Мемлекеттік мүлік туралы


-бап. Соғыс іс-қимылдарын жүргізу кезінде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері



бет7/23
Дата20.12.2019
өлшемі156.32 Kb.
#447727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
мем мулік

51-бап. Соғыс іс-қимылдарын жүргізу кезінде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері


      1. Соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлімдердің мұқтажы үшін реквизициялауды ерекше жағдайларда әскери бөлімнің командирі дербес жүргізеді.


      2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүргізіледі, ол:


      1) реквизициялау үшін негіз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;


      2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;


      3) реквизициялауды жүргізетін әскери бөлім командирінің лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауды тағайындалған тұлға жүргізетін болса, реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;


      4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;


      5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.


      3. Бір данасы реквизицияланған мүліктің меншік иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.


      4. Әскери бөлімнің командирі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына реквизициялау туралы есеп пен актілерді қоса бере отырып, жүргізілген реквизициялау туралы дереу хабарлауға міндетті.


      Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     


52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүліктің өтемін төлеу


      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы реквизицияланған мүліктің меншік иелеріне кейіннен өтем жасау үшін мүліктің алып қойылғаны туралы есептерді және реквизициялау туралы актілерді қоса бере отырып, қорғаныс мұқтаждары үшін жүргізілген реквизициялау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлауға міндетті.


      2. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікке өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан төленеді.


      3. Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүлкінің құнын мемлекеттiң өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


      Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     


53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын және қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікті есепке алу


      1. Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің соғыс уақытына арналған қажеттілігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялануы мүмкін көлік құралдары мен өзге де мүлікті есепке алуды жүзеге асырады.


      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті есепке алу мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.


      3. Мүліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізетін мемлекеттік органдардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікке қатысты ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


      4. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлікті есепке алу осы мүлікті бейбіт уақытта еркін иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын шектеуге тиіс емес.


      5. Реквизицияланған мүлікті бастапқы есепке алуды реквизициялауды жүргізген жергілікті әскери басқару органдары немесе әскери бөлімдердің командирлері (мекемелердің бастықтары) жүргізеді, олар алып қойылған мүліктің тізбесін және реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген әскери бөлімдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтерді анықтауға тиіс.


      6. Қорғаныс мұқтаждары үшін берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы ұйымдастырады.


      Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


5-тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЛУ

54-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері


      1. Мемлекет меншігіне алу тиісті заң тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшін жүзеге асырылуы және мемлекет меншігіне алынатын мүлік пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсітусіз жүргізілуі мүмкін.


      2. Мемлекет меншігіне алу жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы (ерекше нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де мүмкін болатын нысандары толық біткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.


      3. Мемлекет меншігіне алу мемлекет меншігіне алу рәсімдерінің жариялылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

55-бап. Мемлекет меншігіне алудың негіздері


      Мемлекет меншігіне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке өндіріп алу туралы заңының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңы) негізінде жүзеге асырылады.

56-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын өтеу мөлшері


      1. Мемлекет меншігіне алған кезде мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабының 4-тармағына және 266-бабына сәйкес өтелуге жатады.


      2. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесіне төленетін өтемнің мөлшері мүліктің нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалады.


      3. Өтем мөлшері бағалау жүргізген күнге айқындалады.


      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


57-бап. Өтем төлеу тәртібі


      1. Мүліктің құнын және басқа залалдарды өтеу мемлекет меншігіне алынатын мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.


      2. Өтемді төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, ал Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетел валютасымен төленеді.


      3. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.


      4. Өтемді өзге мүлікпен төлеуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы Қазақстан Республикасы мен мүліктің меншік иесінің арасындағы келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жазбаша нысанда жасалуға тиіс.


      5. Өтем төлеу бір мезгілде жүргізіледі, өтемді бөліп-бөліп төлеуді көздейтін мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.


      6. Мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде беру мемлекет меншігіне алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғалар тең құнымен өтем алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы


      Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік органдардың функциялары


      1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде қабылдауға байланысты барлық қажетті іс-қимылдарды жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлік туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.


      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншігіне алынған мүліктің меншік иесі құқықтарын жүзеге асырады.


      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет меншігіне алынған мүлікті республикалық заңды тұлғаларға бекітіп береді не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеуге береді.


      5. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен берілген кезге дейін жүзеге асырады.


      6. Республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген, мемлекет меншігіне алынған мүліктің тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті берген кезден бастап жүзеге асырады.

60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау


      Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет меншігіне алынатын мүлікке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.

6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ




      Ескерту. 6-тараудың бүкіл мәтіні бойынша "алып қоюға", "Алып қойылатын", "алып қоюдан", "алып қойылатын", "алып қою", "алып қойылғаннан", "алып қойған" деген сөздер тиісінше "иеліктен шығаруға", "Иеліктен шығарылатын", "иеліктен шығарудан", "иеліктен шығарылатын", "иеліктен шығару", "иеліктен шығарылғаннан", "иеліктен шығарған" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары


      1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару тек қана жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.



      Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.


      2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерінің жариялылығы сақталған кезде жүргізілуі мүмкін. Иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесі тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.


      3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы болады.


      4. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.


      5. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдағаннан кейін осы Заңның 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.


      6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жер учаскесі жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.


      Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері


      1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.


      2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.


      3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін мүлікті кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтін мүлікті өзге де иеліктен шығару мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлікті иеліктен шығаруға мүліктің меншік иесі мен коммерциялық мақсаттарды көздейтін тұлға арасындағы келісім бойынша олардың арасында жасалған мүлікті сатып алу-сату шарты негізінде жол беріледі.


      4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.


      5. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының күшін жою үшін негіз болып табылады.

62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары


      1. Осы бапқа қатысты тең бағамен өтеу деп алып қойылған кезге дейінгі жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті пайдаланудың қолда бар шарттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің (болған кезде) құнын өтеу мөлшерін белгілеу түсініледі.


      2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағамен өтеу жүргізіледі.


      3. Тең бағамен өтеу мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі:


      1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру;



      2) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу.



      Ескерту. 6-тарау 62-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары


      1. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру келтiрiлген залалдар (болған кезде) өтеліп, иеліктен шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері, оның нысаналы мақсаты, алаңы ескеріле отырып жүзеге асырылады.


      Бұл ретте тең бағадағы жер учаскесі жер учаскесін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілуге тиіс. Елді мекен шегіндегі мұндай жер учаскесінің орналасқан жері осы Заңның 64-бабына сәйкес жіберілетін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасында айқындалады.


      2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тұрғын үйді бұзған кезде өзге жылжымайтын мүлікті беру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


      3. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында (1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын қоспағанда) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


      Бұл ретте меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесі берілген кезде жерге орналастыру жұмыстарына арналған шығыстар бюджет қаражатынан қаржыландырылады.


      4. Орнына берілетін мемлекет меншігіндегі жер учаскесінің бағасын бағалаушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізгеннен кейін оның нарықтық құны бойынша айқындайды.


      5. Егер иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны орнына берілетін жер учаскесінің құнынан жоғары болса, онда олардың құнының айырмасы меншік иесіне өтеледі.


      Ескерту. 6-тарау 62-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы


      1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданады.


      2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:


      1) мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен негіздері;


      2) жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;


      3) мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы;


      4) мәжбүрлеп иеліктен шығару күні көрсетіледі, бірақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс;


      5) келісім рәсімдерін жүзеге асыру асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны көрсетіледі.


      Егер көрсетілген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі бұл қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.



      Көрсетілген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.


      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшін, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтіру үшін материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерін білдіруді жер учаскесі орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.


      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтатуға құқылы.


      5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.


      6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.


      7. Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген болса, меншік иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесіне жеке меншік құқығын растау бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыра алады.


      Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады.



      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет