Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Әңгімелесуді ӛткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата23.01.2023
өлшемі465.2 Kb.
#468626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
57-бұйрық.-Мемлекеттік-білім-беру-ұйымдарының-бірінші-басшылары-мен-педагогтерін-лауазымға-тағайындау

 4-параграф. Әңгімелесуді ӛткізу тәртібі 
72. Әңгімелесуден ӛту кезінде конкурстық комиссия мүшелері осы 
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тақырыптық бағыттар бойынша сұрақтарды 
тұжырымдайды. Әрбір кандидатқа осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан 


бойынша "Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына 
кандидаттың бағалау парағы" толтырылады. 
73. Әңгімелесу ӛткізу тәртібін комиссия дербес айқындайды. 
74. Конкурстан ӛтпеген кандидаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік 
орган үш жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындылары туралы жазбаша 
хабардар етеді. 
75. Әңгімелесуге қатысқан және конкурс жеңімпазынан кейін жоғары нәтиже 
кӛрсеткен кандидатты конкурстық комиссия қабылданған сәттен бастап бір 
жылға кадр резервіне алу үшін ұсынады. 
76. Кадр резервіне алынған кандидаттар бірінші басшының бос немесе 
уақытша бос лауазымдарын тағайындауға конкурс жарияланған кезде 
қамқоршылық кеңеспен келісу кезеңінен ӛтеді. 
77. Мектепке дейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының (ПМПК, ППТК, ОО), 
қосымша білім беру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы білім беру 
ұйымдарының 
бірінші 
басшыларының 
бос 
немесе 
уақытша 
бос 
лауазымдарының конкурсына қатысу үшін кадр резервіне алынған кандидаттар 
Мемлекеттік білім беру ұйымының даму жоспарын ұсына отырып, әңгімелесу 
кезеңінен ӛтеді. 
78. Конкурс қорытындылары бойынша Министрлік, облыстардың, 
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, 
аудандардың (қалалардың) білім бӛлімдері конкурстық комиссияның оң 
қорытындысын алған кандидатпен еңбек шартын жасасады және тағайындау 
туралы бұйрық шығарады. 
79. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші басшы лауазымға бес жыл 
мерзімге тағайындалады. 
80. Бес жылдық мерзім ӛткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының 
бірінші басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек 
заңнамасының нормаларына сәйкес реттеледі. 
81. Кандидаттар үш жұмыс күні ішінде конкурс құжаттарымен және 
комиссия шешімімен танысуға тиіс. 
82. Конкурстан ӛтпеген кандидаттардың құжаттары конкурсты жариялаған 
мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) бір 
жыл бойы сақталады. 
83. Бірінші басшының бос лауазымына тиісті кандидат айқындалмаған 
жағдайда конкурстық комиссияның шешімімен конкурс ӛткізілмеді деп 
танылады. 
84. Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны 
қамтамасыз ету комитетіне немесе аумақтық бӛлімшелеріне немесе сот 
тәртібімен конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысқан сәттен 
бастап үш ай ішінде шағым жасайды. 


85. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 
жергілікті атқарушы органдарының кадр қызметі тоқсан сайын Министрлікке 
конкурстың нәтижелері туралы есеп жібереді. 
86. Бірінші басшыны лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Еңбек 
кодексінің 49-бабында кӛзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. 
87. Бірінші басшыны лауазымынан босату облыстық білім беруді басқару 
органымен келісім бойынша жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет