Мемлекеттік мекемесі



Pdf көрінісі
бет31/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т

 
Тапсырма №15 
 
1.Екі айлақтан бір уақытта бір–біріне қарсы екі теплоход шықты. Айлақтардың 
арасы 210 км. Бірінің жылдамдығы 30 км/сағ, екіншісінікі 40 км/сағ. 
Теплоходтар неше сағаттан кейін кездеседі? 
А) 2 сағ 
В) 2,5 сағ 
С)3 сағ D)3,5 сағ Е) 4 сағ 
2. Екі қаладан бір-біріне қарай екі пойыз жолға шықты. Кездескенше бірінші 
пойыз 78 км, ал екінші пойыз біріншіден 3 есе артық жол жүрді. Екі қаланың 
ара қашықтығы қанша? 


83 
A) 78 км B) 234 км C) 312 км D) 390 км E) 200 км 
3. Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5 м жоғары көтеріледі де, түнде 3 м 
сырғанап төмен түседі. Ағаштың биіктігі 25 м болса, ұлу ағаштың басына неше 
күнде жетеді? 
A) 9 
B) 10 
C) 11 D) 12 
E) 13 
4. Шылаушын (құрт) ағашқа өрмелеп барады. Түнде ол 4 м жоғарыға 
көтеріледі, ал күндіз 2 м төмен түседі. Жетінші түнде шылаушын ағаштың 
төбесіне шықты. Ағаштың биіктігі қанша метр екенін табыңыз? 
A) 13 
B) 14 
C) 15
D) 16 
E) 17 
5. Торғай өзінен 7,4 м қашықтықта 3,7 м/с жылдамдықпен ұшып бара жатқан 
инелікті қуды. Торғайдың ұшу жылдамдығы 5,8 м/с. 1 секундтан соң торғай 
мен инеліктің арасы неше метр болды? 
А) 5,8 м 
В) 5,3 м
С) 4,2 м D) 2,1 м 
Е) 2 м 
6.Профессор және студент бір үйде тұрады және институтқа жаяу барады. 
Студент институтқа 20 минутта, ал прфессор 30 минутта жетеді. Егер 
профессор студентке қарағанда 5 мин ерте шығатын болса, онда студент оны 
неше минутта қуып жетеді? 
А) 8 мин В) 10 мин С) 12 мин D) 14 мин Е) 16 мин 
7.Бір қаладан бір бағытта 2 поезд шықты. Бірінші поездің жылдамдығы 60 
км/сағ, екіншісі – 90 км/сағ жылдамдығымен, одан 2 сағ кеш шығады. Қанша 
сағаттан кейін екінші поезд біріншімен қатар болады? 
А) 2 
В) 3 С) 4 D) 5 Е) 6 
8. Велосипедші жаяу адамның артынан бара жатыр. Алғашқыда олардың арасы 
16 км. Егер велосипедшінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал жаяу адамның 
жылдамдығы 4 км/сағ болса, велосипедші жаяу адамды қанша уақыттан кейін 
жетіп алады? 
А) 2 
В) 3 С) 4 D) 5 Е) 6 
9.Әсел мектепке жаяу келіп, қайтқанда автобусқа мінсе, онда ол барлық жолға 
1,5 сағ жұмсайды. Егер екі жағына да автобуспен барса, барлық жолына 40 
минут жұмсайды. Егер Әсел мектепке жаяу барып жаяу келсе барлық жолға 
қанша уақыт жұмсайды? 
A) 2 сағ B) 2 сағ 10 мин C) 2 сағ 30 мин D) 2 сағ 40 мин E) 2 сағ 20 мин 
10.Ауылдан жаяу адам шықты. Ол 12 км жүргенде ауылдан 9 км/сағ 
жылдамдықпен велосипедші шығып, жаяуды 3 сағатта қуып жетті. Жаяу 
адамның жылдамдығын табыңыз. 
А) 2 км/сағ В) 3 км/сағ С) 4 км/сағ D) 5 км/сағ Е) 6 км/сағ 
11.Қаладан 15 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Бірнеше сағат 
өткеннен кейін сол қаладан автобус 45 км/сағ жылдамдығымен шығып қаладан 


84 
90 км қашықтықта қуып жетті. Велосипедші неше сағатқа ерте шықты? 
А) 2 
В) 3 С) 4 D) 5 Е) 6 
12. Кенгуру 1 секундта 3 м-ге секіреді, ал баласы 1 м-ге 0,5 секундта секіреді. 
Олар үйдің жанынан көпірге дейін секіруді бірге бастады. Үйдің жанынын 
көпірге дейінгі арақашықтық 180 м болса, кенгуру көпірдің жанында баласын 
қанша уақыт күтеді? 
A) 10 с B) 60 с C) 120 с D) 30 с E) 0 с 
13.Түлкі тышқанды көрді. Түлкі 4 рет секіргенде, тышқанға жетер еді, бірақ 
тышқан қаша жөнелді. Түлкінің бір секіру ұзындығы тышқанның 12 қадамына 
тең. Егер түлкі бір рет секірген уақытта тышқан 4 қадам жасаса, түлкі неше рет 
секіргенде қуып жетеді? 
А) 5 
В) 6 С) 7 D) 8 Е) 9 
14.Торғай өзінен 8,4 м қашықтықта 3,7 м/с жылдамдықпен ұшып бара жатқан 
инелікті қуды. Торғайдың ұшу жылдамдығы 5,8 м/с. 1 секундтан соң торғай 
мен инеліктің арасы неше метр болды? 
А) 6,8 м 
В) 6,3 м С) 5,2 м D) 4,1 м Е) 6 м 
15. Қасқыр өзінен 83 м қашықтықтағы түлкіні 
м/с жылдамдықпен қуды. 
Түлкі қасқырдан 10 м/с жылдамдықпен қашты. Қасқыр түлкіні неше секундтан 
кейін қуып жетеді? 
А) 14 с В) 30с С) 22с D) 12 с Е) 28с 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет