Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


Ұжымдық шартқа қосымшалар тізімі



бет11/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

Ұжымдық шартқа қосымшалар тізімі:


1. Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері.
2. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы ереже.
3. Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу және жұмыс берушінің актілерін қабылдау кезінде сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірін алу тәртібі
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы ереже
5. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
6.Зиянды, қауіпті, ауыр жағдайлардағы жұмыстары үшін қосымша ақыға, жыл сайынғы қосымша еңбек демалысына құқықтары бар қызметкерлер тізімі
7. Мемлекеттік білім ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесі
8. Толық материалдық жауапкершілік туралы шарт.
9. Арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз етілетін қызметкерлердің кәсіптері мен лауазымдарының тізімі
10. Қызметкерлерге жуу және зарарсыздандыру құралдарын тегін беру нормалары, оларды беру шарттары
11. Сабын, жуу және зарарсыздандыру құралдарын тегін алуға құқық беретін жұмыстар мен кәсіптер тізімі
12. Еңбекті қорғау жөніндегі келісім.
13. Өндірістік кеңес туралы ереже.
14. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы ереже.



1 қосымша


ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ



  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ішкі еңбек тәртіптемесінің Ережелері ҚР Еңбек кодексіне, ҚР «Білім туралы» заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, ұжымдық шартқа сәйкес әзірленді.


1.2. Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі (әрі қарай – Ереже) – ҚР ЕК сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібін, еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, жұмыс режимін, тынығу уақытын, қызметкерлерге қолданылатын ынталандыру және жазалау шараларын, сондай-ақ аталған жұмыс берушідегі еңбек қатынастарын басқарудың өзге де мәселелерін реттейтін жұмыс берушінің акті болып табылады.
1.3. Ереженің мақсаты еңбек тәртібін нығайтуға, еңбекті тиімді ұйымдастыруға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға, еңбектің жоғары сапасына қол жеткізу үшін жағдай жасауға, еңбекті қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға септігін тигізу болып табылады.
1.4. Осы Ережені жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет