«мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы»



бет4/7
Дата20.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#149108
1   2   3   4   5   6   7

Құқықтық мемлекетте басқару ісіндегі зандылықты қамтамасыз етуде біріншіден, сот билігі (Қазақстан Республикасының жоғары соты, жергілікті соттар, конституциялық кеңес, про­куратура), екіншіден, атқарушы билік, үшіншіден, халықтың саяси белсенділігі маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік баскаруда заңдылықты қамтамасыз ету құралы ретінде бақылау механизмдерін атауға болады. Олар арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады. Бақылау механизмдерінің түрлері:

1. Сыртқы бақылау - бұл аткарушы биліктің бір органының екіншісін бақылауы;

2. Жалпы бақылау жоғары органның сәйкесінше төменгісін қадағалауы;

3. Мамандандырылған сыртқы бақылау, мысалы, кедендік бақылау, халық тұтынатын тағамдар мен тауарлардың сапасын бақылау, монополияға қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, радиациялық-экологиялық, жол қозғалысын бақылау;

4. Ішкі бақылау - мемлекеттік органдарда жетекшілерінің, арнайы топ бөлімдерінің бақылау функциясын атқаруы.

Зандылықты қамтамасыз етуде халыктың саяси белсенділігі дегеніміз өзінің заңды мүдделерін, Конституция бойынша кепілдік берілген құқықтары мен бостандыктарын қорғауға багытталған әрекеті. Сондай-ақ басқарушы органдардың заңға қайшы келетін шешімдеріне наразылық білдіруі. Бұл тұрғыда халыктың белсенділік танытуы демократиялық-құқыктық мемлекет құрудың кепілі болып табылады.

Мемлекеттік басқаруда зандылық бір жағынан, болашақтағы қоғамдық қатынастардың логикалық моделін жасау мен оны заң нормаларында бекіту ретінде қалыптасса, екінші жағынан, заң нормаларын іске асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың нақты жағдайы ретінде көрініс табады. Заңдылықтың осы екінші жағдайда қалыптасуы құқықтық реттілік түсінігін білдіреді және ол мемлекетте, қоғамда, адамдар арасында болатын, олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын қамтамасыз ететін тұрақты құқыктық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. «Зандылық» және «құқыктық реттілік» түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда олардың арасында белгілі шек бар. Құ-қыктық реттілік зандылық талаптарының орындалу деңгейін сипаттайтын заңдылыктың нәтижесі болып табылады. Егер заңдылық белгілі талаптар қоятын, қоғамдық-саяси өмірдің тәртібін білдірсе, құкықтық реттілік сол талаптарды орындау нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың тәртіпке келтірілген нақты «құқықтық жағдайы», бір қалыпты құқықтық өмірді білдіреді. Мемлекеттік басқаруда құқықтық реттіліктің сақталмауы қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың орын алып, кеңінен таралуына себепкер болады.

Мемлекеттік басқаруды тиімді ету үшін зандылық пен құқықтық реттіліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Оған мәжбүр етуден гөрі әркімнің өзі түсініп, саналы түрде орындау арқылы қол жеткізген абзал. Ал бұл мемлекеттік басқарудағы тәртіпке байланысты.

Тәртіп — әр адамның келісілген ережелерді, нормаларды орындау, пікір алмасу, нақтылы бір тапсырмаларды атқару процедураларын мойындап, қатаң сақтауында тұратын қоғамдық байланыстар нысаны. Ол заңдылықпен тығыз байланысты, әрі оны қамтамасыз ету құралы болып табылады. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп басқару шешімдері мен іс-әрекеттен және пікір алмасулардан байқалады. Ол көптеген құрылымдардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыратындықтан мемлекеттік басқарудың жүйелілік көрсеткішін, басқарушылық күш-жігер мен ресурстардьщ өнімділігін арттыратындықтан ұтымдылық көрсеткішін, басқарушылық ықпалдарды үйлестіретіндіктен, олардың адамдарға әсерін арттыратындықтан тиімділік көрсеткішін қалыптастырады.

Тәртіптің жеке іс-әрекеттерде көрініс алуынан (жұмысқа уақытында келу, құжатты уақытында дайындау мен жіберу және т.б) әрбір мемлекеттік орган белсенділігінің тұтас нәтижесі қалыптасады, ал одан- қоғамдық процестерді мемлекеттік басқару деңгейі туындайды.

Тәртіп мемлекеттік орган қызметкерлерінің тиісті басқарушыға бағынатындығын, басқарушылық шешімдерді орындайтындығын, өздерінің лауазымдық функциялары мен өкілетікгеріне жауапкершілікпен қарайтындығын білдіретін орындаушылық мазмұнға не болады. Орындау тұлғаның өзіне, оның ұятына, сонымен бірге сыртқы жағдайларға: басқарушылық қызмет шамасы мен нұсқауларының сапасына, басқарушылық ақпараттың толықтығына, қызмет орнының техникалық қамтамасыз етілуіне, ұйымдық құрылымның тиімділігіне, кадрларды дайындаудың жалпы және кәсіби деңгейіне, мемлекеттік қызметті моральдық және материалдық ынталандыруды ойластыруға, ұжымдағы моральдық-психологиялық климатқа байланысты.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2011


Дәріс №8. Мемлекеттік басқаруды аумақтық ұйымдастыру

  1. Мемлекеттік аймақтық саясатының мәні, мақсаты, міндеті, принциптері

  2. Аймақтық саясатты басқарудың ерекшеліктері

  3. Аймақтық саясаттың әлемдік тәжірибесінің ерекшеліктері

Аймақтық саясат елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерің шешу үшін мемлекеттің өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді пайдалануға бағыттылған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР аймақтық саясатының мақсаты - халықтың өмір сүруіне тен мүмкіндік жасау және ұтымды аумақтық еңбек бөлігін және аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту принциптерін қалыптастыру негізінде әр аймақтың ресурс - өндірістік қуатың пайдалану.

Аймақтық саясаттың мақсатына жету мына міндеттерді біртіндеп шешуді талап етеді:



  • аймақтардың шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаты бар шаралар кешенін әзірлеу:

  • аумақтық приоритет мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық қағидаларына сәйкес белгілеу;

  • мемлекеттің жеке аудандарды іріктеп қолдауын экономикалық белсендікті мемлекеттік ынталандырумен үйлестіру;

  • аймақтық және жалпы республикалық тауар еңбек және капитал нарықтарының, институционалды және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;

  • шағын және орта шаруашылықтардың экономикасын дағдарыстан шығару және әлеуметтік - экономикалық дамуын жетелдету мақсатымен қолдау және қайта құру;

  • артта қалған ауылдар мен селоларды жаңарту үшін материалдық негіз әзірлеу;

  • экономиканың ұтымды құрылымын қалыптастыру, өндірістің аумақтың ұйымдастыруын жетілдіру;

  • өндірістік кешеннің ресурс мақсаты сәйкестігін қамтамасыз ету, аумақтардың экологиялық-экономикалық ғылыми - техникалық табиғи ресурстарың қалпына келтіру;

  • аймақтар бойынша халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды тенестіру, аймақтарды экономика мен әлеуметтік сападағы тоқырауды жою, әсіресе, аз дамыған аймақтарда[4].

Аймақтық саясатты іс жүзіне асыру мына прициптерге суйенеді:

  • мемлекет пен оның жеке аймақтары мүддерінің ұтымды үйлесуі;

  • аймақтардағы іс-әрекеттің мемлекеттің сыртқы саясаты және сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері үйлесімдігі;

  • шаруашылық жүргізетін субъектілердің тиімді аймақ аралық еңбек бөлісі мен өндірістің интеграция негізінде әрекет жасау;

  • аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы міндеттерін шешудегі аймақтардың экономикалық дербестігі, экономиканы реформалардың әлеуметтің нәтижелерін жұмсарту және осы мақсатқа қажет қаржы және өндірістік ресурстарды жұмылдыру;

  • аймақтарда тұратын халықты әлеуметтік нормативтер және кепілдіктермен қамтамасыз ету;

  • аймақтық органдардың тұрғын халық өмірінің деңгейі мен сапасы, минерал - шикізат, жер, су және басқа ресурстарды ұтымды пайдалану, өсімдік және жануарлар әлемін будандару үшін жауапкершілігін күшейту.

Осындай аймақтың саясаты мынадай талаптардан құрылуы қажет:

  1. Бірыңғай жалпы республикалық рыноктың Қазақстанның аймақтық нарықтарының шоғырланған жүйесі ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету.

  2. Аса маңызды аумақтық приоритеттердің /артықшылық алатын салаларды/ негізін дәлелдеу, өндіргіш күштерді орналастырудың мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайларын ескере отырып ұтымды ету.

  3. Жалпы мемлекеттік және аймақ аралық байланыстар жүйесін құру барысында жалпы республикалық мүдделердің басым болуын қамтамасыз ету.

  4. Аймақтырдың алуан түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, аумақтың еңбек бөлігі және аймақтардың экономикалық кооперациялардың объективті артықшылықтарын тиімді пайдалану.

  5. Аймақтық дамудың меншіктің ресурстары мен артықшылыққа ие болатын, артта қалған және қолайсыз аймақтардың мемлекет тарапынаң қолдау жүйесі толықтырған резервтерді тиімді пайдалану.

  6. Артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандарды қолдау арқылы әлеуметтік жағдайлардағы тектен тыс аймақтың қарама - қарсылықтарды жою. Әр аймақта молшылықты қамтамасыз ету, тұрған жүйіне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беру.

  7. Республикалық мәні бар аса маңызды аймақтық проблемаларды мемлекет тарапынаң шешу қажеттілігі. Арал өңірін қайта жаңғырту, бұрынғы Семей ядролық сынау полигонына жақын орналасқан аудандарды экономикалық және әлеуметтік сауықтыру және т.б.

  8. Көп ерекшеліктері бар аймақтарда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру барысында әлеуметтік әділдіктің аймақтық принципің жүзеге асыру үшін мемлекеттік ықпал ету шараларын қамтамасыз ету.

Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты оның мынадай негізгі бағыттарын атап көрсетеді:

  • өндірісті қолдау және ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болған өнім шығаруды арттыру, аймақтардың экспортық потенциалын арттыру;

  • экономикалық тұрғыда келешегі жоқ өндірісті экологиялық бақылауды күшейтумен қоса біртіндеп азайту;

  • өнеркәсіптің іргелі салалық ірі кәсіпорындарында технологиясы бойынша өзара тығыз байланысты өндірістерді, жәңе /аймақ аралық/ ұйымдастыру құрылымдарын капиталды шоғырландыру және өндіріс қызметін жандандыру мақсатымен қалыптастыру;

  • жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен шағын және орта бизнесті қолдау;

  • инвестицияларды, оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды ел, алуымен материалдық өндіріс саласы және аймақтың инфрақұрылымға тарту үшін қолайлы жағдай туғызу;

  • аймақтың қаржы ресурстарын қаржылы жинақтын, инвестицияларға айналдыруға қабылетті институционалдық инвесторлар жүйесін қалыптастыру.

Республикалық, аймақтық приоритеттерді анықтау үшін қабылданған үлгілер жіктеу қолданылады жаңа салық және бюджетті саясатын қалыптастыру жағынан қарағанда үш аймақты атап көрсетеді.

1 топ - бір адамға шаққандағы кірістері кірістердің орташа республикалық деңгейінен артатын аймақтар /Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы/.

2 топ - кірістері орташа республикалық деңгейге жақын аймақтар /Атырау, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан облыстары/.

3 топ - бір адамға шақандағы орташа кірістің ең төменгі деңгейімен сипатталатын аудандар /Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызыл-Орда және Оңтүстік Қазақстан облыстары/.

Осы жіктеуге сәйкес республиканың аумақтық дамуының приоритеттеріне 1 және 2 топ жатады. Даму деңгейі жоғары, /қазақстандық өлшемдер бойынша аумағында негізгі экономика және өнеркәсіп қуаты шоғырланған аймақтарға республика экономикасын дағдарыстан шығару және одан әрі өсіру жөнінде үлкен үміт артылады.

Бүгінгі таңда аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы алшақтықтарды, кризистік құбылыстарды және бөлек территориялардың дамуы жағынан артта қалуын шешпей, саяси тұрақты қоғам мен тұрақты өспелі ұлттық экономика құру мүмкін емес.

Кейбір аймақтардың экономикалық артта қалуының және бір қалыпты дамымауының себебі мынада:

- Қайта өндірістегі циклдік кризистердің жалғасуы, өндірістік және шаруашылық құрылымдардың бұзылуы;

- Салалық әртараптандырудың төмен деңгейі және сыртқы рыноктарға тәуелділігі;

- Қазіргі өндіріс факторларының жаңа ғылыми техникалық ресурстар талаптарына сай келмеуі;

- Климаттық және табиғи жағдайлардың, экологиялық апаттардың болуы;

- Жергілікті халықтың тарихи және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері мен демографиялық тенденциялардың төмен болуы.

Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерешелігі мол әкімдік- шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процесстердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады.Бұл экономикалық бостандықтың шешімі.

Осыған орай біздің экономика ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, райондар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процесстерін зерттеу болып табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олар мыналар:



  • Тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;

  • Өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;

  • Республикада жалпы экономикада салалық негіздерінің әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;

  • Республика егеменді алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу қажеттілігі.

Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді. Нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.

Қазақстанда оңтайлы құбылыстың бірі аймақтық басқару бет бұрыс жасалуы.

Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясаты реформалардың салмақ орталығын аймақтар деңгейіне дәйектілікпен ауыстыру және жергілікті басқару органдарының тиімді өзара іс-қимылын, аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамыту арқылы жүзеге асырылады[11].

Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджеттегі қалыптастырдың жергілікті өкімет органдарының өкілеттілін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін еңгізу маңызды. Аймақтарға орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамассыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын әртараптандыру, ай- мақтардың ерекшелігін ескере отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвенциялар-ды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.

Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,жұмыс істелмейтін өндірістерді қайта құрылымдау және бөліктеу, дәрменсіз кәсіпорындарды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде санациялау, банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.

Аймақтар бойынша өзекті тапсырмаларының бірі ол – еңбек нарығының ерекше фактороларын зерттеу және ондағы оқылықтардағы жою арқылы Қазақстанның еңбек нарығын толықтай қамтамассыз ететін кәсіби мамандар дайындау. Сондықтан осыған негіз ретінде қазақстанның барлық аймақтарындағы оқу орындары тек мемлекеттік стандарттарда жұмыс істемей, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуі бүгінгі күні қолға алынуда. Сонымн қоса, кәсіби білім беру сапасына да мемлекеттік реттеу органдарының назары, бақылауы ашық болуы қажет.

Аумақтық шаруашылық жүргізу ісінде күрделі қайта құру процесі жүруде. Ғылым мен практика аймақтың басқару жүйесін жетілдіру, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік реттеуін ұйымдастыру ісіне деген көзқарас қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруде.

Нарыққа көшу барысында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейлерінде айырмашылық шаруашылықтың аймақтық ұйымдастырылуындағы сәйкессіздектердің нәтижесінде тереңдей түсті. Нарықтың реформалардың мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарының барлық бағыттары бойынша біркелкілігі мен үйлесімдігінің жоқтағы реформалардың бірыңгай мемлекеттік саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Аймақтарды дағдарыстан шығудың жолдарын таңдаған кезде аймақтың басқару органдарының назарынан стратегиялық міндеттерді шешу қажетілігі тыс қалады, ал жалпы мемлекеттік деңгейде - шешім қабылдағанда аймақтық ерекшеліктері ескеріле бермейді.

Сонымен қатар экономиканы басқарудың аймақтық деңгейі нарық өзгешеліктеріне мүлдем дайын еместігін өмір дәлелдеді. Басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесі жағдайында кез келген аумақтың экономикасын одақтық, республикалық, салалық органдар басқару, ал аймақтың экономикасын тұтас басқару деген болмаған.

Өзгеру процестері және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайлары нарықтың қатынастарды қалыптастырудағы аумақтық ерекшеліктерімен байланысты қосымша проблемаларды туғызады. Бұл мемлекет дамуының жаңа кезеңінде негізі бар аймақтық саясатты құрып жүзеге асыруды талап етеді.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2011


Дәріс №9. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі

  1. ҚР Президенті мәртебесі

  2. ҚР Президентінің Парламентке қатысты өкілеттілігі

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері


Республика Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Республика Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі:-

Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Республика Президентіне халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы беріледі.

Республика Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен кадр-қасиетіне нұқсан келтіру заң бойынша қудаланады.

Республика Президентін сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президентінің қызметіне кірісуі

1. Республика Президенті "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президенттінің жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", — деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Республика Президенті анттың мәтінін мемлекеттік тілде айтады.

2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғаргы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен еткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде ант береді.

3. Республика Президенті Республика Конституциясына ант етеді. Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін, омырауға тағатын белгісін, байрағын және "Алтын қыран" орденін тапсырады.

4. Егер бір тұлға Республика Президенті болып екінші өкілеттік мерзіміне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі, байрағы және "Ал­тын Қыран" ордені оған қайталап тапсырылмайды.

4-бап. Республика Президентінің өкілеттік мерзімі

1.1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Бесжылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Респуб­лика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.

2. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

3. Қазақстан Республикасының 1999 жылгы 6 мамырдағы № 378-1 Конституциялық заңымен алып тасталды.

4. Бір тұлға қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

5-бап. Республика Президенті лауазымында болуға байланысты шектеулер

1. Республика Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хақы жоқ.

2. Қазақстан Республикасының 2007жылғы 19 маусымдағы № 265-ІІІ Конституциялық Заңымен 5 баптың2 тармагы алыл тасталды.

6-бап. Республика Президентінің айырым белгілері

1. Республика Президентінің айырым белгілері—Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болады.

2. Омырауға тағатын белгінің сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы аныктайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгі мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Республика Президенті белгілейді.

3. Республика Президенті қызметі бойынша "Алтын Қыран" орденінің иесі болып табылады.

4. "Алтын Қыран" орденінің сипаттамасы, аталған орденді берудің негіздері мен тәртібі Республика зандарымен белгіленеді.

II тарау

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі

7-бап. Республика Президентінің сыртқы саясаттағы өкілеттігі

1. Республика Президенті

1) келіссөздер жүргізеді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;

2) келіссөздер жүргізуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкілеттік береді;

3) 7 баптың 1 тармағының З тармақшасы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы № 378-1 Конституциялық Заңымен алып тасталды.

4) бекіту грамоталарына қол қояды;

5) Республика жасасқан, бекітуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;

6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгізеді.

2. Республика Президенті Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады.

3. Республика Президенті өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

8-бап. Республика Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі

Республика Президенті:

1) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы күштердің жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:

2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген әрі мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейін, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағ-даяттар талап ететін шараларды қолданады;

3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;

4) Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді;

5) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалы құланды жасақтайды;

Республика Президенті Парламентке және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды;

Конституцияның51-бабының4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай оты­рып, Сенатта коғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;

3) сайлау нәтижелері жариялаған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей Парламенттің бірінші сессиясын шақырады;

4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;

5) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;

6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;

7) Парламент сессиялары аралығындағы кезенде ез бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;

8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;

59) Парламенттің қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жоба беруге хақылы;

9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;

10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттің осы жобаны оның енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде қарауға міндетті екендігін білдіретін ұсыныс енгізуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президенті Заң күші бар,
3 Қазақстан Республикасы Президентінің актілері
Республика Президент: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Республика Конституциясының53-бабының4)тармақшасында көзделген ретте Пре­зидент заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2 тармағында көзделген ретте заң күші бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен оның Палаталарының құзыретіне енбейтін өзге жағдайларда Республика Президенті заңға тәуелді актілер—жарлыктар және өкімдер шығарады.

Республика Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президент актілері, тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жуктелетін Парламенттің әр Палатасы Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын-ала қолдары қойылып тиянакталады.

4. Республика Президенті тиісті Жарлыктар мен өкімдер шығаратын мәселелер тізбесі осы Конституциялық заңның 21 және 22-баптары бойынша аныкталады. Қажет болған жағдайларда Республика Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде өзінің тиісті өкілеттіктерінің қандай акт нысанында, Жарлық немесе өкім нысанында жүзеге асырыла-тындығын дербес аныктай алады.

21-бап. Республика Президентінің жарлықтары

1. Республика Президентінің жарлыктары Республика Конституциясы мен зандарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады.

2. Республика Президентініңжарлыктарымен:

1) Президенттің Республика Президентінің актілерін шығаруды талап ететін конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;

2) мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және өкімет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;

3) Парламенттің зандық құзыретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген құзыретіне жатпайтын мәселелерді кұқықтық реттеу жүзеге асырылады;

4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуының стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет