3-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу
3.1-мақсат. Бала туудың өсуіне ықпал ету
Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 003, 005, 008, 012,028, 033
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
өлшем бiрлiгi
|
Есептi кезең
|
Қол жеткізілмеу себептері
|
жоспар
|
дерек
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты)
|
ДСӘДМ
деректері,
статдеректер
|
%
|
82,5
|
86,2
|
Көрсеткіш 104,5% орындалды, алдын ала деректер
|
2. Табысы аз отбасылардан шыққан 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатысты)
|
ДСӘДМ
деректері,
статдеректер
|
%
|
10,0
|
9,6
|
Көрсеткіш орындалды (теріс динамика – оң әсер), алдын ала деректер
|
3.1.1-міндет. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау
|
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
Ақпарат көзi
|
өлшем бiрлiгi
|
Есептi кезең
|
Қол жеткізілмеу себептері
|
жоспар
|
дерек
|
|
1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны (МБЖ) алушылардың өткен жылға қатынасы
|
ДСӘДМ
деректері
|
өткен жылға %-бен
|
99
|
98
|
Көрсеткіш 101% орындалды (теріс динамика –оң әсер)
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
Орындалуы
|
1. Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін:
1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда МӘСҚ-тан берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
2) балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау шарттарын өзгерту және толықтыру бойынша (шартты төлемдерге ауысу) ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу негізінде дамыту
|
Әйелдерді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйсімен қамтуды кеңейту мақсатында жұмыс істейтін, балалары бар әйелдер үшін екідеңгейлі төлем жүйесін құру мүмкіндігі талдау жасалды.
Талдау ставканың 0,3-ке дейін азаюына қарамастан, ӘТ бк есептеудің жаңа формуласын енгізу және ӘТ бк мөлшерін күтім жасау бойынша жәрдемақының деңгейіне дейін жеткізу бойынша нормаларды алып тастау, МӘСҚ 2055 жылы (ТАК 0,4 болған кезде) немесе 2056 жылы (ТАК -0,3 болған кезде) қаржылық тұрақсыздықты болжамдайды.
Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін екідеңгейлі әлеуметтік қорғауды енгізу уақытынан бұрын болып табылады.
Сонымен бірге, МӘСҚ-ның Актуарийлiк есептеулер және инвестициялық басқаруды бағалау департаменті жүргізген актуарийлік талдау мен актуарийлік модельдеу негізінде баланың күтіміне байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдердің кезеңін бір жарым жасқа толғанға дейін арттыру мәселесі қаралды.
Актуарийлiк есептеулер негізінде ӘТ бк кезеңін 1 жылдан 1,5 жылға дейін арттырылған жағдайда Қордың қаржылық тұрақтылығы 2024 жылы бұзылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақылығын ұзақмерзімді перспективада қамтамасыз ету үшін әлеуметтік аударымдардың ставкасын 2020 жылдан бастап ағымдағы 5 %-дан 5,7 %-ға дейін арттыру қажет. Бұл жұмыс берушілерге жүктеменің артуына немесе жергілікті бюджетке әлеуметтік салық түсімдерінің қысқаруына әкеп соғады.
Бұдан басқа, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет ӘТ бк алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) субсидиялауды жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы әйелдерді әлеуметтік қорғауды нығайту үшін және іске асыру шеңберінде ӘТ бк алу кезеңінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің 5 %-дық зейнетақы жарналарын субсидиялауды енгізу жоспарлануда.
Осылай, ӘТ бк кезеңін 1 жылдан 1,5 жылға дейін арттыруына байланысты шығындардың өсуімен қатар Қордан МЗЖ және ЖМЗЖ субсидиялауды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етеді.
(Жүргізілген жұмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі С. Жақыпованың атына талдамалық жазбалар ұсынылған)
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Президентімен бес институциялдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру аясында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылды.
Заң нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% төмен отбасыларға еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімделу шараларына міндетті түрде қатысу шарттарымен жасасқан әлеуметтік келісімшарт негізінде жаңа Атаулы әлеуметтік көмек енгізуді (бұдан әрі -АӘК) қарастырады.
Жаңа форматтағы АӘК:
а) арнаулы мемлекеттік жәрдемақының (АМЖ);
б) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақының;
в) аз қамтылған үй шаруашылықтарына көрсетілетін атаулы мемлекеттік жәрдемақының орнына көрсетілетін болады.
АӘК тағайындау үшін кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-нан 50%-на ұлғайту төлем сомасын да ұлғайтады. Бүгінгі күні 4 және одан көп баласы бар отбасылар жалпы отбасына АМЖ –ның бекітілген 8246 теңгесін алады.
Заңнаманың өзгерістеріне сәйкес АӘК отбасының еңбекке қабілетті отбасы мүшесімен келісімшарт жасасу және отбасының табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% -нан төмен болған жағдайда әр бір отбасы мүшесіне тағайындалады.
АӘК 2 түрге классификацияланады: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшесі жоқ аз қамтылған отбасыларға (тұлғаларға) тағайындалады.
Шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысу шарттарымен жасасқан әлеуметтік келісімшарт негізінде тағайындалады.
2014 жылдан бастап бұл модель республикалық бюджет қаражаты есебінен пилоттық режимде үш облыста (Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан) іске асырылуда.
2015 жылғы 1 шілдеден бастап пилоттың географиясы тағы да жергілікті бюджет қаражаты есебінен 38 пилоттық аудан және қалаға ұлғайтылды.
|
2. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру
|
|
4-стратегиялық бағыт. Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу
|
2.1-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру
Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 002, 035, 036, 039, 044, 046
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
өлшем бiрлiгi
|
Есептi кезең
|
Қол жеткізілмеу себептері
|
жоспар
|
дерек
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Жұмыссыздық деңгейі
|
статдеректер
|
%
|
5,0
|
5,0
(4 тоқсан. 2015 ж.)
|
Көрсеткіш орындалды (алдын ала деректер)
|
2. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі
|
статдеректер
|
%
|
5,5
|
5,6
(4 тоқсан 2015ж.)
|
Көрсеткіш орындалды (алдын ала деректер)
|
3. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28)
|
статдеректер
|
%
|
4,6
|
4,5
(4 тоқсан 2015ж.)
|
Көрсеткіш орындалды (алдын ала деректер)
|
4. «Әйелдердiң жұмыс күшiнде алатын орны» көрсеткiшi бойынша Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаhандық индексiнiң (БЖИ) позициясы:
|
статдеректер
|
позиция
|
24
|
25
|
Көрсеткіш орындалған жоқ
Сонымен қатар, көрсеткіш есепті кезеңде Қазақстанның бәсекелік артықшылығы (18-орын) болып қала беретін «Еңбек нарығының тиімділігі» субиндексінің компоненті болып табылады.
|
4.1.1-міндет. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру
|
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
өлшем бiрлiгi
|
Есептi кезең
|
Қол жеткізілмеу себептері
|
жоспар
|
дерек
|
1. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (ЖЖК 2020) шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтаған қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлес салмағы
|
ДСӘДМ
деректері
|
%
|
69,5
|
80,3
|
Көрсеткіш 115,5% орындалды
|
2. ӨДБ шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтаған қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлес салмағы
|
ДСӘДМ
деректері
|
%
|
61,0
|
66,8
|
Көрсеткіш 109,5% орындалды
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
| -
Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарына қажеттілікті айқындау
|
Мемлекет басышысының тапсырмасына сәйкес Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ретроспективалық кезеңде еңбек нарығының жай-күйін талдады және арнайы әзірленген Әдістеменің негізінде 2015-2019 жылдары оны дамыту болжамы қалыптастырылды.
Жалпы картинаны қалыптастырудың үш негізгі көзін пайдалануды болжаған кезде:
1) қысқа мерзімді болжам (бір жылға) – бұл өз қызметін дамыту жөніндегі бизнестің жоспарларын және кәсіпорындарда сауалнама жүргізу арқылы олардың кадрларға іс-жүзіндегі қажеттілігін айқындау;
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 26%-ы ірі бизнесті, және 74 %-ы орта және шағын кәсіпорынды құрайтын 3767 кәсіпорында (613 мың қызметкер жұмыс істейтін) сауалнама жүргізілді. Қысқа мерзімді болжамға сәйкес 2015 жылғы кадрларға қажеттіліктің 95 %-ы кәсіби біліктілігі төмен мамандықтарға келеді. Бұл ретте, осындай кадрларға көп қажеттілік өңдеуші өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және құрылысқа (73%-ға жуық) қажет.
2) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық болжамының деректерін ескере отырып, қалыптастырылатын ұзақ мерзімді болжам (5 жылға), ол арқылы елдің өңірлері бөлінісінде экономиканың әр түрлі секторында жұмыспен қамтуды айқындауға болады;
Ағымдағы жылы Министрлік Экономикалық зерттеулер әзірлеген динамикалық теңдіктің макроэкономикалық моделінің негізінде республика бойынша еңбек нарығын дамытудың бес жылдық (2015-2019 жылдар) болжамын даярлады. Болжам соңғы бес жылдағы трендтердің талдауын ескере отырып, 133 қызмет, лауазым және кәсіп тобы бойынша экономиканың 19 секторының бөлінісінде жүзеге асырылды.
Аталған болжам бойынша (ұзақ мерзімді болжам) еңбекке деген сұраныстың күтілетін өсімі 2014 жылға қарағанда ағымдағы жылы – 132 мың адамды, ал 2020 жылға қарай (алты жылда) 817 мың адамды құрайды.
Бұл ретте, әлемдік трендке сәйкес қызмет көрсету секторының үлесі өсуде және 2020 жылы 2014 жылғы 60% -бен салыстырғанда барлық жұмыспен қамтылғандар санының 65 % -ын алатын болады.
Сондай-ақ, білікті қызметкерлерге қажеттілік: кадрларға жалпы қажеттілік өнеркәсіптің білікті жұмысшылары - 2015 жылғы 16 %-дан 2020 жылғы 21%-ға дейін, қызмет көрсету саласының қызметкерлері – 11 %-дан 21%-ға дейін, тиісінше операторлар, аппаратшылар және оған ұқсас кәсіптер – 10,5 %-дан 13%-ға дейін өсетін болады.
Болжаудың нәтижелері бойынша өңірлер бөлінісінде еңбекке деген сұрансытың көп өсімі Алматы қаласында (16,7%) және Алматы облысында (24,2%) күтіледі, жиынтығында 21 %-ды немесе 372 мың адам.
| -
Кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысу
|
Мемлекеттік органдар 045 «Кәсіптік стандарттарды әзірлеу» бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде:
2014 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігмен (бұдан әрі – Министрлік) келісілген 88 кәсіптік стандарт әзірленді немесе жоспарға сәйкес 100 %. Аталған бағдарлама бойынша шығыстар 75 908,0 мың теңгені, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша 56 301,0 мың теңгені; Министрлік бойынша – 19 607,0 мың теңгені құрады;
2015 жылы Министрлікпен келісілген 38 кәсіптік стандарт әзірленді немесе жоспарға сәйкес 100 %. Аталған бағдарлама бойынша шығыстар 69 184,0 мың теңгені құрады.
| -
ЖЖК 2020 және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіби оқытудан өтетін адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету
|
Кәсіптік оқытуға 2015 жылы республикалық бюджеттен 3 254,7 млн. теңге бөлінді. Есепті күнге 3 247,1 млн. теңге игерілді, бұл жылдық соманың 99,8 %-ын құрайды. Кәсіптік оқыту 98 білім беру ұйымында жүзеге асырылады. Оқытумен барлығы 14 015 адам қамтылды.
Оқытуға шығыстар Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына (ДСӘДМ-ң 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылды.
Кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді:
орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген стипендия, сондай-ақ:
1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге:
- облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кәсіптік даярлаудан өту үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту үшін 2 АЕК мөлшерінде;
- Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын орындар облысының шегінен тыс елді мекендерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде 1000 км дейінгі ара қашықтыққа 8 АЕК мөлшерінде, 1000 км асатын ара қашықтыққа 12 АЕК мөлшерінде;
- 2) Астана және Алматы қалаларынан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан басқа барлық облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек берілді.
| -
Нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты кәсіптік оқытумен қамтуды ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыру
|
Кәсіптік оқытуға 2015 жылы республикалық бюджеттен 3 254,7 млн. теңге бөлінді. Есепті күнге 3 247,1 млн. теңге игерілді, бұл жылдық соманың 99,8 %-ын құрайды. Кәсіптік оқыту 98 білім беру ұйымында жүзеге асырылады.
Оқытумен барлығы 14 015 адам (бұл ретте алдыңғы жылдардан оқытуды жалғастырғандар – 12 529 адам, жаңадан қабылданғандар – 1486 адам), оның ішінде:
- кәсіптік даярлаумен - 12 554 адам (бұл ретте алдыңғы жылдардан оқытуды жалғастырғандар – 12 529 адам, жаңадан қабылданғандар – 25 адам);
- қайта даярлаумен – 1 401 адам;
- біліктілік арттырумен - 60 адам қамтылды.
2016 жылдың 1 қаңтарында 13 323 адам оқуды аяқтады, олардың 10 703-і (80,3%-ы) жұмысқа орналасқан.
Жұмысқа орналасқандардың жалпы санынан тұрақты жұмыс орындарына 10 131 адам (94,6%) тұрақты жұмыс орындарына, 29 адам (0,3%) әлеуметтік жұмыс орындарына және 543 адам (5,1%) жастар практикасына жұмысқа орналасты.
Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде кәсіптік оқытуға 13 611 адам жіберілді, өтпелі контингентті ескере отырып, олардың ішінде 20 799 адам оқытуды аяқтады. Оқытуды аяқтағандар қатарындағы 13 904 адам немесе 66,8% жұмысқа орналасқан.
2015 жылы ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 947 адам кәсіптік оқытумен қамтылды.
Сонымен қатар, шараларды іске асыру есебінен нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықтың саны 750,3 мың адамнан (2014 жылдың 3-тоқсаны) 536,5 мың адамға дейін (2015 жылдың 3-тоқсаны) төмендеді.
|
4.1.2-міндет. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушылар мен табысы аз адамдардың белсенділігін арттыру
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. ЖЖК 2020 қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған азаматтардың үлесі
|
ДСӘДМ
деректері
|
%
|
79,0
|
99,1
|
Көрсеткіш 125,4% орындалды
|
3-2. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған адамдар қатарындағы ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған әйелдердің үлесі
|
ДСӘДМ
деректері
|
%
|
46,9
|
49,4
|
Көрсеткіш 105,3% орындалды
|
3-3. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандар қатарындағы ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі
|
ДСӘДМ
деректері
|
%
|
41,2
|
46,2
|
Көрсеткіш 112,1% орындалды
|
4. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі
|
ДСӘДМ
деректері
|
%
|
62,5
|
77,1
( 2015жылғы 3т.)
|
Көрсеткіш 123,4% орындалды
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1.Жұмыспен қамту 2020 негізгі бағыттарын іске асыру:
1) Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
2) Кәсіпкерлікті дамыту және тірек аулдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;
3) Жұмыс берушінің қажеттілігінің шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
|
2015 жылы ЖЖК 2020-ң негізгі бағыттарын іске асыру:
1) Бірінші бағытты іске асыру кезінде 13,7 млрд. теңге игерілді. 565 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Жобаларда құрылған жұмыс орындарына 8 601 мың адам жұмысқа орналасты. Олардың 4490-ы Бағдарламаға қатысушылар немесе жұмысқа орнласқандардың 52,2%-ы.
2) Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 2810 адам өтті, 93,6 млн. теңге игерілді. 4 385 адам микрокредит алды, олардың ішінде 1926 алушы әйел адам және 1077 жас. Микрокредит алушылар қатарындағы 3 122 адам немесе 71,2 % жеке ісін ашты.
Микрокредиттердің орташа мөлшері 2 359,4 мың теңге деңгейінде қалыптасты, соңғы қарыз алушылар үшін берілген микрокредиттер бойынша ең үлкен сыйақы ставкасы 6 % деңгейінде қалыптасты. Осы мақсаттарға 10,3 млрд. теңге бағытталды. Микрокредит алған қатысушылар барлығы 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын құрды. Бұдан басқа, 1 625 қатысушы қайтарылған қаражаттар есебінен 3 738,9 млн. теңге сомаға кредит алды.
3) 2015 жылы жергілікті атқарушы органдар кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету үшін 3 247,1 млн. теңгеден астам қаражат игерді. Оқытумен барлығы 14 015 адам қамтылды. 2016 жылдың 1 қаңтарында 13 323 адам оқуды аяқтады, олардың ішінде 10 703 адам немесе 80,3%-ы жұмысқа орналасты. Бұл ретте, 10 131 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.
Бағдарлама іске асырылғаннан бастап (2011-2015 жылдар) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 17,3 мыңға жуық адам көшірілді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |