Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


XI. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау



бет10/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

XI. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау
және тараптардың жауапкершілігі

11.1. Осы ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды тараптар мен олардың өкілдері жүзеге асырады.


11.2. Тараптар өкілдері ұжымдық шартты жасау, өзгерту жөнінде ұжымдық келіссөздерге қатысудан бас тартқаны үшін, ұжымдық келіссөздерді жүргізуге және ұжымдық шарттың ережелерін қадағалауға бақылауды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты бермегені үшін, ұжымдық шартпен көзделген міндеттемелерді бұзғаны немесе орындамағаны үшін, басқа құқыққа қарсы әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
11.3. Тараптар келісті:
11.3.1. Жұмыс беруші ұжымдық шартқа қол қойылған күннен бастап оны 10 күн ішінде мемлекеттік еңбек инспекциясына мониторинг үшін тіркеуге жібереді.
11.3.2. Осы ұжымдық шартты орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бірлесіп әзірлейді.
11.3.3. Ұжымдық шартты және оның ережелерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға бақылау жүргізеді және бақылау нәтижелері туралы жыл сайын колледж қызметкерлерінің жалпы жиналысында есеп береді.
11.3.4. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімінде туындаған, оның орындалуымен байланысты барлық келіспеушіліктер мен жанжалдарды екі апта мерзімде қарайды.
11.3.5. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің заңнамамен белгіленген тәртібін қадағалайды, жанжалдың пайда болу себептерін болдырмау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.
11.3.6. Ұжымдық шарттың міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда, кінәлі тарап немесе кінәлі тұлғалар заңнамамен көзделген тәртіпте жауапқа тартылады.
11.3.7. Жаңа ұжымдық шартты жасау жөніндегі келіссөздер, осы ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын басталады.


Шарттың жасалған күні: «____» __________ 201____ жыл.


Осы ұжымдық шартқа қол қойғандар:


Директор
_______________________________
«______» ___________ 20____ ж.
М.О.




Бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрағасы

_______________________________


«______» ___________ 20____ж.
М.О.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет