Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының



бет2/3
Дата29.02.2016
өлшемі457.44 Kb.
#29498
1   2   3
№ 484-II (бұр.ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2009.08.12. № 226-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10- бап өзгертілді; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер

1. Мемлекеттік қызметшiнiң:

1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. Мемлекеттік қызметшi мүлiктi сенімгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлiктi сенімгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады.

Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын үйлерін мүліктік жалдауға беруге құқылы.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды



2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және оларды сенімгерлік басқаруға арналған, нотариат куәландырған шарттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

3-1. Мемлекеттік қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеулер көзделуi мүмкiн.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметке:

1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған;

3) біліктілік талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттік қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

6) мемлекеттік қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

6-1) мемлекеттік қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;



2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген;

9) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған;

ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды қабылдауға болмайды.

5. 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру



ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

11-бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру

Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң мемлекеттік қызметке кіруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12- бап өзгертілді

12-бап. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке кіру құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртібімен мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

4. Мемлекеттік қызметке кіру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенімiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.

5. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 13-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара)



13-бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезiнде қойылатын талаптар

1. Мемлекеттік қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3) қажеттi білімi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Азамат мемлекеттік қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

ҚР 04.06.01 ж. № 204-II; 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14- бап өзгертілді

 14-бап. Мемлекеттік әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс

1. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізудiң шарттары мен тәртібін, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін өткізеді.

Конкурс орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомостволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.

4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.

5. алып тасталды

6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кіруге бас тартылуға негiз болып табылады.

7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік әкiмшілiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттік қызметке кіру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.

9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттік қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.

10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.

11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15- бап өзгертілді



15-бап. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға кіру кезіндегі сынақ

1. Мемлекеттік әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.

2. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

3. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.

4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттік қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттік қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.

2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16- бап өзгертілді

16-бап. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттау

Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттік органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртібі мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.

 

17-бап. Жұмыс уақыты

1. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тұтас алғанда мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкімі бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 18-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)



18-бап. Iссапарлар кезіндегі кепiлдiктер мен өтемақылар

1. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының үкіметі белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған шығындары өтеледi.

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөніндегі шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.

2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттік қызметшілердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.

2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 18-1- баппен толықтырылды

18-1-бап. Ротация

Мемлекеттік қызметте мемлекеттік саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн. Мемлекеттік саяси қызметшiлердi ротациялаудың тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

 

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды



18-2 бап. Мүдделер қақтығысы

1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады.

2. Мемлекеттік қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.

3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттік қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.



Тiкелей басшысы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:

1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;

2) мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң келісімi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.

4. Мемлекеттік қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет