"Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы



жүктеу 211.96 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі211.96 Kb.

"Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығы


"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 27, 225-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ережеге толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 3919 Жарлығы .
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi

Қазақстан Республикасы


Президентiнiң
2000 жылғы 10 наурыздағы
N 357 Жарлығымен
Бекiтiлген

Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ


Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "Мемлекеттiк орган басшысының", "Мемлекеттiк орган басшысы", "мемлекеттiк органның басшысы", "Мемлекеттiк органның басшысы", "мемлекеттiк орган басшысының" деген сөздер "Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның", "Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға", "осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға", "Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға", "осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
Осы Ереже мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеру мәселелерiн реттейдi.

1 бөлiм
Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң
мемлекеттiк қызмет өткеруi


1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлерге қойылатын талаптар

1. Мемлекеттiк саяси лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi және қызметiн ұйымдастыру

2. Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарымен , Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарымен, осы Ережемен, тиiстi мемлекеттiк орган туралы Ережемен және лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.


Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттiк саясатты айқындауға және iске асыруға жәрдемдесетiн шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған шешiмдердiң орындалу барысын бақылау;
3) мемлекеттiк және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшiн дербес жауапкершiлiк;
4) мемлекеттiк органның жұмысын басқару;
5) бағынысты мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысына басшылық жасау болып табылады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлерге мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарын қоса атқаруға жол берiлмейдi.

3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы

5. Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң өкiлеттiгi:


1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
2) мемлекеттiк орган таратылған;
3) мемлекеттiк саяси қызметшi өзiнiң табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер берген;
4) "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңда (бұдан әрi - Заң) белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамаған;
5) өзiне меншiк құқығы бойынша тиесiлi мүлiктi сенiмдi басқаруға бермеген ;
6) сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған;
7) мемлекеттiк саяси қызметшiге қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
8) жоғары тұрған басшылық мемлекеттiк саяси қызметшiнiң өз өкiлеттiгiнен бас тарту туралы жеке жазбаша өтiнiшi негiзiнде орнынан түсуiн қабылдаған;
9) атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау) құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиiстi шешiм қабылдаған;
10) республика заңдарында көзделген өзге де негiздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң өкiлеттiгi сол сияқты мемлекеттiк орган қайта құрылған, мемлекеттiк қызметшiлердiң саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн.
6. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздерде орнынан түсуге өтiнiш бередi. Егер орнынан түсудiң негiздерi заңдарда көзделмесе, мемлекеттiк саяси қызметшiлер еңбек заңдарында көзделген жалпы негiздер бойынша жұмыстан босатылады.
6-1. Үкiметтiң, министрдiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган басшысының орнынан түсуi орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соқпайды.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

2 бөлiм
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң
мемлекеттiк қызмет өткеруi


4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру

7. Мемлекеттiк органды құру кезеңiнде қызметтiк қажеттiлiк жағдайында бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, оған орналасуға конкурс өткiзу туралы мiндеттi хабарландыру жариялау шартымен, адамдар үш айдан аспайтын мерзiмге жұмысқа қабылдануы мүмкiн. Қабылданатын адамдардың саны мемлекеттiк органның штат санының 20 процентiнен аспауға тиiс.


Ұзартылуға жатпайтын осы мерзiм iшiнде аталмыш лауазым мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда белгiленген тәртiппен қамтылуға тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын мұндай адамдар мен оларды уақытша жұмысқа алған мемлекеттiк орган арасындағы еңбек қатынастары тек еңбек заңдарымен ғана реттеледi.
Бұл адамдардың еңбекақысының мөлшерi мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда осы лауазым үшiн көзделген шектi жоғарғы еңбекақы мөлшерiнен аспауға тиiс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2001.05.11. N 605 , 2007.11.27. N 446 Жарлықтарымен.
7-1. Мемлекеттiк органның қызметкерлерiн қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды қызметтiк өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды тұлға жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органда, еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жатқызылған қызметшiлердi қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметкерлерiн қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетiлген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
Бұл ретте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға орталық атқарушы органның департаменттерi мен басқармалары бастықтары, органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарларын орталық атқарушы орган басшысының келiсiмiнен кейiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы орган қызметшiлерiнiң еңбек қатынастарының мәселелерiн жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар шешедi.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға орталық атқарушы орган басшысының ведомстволар басшылары орынбасарларын тағайындауына келiсiм бередi, тағайындау үшiн оларды ведомстволар басшылары ұсынады.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
8. Жаңадан құрылған не басқа мемлекеттiк органда жұмыспен қамтылатын тұлғалар Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес өздерiнiң келiсуiмен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға өздерiнiң бiлiктiлiгiне сай конкурссыз тағайындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
9. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасу құқығын өз өкiлеттiгiн тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бұрынғы депутаттары, мәслихаттардың тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн депутаттары, мемлекеттiк саяси қызметшiлер мен судьялар, өз өкiлеттiктерiн жағымсыз себептер бойынша тоқтатқандарды қоспағанда, депутаттық, мемлекеттiк саяси қызметшiнiң немесе судьяның өкiлеттiгi тоқтатылған сәттен бастап бiр жыл бойы сақтайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
10. Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға осы Ереженiң 8 және 9-тармақтарында аталған адамдарды, әкiмшiлiк лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына осы адамдардың бiлiктiлiгi сәйкес келген жағдайда, қабылдауға құқығы бар. Осы адамдар бос лауазымға, егер оған орналасуға бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланбаған жағдайда ғана орналаса алады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
11. Әдетте, азамат мемлекеттiк қызметке белгiленбеген мерзiмге кiредi.
12. Еңбек шарты, әдетте, уақытша болмаған мемлекеттiк қызметшiлердiң орнын басу қажет болған жағдайларда жасалады. Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға, сондай-ақ еңбек шарты бойынша Заңда және еңбек заңдарында көзделген негiздермен ғана шектелуi мүмкiн басқа да жағдайларда азаматтарды бос орындарға қабылдай алады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
13. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлердiң саны мемлекеттiк органның штат санының 20 процентiнен аспауға тиiс.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
14. Еңбек шарты осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға айқындайтын мерзiмге жасалады және осы Ереженiң 12-тармағында көзделген жалғасып отырған қажеттiлiкке байланысты жағдайларда оның қолданылуы бiткеннен кейiн қайта жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
14-1. Азаматты мемлекеттiк қызметке еңбек шарты бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2003.04.21. N 1071 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.11.27. N 446 Жарлықтарымен.
15. Егер конкурс белгiлi жұмыс iстеу мерзiмi бар бос лауазымға өткiзiлсе, онда болжалды еңбек шартының бұл шарты конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуге тиiс.
16. Азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiн ресiмдеу кезiнде мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар талаптарын қамтамасыз етуге тиiс.
Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адамдарды бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, олардың мiндеттi арнайы тексеруден өткенi туралы нәтижелердi алған күнiне дейiн, жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдармен еңбек қатынастары осы Ереженiң 7-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтарына сәйкес реттеледi.
Ескерту. 16-тармақ толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2001.05.11. N 605 жарлығымен .
16-1. Басқа мемлекеттiк органдардан iссапарға жiберiлген әскери немесе арнайы атағы бар адамдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк және саяси қызметке кiруi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. P040826 , P070614
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2001.05.11. N 605 жарлығымен .
17. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi мемлекеттiк қызметке кiрген барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қызмет тiзiмiн ашады. Қызмет тiзiмiнiң нысанын мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi .
18. Мемлекеттiк қызметке кiрген мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қызмет куәлiгi берiледi.
4-1. Мемлекеттiк қызметшiнiң бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға ауыстыру тәртiбiмен орналасуы
Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2003.04.21. N 1071 , өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
18-1. Осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға осы мемлекеттiк органның немесе басқа мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiсiн тиiстi бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келгенде және мемлекеттiк қызметшiнiң өзi мен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi болғанда, ауыстыру тәртiбiмен бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына тағайындауға хақылы.
Ескерту. 18-1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
18-2. Мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызметшiнi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауыстыру тәртiбiмен тағайындауға келiсiм беру үшiн уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға ауыстыру тәртiбiмен орналасуға өтiнiшi;
2) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған, толтырылған қызмет тiзiмi.
Ескерту. 18-2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
18-3. Уәкiлеттi орган табыс етiлген құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) тағайындауға келiсiм бередi;
2) келiсiм беруден бас тартады.
18-4. Келiсiм беруден бас тартудың негiздерi мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына , Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi немесе осы Ереженiң 18-2-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi болып табылады.

5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi сынау мерзiмi

19. Сынау мерзiмi белгiленген жағдайларда сынау нәтижесiн қанағаттанғысыз деп тануға мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi тиiсiнше атқаруға қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.


20. Лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлетсiздiктi растайтын барлық фактiлердi мемлекеттiк органның кадр қызметi жазбаша тiркеп, сынау нәтижелерi туралы ұсыныста көрсетуге тиiс.
21. Сынау мерзiмiн өткерушi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге мемлекеттiк қызмет туралы заңдар қолданылады.

6. Еңбек қатынастарының туындауы және еңбек тәртiбi

22. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi оның тағайындалуы туралы бұйрықта көрсетiлген күннен бастап қызметте болып саналады.


23. Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк органның қызмет бейiнiне сәйкес мамандық бойынша оқитын мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiге қолданыстағы заңдардың талаптарына сай осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның шешiмi бойынша ақы төленетiн немесе ақы төленбейтiн оқу демалысы берiлуi мүмкiн.
24. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлгенде, оған Заңда көзделген iссапар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар қолданылады.
24-1. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқу бiтiрген адамдардың мемлекеттiк қызметтi өткеруiне мониторингтi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2003.04.21. N 1071 жарлығымен.

7. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет стажы

25. Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен саяси және әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдық жалақысын айқындау мақсатында мемлекеттiк қызмет стажы есептеп шығарылады.


26. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес, лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн стажға мемлекеттiк қызметте болған уақыттың бәрi кiредi.
27. Лауазымдық жалақы белгiлеуге құқық беретiн мемлекеттiк қызмет стажын есептеп шығару үшiн сол сияқты:
1) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының Қарулы Күштерiндегi, iшкi, шекара әскерлерiндегi, басқару органдарындағы және азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарының жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы, келеңсiз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет әскери қызметшiлерiнiң мерзiмдi әскери қызмет өткерген;
2) басшы құрамдағы адамдардың, жағымсыз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер, қаржы полициясы органдары жүйесiнде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет iстеген, судья болып немесе сот аппараттарында жауапты лауазымдарда iстеген, басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қызмет атқарған;
3) еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы алуға құқық беретiн лауазымдардағы, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарындағы, прокуратура, iшкi iстер, қаржы полициясы органдарындағы, КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк, ұлттық қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы жұмыс;
4) мемлекеттiк қызметте тұрған адамдардың бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оны күтуге берiлетiн iшiнара ақы төленетiн демалысы мен бала үш жасқа толғанға дейiн оны күтуге берiлетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалысының, сондай-ақ басқа да ақысыз демалыс түрлерiнiң
5) КСРО Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүйесiнде жұмыс iстеген;
6) егер шетелге жiберердiң алдында қызметшi мемлекеттiк қызметте болса және шетелден қайтып келген күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде, көшiп келу уақытын есептемегенде, мемлекеттiк қызметке кiрсе, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелдегi жұмыс;
7) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс;
8) басшы лауазымдардағы, мемлекеттiк ұйымдардағы мемлекеттiк қызмет мамандықтарымен бiрдей мамандықтар бойынша лауазымдардағы соңғы жұмыс орны;
9) мемлекеттiк органдар мен оның аппараттарына техникалық қызмет көрсетудi және жүзеге асырған жұмыс iстеуiн қамтамасыз еткен қызметкерлер қызметтерiндегi жұмыс, егер осы қызметтер заңдарға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарына жатқызылса;
10) егер қызметшi жiберiлгенге дейiн мемлекеттiк қызметте болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттердегi жұмыс;
11) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарда жұмыстан қол үзiп оқу, сондай-ақ, егер қызметшi оқуға түскенге дейiн мемлекеттiк қызметте болса және оны бiтiрген соң мемлекеттiк қызметке қайтып келсе, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелде оқу;
12) Қазақстан Республикасының Парламентi депутатының өкiлеттiгiн жүзеге асыру;
13) осы Ереженiң 7 және 16-тармақтарына сәйкес бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқаратын адамдардың жұмыс уақыты қосылады.
Ескерту. 27-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 2003.04.21. N 1071 жарлығымен .
Ескерту. 27-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 2004.03.29. N 1322 жарлығымен .
28. Мемлекеттiк қызметтегi жұмыс стажы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызмет өткерген жылдарына саналатын уақыт күнтiзбелiк санау арқылы есепке алынады.
29. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған қызметшiлерге стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осы құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
30. Мемлекеттiк қызмет стажын құрамын осы Ереженiң 7-1-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлға бекiтетiн еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия айқындайды.
Мемлекеттiк қызмет стажын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi дана етiп жасалады және бiр данасы кадр қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi. Кадр қызметi мемлекеттiк қызметшiнiң талап етуi бойынша оған комиссия шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн бередi және оны растайды.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
31. Мемлекеттiк қызмет стажын айқындау үшiн еңбек кiтапшасы немесе қызмет тiзiмi негiзгi құжат болып табылады. Еңбек кiтапшасы, қызмет тiзiмi болмаған ретте, сондай-ақ қажеттi жазба болмаған немесе жұмыс кезеңi туралы қате не дәл емес жазбалар болған жағдайда, еңбек стажын растауға анықтамалар, бұйрықтардан үзiндiлер, жеке шоттар мен жалақы беру тiзiмдерi және жұмыс кезеңдерi туралы деректер көрсетiлген өзге де құжаттар қабылданады. Мемлекеттiк қызмет стажын куәлардың айғақтарымен растау заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы

32. Басқару құрылымындағы өзгерiстер, лауазымдардың атауларын өзгерту жағдайлары, iс жүзiнде саны қысқартылмай және/немесе бұрын қолданылып келген еңбек шартының талаптары елеулi өзгертiлмей мемлекеттiк органның штатын қысқарту әкiмшiлiк қызметшiнiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы және конкурс өткiзу үшiн негiздер болып табылмайды.


Мұндай жағдайда әкiмшiлiк қызметшiлер бұрын болған лауазымдағы еңбек шартының талаптарына сәйкес келетiн (толық немесе едәуiр бөлiгiнде) жаңа штат бойынша лауазымдарда жұмысын жалғастыра бередi.

.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет