Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Тестілеуден ӛту тәртібі



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата23.01.2023
өлшемі465.2 Kb.
#468626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
57-бұйрық.-Мемлекеттік-білім-беру-ұйымдарының-бірінші-басшылары-мен-педагогтерін-лауазымға-тағайындау

 3-параграф. Тестілеуден ӛту тәртібі 
47. Кандидаттарды тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік 


қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) конкурс жариялаған мемлекеттік орган 
ӛкілдерінің және ӛзге де тартылған адамдардың қол жеткізуінсіз 
ұйымдастырады. 
48. Кандидат тестілеуден ӛту үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 
нысан бойынша ҰТО-ға ӛтініш жазады. 
49. Кандидаттарды тестілеу рәсіміне мемлекеттік орган ӛкілдері, сондай-ақ 
тестілеуді ӛткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалар тарапынан араласуға 
жол берілмейді. 
50. Тестілеуді ӛткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласындағы 
уәкілетті органның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жӛніндегі 
аумақтық департаментінің ӛкілдері қатарынан тәуелсіз байқаушы тартылады. 
51. Тестілеу электрондық форматта жүргізіледі. 
52. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) осы Қағидаларға 6-
қосымшаға сәйкес тестілеуге қатысатын адамдардың тізімін жасайды және 
тестілеу ӛткізу үшін ҰТО-ға жібереді. 
53. Ашықтықты және құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді 
ӛткізу орны бейне-аудио тіркеу камераларымен жабдықталады. 
54. Кандидат тестілеуді ӛткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын 
куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын 
сәйкестендіру жүргізіледі. 
55. Тестілеу басталмас бұрын жауапты адам кандидаттарға тестілеу кезіндегі 
кандидаттарға арналған мінез-құлық ережелерін түсіндіреді. 
56. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 
Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан 
Республикасының 
Заңын, 
"Педагог 
мәртебесі 
туралы" 
Қазақстан 
Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, "Басқарушылық 
құзыреттер", педагогика және психология бағытты бойынша тестілеуден ӛтеді. 
57. Тестілеу 100 сұрақтан тұрады: 
заңнаманы білуі бойынша – 75 сұрақ; 
"Басқарушылық құзыретіліктер" бағыты бойынша – 15 сұрақ; 
педагогика және психология негіздері бойынша – 10 сұрақ. 
58. Тестілеуден ӛту үшін шекті деңгей әрбір бағыт бойынша 70%-ды 
құрайды. 
59. Тестілеуге 180 минут беріледі. Тестілеуге бӛлінген уақыт аяқталғаннан 
кейін бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады. 
60. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан 
бойынша тестілеуден ӛткені туралы сертификатты ҰТО конкурс жариялаған 
мемлекеттік органға және кандидаттың жеке кабинетіне жібереді. 
61. Тестілеуден ӛткені туралы сертификат тестілеу тапсырған күннен бастап 
бір жыл бойы қолданылады. 
62. Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар конкурстық комиссияның 
шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді. 


63. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті 
деңгейді жинамаған кандидаттар тестілеуді тапсырған күннен бастап бір ай 
ӛткен соң қайта тестілеуден ӛтуге құқылы. 
64. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос 
лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛткеннен кейін үш 
жұмыс күні ішінде "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 
әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен ӛтеді. 
65. "Білім-инновация" лицейінің бірінші басшысының бос лауазымына 
орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛтуден, сондай-ақ кандидаттарды 
қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және қатысушылардың 
құжаттарын біліктілік бағалаудан кейін үш жұмыс күні ішінде "Білім-
инновация" халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден
сондай-ақ 
конкурс 
жариялаған 
мемлекеттік 
органның 
конкурстық 
комиссиясының отырысында әңгімелесуден ӛтеді. 
66. Арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына 
орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛткеннен кейін үш жұмыс күні 
ішінде Министрліктің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық 
ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша 
кезеңінен ӛтеді. 
67. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына 
орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛткеннен кейін үш жұмыс күні 
ішінде Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әңгімелесу 
нысанында келісудің қосымша кезеңінен ӛтеді. 
68. Тестілеу қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде конкурс 
жариялаған мемлекеттік органның пермоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 
қамқоршылық кеңеске кандидаттардың тізімдерін, олардың түйіндемелерінің 
кӛшірмелерін жібереді. 
69. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс 
күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының ӛтетін күні, 
уақыты мен орны туралы хабардар етеді. 
70. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткеннен кейін үш жұмыс 
күні ішінде Бос немесе уақытша бос лауазымға әрбір кандидаттың білім беру 
ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын тыңдайды және ұсынымдар 
шығарады. Қамқоршылық кеңестің барлық отырыстары аудио бейне жазбамен 
сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымында бірінші отырыс 
ӛткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады. 
71. Қамқоршылық кеңес қабылданған ұсынымдары тыңдау ӛткізілгеннен 
кейін келесі жұмыс күні конкурстық комиссияға ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет