Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурсты ӛткiзу тәртiбi



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата23.01.2023
өлшемі465.2 Kb.
#468626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
57-бұйрық.-Мемлекеттік-білім-беру-ұйымдарының-бірінші-басшылары-мен-педагогтерін-лауазымға-тағайындау

 1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурсты ӛткiзу тәртiбi 
5. Бірінші басшының лауазымына тағайындауға арналған конкурсты 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - 
Министрлік) жеке құрылымдық бӛлімшесі және (немесе) ведомстволық 
бағыныстылығына қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың 
және астананың жергілікті атқарушы органдары жариялайды. 
6. Конкурс рәсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды: 
1) бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған 
күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурс ӛткізу туралы 
хабарландыру конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми 


Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында 
жарияланады; 
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау; 
3) кандидаттар құжаттарының "Педагог қызметкерлер мен оларға 
теңестірілген 
тұлғалардың 
лауазымдарының 
үлгілік 
біліктілік 
сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып 
тіркелген) (бұдан әрі - Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары) 
бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру; 
4) заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология 
негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – тестілеу); 
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық 
кеңесімен келісу (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес). 
6) Мектепке дейінгі, арнайы (психологиялық-медициналық-педагогикалық 
кеңес (бұдан әрі - ПМПК) білім беру ұйымдарының, психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинетінің (бұдан әрі - ППТК), оңалту 
орталығының (бұдан әрі - ОО), қосымша білім беру, Қазақстан 
Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі 
комитетінің жанындағы білім беру ұйымдарының бірінші басшысы 
лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа қатысты қамқоршылық 
кеңеспен келісу жүргізілмейді; 
7) кандидаттармен әңгімелесуді конкурсты жариялаған мемлекеттік 
органның конкурстық комиссиясы жүргізеді (бұдан әрі – әңгімелесу); 
7. Президенттік кадрлар резервіне енгізілген адамдар, Қазақстан 
Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша 
оқуға ұсынылған тізімге енгізілген шетелдік жоғары және жоғары оқу 
орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері тестілеуден 
босатылады, сондай-ақ жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық 
немесе тиісті бейіні бойынша ӛзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта 
даярлықты растайтын құжаттары, сондай-ақ кандидат Педагогтердің үлгілік 
біліктілік сипаттамаларына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 1-
қосымшасының 8-тармағының 6), 7), 9) тармақшаларында кӛрсетілген 
құжаттары болған кезде кандидаттар қамқоршылық кеңеспен келісуге және 
әңгімелесуге жіберіледі. 
8. Хабарландыру мәтіні мынадай ақпараттарды қамтиды: 
1) ведомствосы мен бағынысында мемлекеттік білім беру ұйымы бар 
мемлекеттік органның атауы
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы; 
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы кӛрсетілген 
мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы; 
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші 
басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары; 


5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері; 
6) лауазымдық жалақының мӛлшері; 
7) конкурсты ӛткізу күні мен орны; 
8) конкурсқа қатысуға ӛтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны; 
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа 
қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі; 
10) 
конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына 
қатысты ақпарат; 
11) 
ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық 
мекенжайлары; 
12) 
уақытша бос лауазымға конкурс ӛткізу кезінде бірінші басшының 
уақытша бос лауазымының мерзімі. 
9. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос лауазымға кандидаттарды 
іріктеу үшін конкурстық комиссия құрады. 
10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 
жергілікті атқарушы органдарының конкурстық комиссиясының құрамы 
кемінде жеті адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған 
тӛрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстардың, 
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының, 
аудандық/қалалық білім бӛлімдерінің ӛкілдері, педагогтің жоғары немесе 
бірінші біліктілік санаты және (немесе) педагог-сарапшының немесе педагог-
зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санаты бар әдістемелік 
кабинеттердің педагогтері, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның, 
бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) ӛкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі. 
11. Министрліктің конкурстық комиссиясының құрамы кемінде бес адамнан, 
оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған тӛрағадан тұрады. 
Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның, ведомствоның 
құрылымдық бӛлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына жетекшілік 
ететін ӛкілдер, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның ӛкілі, бір тәуелсіз 
сарапшы енгізіледі. 
12. Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік органның, ведомствоның 
қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар, басқа мемлекеттік органдардың 
мемлекеттік қызметшілері, мәслихаттардың депутаттары қатыса алады. 
13. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін 
қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар 
шақырылады. 
14. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. 
Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-
әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді 
жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық 
жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. 


15. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін 
тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді 
басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. 
16. Хабарлама конкурс ӛткізу туралы хабарландыруда кӛрсетілген телефон 
немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. 
17. Конкурстық комиссияның хатшысы байқаушыларды әңгімелесу 
басталғанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады. 
18. Байқаушылар конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына 
конкурстық комиссияның жұмысы туралы ӛз пікірін жазбаша нысанда бере 
алады. 
19. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның 
отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды. 
20. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол 
берілмейді. 
21. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған 
жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады. 
22. Комиссияның әрбір отырысы тӛраға, отырысқа қатысқан комиссия 
мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. 
23. Комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының 
кемінде үштен екісі қатысса, ӛтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі. 
24. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен жай 
кӛпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда тӛрағаның 
дауысы шешуші болып табылады. 
25. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен 
сүйемелденеді. Аудио-бейнеазбалар бірінші отырыс ӛткізілген күннен бастап бір 
жыл бойы білім беру ұйымдарында сақталады. 
26. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамасымен бекітілген біліктілік 
талаптарына сәйкестігіне кандидаттардың құжаттарын қарауды конкурс 
жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 
құжаттарды қабылдау аяқталғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге 
асырады. 
27. Соттылығы болған немесе бар, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе 
ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-
бабының 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы 
тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстар 
және/немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа 
қабылдауды болдырмау мақсатында: адам ӛлтіру, денсаулыққа қасақана зиян 
келтіру, 
халықтың 
денсаулығына 
және 
имандылыққа, 
жыныстық 
қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам 
саудасы, білім басқармасы органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын 
қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде саласы сәйкес келетін уәкілетті 
органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы 


мәліметтердің болуы не болмауы туралы құқықтық статистика және арнайы 
есепке алу жӛніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бӛлімшелері, 
сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы қосымша сұрау салу 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым 
саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолданады. 
28. Кандидаттардың құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік 
сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарау 
нәтижелері бойынша мемлекеттік органның, конкурс жариялаған уәкілетті орган 
ведомствосының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеуден ӛту 
туралы анықтамасы бар кандидаттарды қоспағанда, кандидаттарды тестілеуден 
ӛту үшін жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет