
108112
Хош иісті және бояғыш қосымшалар қосылмаған, тазартылған құрақ немесе қызылша қанты және қатты түрдегі химиялық таза сахароза
10586,0
72367,3
108221
Құрамында какао бар шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері (тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа), көлемді қаптамаларда
1540,9
13864,2
108222
Шағын орамалардағы құрамында какао бар шоколад және тамақ өнімдері
36973,4
239955,4
108223
Құрамында какаосы жоқ, ақ шоколадты қоса алғанда, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер
12907,3
84544,0
108224
Қантталған, глазурьленген, шәрбат сіңдірілген және кептірілген жеміс-жидектер, жемістер, жаңғақтар, жеміс қабықтары және өсімдіктердің өзге де бөліктері
144,56
2 331
108300
Қайта өңделген шай және кофе
11949,0
238195,3
10851
Дайын тамақ өнімдері және тамақтар
37658,1
338459,1
108610
Гомогенделген және диеталық тамақ өнімдері
8823,9
224520,7
24-кестеге: ескертпе: *макроөңір елдері: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан. Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі саласында мыналарды: құс шаруашылығы өнімдерін (құс етін, жұмыртқа өндіру); сүт (құрғақ сүт, сары май, ірімшік және сүзбе, тағамдық сүт, ашыған сүт өнімдері); ет (мұздатылған, консервіленген, шұжық және ұқсас бұйымдар); балық (мұздатылған балық, балықтың жон еті, дайындалған және консервіленген балық); дәнді дақылдар (ұн, макарон бұйымдары, крахмал, ұлпа, инулин және басқалары); май (өсімдік майы, маргарин өндіру); көкөністер мен жемістер (шырындар, көкөніс және жеміс консервілері); қант, кондитерлік бұйымдар (қанттан, шоколад пен қанттан жасалған, жаңа піскен және ұзақ сақтаудағы нан-тоқаш кондитерлік бұйымдарынан) қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды іске асыру көзделеді. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізатының қолжетімділігін арттыру Қайта өңдеуші кәсіпорындарды сапалы және қолжетімді шикізатпен жүйелі қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Агробизнес-2020) іске асырылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру Отандық азық-түлік тауарларының орнықты өндірісі үшін жағдай жасау мақсатында қайта өңдеуші кәсіпорындарды айналым қаражатын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға арналған кредиттік ресурстармен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, қайта өңдеуші жаңа кәсіпорындарды салуды, оның ішінде инвестициялық субсидиялар, венчурлік қаржыландыру және т.б. арқылы ынталандыру үшін жеке қолдау талап етіледі. Тамақ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін кредиттер мен лизинг бойынша шығындардың бір бөлігін субсидиялау түріндегі, инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы сатып алу) ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау құралдары көзделетін болады, сондай-ақ қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі енгізіледі. Саладағы өндірістің инфрақұрылымдық шығындарын (коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтер, ыдысқа және қаптамаға және басқаларына жұмсалатын шығындар), оның ішінде МЖӘ тетігі есебінен төмендету. Өндірілетін азық-түлік тауарларының өзіндік құнын төмендету мақсатында ыдыс қаптамасын, затбелгі бұйымдарын өндірумен айналысатын отандық компанияларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі есебінен дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ қайта өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтерге арналған сараланған тарифтерді қолдану бойынша шаралар қабылданатын болады. Отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау Ішкі нарықтағы отандық азық-түлік тауарлары айналымының көлемін ұлғайту үшін заманауи форматтағы сауда алаңдарын, сауда-тарату орталықтарын кеңейту, сондай-ақ оларға қолжетімділік бойынша жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сыртқы өткізу нарықтарына шығу үшін негізгі көлік бағыттары бойынша шекара маңындағы аумақтарда мамандырылған логистикалық орталықтар желісін құру көзделуде. Бұдан басқа, биржалық сауданы дамыту әрі әлеуетті отандық және шетелдік сатып алушыларды электрондық сауда алаңына барынша тарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Азық-түлік өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту Отандық өнімді тұтыну мәдениетін дамыту үшін тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында басымдықпен жария етуді талап ететін түйінді хабарламалардың тізбесі айқындалатын болады. Отандық азық-түлік тауарларының ұлттық брендтерін жасау болжануда. Халықты тарту үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үгіт-насихат бағдарламалары жасалатын болады. Бұл ретте, халықтан сапасыз өнім туралы ақпаратты қабылдау үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерін құру жұмысы жалғастырылатын болады. Бұдан басқа, жаңа піскен және табиғи тамақ өнімдерін басым тәртіппен сатып алу жөніндегі талаптарды қосу тұрғысынан азық-түлік тауарларын сатып алу талаптарын қайта қарау, сондай-ақ ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерінің жарнамасын шығаруға және көрсетуге жұмсалатын шығындарды субсидиялау көзделеді. Тамақ индустриясы саласындағы техникалық реттеуді дамыту Тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғау мақсатында техникалық реттеуде бірқатар шаралар қабылданатын болады. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) жүргізу және жасанды тамақ өнімдерімен күрес кезінде зертханалық зерттеулерге ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшін республиканың әрбір өңірінде кемінде 1 сынақ зертханасы құрылатын (жаңғыртылатын) болады. Бұдан басқа, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу саласы қайта қаралды. Стандарттарды ревизиялау жүргізіледі, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін қажетті бақылау әдістеріне және өлшеу әдістемесіне арналған, оның ішінде тамақ өнімдерін сәйкестендіру және оның қолдан жасалғандығын анықтау жөніндегі стандарттар әзірленеді. Экспортты/импортты саудалық реттеуді жетілдіру Ішкі және сыртқы нарықтардағы өзгермелі жағдайларға жедел ден қою мақсатында тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің тауар қозғалысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Мониторинг нәтижелері негізінде сыртқы сауда қызметін реттеу шараларын қолдану бойынша ұсыныстар қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу жоспарлануда. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен бизнес қауымдастықтарды тарту жөніндегі шаралар көзделетін болады. Тауар айналымының есебін жетілдіру Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу шараларын қабылдау үшін тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіптің жай-күйіне толыққанды талдау жүргізу мақсатында азық-түлік тауарлары өндірісін статистикалық бақылау әдістемесіне олардың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсатындағы өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ Кеден одағының елдері арасындағы өзара сауда көлемін есептеу әдістемесі, оның ішінде түзету коэффициенттерін енгізу есебінен жетілдірілетін болады. Сондай-ақ тамақ өнімдерін шығару жөніндегі кәсіпорындар қуаттарының болуын және пайдаланылуын статистикалық мониторингтеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Агрохимия Агрохимиялық өнім өндірісінің секторын басым секторға жатқызу қажетті шикізаттың, жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындардың және ел ішінде де, сол сияқты жақын маңдағы елдердің нарықтарында да агрохимиялық өнімге жоғары сұраныстың болуымен айқындалады. Қазақстандық агрохимия нарығының көлемі 2013 жылы шамамен 71,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 58 %-дан астамы импортқа тиесілі. Макроөңірдің басым тауарлар топтары бойынша импорт сыйымдылығы шамамен 6,8 млрд. АҚШ долл. құрайды. Өңдеуші өнеркәсіптегі сектордың үлесі 2012 жылы 0,6%-ды құрады, химия өнеркәсібі өндірісіндегі көлемі шамамен 20%-ды құрады (25-кесте). Агрохимиялық сектордағы өндіріс көлемі 2008 - 2012 жылдар аралығында атаулы мәнде 1,7 есеге өсті және 34,7 млрд. теңгені құрады (25-кесте). Минералды тыңайтқыштарға әлеуетті қажеттілік шамамен 1 млн. тонна әсер ететін затты құрады, олардың ішінде фосфорлы - 58,4%-ды, азотты - 40%-ды, калийлі - 1,6%-ды құрады. 2013 жылы іс жүзінде 84,5 мың тонна енгізілді, бұл қажетті енгізу нормасынан 12 есе аз. Минералды тыңайтқыштармен өңделген ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 2013 жылы 1,4 млн. гектарды құрады. ЖҚҚ агрохимиялық секторда 2008 - 2012 жылдардағы кезеңде 2,7 есеге өсті. Қазақстан Республикасындағы еңбек өнімділігі 2012 жылы 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,7 есеге өсті және 13,6 млн. теңгені құрады, ол ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігінің орташа көрсеткішінен 2,7 есеге төмен. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді экспорттау көлемі 2012 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,6 %-ға төмендеді және 63,5 млн. АҚШ долларын құрады, ал аталған кезеңде импорттың көлемі 36 %-ға өсті және 117 млн. АҚШ долларына жуық болды. Агрохимия секторында өнім экспортының қысқаруы мен импортының өсуі ішкі сұраныстың өсуімен байланысты. Агрохимия секторының 2008 - 2012 жылдардағы дамуының негізгі көрсеткіштері 25-кестеде көрсетілген.
25-кесте. Сектор бойынша 2008 — 2013 жылдардағы деректер
Химия өнеркәсібіндегі агрохимия өндірісінің үлесі, %
18,9%
17,9%
14,9%
18%
19,4%
21,3%
Өңдеуші өнеркәсіп, млн. теңге
3 359 551
2 945 966
3 844 658
4 801 407
5 446 749
5 882 456
НКИ, өткен жылға %-бен
97,5
97,1
113,9
107,7
101,2
101,6
Химия өнеркәсібі, млн. теңге
106 157
85 542
104 107
147 929
178 971
184 919
НКИ, өткен жылға %-бен
107,4
75,7
121,4
130,1
103,2
103,3
Агрохимия өндірісі, млн. теңге
20 089
15 331
15 509
26 584
34 664
39 480
ҚҚС, млн. теңге**
9 719
8 238
12 900
21 520
26 147
23 674
ҚР-дағы еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
4 964
3 999
6 939
11 772
13 618
15 557
ҚР-дағы еңбек өнімділігі, долл./адам
41 168
26 895
47 073
79 594
90 533
100 993
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, долл./адам
204 402
194 394
236 331
247 917
248 843
Жалданған жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
1958
2 060
1 859
1 828
1 920
2 029
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
24
22
21
25
28
оның ішінде:
ірі
3
3
3
3
2
орташа
1
1
1
2
2
шағын
20
18
17
20
24
Қуат жүктемесінің дәрежесі, %*
44,4
38,8
42,8
39,6
38,8
Жабдықтың тозуы, %
28,7
52,7
37,7
37,6
38,7
Инвестициялар, млн. теңге
338
484
424
1 851
3 484
782
Негізгі құралдарды жаңарту коэффиценті, %
5,6
3,9
39,2
55,2
8,9
Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге
4 254
4 090
6 358
10 213
16 954
Экспорт, млн. АҚШ долл.
74,1
17,1
28,5
72,8
64,3
70,7
Импорт, млн. АҚШ долл.
231,0
196,8
186,3
212,0
263,4
255,2
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 25-кестеге: ескертпе: * - көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ-ның статистикалық деректері негізінде есептелген. Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың өндірісін фосфорлы және азотты тыңайтқыштардың өндірушілері: «Қазфосфат» ЖШС (суперфосфат, аммофос) және «ҚазАзот» ЖШС (аммоний нитраты) ұсынады. Калийлі тыңайтқыштардың өндірісі бойынша ірі кәсіпорындар бүгінгі күні жоқ, алайда Қазақстанның батыс өңіріндегі калий шикізатының кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Азотты тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 403 мың тоннаны құрады, оның 165 мың тоннасы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылды, ал 319 мың тоннасы импортталды. Фосфорлы тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 60,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында 69,5 мың тонна шығарылды, ал импорты шамалы. Калийлі тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 22 мың тоннаны құрады, оның бүкіл көлемі импортқа тиесілі. Қазақстан Республикасында кешенді тыңайтқыштардың нарығы толықтай импорттық өнімдерден тұрады және шамамен жылына 6 мың тоннаны құрайды. Пестицидтер өндірісінің сегментін негізінен өсімдіктерді қорғау құралдарының формуляциясымен айналысатын шағын кәсіпорындар ұсынады: «Агрохимия» ЖШС, «КазТрастКем» ЖШС, «Бай Жер» ЖШС, «Astana-NanChemicals» ЖШС, «Гербицидтер» АҚ. Елімізде пистицидтерді тұтыну 2012 жылы 28,5 мың тоннаны құрады, оның ішінде 10,5 мың тоннасы өндірілген, ал 18 мың тоннасы импортталған. Секторды дамыту үшін халықаралық химия компанияларын агрохимия секторына тарту қажет. Айталық, DuPont компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шарушалығы үшін химия өнімдерінің өндірісін құруды жоспарлап отыр. Ресейдегі минералды тыңайтқыштарды ірі өндірушілердің бірі «ЕвроХим» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ААҚ) кешенді тыңайтқыштар өндіру зауытын салуды жоспарлауда. Агрохимиялық секторға трансұлттық компанияларды да (Mosaic, PotashCorp, Agrium, YaraІnternational, Monsanto, Syngenta, «Фосарго» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ЖАҚ) тартуға болады. Саланың түйінді проблемалары: 1) сектор кәсіпорындарының өндірістік қуатын жүктеудің төмен деңгейі; 2) сектор кәсіпорындарындағы өндірісті жаңғырту мен дамыту үшін қаржы қаражатының тапшылығы; 3) жабдықтардың жоғары тозу деңгейі; 4) агрохимия өндірушілерінің тарапынан минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді өткізуге/дистрибуциялауға арналған логистиканың әлсіз жүйесі; 5) агрохимиялық өнімдерге зерттеулер жүргізу үшін сынақ базасының болмауы; 6) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы. Мақсаты: ішкі сұранысты ынталандыру жолымен агрохимиялық секторды дамыту және сараптамалық әлеуетті өсіру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің: 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 3 есе; 2) жұмыспен қамтудың 1,1 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,9 есе; 5) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 2,8 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
26-кесте. Нысаналы индикаторлар
Р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 ж. есеп
2013 ж. меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 ж. қарағанда 2019 ж. %-да
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
98,2
99,5
142,7
165,4
193,5
269,0
296,0
3,3 есе
2
Жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам.
1,9
2,0
2,0
2,3
2,3
2,3
2,3
3,0
1,1 мың адамға.
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
92,9
94,2
119,2
138,1
160,0
222,4
188,1
1,9 есе
4
Шикізат емес (өңделген) экспорт құны
%
100
110,0
116,7
146,7
194,8
222,8
266,9
275,6
2,8 есе
Міндеттер: 1) өндірістің тиімділігін арттыру және шығарылатын өнімді әртараптандыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; 2) ішкі сұранысты ынталандыру; 3) шикізаттық емес тауарды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; 4) жаңа кәсіпорындар құру; 5) секторды тиісті біліктілігі бар кадр ресурстарымен қамтамасыз ету; 6) сынау және сертификаттау инфрақұрылымын құру. Қызметтің басым түрлері Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалған (27-кесте).
27-кесте - Агрохимия өнеркәсібі қызметінің басым түрлері
ЭЖЖ-4
Атауы
2015
Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалардың өндірісі
2020
Пестецидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі
Басым тауарлар топтары Басым тауарлар топтары ішкі нарыққа ғана емес, сондай-ақ макроөңір нарықтарына: ТМД елдеріне, Иранға, Қытай мен Түркияға бағдарланады. Басым тауарларды/тауар топтарын өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жаңа қуаттарын салу немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту агрохимия импортын қысқартуға және экспортын ұлғайтуға ықпал ететін болады. 28-кестеде импорт көлемі неғұрлым жоғары тауар топтары анықталған.
28-кесте. Агрохимия өнеркәсібінің басым тауарлар топтары
ЭТӨЖ-6
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.
Макроөңір нарығының импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.
201531
Карбамид
5,7
205,8
201532
Аммоний сульфаты
2,8
13,3
201551
Калий хлориді
5,1
3032,3
201552
Калий сульфаты
0,11
95,2
201559
Өзге калийлі тыңайтқыштар
17,3
33,5
201571
Кешенді тыңайтқыштар
6
1187,4
201573
МАФ/ДАФ
0,3
153,7
202011
Инсектицидтер
18,6
439,5
202015
Фунгицидтер
12,9
637,2
202012
Гербицидтер
71,5
980,6
Басым жобалар Бағдарлама шеңберінде агрохимиялық секторды дамытудағы мемлекеттік саясат күрделі (NPK-тыңайтқыштары), калийлі тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру жөніндегі басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады. 2015 - 2019 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес өндіріс көлемін және өнімнің қосылған құнын арттыруға, секторда жаңа өндірістерді құруға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі 454 млрд. Теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Ақтөбе облысында Шилісай кен орнының кені базасында күрделі минералдық тыңайтқыштар (МАФ/ДАФ) мен Жилян калий тұздарының кен орны базасында калийлі тыңайтқыштар өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жамбыл облысында агрохимиялық өнімдер өндірісі жөніндегі бірқатар жобалар жоспарланған. 2019 жылға дейін жылына 1 млн. Тонна минералдық тыңайтқыштар өндірісіне қол жеткізу, калий сульфаты (жылына 300 мың тонна) мен глифосат (жылына 10 мың тонна) өндірісі жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Мынадай жобаларды пысықтау жүргізілуде: кейіннен жем-шөп фосфаттарын шығара отырып, экстракциялық фосфор қышқылын шығару, метанол және аммиак негізінде бірқатар химия өнімдерін (формальдегид, сірке суы және сірке қышқылы, аммиак селитрасы, азот қышқылы, карбамид, кешенді тыңайтқыштар мен карбамидтік-формальдегидтік және меламиноформальдегидтік шайырлар) шығару, «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну бойынша агрохимиялық сервистік орталықтарды құру. Өнеркәсіпке арналған химикаттардың өндірісі Өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру секторы өнеркәсіптің дәстүрлі салалары (кен-металлургия кешені (бұдан әрі - КМК) және мұнай-газ саласы) үшін де, сол сияқты жоғары технологиялық секторлар (электрондық өнеркәсіп, аккумуляторлар, энергия тиімді және инновациялық құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау) үшін де шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың жеткізушісі болып табылады. Өнеркәсіпті дамыту жалпы сектор өніміне сұранысты ұлғайтуға алып келеді. Өнеркәсіпке арналған химикаттардың Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндірістері негізінен базалық химия өнімдерімен: пайдалы қазбаларды өндіру, минералды тыңайтқыштарды өндіру кезінде пайдаланылатын бейорганикалық қышқылдармен және сілтілермен, сондай-ақ лак-бояу өнімімен, жарылғыш заттар мен үстіңгі белсенді заттармен (бұдан әрі - ҮБЗ) ұсынылған. 2012 жылы ішкі нарықтың сыйымдылығы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Басым тауарлар топтары бойынша Қазақстан импортының көлемі 300 млн. АҚШ долл. Асады, макроөңірдің сол тауарлары бойынша импорттық сыйымдылығы шамамен 6 млрд. АҚШ долл. Өңдеуші өнеркәсіп бойынша орташа алғандағы сектордың үлесі 2%-ды, химия өнеркәсібінде - 68%-ды құрайды. Сектор өндірісінің көлемі 2012 жылы 118,5 млрд. Теңгені құрады, ол 2008 жылға қарағанда 60%-ға артық. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда сектордың ЖҚҚ 2,5 есеге өсті. Еңбек өнімділігі 2,3 есе өсті. Дегенмен, бұл ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсеткіштерінен 2 есе төмен. Сектор кәсіпорындарындағы жабдықтардың тозуы 40%-ға жетеді, қуаттардың жүктелуі 60%-дан астам. Қуаттың жоғары жүктелуі экспортаушы-кәсіпорындар: «АХҚЗ» АҚ мен «Қазфосфат» ЖШС тиесілі. Негізгі құралдарды жаңғырту коэффициентін 2012 жылы 8,5%-ға ұлғайту жабдықтың тозу коэффициентін 2011 жылғы 45%-дан 2012 жылы 30%-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Өнеркәсіп үшін химикаттардың өндірісі секторындағы экспорт 2008 жылмен салыстырғанда 16,4%-ға өсті және 600 млн. Астам АҚШ долларын құрады. Экспортқа, негізінен, төменгі бөліністегі өнімдер шығады, ал импортты өңдеу дәрежесі неғұрлым жоғары тауарлар құрайды. Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторын дамытудың 2008 - 2012 жылдардағы негізгі көрсеткіштері 29-кестеде ұсынылған.
29-кесте Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер.
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Сектордың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі, %
2,2
2,0
1,9
2,1
2,2
2,0
Сектордың химия өнеркәсібіндегі үлесі, %
70,0
69,0
69,6
66,6
66,2
64,7
Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісінің көлемі, млн. Теңге
74 275
59 055
72 474
98 527
118555
119 685
ЖҚҚ, млн. Теңге
37 677
33 670
63 571
83 964
93 740
75 762
ЭЫДҰ бойынша орташа еңбек өнімділігі, АҚШ долл./адам.
104167
104304
111909
117373
117105
Еңбек өнімділігі, АҚШ долл./адам.
24308
18912
33899
32508
45273
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам.
2 931
2 812
4 997
4 808
6 810
Жалданған қызметкерлердің тізімдік саны, адам
12 856
11 972
12 723
17 465
13 766
13 703
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
138
154
156
155
153
оның ішінде:
ірі
6
7
9
9
8
орта
12
16
19
17
20
шағын
120
131
128
129
125
Инвестициялар, млн. теңге
6 645
29 295
17 381
19 870
40 391
26 462
Жабдықтың тозуы, %
35,3
37,4
41,1
44,8
30,1
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %
10,6
10,4
13,1
11,9
20,4
Жыл соңында бастапқы құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
10 884
4 218
10 377
18 276
26 097
Экспорт, млн. долл.
516,0
269,3
369,6
511,5
600,6
624,9
Импорт, млн. долл.
1040,1
893,5
1054,8
1209,3
1296,3
1459,1
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сатистика агенттігі, TradeMap, Euromonitor дерекқоры. Секторда күкірт қышқылын («CKЗ-U» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС), сары фосфорды («Қазфосфат» ЖШС), хром қоспаларын («Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ), балқымалы қышқылды («Үлбіфтор-Комплекс» ЖШС), хлор-сілті сегментін («Каустик» АҚ), лак-бояу өнімдерін («Аlinа» компания тобы), жарылғыш заттар («Орика-Қазақстан» АҚ) өндіруші кәсіпорындар жұмыс істейді. Сектордың ірі ойыншылары «Қазфосфат» ЖШС болып табылады, олардың химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 22%, «Ақтөбе хром қоспалары зауыты» АҚ - 12,5%, «Каустик» АҚ - 2,4% құрайды. Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторы өнімді негізінен еліміздің ішкі тұтынуы үшін ғана шығарады, өйткені өнімнің осындай көп бөлігін тасымалдау қиын және адамдардың денсаулығы үшін қауіпті болып табылады. Секторды одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында халықаралық химия компанияларын тарту қажет. Қазіргі уақытта: China Kingho Energy Group Co., Ltd (Қытай), IndussGroup (Бельгия), DowChemicalsCompany (АҚШ), Lanxess (Германия), GreenDay (Германия), LanzaTech (АҚШ) халықаралық компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Секторды дамытудың негізгі кедергілері мыналар болып табылады: 1) көліктік және энергетикалық монополистердің тарифтік саясатын өзгерту; 2) сектор кәсіпорнында өндірісті жаңғырту мен дамыту үшін меншікті қаржы қаражатының тапшылығы; 3) сынақ және сертификаттау инфрақұрылымның дамымауы; 4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы. Мақсаты: өндіріс көлемін кеңейту және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, жаңа өнімдерді шығару жөніндегі өндірістерді құру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің (30-кесте): 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,5 есе; 2) жұмыспен қамтудың кемінде 1,1 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,4 есе; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,3 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
30-кесте. Нысаналы индикаторлар
Р/с
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірл.
2012 есеп
2013 меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 жылға қатысты 2019 ж, есе
2014 ж.
2015 ж.
2016 ж.
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
1
Жалпы қосылған құн
%
100
98,2
107,3
115,8
118,9
128,6
142,6
153,2
1,5 есе
2
Жұмыспен қамтылғандар
мың адам
13,8
13,7
14,2
14,2
14,2
14,3
14,9
14,9
1,1 мың адамға.
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
98,7
104,4
112,5
115,4
123,9
131,8
141,6
1,4 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемі
%
100
104,0
108,6
112,9
117,1
121,4
125,7
130,0
1,3 есе
Міндеттер: 1) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту; 2) өндірістің тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; 3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімін әртараптандыру; 4) жаңа кәсіпорындар құру; 5) жаңа өндірістерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың инфрақұрылымын жаңарту; 6) секторды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалған (31-кесте).
31-кесте. Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі секторының басым қызмет түрлері
ЭҚЖЖ-4
Атауы
2011
Өнеркәсіптік газдардың өндірісі
2012
Бояғыштар мен пигменттер өндірісі
2013
Негізгі бейорганикалық қосылыстар өндірісі
2030
Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар өндірісі
2041
Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттар өндірісі
2051
Жарылғыш заттар өндірісі
2059
Өзге химиялық өнімдер өндірісі
Тауарлардың басым топтары Басым тауарларды/тауар топтарын өндіру жөніндегі жаңа кәсіпорындар салу немесе жұмыс істеп тұрған қуаттарын кеңейту өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторы өнімдерінің импортын қысқартуға және экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. 32-кестеде импорты неғұрлым жоғары тауар топтары аталған.
32-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭТӨЖ-6
Тауар тобының атауы
Өлшем бірлігі
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
201324
Сутегі хлориді (тұзды қышқыл)
Импорт, тонна
31945
28995
29434
29318
27700
Импорт, мың АҚШ долл.
7 384
5 141
3 597
8 681
7 540
201343
Динатрий корбонаты
Импорт, тонна
390557
311564
342661
376832
434795
Импорт, мың АҚШ долл.
97 134
74 655
40 653
100 126
111030
201325
Су ертіндісіндегі натрий гидроксині (каустикалық сода)
Импорт, тонна
77535
94674
62020
26071
32652
Импорт, мың АҚШ долл.
15 958
17 891
8 882
16 409
14 553
201363
Сутегі пероксиді
Импорт, тонна
4059
8685
12648
10960
14410
Импорт, мың АҚШ долл.
3 152
6512
8 460
7 982
10 235
201321
Кальций хлориді
Импорт, тонна
8019
5897
11434
9028
9519
Импорт, мың АҚШ долл.
2 719
1667
1 324
3 793
4 471
203012
Күрделі полэфирлер негізіндегі бояулар мен лактар
Импорт, тонна
20878
21174
23064
19214
17068
Импорт, мың АҚШ долл.
32318
30 108
23 796
49 292
30011
205111
Оқ-дәріден басқа, дайын жарылғыш заттар
Импорт, тонна
18688
19583
13 078
12986
16732
Импорт, мың АҚШ долл.
36 277
36 738
15 740
20 929
26 853
205942
Антидетонаторлар, антиоксиданттар, шайыр түзгіш ингибиторлар, қойылтқыштар, коррозияға қарсы заттар және өзге мұнай өнімдеріне немесе басқа сұйықтықтарға дайын телімдер
Импорт, тонна
17624
18510
10759
10459
9662
Импорт, мың АҚШ долл.
73 590
63 101
43 226
45 534
43 416
205956
Катализаторлар
Импорт, тонна
1 058
692
753
1065
1482
Импорт, мың АҚШ долл.
10 066
4 979
3 081
7 141
13313
205943
Антифриздер және мұздануға қарсы дайын өзге сұйықтықтар
Импорт, тонна
25245
25549
30576
30464
37194
Импорт, мың АҚШ долл.
30 792
21 814
14 208
38 046
41405
Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар кезеңінде өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторын дамытудағы мемлекеттік саясат жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын кеңейтуге және жаңа кәсіпорындар құруға бағытталатын болады. 2015 - 2019 жылдар кезеңінде бизнес құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес ірі инвестициялық жобаларды өндіріс көлемін және өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі 80 млрд. теңгеге жуық ұсыныстарына сәйкес ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі - экономиканың жаңа индустриясы, оның Қазақстандағы машина жасаудың жалпы көлеміндегі алатын үлесі айтарлықтай қомақты. Ұлттық автомобиль жасауды дамыту экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсерін тигізеді. Айталық, автомобиль өнеркәсібінде құрылған бір жұмыс орны металлургия, химия және электрондық өнеркәсіп, металл өңдеу, қосалқы бөлшектер өндірісі, көлік және көрсетілетін қызметтер саласы сияқты аралас салаларда тағы да 3-еуден 11-ге дейінгі жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Елдің ішкі нарығының сыйымдылығы шамамен 5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның 82%-ы импорт есебінен өтеледі. Басым тауарлар топтары бойынша макроөңір елдерінің импорттық сыйымдылығы 70 млрд. АҚШ долларынан асады, оның шамамен 30 млрд. АҚШ долларын автокомпоненттер құрайды. Отандық бірқатар компания Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасты, оның шеңберінде мемлекет преференциялар ұсынады. Бұл ретте, келісім шеңберінде компаниялар белгілі бір мерзімде неғұрлым терең технологиялық бөліністерді және жиынтықтауыштардың өндірісін игеруді қамтитын даму деңгейіне шығуды қамтамасыз етуге міндеттенеді. 2008 - 2012 жылдар аралығында сектордың жалпы қосылған құны 5,8 есе өскен. Автоөндірісте 2000 адам жұмыспен қамтылған. 2008 - 2012 жылдар аралығында еңбек өнімділігі 7,5 есе ұлғайған және ЭЫДҰ елдерімен бір деңгейде. Сектордағы экспорт көп емес, 2012 жылы 35 млн. АҚШ долл. құрды.
33-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіш
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Машина жасау, млн. теңге
301386
281310
376 184
536 876
687 235
853 923
Өткен жылға НКИ, %
89,7
82,5
133,6
119,0
116,5
114,6
Автокөлік құралдары, олардың бөлшектері, керек-жарақты және қозғалтқыштар, млн. теңге
13 565
6 347
15 768
35 404
78 423
156 563
Автокөлік құралдарының, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі, алдыңғы жылға %-ды
54,0
36,8
210,6
210,7
198,3
178,9
ЖҚҚ, млн. теңге
5 989,1
3 514,4
8 003,2
16 708,0
34 615,3
33 984,0
Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
1763
1283
1 133
1252
1 351
1 731
ҚР-дағы еңбек өнімділігі*, мың теңге/адам
3 398
2 740
7 064
13 346
25 623
-
ҚР-дағы еңбек өнімділігі*, АҚШ долл.
28 101
18 463
47 922
90 145
170 484
-
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, АҚШ долл.
82 915
75 482
83 368
90 822
91293
-
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
16
17
15
20
22
-
Қуаттардың жүктелу деңгейі, %**
18,3
9,6
14,3
22,2
36,9
-
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
21,9
29,1
32,4
33,7
30,9
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
156
828
537
12 550
2 234
9 468
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
4,3
1,7
4,2
12,7
14,4
-
Бастапқы құны бойынша жылдың соңына негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
1 813
1647
1660
1 923
2 861
-
Экспорт, млн. долл.
43,8
35,6
33,1
41,0
35,1
44,1
Импорт, млн. долл.
2 378
1408
1 236
1 816
3 202
4 285
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 33-кестеге: ескертпе: *еңбек өнімділігі секторда жұмыспен қамтылғандар санына сектор ЖҚҚ-ға бөлуден алынған мән ретінде есептелген. **көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген. Жеңіл автомобильдер өндірісі Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, жүк автомобильдері - Ақмола және Алматы облыстарында шоғырланған. Арнайы және мамандандырылған автомобильдер Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шығарылады. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер негізінен Жамбыл облысында және Алматы қаласында шығарылады. Қазақстан Республикасының автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту стратегиясы отандық компаниялардың General Motors, Hyundai, Кіа, Peugeot, Renault-Nissan-Avtovaz, Skoda, Toyota, Iveco сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығына негізделген. Бұл стратегия Қазақстанға орын алып отырған технологиялық артта қалуды өте қысқа уақытта еңсеруге, құзыретті жедел түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл кейіннен жаһандық автомобиль экожүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Әлемдік нарықта автокөлік құралдарына арналған жиынтықтауыштар өндірісінде Denso (Жапония), Magna International (Канада), Aisin Seiki (Жапония), Delphi Automotive (Ұлыбритания), TRW Automotive Holdings (АҚШ), Valeo (Франция) компаниялары көшбасшы болып табылады, оларды Қазақстанға тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Сектордың түйінді проблемалары: 1) ішкі нарық көлемінің шағын болуы; 2) автомобильдерді ірі сериялармен3 шығарудың болмауы; 3) оқшауландырудың және қосылған құнның төмен деңгейі; 4) техникалық реттеу саласында инфрақұрылымның болмауы; 5) кәдеге жаратудың кешенді жүйесінің болмауы; 6) қолжетімді қаржы ресурстарының болмауы; 7) халықтың сатып алу қабілетінің жоғары болмауы; 8) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеушілігі; 9) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКӘ) нашар дамуы; 10) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы көлік құралдарын жеткізудің көліктік тарифтерінің жоғары болуы; 11) Кеден одағы (бұдан әрі - КО) елдерінің нарығына қазақстандық өнімдерді экспорттаған кезде техникалық кедергілердің болуы, техникалық реттеу саласында Ресей Федерациясының техникалық сынақ базасына тәуелділік және омологация мүмкіндігінің болмауы. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі отандық автокөлік өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларына белгілі бір талаптар қояды. ______________ 3Ірі сериялы өндіріс - өнім үздіксіз үлкен көлемде дайындалатын сериялық өндіріс түрі. Ірі сериялы өндірісте мамандандырылған жабдық, толассыз желілер мен автоматтандыру құралдары кеңінен пайдаланылады. Мақсаты: автокөлік құралдарының бәсекеге қабілетті ірі сериялы өндірісін құру және оқшауландыру деңгейін жоғарылату. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің: 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 4,9 есе; 2) жұмыспен қамтудың кемінде 4,8 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,1 есе; 4) экспорттың 2019 жылға қарай өндіріс көлемінен 30% өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (34-кесте).
34-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлш. бірл.
2012 есеп
2013 меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 жылға қатысты 2019 ж.
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн*
%
100
185,5
201,3
257,6
310,9
386,8
411,3
487,1
4,9 есе
2
Жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам
1,4
1,7
1,5
1,8
2,0
3,9
4,2
6,2
4,8 мың адамға
3
Еңбек өнімділігі
%
100
144,8
181,2
193,4
211,4
132,6
133,5
106,9
1,1 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
%
100
125,7
128,9
135,4
140,8
149,6
157,6
168,5
жыл сайын өндіріс көлемінен 30%
34-кестеге: ескертпе:* 2012 жылдың салыстырмалы бағаларымен. Міндеттер: 1) автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне бағытталған жобаларды қолдау; 2) меншікті автоқұрауыштар базасын құру; 3) ішкі сұранысты ынталандыру; 4) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; 5) техникалық реттеу инфрақұрылымын жасау; 6) ішкі нарықтағы өнім қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру; 7) кәдеге жаратудың кешенді жүйесін құруды ынталандыру; 8) қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру; 9) инфрақұрылымдық тарифтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау; 10) автомобиль өнеркәсібі секторын білікті кадрлармен қамтамасыз ету; 11) саладағы технологиялар трансферті мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (бұдан әрі - ҒЗТКӘ) қолдау. Қызметтің басым түрлері Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалды (35-кесте).
35-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ
Қызмет атауы
2910
Автокөлік құралдарын шығару
2920
Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару
2931
Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару
2932
Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару
3099
басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару
Басым тауарлар топтары Дамудағы тауарлар топтарының басым бағыты автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарын шығару болып табылады (36-кесте). Белгілі бір әлеуеті бар отандық компаниялардың қатысуымен автокөлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтарының өндірісі саласындағы басым жобалар аккумулятор батареяларының, электр-техника бұйымдарының, шыны, резеңке-техникалық бұйымдардың, консистентті жағармайдың, мотор майының, сүзгілердің, тежегіш қалыптарының, отырғышты қаптауға арналған тоқыма бұйымдарының, сондай-ақ экстерьер мен интерьердің басқа да элементтерінің өндірісі болып табылады. Дамудың келесі басым бағыты сектор кәсіпорындарына сервистік, инжинирингтік қызмет көрсету болып табылады.
36-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭҚТӨЖ-6
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың импортты, мың АҚШ долл.
Макроөңір елдері нарықтарының импорт сыйымдылығы*, мың АҚШ долл.
293210
8703 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар
104 853
3 800 300
293220
Шанақтардың өзге де бөлшектері мен керек-жарақтары (кабиналарды қоса алғанда)
17 494
6 889 033
291030
8701-8705 тауар позициялары автомобильдерінің өзге де бөлшектері мен керек-жарақтары
77 399
4 623 022
293241
Көлік құралының толық массасы 20 тоннадан көп, сығымнан (дизельмен немесе жартылай дизельмен) тұтанатын поршеньді іштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасуға арналған өзге моторлы көлік құралдары
280 869
3 394 797
293230
Аспалы амортизаторлар
45 941
2 131760
292010
Қондырмалар (қораптар, борттар, күймелер)
21214
438 232
292023
Сұйықтықты тасымалдауға арналған цистерналар
15 491
163 078
291041
Толық массасы 5 тоннадан аз жүк автомобильдері
63 680
1 926 059
291041
Толық массасы 5 тоннадан жоғары 20 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері
65 297
1 154 475
291030
Автобустар
78 878
835 069
291030
Тежегіштер мен сервокүшейткіші бар тежегіштер, олардың бөлшектері
27 878
2 147 263
293230
Жүріс дөңгелектері, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары
37 143
1772 328
293230
Трансмиссияның басқа элементтерімен бірге немесе бөлек дифференциалы бар жетекші белдіктер
18 977
1 584 348
292023
Жүк тасымалдауға арналған өзге де тіркемелер мен жартылай тіркемелер
80 779
1 291 690
293230
Руль дөңгелектері, руль бағанасы және руль механизмдерінің картерлері
8502
2 338 362
293230
Ілінісу жинағы және оның бөлшектері
10 456
680 500
293230
Дыбыс бәсеңдеткіштер және газ шығаратын түтіктер
8 869
689 287
293230
Бамперлер және олардың бөлшектері
7 644
647 948
293230
Радиаторлар
20 586
592 061
293122
Стартерлер және стартер-генераторлар
11 256
307 904
293121
Оталу білтелері
8 780
257 774
293210
Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын үлгідегі отыруға арналған жиһаз
1 579
393 392
293220
Үрлеу жүйесі бар қауіпсіздіктің пневможастықтары, олардың бөлшектері
3 620
719 656
293121
Бөлгіштер оталу катушкалары
3 106
218 194
293220
Қауіпсіздік белдіктері
754
190 373
293130
Электр жарық беру жабдығы немесе сигнал беру бөлшектері
756
449 540
36-кестеге: ескертпе:* макроөңір елдері: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан. Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде Шығыс Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстарында 2019 жылға қарай оқшауландырудың 50% деңгейіне қол жеткізу үшін жобалық қуатын 190 мың автомобильге шығара отырып, ірі сериялы өндірісті ұйымдастыруға және жиынтықтауыштар шығаруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланады. Электр жабдығы International Energy Agency деректері бойынша электр машиналары мен жабдығына сұраныстың өсуі болжануда, бұл әлемде электр энергиясын тұтынудың өсуіне негізделеді, бұл ретте 2030 жылға дейінгі кезеңде өсудің 80%-дан астамы дамушы экономикалар тарапынан қамтамасыз етілетін болады. Сектордың дамуында әлемдік жиынтық инвестициялар 2030 жылға дейінгі кезеңде 13,7 трлн. АҚШ долларын құрайды. Сектор өндірісі өнімінің ішкі нарығы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 2,9 млрд. АҚШ доллары импортқа тиесілі. Басым тауарлар топтары бойынша ішкі нарықтың және макроөңір нарықтарының импортты қажет етуі тиісінше 1 және 38 млрд. АҚШ долл. құрайды. Жалпы қосылған құн 2008 жылдан бастап 2,3 есе өсіп, 2012 жылы 47,4 млрд. теңгені құрады. Секторда жұмыспен қамтылған адамдардың саны да оң серпінге ие: 2008 жылдан бастап секторда жұмыспен қамтылған адамдар санының өсуі 1,5 мың адамды құрады, электр жабдығы өндірісінде жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы саны 2012 жылы 9,2 мың адамды құрады. Сектордағы еңбек өнімділігі 2012 жылдың қорытындылары бойынша 34,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі ұқсас сектор көрсеткіштерінен үш есе төмен. Экспорт 2009 жылдан бастап тұрақты өсіп, 2012 жылы 131,3 млн. АҚШ долларын құрады.
37-кесте. 2008 - 2013 жылдардағы электр жабдығы бойынша деректер
Көрсеткіштер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Машина жасау, млн. теңге
301386
281310
376 184
536 876
687 235
853 923
НКИ, алдыңғы жылға %
89,7
82,5
133,6
119,0
116,5
114,6
Электр жабдығы, млн. теңге
49 040,05
43 949, 83
57 742, 48
72 869, 69
80 603, 58
88 113, 40
Электр жабдығы өндірісі, алдыңғы жылға %-бен
109,6
102,2
121,1
98,0
106,8
109,3
Өңдеуші өнеркәсіптегі электр жабдығының үлесі
1,5%
1,5%
1,5%
1,5%
1,5%
1,5%
Машина жасау көлеміндегі электр жабдығының үлесі
16%
16%
15%
14%
12%
10%
ЖҚҚ, млн. теңге
20 355,7
19 342,8
44 104,5
43 260,8
47 437,3
40 259, 90
Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
9 425
7 402
8 073
8 870
9 207
9 561
Еңбек өнімділігі млн. теңге
2,6
2,6
5,4
4,9
5,2
-
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары
22,0
17,7
36,9
33,2
34,6
-
ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары
94,3
88,7
96,7
100,8
99,0
-
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
59
52
48
64
65
-
Есепті жылы орташа жылдық қуатты пайдалану, %
47,9
36,2
59,7
64,8
74,6
-
Жабдықтың тозу деңгейі, %
25,6
28,6
37,1
40,5
34,2
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
3 860,6
2 185,3
7 068,1
5 224,3
5 156,2
7 164,2
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
24,8
20,0
13,2
12,3
19,4
-
Жыл соңында бастапқы құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
14 939,2
19 429,0
29 981,1
28 315,6
34 391,1
-
Экспорт, млн. АҚШ доллары
123,1
65,0
69,0
117,6
124,8
136,3
Импорт, млн. АҚШ доллары
2 585,9
2 221,5
2 445,0
2 655,1
2 857,0
2 683,7
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap. 37-кестеге: ескертпе: *көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген. Әлемде электр жабдығы өндірісінің секторында Global 2000-ға кіретін мынадай компаниялар жұмыс істейді: FujiElectric (Жапония), Vestas Wind Systems (Дания), WEG (Бразилия), Prysmian (Италия), LS Corp (Оңтүстік Корея), Furukawa Electric (Жапония), Dongfang Electric (Қытай), Ametek (АҚШ), Nidec (Жапония), LeGrand (Франция), WW Grainger (АҚШ). Электр жабдығын шығаратын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға электр жабдығы өнімінің экспорттық нарықтарына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, өнім берушілердің экожүйесі және дамыған адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді. Сектордың түйінді проблемалары: 1) ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда электр жабдығы секторындағы төмен еңбек өнімділігі; 2) техникалық реттеу жүйесінің дамымауы; 3) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі; 4) әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті меншікті әзірлемелердің жеткіліксіздігі және технологиялар импортына тәуелділік; 5) техникалық реттеудің жеткілікті дамымауы; 6) қолжетімді қаржыландырудың жеткіліксіздігі; 7) Қытай, Ресей және Беларусь өндірушілері тарапынан бәсекелестіктің күшеюі. Мақсаты: сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім өндірісінің көлемін ұлғайту. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (38-кесте): 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 2,1 есе; 2) жұмыспен қамтудың 2 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,7 есе; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,9 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
38-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 ж. есеп
2013 ж. меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 ж. қатысты 2019 ж. %-бен
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
96,1
119,1
136,1
163,6
196,3
201,6
200,7
2,1 есе
2
Жұмыспен қамтылғандар саны
мың адам
9,2
9,6
9,9
10,1
11,2
11,7
11,5
11,2
2 мың адамға
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
92,5
111,2
124,1
134,0
153,8
161,3
164,7
1,7 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
%
100
109,2
119,3
130,4
142,4
155,6
170,0
185,7
1,9 есе
Міндеттер: 1) еңбек өнімділігін арттыру; 2) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; 3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын жаңғырту; 4) ішкі нарықта өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру; 5) қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру; 6) жаңа өндірістердің пайда болуы үшін жағдайлар жасау; 7) технологиялар трансферт және ҒЗТКӘ қолдау; 8) секторды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалды (39-кесте).
39-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ
Қызмет атауы
2521
Радиаторлар және орталық жылыту қазандықтарының өндірісі
2529
Өзге металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер өндірісі
2530
Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтары өндірісі
2711
Электр моторлары, генераторлар және трансформаторлар өндірісі
2712
Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндірісі
2720
Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі
2731
Талшықты-оптикалық кәбіл өндірісі
2732
Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлері өндірісі
2733
Электр аспаптарының өндірісі
2740
Электр жарық беру жабдығының өндірісі
2790
басқа да электр жабдығы өндірісі
2811
Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдік қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі
2825
Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығы өндірісі
Басым тауарлар топтары Секторды дамытудың басым бағыттарына ішкі әлеуеті де, экспорттық әлеуеті де жоғары машиналар мен жабдықтардың, олардың өндірісіне арналған жиынтықтауыштар мен құрауыштардың өндірісі (40-кесте), сондай-ақ базалық өндірістерді ұйымдастыру (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) жатады. Машиналар мен жабдыққа сервистік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру да секторды дамытудың басымдығы болып табылады.
40-кесте. Басым тауарлар топтары
ЭҚТӨЖ-6
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ
Макроөңірлер нарығының импорт сыйымдылығы*, мың АҚШ доллары
271150
статикалық түрлендіргіштер
102 868
7 893 433
271231
пульттер, панельдер, консольдер, үстелдер, таратушы қалқандары және кернеуі 1000В аспайтын электр аппаратурасына арналған негіздер
165 345
5 840 562
273313
электр тізбектерін коммутациялауға немесе қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне қосуға арналған немесе кернеуі 1000В аспайтын электр тізбектеріндегі өзге электр құрылғылары
34 283
8 611 164
273213
80В кернеуге арналған өзге электр өткізгіштер
186 969
2 975 706
282514
газды сүзуге немесе тазартуға арналған өзге жабдық
84 793
1 752 718
282512
бірыңғай корпустағы ауаны баптауға арналған терезеге немесе кабырғаға ілінетін үлгідегі қондырғылар немесе «сплит-жүйелер»
81 849
1 099 735
281142
тек қана немесе негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясы қозғалтқыштарына арналған өзге де бөлшектер
51405
1 463 087
273311
1000В аспайтын кернеуге арналған өзге ажыратып қосқыштар
15 973
2 026 312
282513
басқа да тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтары, жылу сорғылары
23 566
1 161 948
271141
қуаты 10000кВ аспайтын сұйық диэлектригі бар трансформаторлар
112 547
892 735
273313
1000В аспайтын кернеуге арналған шамдардың патрондары, ашалар мен розеткалар
12 405
2 018 679
271132
Ұшқынмен тұтанатын поршеньді іштен жану қозғалтқышы бар электр генераторлық қондырғылар
23 163
515 226
271125
қуаты 75кВт артық, көп фазалы ауыспалы токтың өзге де қозғалтқыштары
61981
927 476
271124
қуаты 750Вт асатын, бірақ 75кВт аспайтын ауыспалы токтың басқа да қозғалтқыштары
28 900
833 747
271131
сығылудан тұтанатын іштен жану қозғалтқышы бар электр генераторлық қондырғылар
12 556
164 159
271141
қуаты 650 кВА асатын, бірақ 10000 кВА аспайтын сұйық диэлектригі бар трансформаторлар
10515
175 233
271142
қуаты 1 кВА аспайтын өзге де трансформаторлар
21 126
889 823
271143
қуаты 16 кВА асатын, бірақ 500 кВА аспайтын өзге де трансформаторлар
22 610
107 202
282960
Температураның өзгеруін пайдаланатын процестермен материалдарды өңдеу үшін электрлі немесе электрлік емес қызуы бар өзге де машиналар, агрегаттар және өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдықтар
36 099
2 236 126
271210
72,5В аспайтын кернеуге арналған автоматты ажыратқыштар
16 539
186 467
271210
Өзге автоматты ажыратқыштар
17 698
146 683
271210
1000В асатын кернеуге арналған айырғыштар және үзгіштер
21 527
129 494
271222
1000В аспайтын кернеуге арналған сөндіргіштер
21 194
522 980
271223
1000В аспайтын кернеуге арналған электр тізбектерін қорғау үшін өзге де құрылғылар
10 802
1 259 729
271224
Өзге де релелер
11 335
407 805
271232
1000 В астам кернеуге арналған электр аппаратурасы үшін пульттер, панельдер, консольдер, ажыратқыш қалқандар мен негіздер
61 801
1 180 772
Басым жобалар Бесжылдық кезеңде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында трансформаторлар, Астана, Алматы қалаларында және Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысы мен басқа да облыстарда кәбіл өнімдерін, бақылау-өлшеу аппаратурасын, басқару элементтерін және басқа да өнімдерді өндіруге бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі Президент өзінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді өсіру және әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, жаңа жабдықтарды, жаңа технологияларды мен жаңа тәсілдерді ауыл шаруашылығына енгізу есебінен аграрлық-индустриялық әртараптандыруды құру міндетін қойды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының машина жасау өніміне қазіргі сұраныс негізінен (80%-ға) импорт есебінен қанағаттандырылады. Макроөңір елдерінің импорт сыйымдылығы 6 млрд. АҚШ долл. құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы тозуының айтарлықтай дәрежесімен сипатталатын ауыл шаруашылығы техникасына жасырын сұраныс жоғары (80%-ға дейін) бар. Агроөнеркәсіптік кешенге (бұдан әрі - АӨК) жаңа технологияларды енгізу ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін дамытуға алып келеді. Агротехникаға арналған сұранысты мемлекеттік қолдау және сатып алушыларды жеңілдікті қаржыландыру іске асырылуда. 2008 - 2012 жылдар аралығындағы кезеңде сектордың ЖҚҚ көлемі абсолюттік мәнде 5,3-тен 16,8 млрд. теңгеге дейін өсті (номиналды өсу - 3,1 есе). Секторда жұмыспен қамтылған адамдар санының 2709-дан 1850 адамға дейін 32%-ға қысқаруы салдарынан сектордағы еңбек өнімділігі 2008 - 2012 жылдар кезеңінде 16,3-тен 60,8 мың АҚШ доллары/адамға дейін 4,6 есе өскен. Өнім экспорты 2008 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өсіп, 14,3 млн. АҚШ долларын құрады (2,1 млрд. теңге) (41-кесте).
41-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Машина жасау, млн. теңге
301 386
281310
376 184
536 876
687 235
853 923
НКИ, алдыңғы жылға %
89,7
82,5
133,6
119,0
116,5
114,6
Ауыл шаруашылығы техникасы, млн. теңге
10 357
8 320
8317
12 243
21536
19 509
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі, алдыңғы жылға %-бен
179,5
166,7
96,2
181,2
134,2
85,7
Өңдеуші өнеркәсіптегі ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің үлесі, %
0,3
0,3
0,2
0,3
0,4
0,3
Машина жасаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығарудың үлесі, %
3,4
3,0
2,2
2,3
3,1
2,3
ЖҚҚ, млн. теңге
5 326,0
5 014,1
9 216,2
11255,7
16 768,3
10 303,8
Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
2709
1709
1546
1938
1850
1902
Еңбек өнімділігі*
1 966,0
2 933,9
5 961,3
5 807,9
9 063,9
-
-
16,3
19,9
40,5
39,6
60,8
-
-
ЭЫДҰ елдері бойынша өнімділік, АҚШ доллары
77,3
69,8
75,0
80,7
79,3
-
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
Н.д
Н.д.
28
32
30
-
Қуаттардың жүктелу деңгейі, %
Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге тракторлар, дана
17,4
14,0
29,8
43,3
46,6
-
Соқа, дана
0,5
1,0
-
Өзге топтарға енгізілмеген жинау машиналары мен астық бастырғыштарының бөліктері, мың теңге
-
6,8
12,7
2,2
-
-
Топырақ өңдеу машиналарының бөлшектері, мың теңге
-
67,3
66,4
35,0
46,4
-
Өзге ауыл шаруашылығы машиналарының бөлшектері, мың теңге
38,2
3,6
4,5
18,1
-
Жабдықтың тозу дәрежесі, %
16,8
19,1
20,3
25,9
28,3
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
518
547
264
1 846
1 935
2 348
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
20,7
4,5
19,5
9,6
11,4
-
Жыл соңында бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
13667,5
11823,5
14873,0
15784,9
16900,0
Экспорт, млн. долл.
10,7
4,7
5,6
6,6
14,3
13,8
Импорт, млн. долл.
812,9
482,1
308,4
302,1
523,0
514,7
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap 41-кестеге: ескертпе: *еңбек өнімділігі секторда жұмыспен қамтылғандар санына сектор ЖҚҚ-ға бөлуден шыққан мән ретінде есептелген Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамытудың жоғары деңгейі еліміздің солтүстік өңірлерінде (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары) байқалады. Ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік нарығының көлемі 2012 жылы 72 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде тракторлар нарығының үлесі - 36%, комбайндар - 21%, аспалы жабдық - 22%, бөлшектер мен өзге де техника 21% құрады. John Deere, CHN, Agco компаниялары әлемдік нарық көшбасшылары болып табылады. Осы компаниялардан басқа әлемдік нарықтағы маңызды ойыншылар KUBOTA және YANMAR (Жапония), CLAAS (Германия), Same Deutz Fahre (Италия) және Kverneland (Норвегия) болып табылады. Тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне технологиялық және инновациялық әлеует, қаржы ресурстарының қолжетімділігі, адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді. Сектордың түйінді проблемалары: 1) аграрлық сектордың сатып алу қабілетінің төмендігі; 2) жиынтықтауыштардың, оның ішінде жұмыс органдарының және ауыл шаруашылығы машиналарының тірек рамаларын дайындау үшін қажетті болаттың арнайы сорттарының шығарылмауы; 3) отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін субсидиялау тетігінің жеткіліксіз дамуы; 4) отандық агротехниканы сатудың қаржы құралдарының дамуы (агротехниканы қазақстандық өндірушілер шетелдік аса ірі бәсекелестермен салыстырғанда сатып алушылар үшін кредиттер мен меншікті лизингтік бағдарламалар ұсынуға қабілетсіз); 5) қаржы ресурстарының төмен қолжетімділігі; 6) өндірістердің технологиялық жағынан кенже қалуы; 7) тиісті біліктілігі бар жұмысшылар мен инженер кадрлардың жетіспеуі; 8) техникалық реттеу жүйесінің жеткіліксіз дамуы. Мақсаты: бәсекеге қабілетті, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие шығарылатын өнімдер номенклатурасы мен көлемдерін кеңейту; жаһандық құн жасау тізбектеріне кірістіру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (42-кесте): 1) ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің жалпы қосылған құнының кемінде 1,4 есе; 2) жұмыспен қамтылғандар санының сақталуына; 3) ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде еңбек өнімділігінің 1,3 есе; 4) ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің экспорттық құндық көлемінің кемінде 1,4 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
42-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 ж. есеп
2013 ж. меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 ж. қатысты 2019 ж., есе
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
98,2
125,9
142,4
142,9
143,4
143,5
143,7
1,4 есе
2
Жұмыспен қамтылғандар саны
мың адам
1,9
1,9
2,0
2,2
2,1
2,1
2,1
2,1
санның сақталуы
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
121,6
119,7
128,0
129,3
130,6
130,7
130,8
1,3 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
%
100
113,7
116,1
116,9
117,8
117,8
117,8
138,4
1,4 есе
Міндеттер: 1) ішкі сұранысты ынталандыру; 2) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау тетіктерін жетілдіру; 3) ауыл шаруашылығы техникасын меншікті өндіріс көлемін жеткізілімдердің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін жеткізу; 4) экспорттық кредит беру құралдарын жетілдіру; 5) өнімділігі жоғары бәсекеге қабілетті өндірістердің дамуын ынталандыру; 6) Қазақстанда кезең-кезеңмен оқшауландыра отырып, ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірістерін құру үшін шетелдік инвесторларды тарту; 7) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын жаңғырту; 8) өнімділікті арттыру; 9) ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру; 10) секторды біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі ауыл шаруашылығы машинасын жасау қызметінің басым түрі болып табылады (ЭҚЖЖ 2830). Басым тауарлар топтары «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде ішкі сұранысты ынталандыру көзделген машиналар мен жабдықтардың өндірісі тауарлар топтарын дамытудың басым бағыты болып табылады (43-кесте). Дамудың келесі басымдығы құрастыру өндірістері үшін жиынтықтауыштар мен агрегаттар: мойынтіректер, доңғалақ күпшектері, культиваторлық шамдар, ағаштістер, транспортерлік таспалар, сепкіштердің тұқым себетін аппараттары, шөп шабу машиналары мен орақтың кесетін аппараттарының сегменттері, редукторлар мен гидравликалар өндірісі, сондай-ақ базалық өндірістерді (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) ұйымдастыру болып табылады. Секторды дамыту басымдықтарына ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына сервистік және техникалық қызмет көрсету өндірістерін құру да жатады.
43-кесте. ЭҚТӨЖ кодтары бойынша басым тауарлар топтары4
ЭҚТӨЖ -6
Тауар топтарының атауы
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ доллары
Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, мың АҚШ доллары
283010
Ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына арналған қашықтықтан басқарылатын тракторлар
5 452
28 344
283020
Ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына арналған өзге де тракторлар
105 491
1 187 827
283031
Соқалар
3716
76 125
283032
Тырмалар, қопсытқыштар, культиваторлар, отауыштар мен кетпендер
15 671
319 471
283033
Сепкіштер, отырғызғыштар мен көшет отырғызу машиналары
51 927
389 490
283034
Көң шашқыштар және минералды тыңайтқыштарды шашуға арналған құрылғылар
3010
29 349
283039
Өзге де топырақ өңдеу машиналары
1600
31420
283040
Шалғылар, көгалдарға, саябақтарға немесе спорттық алаңдарға арналған шалғылар
3 673
71 889
283051
Тракторға монтаждалған шалғыларды қоса алғанда, басқа топтамаларға енгізілмеген шалғылар
7 659
127 314
283052
Шөп жинайтын машиналар
973
29 332
283053
Сығымдауыш-іріктеуішті қоса алғанда, сабан немесе шөпке арналған сығымдауыштар
12 461
109 120
283054
Түйнек жемістілер мен тамырлы жемістілерді жинайтын машиналар
4 478
138 451
283059
басқа топтамаларға енгізілмеген, жинау машиналары мен бастырғыштар
157 158
983 289
283060
Ауыл шаруашылығында немесе бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды шашуға немесе бүркуге арналған механикалық құрылғылар
25 086
257 403
283070
Ауыл шаруашылығында қолданылатын өздігінен тиелетін немесе түсіретін тіркемелер мен жартылай тіркемелер
11429
43 030
283081
Тұқымдарды, астықты немесе құрғақ бұршақты дақылдарын қоспағанда, жұмыртқаларды, жемістерді немесе өзге де өнімдерді тазалауға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар
2 694
78 262
283082
Сауу машиналары
3 119
107 369
283083
Жануарлар үшін жем дайындауға арналған машиналар
7 895
133 410
283084
Құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер
3 709
63 802
283085
Құс шаруашылығына арналған машиналар
17 103
405 598
283086
Ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына (бау-бақша шаруашылығы, құс шаруашылығы, омарта шаруашылығы, жібек шаруашылығы) арналған өзге де машиналар
4 001
582 977
283091
басқа топтамаларға енгізілмеген, жинау машиналары мен бастырғыштардың бөлшектері
14 914
472 098
283092
Топырақ өңдеу машиналарының бөлшектері
44 573
283 649
283093
Өзге де ауыл шаруашылығы машиналарының бөлшектері
1 240
45 213
283094
Басқа топтамаларға енгізілмеген, сауу аппараттары мен сүт шаруашылығына арналған жабдықтардың бөлшектері
192
33 639
Жиыны
509 224
6 027 871
______________ 4Trademap экспорт және импорт бойынша статистикалық база Басым жобалар Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Астана мен Алматы қалаларында өнімділігі жоғары тракторларды, комбайндарды, аспалы жабдықтарды өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету орталықтарын құру көзделуде. Теміржол техникасының өндірісі Қазақстан ірі вагон және локомотив парктері бар он елдің қатарына кіреді және оның теміржол техникасының бәсекеге қабілетті өндірісін дамытуда едәуір перспективасы бар. Теміржол техникасының басым түрде КО және ТМД елдерінің аумағына экспортының әлеуеті аталған сектордың ерекше белгісі болып табылады. Сектор өніміндегі макроөңір елдерінің импорт сыйымдылығы 12,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Қазақстандағы жылжымалы құрам паркінде локомотивтердің 1,9 мың бірлігі, жолаушылар вагондарының 2 мыңнан артық бірлігі және жүк вагондарының 127 мыңнан астам бірлігі бар. Қазақстандағы локомотивтердің жалпы паркі 2012 жылы 1866 локомотив болды, оның ішінде 552 электровоз, 1314 тепловоз бен ерекше жүйе локомотивтері бар. Жолаушылар вагондарының жалпы паркі 2012 жылы 2302 бірлікті, автомотрисалар 355 бірлікті, жүк вагондары 55 бірлікті құрады. 2012 жылы Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 127 695 бірлікті құрады, оның 66 503 бірлігі (52%) мүкәммалдық және 61 192 бірлігі (48%) меншікті болып табылады. 2008 - 2012 жылдар аралығындағы кезеңде сектордың абсолюттік мәндегі ЖҚҚ көлемі 2,5-тен 31,9 млрд теңгеге дейін өсті. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның (бұдан әрі - ҚТЖ) деректері бойынша 2012 жылы сектор ЖҚҚ құю және металл өңдеу өндірістерін ескере отырып, 64 млрд. теңгені құрады. Секторда еңбек өнімділігі 2012 жылы 70,3 мың АҚШ доллары/адамға дейін жетті. Секторда жұмыспен қамтылған адамдар саны 159 адамнан 3 654 адамға дейін 23 есе өсті. 2012 жылы теміржол өнімінің экспорты 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 68,4 млн. АҚШ долларын (10,4 млрд. теңге) құрады.
44-кесте. 2008 - 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер
Көрсеткіштер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Машина жасау, млн. теңге
301 386
281310
376 184
536 876
687 235
853 923
НКИ, өткен жылға %-бен
89,7
82,5
133,6
119,0
116,5
114,6
Теміржол техникасы, млн. теңге
5 193
7 543
22 394
60 823
95 422
138 326
Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі, өткен жылға %-бен
Машина жасаудағы теміржол техникасы өндірісінің үлесі, %
1,7
2,7
6,0
11,3
13,9
16,2
ЖҚҚ, млн. теңге*
2 454,7
3 077,2
8 785,9
20 427,0
31 899,6
17 112,7
Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
159
145
623
2158
3043
3 654
Еңбек өнімділігі
15 438,4
21 222,1
14 102,6
9 465,7
10 482,9
-
-
128,3
143,9
95,7
64,6
70,3
-
-
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа өнімділік, АҚШ доллары
92,8
89,6
90,5
100,6
96,8
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
-
-
9
11
17
-
Қуат жүктемесінің дәрежесі, %
Жабдықтың тозу дәрежесі, %
20,4
31,4
3,1
13,0
19,2
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
4 382
132
2 984
8 589
9 008
4 384
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %
3,2
5,5
67,5
27,2
29,2
-
Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге
346,0
201,7
15939,3
27752,8
37986,4
-
Экспорт, млн. АҚШ доллары
38,7
6,6
73,8
48,4
76,3
69,3
Импорт, млн. АҚШ доллары
812,8
525,3
855,7
1448,0
2355,4
1193,7
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap Теміржол машинасын жасаудың әлемдік нарығындағы ең ірі ойыншыларға Bombardier (Канада), Alstom (Франция), Siemens (Германия), General Electric (АҚШ), General Motors (АҚШ) компаниялары жатады. Осы 5 компания өндірісінің шығарылымы әлемдік нарық үлесінің 60 %-ын құрайды. Теміржол техникасы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне өнімнің экспорттық нарықтарына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, өнім берушілердің экожүйесі және адами ресурстардың қолжетімділігі мен сапасы сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді. Сектордың түйінді проблемалары: 1) техникалық реттеудің жеткілікті дамымаған жүйесі (КО шеңберінде теміржол өнімдерінің сәйкестігін бағалауды растау жөніндегі органның болмауы); 2) нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілер; 3) КО шеңберінде сертификаттау сынақтарын өткізу үшін сынақ орталықтарының және/немесе зертханалардың болмауы; 4) халықаралық талаптарды ескере отырып, теміржол машинасын жасау стандарттарын үйлестіру қажеттілігі); 5) түйінді жиынтықтауыштарды жеткізушілердің дамымауы; 6) қаржы ресурстарының төмен қолжетімдігі; 7) бірыңғай технологиялық саясатты қамтамасыз ету мақсатында машина жасау кәсіпорындарының конструкторлық-технологиялық бюросының жеткіліксіз үйлестірілуі; 8) әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті меншікті әзірлемелердің болмауы және технологиялар импортына тәуелділік; 9) тиісті біліктілігі бар жұмысшылар мен инженер кадрлардың жетіспеуі. Мақсаты: теміржол техникасын өткізу үшін жаңа нарықтарды игеру және секторда құрауыштар мен жиынтықтауыштар өндірісінің оқшауландыру деңгейін арттыру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (45-кесте): 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде 2,8 есеге; 2) жұмыспен қамтудың 1,5 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,9 есеге; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 3,5 есеге өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
45-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 ж. есеп
2013 ж. меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 ж. қатысты 2019 ж. %-бен
2014 ж.
2015 ж.
2016 ж.
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
1
Жалпы қосылған құн
%
100
140,1
169,6
214,1
254,4
281,8
283,7
284,0
в 2,8 есе
2
Жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам
3,0
3,7
3,7
4,0
4,4
4,6
4,5
4,5
1,5 мың адам
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%,
100
116,7
137,6
161,5
176,6
187,3
189,8
189,8
1,9 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
%,
100
90,8
116,5
138,2
171,1
233,2
295,3
348,9
3,5 есе
Міндеттер: 1) ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтарда техникалық кедергілерді еңсеру; 2) КО шеңберінде теміржол өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органды құру; 3) КО шеңберінде сертификаттау сынақтарын жүргізу үшін сынақ орталықтарын және/немесе зертханалар құру; 4) халықаралық талаптарды ескере отырып, теміржол машинасын жасау стандарттарын үйлестіру; 5) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; 6) жылжымалы құрамға арналған жоғары технологиялық бұйымдардың жекелеген түрлерінің жаңа өндірістерін ашу; 7) түйінді құрауыштар мен жиынтықтауыштарды жеткізушілерді дамыту; 8) қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру; 9) технологиялар трансфертін және ҒЗТКӘ қолдау; 10) теміржол саласының өнімі өндірісінің бірыңғай технологиялық саясатын қамтамасыз ету мақсатында машина жасау кәсіпорындарының конструкторлық-технологиялық бюроларын үйлестіруді одан әрі дамыту; 11) біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам, сондай-ақ, теміржол техникасына жиынтықтауыштар өндірісі сектор қызметінің басым түрі болып табылады (ЭҚЖЖ 3020). Басым тауарлар топтары Сектордың басым тауарлар топтарына және даму бағыттарына теміржол мұқтаждығы үшін жылжымалы құрам: локомотивтер, жолаушы және жүк вагондары, цистерналар, арбалар және басқа да көлік құралдарын (46-кесте) шығару жатқызылған. Жылжымалы құрам үшін жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектерді шығару, теміржол мұқтаждығы үшін жол жабдығы мен өзге де жабдықтар, сондай-ақ базалық өндірістерді ұйымдастыру (құю, соғу, металл өңдеу және басқалары) секторды дамытудың келесі басымдығы болып табылады. Сервистік және қосалқы өндірістерді ұйымдастыру дамудың басымдықтарына жатқызылған.
46-кесте. ЭҚТӨЖ кодтары бойынша тауардың басым топтары - 65
ЭҚТӨЖ
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.
Нарықтардың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.
302011
Электр энергиясының сыртқы көзінен жұмыс істейтін теміржол локомотивтері
10 892
89 973
302012
Дизельдік локомотивтер
77 188
435 589
302013
Өзге де теміржол локомотивтері және локомотивтердің тендерлері
7 788
71 350
302020
Өздігінен жүретін теміржол вагондары және трамвай вагондары, автомотристер және автодерзиналар (жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарынан басқа)
6 575
512 690
302031
Теміржол мен трамвай жолдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдары
52 486
207 219
302032
Өздігінен жүрмейтін жолаушылар, жүк және арнайы мақсаттағы теміржол және трамвай вагондары
54 209
170 301
302033
Өздігінен жүрмейтін жүк вагондары
1 642 182
2 292 237
302040
Бекіту бұйымдары мен арматураны; қозғалысты басқаруға арналған механикалық жабдықты қоса алғанда, теміржол, трамвай моторлы вагондар мен жылжымалы құрам локомотивтерінің бөлшектері
497 266
3 055 117
Жиыны
2 348 586
6 834 476
Басым жобалар Астана қаласында Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында дизельдік қозғалтқыштарды, жылжымалы құрамды және жиынтықтауыштарды шығаруға бағытталған жобаларды іске асыру көзделеді. ______________ 5TradeMap экспорт және импорт жөніндегі статистикалық база. Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі Ішкі нарық көлемі 2009 жылдан бері үздіксіз өсіп, 2012 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қоры және өндіру деңгейі бойынша минералды-шикізат базасы дамыған елдердің алғашқы ондығына кіреді. Қазақстандық кен өндіру компанияларының импорттық жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кен-металлургиясы кешенінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жоспарланып отырған жаңғыртудың және жаңа кен орындарын пайдалануға берудің нәтижесінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін шығаруға қажеттілігі өсіп келеді. Сектор өніміндегі макроөңірдің импорт сыйымдылығы 7 млрд. АҚШ долларын құрайды. 2008 - 2012 жылдар аралығындағы жалпы қосылған құн 2,6 есе ұлғайды. Сектордағы еңбек өнімділігі ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерімен тең және жұмыспен қамтылған бір адамға 2,5 млн. теңгені құрайды. Секторда жұмыспен қамтылғандардың саны - шамамен 6,8 мың адам.
47-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер.
Көрсеткіш
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Машина жасау, млн. теңге
301386
281310
376 184
536 876
687 235
853 923
НКИ, өткен жылға %-бен
89,7
82,5
133,6
119,0
116,5
114,6
Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдық, млн. теңге*
12 981
9 382
14 067
15 224
22 578
23 368
Арнайы мақсаттағы техниканың өзге де түрлерін шығару, өткен жылға %-бен
78,4
124,9
170,4
119,5
79,3
105,4
Өңдеуші өнеркәсіптегі кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінің үлесі
0,4
0,3
0,4
0,3
0,4
0,4
Машина жасауда кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінің үлесі %
4,3
3,3
3,7
2,8
3,3
2,7
ЖҚҚ, млн. теңге***
6 674,4
5 647,9
15 587,6
13 995,4
17 579,5
16 363,2
Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
9 693
8316
8 328
8 820
9 817
9 854
Еңбек өнімділігі*, мың теңге/адам АҚШ доллары
1074
1 147
3 034
2512
2 584
-
8 892
7 734
20 586
16 967
17 191
-
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі*, АҚШ доллары
97 190
80 815
95 249
102 925
101 618
-
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
43
82
28
28
28
-
Қуаттардың жүктелу дәрежесі, % **
51,6
12,0
52,0
0,9
-
-
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
32,9
33,3
30,5
33,9
38,0
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
3 317
2 537
1 756
1 622
4 965
3 984
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
18,8
10,7
18,5
5,2
9,5
-
Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құн бойынша болуы, млн. теңге
16 997
19 974
26 118
28 657
29 273
-
Экспорт, млн. долл.
63,9
38,2
41,2
45,1
46,7
49,9
Импорт, млн. долл.
1 676
1 086
1 184
1 145
1350
1468
Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. 47-кесте: ескертпе: * еңбек өнімділігі ЖҚҚ-сын секторда жұмыспен қамтылғандардың санына бөлуден алынған мән ретінде есептелген. ** көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген. Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың әлемдік нарықтағы аса ірі ойыншылары Caterpillar (АҚШ, 65,9 млрд. АҚШ долл.), Thyssen Krupp (Германия, 52 млрд. АҚШ долл.), Hyundai heavy industries (Оңтүстік Корея, 48,8 млрд. АҚШ долл.), Komatsu (Жапония, 23,9 млрд. АҚШ долл.), Kubota (Жапония, 12,2 млрд. АҚШ долл.), Sany heavy industries (Қытай, 8,1 млрд. АҚШ долл.) компаниялары6 болып табылады. Сектордың бәсекеге қабілеттілігіне қаржы ресурстарының қолжетімділігі, технологиялық және инновациялық әлеует, жекелеген кәсіпорындардың тиімділігі, адами ресурстардың қолжетімділігі және сапасы сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді. ______________ 62013 жылғы сату көлемі бойынша деректер Сектордың түйінді проблемалары: 1) өндірістердің техникалық артта қалуы; 2) жалғыз және аз сериялы өндіріс жағдайында шығарылған қосалқы бөлшектер үлесінің өсуі; 3) өндірістің ресурсты аса қажет етуі; 4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы; 5) негізгі қорлардың тозуы; 6) қолжетімді қаржы ресурстарының болмауы; 7) техникалық реттеудің жеткілікті дамымауы; 8) әлемдік аналогтармен салыстырғанда шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі: бағасы бойынша - Қытаймен және Ресей Федерациясымен, сапасы мен өнімділігі бойынша - еуропалық және америкалық аналогтармен салыстырғанда. Мақсаты: бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің көлемін ұлғайту және тауарлық номенклатураны әртараптандыру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің 2012 жылғы деңгейіне қол жеткізуге (48-кесте): 1) жалпы қосылған құнның 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай 1,2 есе; 2) секторда жұмыспен қамтылғандар санын сақтауға; 3) еңбек өнімділігін 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай 1,3 есе; 4) шикізат емес экспорттың құндық көлемін 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай 2 есе өсіруіне мүмкіндік береді.
48-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/ с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 ж. есеп
2013 ж. меже
2012 жылмен салыстырғандағы болжам
2012 жылға қатысты 2019 жыл, есе
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
100,2
102,2
110,2
113,8
117,5
121,2
121,4
1,2 есе
2
Жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам
6,8
6,8
6,9
6,7
6,6
6,5
6,4
6,2
-
3
Еңбек өнімділігі
%
100
99,7
101,4
111,4
117,2
123,1
129,0
129,0
1,3 есе
4
Шикізаттық емес экспорттың құндық көлемі
%
100
100,2
102,2
110,2
113,8
117,5
121,2
121,4
2 есе
Міндеттер: 1) жоғары технологиялы жаңа өндірістерді құру; 2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістерін жаңғырту және ресурсты қажет етуін азайту; 3) әртараптандыруды ынталандыру және нарықта талап етілетін өнімді шығару; 4) шикізаттық емес тауарларды сату үшін нарықтарды кеңейту; 5) ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру; 6) ҒЗТКӘ және технологиялар трансфертін қолдау, офсеттік саясат; 7) қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру; 8) жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері Қызметтің басым түрлері металлургияға арналған машиналар мен жабдықты, тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерастын игерумен құрылысына арналған техниканы, басқа топтарға енгізілмеген арнайы мақсаттағы басқа машиналар мен жабдықты өндіру болып табылады (ЭҚЖЖ 2891, 2892, 28997). ______________ 728991 және 28992 қосыпағанда Тауардың басым топтары Даму үшін басым тауарлық топтарға және секторды дамыту бағыттарына елдің кен металлургиясы кешенінің мұқтажына арналған машиналар мен жабдықтар - тау кен-шахта машиналары мен жабдықтары, карьерлік техника, байыту және металлургия машиналары мен жабдықтары өндірісі жатқызылған (49-кесте). Сектордағы дамудың келесі басымдығы жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектер өндірісі, сондай-ақ базалық өндірістерді (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) ұйымдастыру болып табылады. Сондай-ақ даму басымдықтарына сервистік және қосалқы өндірістерді ұйымдастыру жатқызылған.
49-кесте. Тауардың басым топтары.
ЭҚТӨЖ-6
Тауар тобының атауы
Ішкі нарықтың импортты қажет етуі, мың АҚШ доллары
Макроөңір нарықтарының импортты қажет етуі, мың АҚШ доллары
289226
Толық бұрылатын машиналар
179 087
3 712 074
289225
Алдыңғы жағында орналасқан бір шөмішті тиегіш машиналар
133 952
1412 735
289939
Жеке функциялары бар өзге де машиналар және механикалық керек-жарақтар
92 963
8 210 356
289212
Өздігінен жүретін бұрғылау немесе қазу машиналары
75 372
885 589
289261
Бұрғылау немесе қазу машиналарынға арналған бөлшектер
97 460
1 261 713
289262
Топырақты, тасты, кенді немесе қатты күйдегі басқа да минералды қазбаларды сорттауға, жууға, ұсақтауға, уатуға, қосуға немесе араластыруға арналған жабдықтың бөлшегі
41 615
509 174
289229
Жолсыз жағдайларда пайдалануға арналған өздігінен жүретін автомобильдер
85 840
1 499 635
289240
Уақтауға және ұсақтауға арналған машиналар
73 529
1 061 163
289221
Бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар, шынжыр табан бульдозерлер
51 070
939 533
289227
Өзге де механикалық күректер, экскаваторлар және бір шөмішті тиегіштер
41 113
496 663
289230
Қоғамдық жұмыстарға, құрылысқа немесе басқа ұқсас жұмыстарға арналған жабдық
24 164
585 201
Басым жобалар Бесжылдық кезеңде Алматы қаласының, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының карьер және арнайы мақсаттағы көлікті, тау-кен шахта машиналарын және жабдықтарды шығаруға бағытталған жобаларын іске асыру көзделген. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі 2013 жылы Қазақстан Республикасында мұнай өндіру 81,8 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 103,2 % құрайды. Мұнай өндірудің негізгі өсімін «Теңізшевройл» ЖШС, «ЖайықМұнай» ЖШС, «Петро Қазақстан Венчерс Инк.», «ҚуатАмлонмұнай» БК» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Емир Ойл» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, «Kazpetrolgroup» ЖШС компаниялары қамтамасыз еткен. Перспективада Теңіз, Қарашығанақ мұнай кен орындарын кеңейту, сондай-ақ жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Қазақстанда мұнай өндірудің ұзақ мерзімді перспективаға арналған қолайлы болжамы әлемдік трендтермен байланыстырылып отырады, 2025 жылға дейінгі болжамға сәйкес көлік секторында негізгі энергетикалық ресурс ретінде мұнайды тұтыну тұтынудың жалпы үлесінің 90%-нан төмен түспейді. Қазақстан Республикасында мұнай-газ жабдығы нарығының жалпы көлемі 2012 жылы 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте ішкі өндіріс нарықтың жалпы көлемінің 7,1 %-ын құрады. Макроөңір елдері секторы өнімінің импортты қажет етуі 15 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сектордағы жалпы қосылған құн 2008 жылмен салыстырғанда 4,2 есе өсіп, 2012 жылы 16,8 млрд. теңгені құрады. Секторда жұмыс істейтін адамдардың саны 5,6 мың адам. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған жабдық өндірісінің отандық секторындағы еңбек өнімділігі 2008 жылы 5,6 мың АҚШ долларынан өсіп, 2012 жылдың қорытындылары бойынша 20,1 мың АҚШ долларын құрады, алайда ЭЫДҰ елдерінің деңгейінен әлі де 5 еседен астам төмен. Экспорт деңгейі де оң серпінге ие, 2012 жылы 111,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 11,4 млн-ға артық. Бүгінгі күні жаңа мұнай-газ жобалары пайдалану кезеңіне өткенін атап өту қажет. Осылайша, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар нарығы едәуір төмендеді.
50-кесте. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінің 2008 - 2013 жылдардағы деректері
Көрсеткіштер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Машина жасау, млн. теңге
301 386
281 310
376 184
536 876
687 235
853 923
НКИ, өткен жылға %-бен
89,7
82,5
133,6
119,0
116,5
114,6
Мұнай-газ машинасын жасау, млн. теңге
7 787,6
11 646,4
15 132,6
21 575,2
21 578,7
27 100,1
НКИ, өткен жылға %-бен
102,5
149,6
129,9
142,6
100,02
125,6
Өңдеуші өнеркәсіптегі сектор үлесі
0,2%
0,4%
0,4%
0,4%
0,4%
0,5%
Машина жасаудың жалпы көлеміндегі үлес
2,6%
4,1%
4,0%
4,0%
3,1%
3,2%
ЖҚҚ, млн. теңге
4 008,9
7 020,5
16 768,2
19 835,6
16 801,8
10 290,3
Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
7 143
6 822
6 686
6 893
6 940
6 787
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
23
32
50
52
52
-
Еңбек өнімділігі, млн. теңге
0,7
1,2
2,9
3,3
3,0
-
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары
5,6
8,1
19,6
22,6
20,1
-
ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары
111,4
105,2
111,0
114,9
112,6
-
Есепті жылы орташа жылдық қуатты пайдалану, %*
23,4
24,9
49,5
50,7
57,1
-
Жабдықтың тозу дәрежесі, %
36,3
31,8
39,6
39,7
35,4
-
Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге
11288,5
10 903,6
15 461,3
18 814,5
28 084,8
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
1 635,5
683,9
2 125,8
2 253,2
6 525,2
4 810,3
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %
9,8
8,7
14,1
8,6
26,5
-
Экспорт, млн. АҚШ доллары
99,96
78,4
78,1
113,2
111,4
-
Импорт, млн. АҚШ доллары
2 666,5
2 525,1
1 638,4
1 815,2
1 992,7
-
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap. 50-кестеге: ескертпе:* көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген. Мұнай-газ машинасын жасау өндірісінің әлемдік секторында Delaunay et Fils (Франция), Orlandi (Италия), Arc Energy Resources Ltd (Ұлыбритания), Walter Tosto Spa (Италия), Rosetti Marino SpA (Италия), Siemens (Германия), Areva (Франция), Bel-valves (Ұлыбритания), Man-Turbo (Германия), GE (АҚШ), Nuovo Pignone (Италия), Amarinth (Ұлыбритания), Aturia Pompe (Италия), CAT Pumps (АҚШ), Triqua BV (Нидерланды), Cerpelli (Италия), Framo (Норвегия), Peroni Pompe SpA (Италия) компаниялары жұмыс істейді. Мұнай-газ жабдығын шығарудың бәсекеге қабілеттілігіне инфрақұрылымды дамыту, мұнай-газ машина жасау өнімінің экспорттық нарықтарына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, жеткізушілердің экожүйесі және адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді. Сектордың түйінді проблемалары: 1) мұнай-газ машинасын жасаудың отандық секторындағы еңбек өнімділігінің төмендігі; 2) жергілікті қамтуды мониторингтеудің тиімді жеткіліксіз жүйесі; 3) қаржы ресурстарының төмен қолжетімділігі; 4) ҒЗТКӘ мен инжинирингтің дамымауы; 5) жекелеген шетелдік мұнай-газ компаниялары әкелетін тауарлардың ҚҚС пен импорт бажын төлеуден босатылуына байланысты, қазақстандық кәсіпорындардың баға бойынша бәсекеге қабілетсіздігі; 6) кірудің жоғары кедергілері, аса ірі мұнай сервистік компаниялар R&D мен инжинирингте орасан зор құзыреттілікке ие;
7) техникалық реттеудегі дамудың төмендігі; 8) заманауи технологиялардың болмауы, шығарылатын өнім ассортиментінің аздығы; 9) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы. Мақсаты: бәсекеге қабілетті өндірістердің шығарылым көлемін ұлғайту және шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту, құн жасаудың ғаламдық тізбектеріне кірігу. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаның іске асырылуы 2012 жылғы деңгейге қатысты 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (51-кесте): 1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде 1,8 есе; 2) жұмыспен қамтудың 0,4 мың адамға; 3) еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,6 есе; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құн көлемінің кемінде 1,9 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
51-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2012 есеп
2013 меже
2012 жылға қатысты болжам
2012 жылға қатысты 2019 ж., %-бен
2014 ж
2015 ж
2016 ж
2017 ж
2018 ж
2019 ж
1
Жалпы қосылған құн
%
100
99,9
127,3
142,0
164,7
170,3
170,5
175,4
1,8 есе
2
Жұмыспен қамтылғандардың саны
мың адам
5,6
5,6
6,0
6,1
6,0
6,0
6,0
6,0
0,4 мың адамға
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
100,2
119,0
132,2
153,7
159,4
158,5
164,9
1,6 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі
%
100
109,2
119,3
130,4
142,4
155,6
170,0
185,7
1,9 есе
Міндеттер: 1) техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға көшу; 2) өндірістің бір бөлігін біртіндеп оқшауландыра отырып, жетекші халықаралық компаниялармен бірге жаңа өндірістердің пайда болуы үшін жағдайлар жасау; 3) еңбек өнімділігін арттыру; 4) инновациялық және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуды ынталандыру; 5) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттарын жаңғырту; 6) өндірістерді нарықтарда сұранысқа ие өнімді шығаруға әртараптандыру; 7) қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру; 8) технологиялар трансфертін және ҒЗТКӘ қолдау, офсеттік саясат; 9) секторды біліктігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету. Қызметтің басым түрлері.
52-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ
Қызметтің атауы
2812
Гидравликалық жабдық өндірісі
2813
Өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен клапандар өндірісі
2814
Өзге крандар мен бұрандамалар өндірісі
2829
Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі
28998
Басқа топтарға енгізілмеген, арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтар өндірісі
______________ 8ЭҚЖЖ 28991, 28992 Басым тауарлар топтары Мұнай-газ машинасын жасау саласын дамытудағы басым бағыт сұранысқа ие өнімінің мұнай-газ бекіткіш арматурасының, сыйымдылықтардың, қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштар өндірісінің көлемін одан әрі өсіру болып табылады (53-кесте). Таратудың ғаламдық арналарына кіру мақсатында инвесторларды тарту үшін басым бағыт мұнай-газ операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, оның ішінде жекелеген тораптар мен агрегаттарды оқшауландыру арқылы машиналар мен жабдықтар өндірісі болып табылады. Дамудың келесі басымдықтары - жабдыққа сервистік және қосалқы қызмет көрсету бойынша машина жасау өндірістерін дамытуды қолдау, сондай-ақ базалық өндірістерді (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) ұйымдастыру.
53-кесте. ЭҚТӨЖ кодтары бойынша тауардың басым топтары - 6
Р/с №
ЭҚТӨЖ-6
Тауар топтарының атауы
Ішкі нарықтың импорттық сыйымдылығы, мың АҚШ доллары
Макроөңір нарықтарының импорттық сыйымдылығы, мың АҚШ доллары
1
281411, 281412, 281413
Құбыржолдарға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе ұқсас сыйымдылықтарға арналған берік арматура
391 294
7 842 082
2
289261
Тек қана немесе негізінен 843041 не 843049 субпозициялы бұрғылау немесе қазу машиналарына арналған бөлшектер
97 460
1 261 713
3
281325, 281326, 281327, 281328
Ауа немесе вакуумдық өзге сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары
Газды сүзуге немесе тазартуға арналған өзге жабдық
84 793
1752 718
6
289212
Өздігінен жүретін бұрғылау немесе қазу машиналары
75 372
885 589
7
281331
Сорғы бөлшектері
56 179
1 035 494
8
289227
Өздігінен жүретін өзге машиналар мен механизмдер
56 056
271 244
9
289261
8426, 8429 немесе 8430 тауарлық позициялы машиналардың немесе механизмдердің өзге бөліктері
46 629
2 124 174
10
281213, 281215, 281312
Көлемді қайтарымды-үдемелі өзге сорғылар
44 932
1 173 141
11
281314
Өзге сұйықтық сорғылары
44 483
418 679
12
289212
Өздігінен бұрғылау немесе қазу машиналары
40 391
341 439
13
282219
8428 90300 0 тауар позициясы машиналарының немесе механизмдерінің өзге бөлшектері
40 424
516 805
14
282982
Сұйықтықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазартуға арналған жабдық пен құрылғылардың өзге бөліктері
34 588
1 366 888
15
281213, 281215, 281313
Көлемді роторлы басқа сорғылар
31 698
1 068 917
16
282214
Дөңгелексіз, өздігінен жүретін көтергіш өзге механизмдер
32 623
299 830
17
281420
Редукциялық және термореттегіш клапандарды қоса алғанда, құбырларға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға және ұқсас сыйымдылықтарға арналған арматураға крандардың, клапандардың, бұрандамалардың бөлшектері
29 716
1 250 245
18
281332
Ауа сорғыларының, вакуумдық ауа және газ компрессорларының және желдеткіштердің бөлшектері; тартпа қақпақтарының, сүзгісі бар немесе жоқ желдеткіш шкафтардың желдетілуі немесе қайта айналымы
29 345
1 384 651
19
281411
Сақтандырғыш немесе жүк түсіргіш клапандар
28 295
566 153
20
281314
Сұйықтық көтергіштер
26 822
48 807
21
281211, 281216
Гидравликалық желілік әрекеттің қуат қондырғылары мен қозғалтқыштары (цилиндрлер)
19 071
898 791
22
281311
Іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын, май сорғылар немесе салқындатқыш сұйықтыққа арналған сорғылары
25 189
962 012
23
282913
Іштен жану қозғалтқыштарында майды немесе отынды сүзуге арналған жабдық
32 826
616 023
54-кесте. Қазақстан Республикасында өндіру экономикалық тұрғыдан орынды сұранысқа неғұрлым ие тауарлар
Материалдар/Жабдықтар/Сервис
Әлеуетті шетелдік әріптестердің үлгілері
Жылдық қажеттілік (млн. АҚШ доллары)
Жіксіз құбырлар
Іiva SpA, Salzgitter Mannesmann International GmbH, Dalmine SpA, Sumitomo, Tenaris (Italy-Japan), V&M Tubes (Germany-France), Breda Energia SpA
110,9
Магистральдық құбырлар
Ресей және Қытай өндірушілері
22,6
Бұрғылауға арналған жағалай құйылған құбырлар
Tenaris, Sumimoto, Vallourec Mannesmann
64,9
Қысыммен жұмыс істейтін түтіктер/жылу алмастырғыштар
Delauuany et Fils, Orlandi, Arc Energy Resources Ltd, Imstalcon JSC, Walter Tosto Spa, Rosetti Marino SpA,
10,6
Фитингтер, ернемектер
Kisco, FAD Flange, Acciao&Derivation, Alied Int SpA, Tectubi Raccordi SpA, FAST SRL, P. Van Leeuwen Jr's Buizenhandel BV, Canadoil Europe SRL, Breda Energia SpA,
9,5
Ернеулік жабдықтар: бекіткіш арматура және қосалқы бөлшектер
Petrovalve., Breda Energia, Nuovo Pignone, Petrovalve, B.F.E., Tai Milano SpA, Oms Saleri SpA, Breda Energia
97,8
Электр жабдықтары, БӨК
Areva, Tyco, Siemens Building Technology, Johnson control, Autrinica F&S AS, Foxboro, Kazakhstan Intergrated Serv. Ltd Kisco UK, Sea Star International LLP, Consolidated Supply & Services Іnt'l LLP, ABB LLP, Gateway Ventures (CA) Ltd LLP, V.T.D. Transformatori SRL, Schneider Electric LLP, Siemens LLP
86,2
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика
Honeywell, Yokogawa, Emerson, Invensys, ABB, Foxboro, Johnson Control, Argosy Technologies
54,7
Сорғылар, генераторлар, компрессорлар, электр қозғалтқыштар, газ турбиналары
Қыртыстан мұнай шығаруды арттыруға арналған жабдық
Wellquip
Дереккөз: Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Норс Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ компаниялары 2013 жылғы 25 қыркүйекте бірлескен іс-қимыл туралы Ақтау декларациясына қол қойды, оның негізгі мақсаты операторлардың, инвесторлардың және мемлекеттік мекемелердің жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жеке бағдарламаларын үздік үйлестіру және келісу тетіктерін әзірлеу болып табылады. Жоғарыда көрсетілген компаниялар білдірген бастамаға сәйкес Ақтау декларациясының жұмысы шеңберінде өнімді барынша көп тұтыну қағидаты бойынша компаниялардың әрқайсысының өндірісті дамытудағы жауаптылығын айқындау туралы шешім қабылданды:
ТШО
ҚПО
НКОК
ҚМГ
Құбыр өнімдері Жылу алмастырғыштар Резервуарлар
Клапандар Электр жабдықтары Фитингтер Фланцтер
Айналмалы жабдықтар (роторлар, турбиналар, сорғылар және т.б.)
Сервистік көрсетілетін қызметтер; Бұрғылау Ілеспелі ұңғыма қызметтері
Басым жобалар Бесжылдық кезеңде Алматы қаласында, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында суға батырылған электр сорғыларын, аса ауыр жабдықты және габаритті емес сыйымдылықтарды, бекіткіш арматураны және басқа да мұнай-газ жабдығын өндіруге бағытталған жобаларды іске асыру көзделеді. Құрылыс материалдарының өндірісі Құрылыс материалдарының өндірісі - өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 8,6%-ын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан экономикасының тұрақты өсіп келе жатқан маңызды саласы. Осы сектордың басымдығы, бір жағынан, құрылыс индустриясының ішкі сұранысымен, отандық өнімді дамытумен және макроөңір елдерінің нарықтарында өткізумен, екінші жағынан - меншікті шикізат базасының болуымен және қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетімен айқындалады. Құрылыс материалдарының ішкі нарығының сыйымдылығы шамамен 800 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс материалдарының (сүректен, пластмассадан, сондай-ақ өзге де бейметалл минералдық өнімге жататын материалдардан) импорты шамамен 2 млрд. АҚШ долларын9 құрайды. Басым тауарлар бойынша макроөңірдің импорттық қажеттілігі шамамен 3 млрд. АҚШ долларын құрайды. Секторда 1453 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Цемент, дайын бетон, бетон бұйымдар, пластикалық құбырлар, жылу оқшаулау материалдар өндірісі неғұрлым дамыған болып табылады. Сектордың даму көрсеткіштері тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. 2008 - 2012 жылдар аралығында өндіріс көлемі атаулы мәнде 1,6 есеге өсті. Еңбек өнімділігі - 2,3 есе. Алайда, ЭЫДҰ елдеріндегі осы көрсеткіштің орташа мәнімен салыстырғанда Қазақстандағы бұл сектордағы еңбек өнімділігі 47%-ға төмен. ______________ 9Деректер қызметтің басым түрлеріне қосылған ЭҚЖЖ кодтары бойынша келтірілген (3-кесте)
55-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер.
Көрсеткіштер
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Өңдеуші өнеркәсіптегі құрылыс материалдар өндірісінің үлесі, млн. теңге
7,9%
7,6%
6,8%
7,3%
7,7%
8,6%
Құрылыс материалдарының өндірісі, млн. теңге, оның ішінде
266 596
224 938
260 955
350 045
421 633
503 132
Өзге де бейметалл минералдық өнім өндірісі, млн. теңге
220 377
182 355
201 871
263 985
320 677
397 105
НКИ, өткен жылға %-бен
79,9
91,3
111,5
116,5
110,7
111,8
Сүректен жасалған құрылыс материалдары, млн. теңге
214
280
659
756
1 192
1 069
Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдардың өндірісі, өткен жылға %-бен
97,4
96,7
149,4
124,0
108,5
96,2
Пластмассадан жасалған құрылыс материалдары, млн. теңге
46 004
42 304
58 424
85 304
99 764
104 957
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі, өткен жылға %-бен
106,7
92,4
135,6
120,1
103,1
102,5
ЖҚҚ, млн. теңге
125 781,5
110 110,8
172 569,1
216 535,4
257 217,2
211 586,6
Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
40 862
35 050
33 330
36 579
36 656
40 218
ҚР еңбек өнімділігі, мың теңге
3 078,2
3 141,5
5 177,6
5 919,7
7 017,1
7 061,3
ҚР еңбек өнімділігі, АҚШ долл.
25 528,3
21 298,5
35 123,7
40 024,8
46 649,8
45 840,7
ЭЫДҰ елдеріндегі орташа еңбек өнімділігі, АҚШ долл.**
82 865,4
76 792,7
83 650,7
88 003,8
88 005,4
-
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны, оның ішінде
1366
1397
1 489
1355
1453
ірі
55
50
45
47
47
орташа
122
123
129
140
141
шағын
1 189
1 224
1 315
1 186
1265
Қуаттардың жүктелу деңгейі, өндіріс түрлері бойынша %
Цемент өндірісінде, %
62,0
64,0
61,0
60,4
57,1
-
Пластмасса табақтар, шиналарға арналған камералар және пішіндер өндірісінде, %
41,6
49,4
58,1
48,7
35,9
-
Кірпіш, жабыңқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге құрылыс заттарының өндірісінде, %
16,7
12,2
27,7
16,8
18,8
-
Өндіріс түрлері бойынша жабдықтың тозу дәрежесі %
Цемент өндірісінде, %
38,2
39,4
30,7
19,8
27,5
-
Пластмасса табақтар, шиналарға арналған камералар және пішіндер өндірісінде, %
29,4
28,8
36,9
36,6
32,5
-
Кірпіш, жабыңқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге құрылыс заттарының өндірісінде, %
32,4
37,6
40,9
35,0
39,0
-
Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісінде, %
35,3
37,1
39,6
44,5
44,1
-
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
65 181
62 961
56 349
42 109
60 492
75 567
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %
0,18
0,02
0,10
0,21
0,09
-
Бастапқы құны бойынша жыл соңына негізгі құралдардың болуы, млн.теңге
153 810,1
869 818,4
274 723,8
307 469,5
332 460,0
-
Экспорт, млн. АҚШ долл.
70
47
70
88
115
118
Импорт, млн. АҚШ долл.
1 600
1208
1 511
1687
1999
2 036
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Euromonitor Қосылған құны жоғары құрылыс материалдарының өндірісін құру халықаралық ТҰК тартуды көздейді. Қазақстанда жұмыс істеп жүрген, Global 2000 тізіміне енетін ірі компаниялар: германиялық Heidelberg Cement (Бұқтырма цемент компаниясы, Каспий Цемент, Байказ Бетон, Бектас Group), швейцариялық Sika (бетонға арналған қоспалар, цемент қоспалары, өнеркәсіптік едендерге арналған материалдар, бетон мен болат үшін қорғаныш материалдар, герметиктер және басқалары), Шеврон компаниясы (Шеврон Мұнайгаз Инк, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты, Атырау құбыржолы арматурасы зауыты). Global 2000 тізіміне енбейтін жаһандық ірі компаниялар қатарынан Қазақстанда гипстен құрылыс материалдарын шығаратын германиялық Knauf компаниясы, сондай-ақ, француздық Vicat Group цемент компаниясы жұмыс істейді. Қазақстанда полимерлердің меншікті өндірісі іске қосылғаннан кейін полимерлі және композитті әрлеу материалдарын өндіру мен сатуға мамандандырылған Оңтүстік Кореяның LG Hausys компаниясы белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін. Ресейлік ірі компаниялардың ішінен Қазақстанда «Арыстан» Степногорск құбыр зауытының өкілдік етуімен «Полипластик» компаниясы қатысады. Сектордағы түйінді кедергілер: 1) құрылыс материалдарын өндірудің заманауи технологияларының жеткіліксіз дамуы; 2) қосылған құны жоғары құрылыс материалдары үлесінің төмен болуы; 3) құрылыс ғылымын дамытуға және инновациялық құрылыс материалдарын жасауға қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі; 4) өздерінің технологиялық көшбасшылығына байланысты шетелдік құрылыс материалдарын өндірушілер тарапынан ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестікті күшейту; 5) дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігінің төмен болуы; 6) негізгі құралдар тозуының салыстырмалы түрде жоғары болуы; 7) құрылыс материалдары өндірісінің жоғары энергияны көп қажет ететін; 8) құрылыс материалдарын Еуропалық Одақтың нормалары мен стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан сертификаттау үшін аккредиттелген сынақ зертханаларының болмауы, бұл 2015 - 2020 жылдар аралығында құрылыс нормалары мен қағидаларының еурокодтарға біртіндеп көшуіне байланысты; 9) жүк тасымалдауға арналған тарифтердің және шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі; 10) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі. Мақсаты: индустриялық құрылыстың талаптарын ескере отырып, Қазақстанда қосылған құны жоғары құрылыс материалдарының өндірісі үшін жағдай жасау. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің (56-кесте): 1) жалпы қосылған құнының нақты мәнде кемінде 1,4 есе; 2) жұмыспен қамтудың 7,7 мың адамға; 3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,2 есе; 4) шикізат емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,2 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
56-кесте. Нысаналы индикаторлар
№
Нысаналы көрсеткіштер
Өлшем бірілігі
2012 есеп
201 3 меже
Болжам
2012 жылға қатысты 2019 ж., есе
2014
2015
2016
2017
2018
2019
1
Жалпы қосылған құн
%
100
111,6
123,0
134,4
143,2
144,1
144,3
144,4
1,4 есе
2
Жұмыспен қамтылғандар саны
мың адам
36,7
40,2
45,1
46,3
46,2
45,6
45,0
44,4
7,7 мың адамға
3
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
%
100
101,7
100,1
106,5
113,7
115,9
116,2
116,2
1,2 есе
4
Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі
%
100
102,8
105,4
107,9
110,5
113,1
115,6
118,0
1,2 есе
Міндеттер: 1) нормативтік базаны және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру; 2) құрылыс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың көлемін арттыру; 3) инновациялық, энергия тиімді, экологиялық қауіпсіз және Қазақстан үшін жаңа құрылыс материалдары өндірісінің технологияларын, оның ішінде индустриялық құрылыс технологияларын енгізу үшін жағдай жасау; 4) саланы білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету. Саланы дамыту басымдықтары Құрылыс материалдарының өндірісі қызметінің басым түрлері: сүректен жасалған құрылыс материалдарының өндірісі (16-бөлім), пластмасса құрылыс материалдарының өндірісі (22-бөлім), өзге металл емес минералды өнім өндірісі (23-бөлім) болып айқындалды (57-кесте)10. Жаңа және жетілдірілген жоғары технологиялы энергия үнемдейтін, адамның денсаулығы мен экология үшін қауіпсіз қазіргі заманғы материалдар өндірісі басым бола бастады. ______________ 10Қызмет түрлерінің бөлімдері мен атаулары Қазақстан Республикасының 03-2007 МК экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша 25.12.2012 жылғы № 1 өзгеріске сәйкес көрсетіледі.
57-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ-2
ЭҚЖЖ-2
Қызмет түрінің атауы
16
1621
Кілтек, шере, тақталар мен панельдер өндірісі
22
2221
Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және пішіндер өндірісі
2223
Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі
23
2311
Табақ шыны өндірісі
2312
Табақ шыны жасау мен өңдеу
2313
Іші қуыс шыны бұйымдарының өндірісі
2314
Шыны талшық өндірісі
2319
Өзге де шыны бұйымдарын өндіру мен өңдеу
2320
Отқа төзімді бұйымдар өндірісі
2331
Керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі
2332
Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарының өндірісі
2342
Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдық өндірісі
2343
Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасының өндірісі
2349
Өзге керамикалық бұйымдар өндірісі
2351
Клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісі
2352
Әк пен құрылыс гипсінің өндірісі
2361
Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру
2362
Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндірісі
2363
Пайдалануға дайын бетон өндірісі
2364
Құрғақ бетон қоспаларының өндірісі
2365
Асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі
2369
Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге бұйымдар өндірісі
2370
Тасты кесу, өңдеу және әрлеу
2399
Басқа топтарға қосылмаған металл емес өзге де минералдық өнім өндірісі
Тауардың басым топтары Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарының жаңа түрлерін шығаруды игеру бойынша міндетті шешу үшін басым тауарлар тізбесі (58-қосымша) айқындалған. Техникалық сипаттамалары жақсартылған жаңа және жетілдірілген құрылыс материалдарын қолдану құрылыстың экономикалық тиімділігін және сапасын арттырады, пайдалану барысында энергиямен қамтамасыз ету шығындарын төмендетуді қамтамасыз етеді.
58-кесте. Басым тауарлар*
ЭҚТӨЖ-4
Тауар топбының атауы
ҚР импорты
Макроөңірдің импорттық сыйымдылығы
мың долл.
тонна
мың долл.
тонна
233110
Керамикалық плитка
155 101
293 331
1 285 414
1 592 358
232012
Отқа төзімді кірпіштер
104 200
170 174
533 311
625 410
231112
Табақ шыны
54 223
132 457
802 858
885 266
239919
Жылу оқшаулау материалдары
37 155
33 780
275 146
245 156
237011
Мәрмәр, травертин
28 523
13 787
168 236
161376
239 912
Жабын-битум материалдары және икемді жабынқыш
32 939
50 863
228 060
318 047
234 210
Сантехкерамика
15 236
3 271
131 163
56 720
231312
Шыны ыдыс (шыныдан жасалған сұйықтық ішуге арналған ыдыс)
10 894
9719
159 852
81 762
58-кестеге: ескертпе: Қазақстандағы импортталатын бірқатар материалдар бойынша меншікті өндірісті ұйымдастырудың перспективалы мүмкіндіктері бар. Қызылорда облысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен қуаты шамамен жылына 197 мың тоннаны құрайтын табақ шыны өндірісі жөніндегі зауыт құрылатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қуаты 20 мың тонна травертиннің бірнеше өндірісін құру жоспарлануда. Жамбыл облысында құрғақ құрылыс қоспаларының екі өндірісі кеңейтілетін болады. Басым тауарлар тізбесіне Қазақстанда да, сол сияқты макроөңір елдерінде де импорттың жоғары көлемі байқалатын құрылыс материалдары енгізілген: табақ шыны, травертин, керамикалық плитка, отқа төзімді материалдар, сантехкерамика. Сантехкерамика, кафель, керамогранит өндірісі үшін қазіргі уақытта технологиялық тізбектегі маңызды буын - қазіргі кен орындарынан алынған саз балшықты өңдеу және байыту жөніндегі саз байыту өндірісі жоқ. Осыған байланысты кафель, керамогранит өндірісі жөніндегі кәсіпорындардың қуаттары жете жүктелмеген (Шымкент, Талдықорған) және сантехкерамикалық бұйымдардың өндірісін бастай алмай отыр. Саз байыту өндірісін құруға инвесторлар тарту мәселесін пысықтау қажет. Табақ шыны өндірісі үшін де кварц құмын байыту бойынша өндіріс құру қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ ретроматериалдар: керамзит, пеношыны, көбіктенген вермикулит, пемза, сондай-ақ көп құрауышты тұтқыр материлдар өндірісі басым тауарларға айналуға тиіс. Құрылыс материалдарының өндірісінде импорттық материалдарды, сондай-ақ құрылыс химиясы материалдары мен заттарын: композиттерді, пластиктерді, герметика, пластификаторды, тұрақтандырғыштарды, модификаторларды, пигменттерді, бояғыштарды және басқаларды пайдаланып, энергия тиімді және конструктивті шыны өндірісі табақ шыны мен полимерлердің меншікті өндірістері құрылғанға дейін басым бағыттар ретінде қала береді. Басым жобалар 2015 - 2019 жылдар кезеңінде құрылыс материалдары өндірісін дамытудағы мемлекеттік саясат табақ шыны өндірісі бойынша басым бағыттарды іске асыруға, цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, табиғи тас өндірістерін және басқа да жобаларды жасауға және жаңғыртуға бағытталатын болады. Инновациялық секторлардағы мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар Инновациялық қызмет өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары мен секторларын дамытуды ынталандырады. Мақсаты: Қазақстан өнеркәсібінің басым салалары мен ЭЫДҰ елдері салаларының технологиялылығы мен ғылымды қажет ету деңгейінің алшақтығын қысқарту. Міндеттер: 1) технологиялар трансферт ынталандыру және басым бағыттардағы жоғары технологиялы өндірістерді оқшаулау; 2) инновацияға сұранысты арттыруды ынталандыру; 3) технологиялық және басқарушылық құзыреттіктерді арттыру. Нысаналы индикаторлар: 1) инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін Қазақстан кәсіпорындарының жалпы санының 20%-ына дейін ұлғайту (ЭЫДҰ әдістемесіне сәйкес); 2) жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесін 2,5%-ға дейін ұлғайту; 3) зерттеу мен әзірлеуге арналған ішкі шығындар үлесін жалпы ішкі өнімнің 2%-ына дейін ұлғайту. Инновациялық секторлар Инновациялық секторлар - «жаңа экономика» деп аталатын барлық секторларды білдіреді, олардың дамуы көбінесе ғылыми зерттеулердің және әзірлемелердің нәтижелерімен айқындалады, оның ішінде: мобильдік және мультимедиалық технологиялар саласы, нано- және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергиясын іздеу және ашу. Отандық ғылымды дамытпайынша, жаңа инновациялық секторларды дамытуды және ғылымды қажет ететін салаларды құруды шешу мүмкін емес. Осыған байланысты, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның қатысуы маңызды, оның рөлі энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, жаңартылған энергетика және қоршаған ортаны қорғау, перспективалы материалдар және энергия көздері, Қазақстан Республикасында биомедициналық индустрияның негіздерін құру үшін трансляциялық және персоналдандырылған медицинаны дамыту салаларында іргелі, қолданбалы және технологиялық зерттеулер мен әзірлемелерді дамытуға сайып келеді. Мынадай өзекті және перспективалы бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыруға баса назар аударылатын болады: ғарыш техникасы және технологиясы, жаңартылған энергетика технологиялары және ақылды желілер, күн энергиясын пайдалану технологиясы, энергетика жүйелерін дамытуды модельдеу, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, есептеу зерттеулері және робототехника, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы, электр техникасы (оптикалық электронды аспаптарға арналған материалдар), регенеративтік медицина және жаңа биопрепараттарды әзірлеу жөніндегі зерттеулер, туберкулез детекциясына, инфекциялық агенттерге және обыр биологиясына арналған биосенсорларды әзірлеу, ақуыз экспрессиясы, остео-артикулярлық аурулардың модельдері мен механизмдері, органикалық химия және химия технологиялары салаларындағы қолданбалы зерттеулер. Ғылыми-зерттеу базасы мен ғылыми және инновациялық қолдау жүйесін дамыту жолымен «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ны әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптастыру оқытушылық және ғылыми-инновациялық қызметті ойдағыдай біріктіретін халықаралық санаттағы ұлттық ғылыми кадрларды дамытумен, сондай-ақ үздік отандық және шетелдік ғалымдарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасаумен тығыз байланысты. Ұлттық ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін дамыту мақсатында ғылым магистрлерін, Ph.D. докторларын даярлау және ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарламалар әзірленді және іске асырылды, ғылыми қызметкерлердің ғылыми жобалары шеңберінде олар үшін бірлескен Ph.D. бағдарламалары ұйымдастырылады (Қазақстанда ғылыми-зерттеу қызметінен босатпай). Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды (инженерлік-техникалық кадрлар, әкімшілік-техникалық қолдау және сүйемелдеу қызметтері мен басқалары) ұйымдастыру мен іске асыруға қатысатын қызметкерлердің құзыреті мен дағдыларын дамыту үшін «Назарбаев Университеті» ДБҰ қызметін дамытудың негізгі және перспективалы бағыттарына сәйкес қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу қажет. Ғарыштық технологиялар секторы Ғарыш технологиялары секторы - «білім экономикасын» қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Республикасында дамыту үшін перспективалы сектор. ҮИИДМБ орындау қорытындылары бойынша «KazSat» байланыс және хабар таратудың ұлттық ғарыш жүйесі (ҒЖ) жобалық қуатқа шықты, екінші «KazSat-3» ҒA және резервтік жерүсті басқару кешені пайдалануға енгізілді. «KazSat» сериясының ҒА сыйымдылықтарын жалға беру қызметтері ұсыныла бастағаннан бері 3,5 млрд. теңгеден астам сомаға осы көрсетілетін қызметтердің импортын алмастыру жүргізілді. «KazSat» ҒЖ өндіріс көлемінің серпіні 59-кестеде келтірілген.
59-кесте. «KazSat» ҒЖ өндіріс көлемінің серпіні, млн. теңге.
Атауы
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.*
«KazSat» сериялы ҒА сыйымдылықтарын жалға беру қызметтері
12,97
1 156,15
2 004,45
341,44
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 59-кестеге: ескертпе: * жедел деректер Ғарыш саласындағы ЖҚҚ бойынша деректер 60-кестеде келтірілген:
60-кесте. Ғарыш қызметінің ЖҚҚ, млн. теңге.
Көрсеткіш
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
ЖҚҚ, млн. теңге
8 903,0
13 472,6
7 633,9
2 721,8
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ғарыш саласында инновацияларды дамытудың негізгі драйвері қолданбалы ғылыми зерттеулер болып табылады. Отандық ғарыш техникасының алғашқы тәжірибелік үлгілерін жасау бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды, дәлдігі жоғары жолсеріктік навигация жүйесіне (бұдан әрі - ДЖНЖ) арналған саралау станцияларының (бұдан әрі - СС) өндірісі ұйымдастырылды және 50 дана көлемінде СС бірінші партиясы шығарылды. Егер моральдық және физикалық тұрғыдан айтарлықтай тозуына байланысты жаңғыртуды талап ететін ғарыштық зерттеулердің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңартудың бұрыннан қордаланған мәселесі шешілетін болса, ғарыш ғылымының жетістіктері әлдеқайда салмақты болар еді. Қазақстан Республикасының ғарыш техникасы мен технологияларының отандық үлгілерін, ғарыш өнімдері мен көрсетілетін қызметтерді түпкі пайдаланушылардың аппараттық-бағдарламалық құралдарын құру саласында маңызды ғылыми-техникалық серпіліс жасау жағдайы туындады. ТМД-ның Үкіметтер басшылары кеңесінің 2011 жылғы 18 қазандағы шешімімен қабылданған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде екі инновациялық жобаны іске асыру жоспарланған: 1) болжамдық мониторингтің көп нысаналы аэроғарыш жүйесін әзірлеу және сертификаттау; 2) халықаралық көлік дәліздерін басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеу. Түйінді проблемалар: 1) ғарыштық зерттеулердің заманауи тәжірибелік-эксперименттік базасының; ғарыштық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді түпкі пайдаланушыларға дейін жеткізудің толыққанды инфрақұрылымының болмауы; Қазақстанның ғарыш саласының шетелдік әріптестерге технологиялық тәуелділігі. Мақсаты: республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін экономиканың ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге: 1) 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы нақты мәнде ЖҚҚ-ның 30%-ға өсуіне; 2) 2019 жылға қарай ғарыш саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар санын 300 адамға арттыруға; 3) 2019 жылға қарай ғарыштық зерттеулердің жалпы көлеміндегі ғылыми-техникалық әзірлемелердің үлесін 50%-ға дейін жеткізуге; 4) 2019 жылға қарай ғарыштық техника жасаудың өндірістік тәжірибесі бар ғалымдардың үлесін 25%-ға дейін жеткізуге; 5) 2019 жылға қарай ғылыми-техникалық әзірлемелердің жалпы көлеміндегі коммерцияландырылған жобалардың үлесін 25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Міндеттер: 1) байланыс, жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) және ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараттарының (бұдан әрі - ҒА) орбиталық топтамасын дамыту және пайдалануды өрістету; 2) ҒA құрастыру-сынау кешенін, тәжірибелі өндірісі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын, ДЖНЖ, «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін, байланыс және ЖҚЗ ғарыш жүйелерінің жерүсті сегменттерін қамтитын жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін дамытуды және пайдалануды өрістету; 3) ғарыш саласының ғылыми-технологиялық базасын дамыту, ғарыштық зерттеулердің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңғырту мен кеңейту; 4) тиісті оқу орындары мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауды, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды көздейтін ғарыш саласының кадр әлеуетін дамыту; 5) ғарыш саласының нормативтік базасын жетілдіру. Ғарыш саласын дамыту басымдықтары Ғарыш саласындағы қызметтің басым түрлері ғарыш техникасы мен технологиялардың отандық үлгілерін жасау жөніндегі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, байланыс, ЖҚЗ және навигация ғарыштық жүйелерінің өндірісін және техникалық пайдаланылуын қамтамасыз ету, осы ғарыштық жүйелердің өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін ел экономикасының түрлі салаларындағы түпкі пайдаланушыларға дейін жеткізу болып табылады. Бесжылдық кезеңде Индустрияландыру картасы (бұдан әрі - ИК) шеңберінде 2015 - 2019 жылдар кезеңінде іске қосылуы жоспарланатын 10 жобаны іске асыру көзделеді.