Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



бет2/3
Дата12.06.2016
өлшемі221 Kb.
1   2   3


I. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: (8-7172) 75-47-90 /E-mail: g.usenova@mid.gov.kz / «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Субшоттар бойынша синтетикалық және талдамалық есеп жүргізу; ұсынылған еңбек ақысының, қосымша төлем, сыйақы, еңбек демалысы ақысы, өтемақы мен уақытша жарамсыздығы парақтарының бастапқы құжаттары бойынша уақтылы және сапалы төлем жүргізуді іске асыру, сондай-ақ оларды карточкалық шоттарға аудару; салықтарды аудару және ұстау, сондай-ақ міндетті зейнеткерлік жарналар сомаларын, ұстап қалу және ЗТМО әлеуметтік аудару; Салық комитетімен теңестіруді жүргізу; негізгі қаражаттар мен қорлардың, ҚЕБ есебі, мүлікті түгендеу жүргізуге қатысу; еңбек, активтер қозғалысы және басқа есептер бойнша есептерді жаау және тапсыру. Іссапар шығыстарын және есеп беретін сомаларды есептеу; кассалық операциялардың есеп-қисабы; Қазынашылық департаментімен жұмыс;азаматтық авиация саласындағы кәсіпорындары қызметінің жоспарлары мен қаржы-шаруашылық есептерін тексеру; бюджетік бағдарламалар бойынша қаржы қаражаттарын уақтылы және нысаналы пайдалануын бақылау; мемориалдық ордерлерді жасау; мемлекеттік сатып алу жүргізу бойынша жұмысты іске асыру және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг).



II. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, анықтама телефондары: (7172) 71-84-17, электронды мекен-жайы: kadry_kk@minfin.gov.kz мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Жиынтық қаржылық жоспары және республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларын орындау басқармасының бас сарапшы-бас қазынашысы, С-4 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Республикалық бюджеттің қаржыландыру жиынтық жоспарын қалыптастыруға қатысу және оған өзгерістер енгізу; ББК анықтамалығының базасын жүргізу; РББӘ-нің республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларының атқарылуының ай сайынғы мониторингі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің Анықтамасын жүргізу, қазынашылық біріктірілген ақпараттық жүйесі (ҚБАЖ) бағдарламаларымен компьютерде басқарма міндетіне байланысты жұмыс істей білуі керек.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Құрманғазы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

3. Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мақат аудандық қазынашылық басқармасының басшысы,
C-R-1 санаты.

4. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Сырым аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

5. Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті Наурузум аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

6. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

7. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Созақ аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

Функционалды міндеттері: Республикалық бюджеттің кассалық орындалуы және мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қызмет көрсетуін, республикалық, өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы мәселелерінде алдын ала және ағымдағы бақылауды, қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, республикалық бюджетті орындау жөніндегі бухгалтерлік есеп және есеп беруді, банк есептілігін және бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі жұмыстарды бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

III. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: (8-7172) 75-43-56 /E-mail: s.shamilova@mid.gov.kz/ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Стратегиялық жоспарлау департаменті бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының басшысы, С-3 санаты (31.08.2015 бастап 02.06.2018 қоса алғанда негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Бөлімше ережесіне сәйкес басқарманың тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін стратегиялық құжаттар, іс-шара жоспарларды әзірлеуде Министрліктің қатысу бойынша басқарма қызметін үйлестіру. Басқарманың Министрлік және департамент басшылығының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету. Министрлік басшылығын қажетті талдамалық, ақпараттық және өзге де материалдармен қамтамасыз ету. Министрлік құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

2. Активтерді басқару департаменті мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс істеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, бекітілген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың стратегияларын, даму жоспарлары мен бюджеттерін қарау және бағалау, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау және мониторинг жүргізу. Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, бекітілген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ішкі құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша жұмыс. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында бекітілген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мониторингін, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асыру. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың корпоративтік басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыс атқару, олардың корпоративті басқару қағидаттары мен нормаларын сақтауын бақылау. Сенімгерлік басқаруда тұрған бекітілген ұйымдардың Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарын қарастыру және олар бойынша қорытындылар әзірлеу. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингін және талдауын жүзеге асыру. Мемлекеттік қатысуы бар, оның ішінде Министрліктің сенімгерлік басқаруында тұрған, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша жалғыз акционері ретінде Министрлік шешімдерінің жобаларын әзірлеу. Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік меншікті құқықтық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарастыру. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

3. Кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары С-2 санаты.

Функционалды міндеттері: Департамент қызметіне бақылауды жүзеге асыру; азаматтардың үндеулері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде кадр мәселелері бойынша қызметкерлерді қабылдау және оларға кеңес беруді жүзеге асыру; Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен өзара іс-қимыл; еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның, материалдық көмек көрсету, тәртіптік, тұрғын-үй комиссияларының, конкурстық және аттестаттау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру; кадрлық резервпен жұмысты ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе білім.

4. Құжаттау және бақылау департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (08.02.2016 бастап 28.10.2018 қоса алғанда негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Министрлікке келіп түсетін қызметтік хаттарды қабылдауды ұйымдастыру; Бірынғай электрондық құжат айналымы жүйесінің деректер базасында (ЭҚАБЖ ДБ) құжаттарды тіркеу және есепке алу; ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Парламентінің, Министрліктер мен ведомстволардың кіріс құжаттарын тіркеу; заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау және тіркеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің кіріс хаттарын уақтылы қабылдау үшін таратуды қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру; Кіріс хаттарды тіркеу журналдың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; құжатайналым жөніндегі есепті жасау; шұғыл құжаттарды қабылдау үшін Басқарма қызметкерлерінің кезекшілік кестесін құру; құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіру; ағымдағы іс қағаздарын жүргізу материалдарын жүйелендіруді жүзеге асыру; ақпараттық талдау материалдарын дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын тексеруді жүргізуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат жобаларын және ақпараттарды дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кедендік іс) немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары.

5. Әкімшілік жұмыс департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, С-3 санаты (15.06.2015 бастап 31.10.2017 қоса алғанда негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рәсімдерін өткізу бойынша Басқарма мемлекеттік сатып алу жұмысын ұйымдастырады. Басқармаға келіп түсетін хаттардың орындалуын бақылау жасайды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес Министрлікпен жүзеге асырылатын конкурстық комиссияның мүшесі ретінде қатысады. Өткізілген мемлекеттік сатып алудың нәтижесі бойынша шарттардың жобаларын дайындауды бақылау жасайды. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу және уәкілетті органға жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтерді белгіленген мерзімде ұсынуын дайындау мен есеп беруді бақылау жасайды. Министрліктің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарының, сонымен қатар оның орындалу мониторингін қалыптасу мен бекітуіне бақылау жасайды. Ашық конкурс тәсілі арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың қалыптасуына және конкурстық құжаттамаға бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.

6. Әкімшілік жұмыс департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды дайындайды және өткізеді. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарттарды жасауға дайындайды. Мемлекеттік сатып алу туралы» заңында белгілеген тәсілдер арқылы Министрлікпен жүзеге асырылатын сатып алуда конкурстық комиссияның мүшесі ретінде қатысады. Министрліктің мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарын құрастырады және бекітеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе білім.

7. Туризм индустриясы департаментінің орынбасары С-2 санаты (20.03.2015 бастап 20.09.2017 қоса алғанда негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Департамент басқармаларының қызметтерін үйлестіру. Туристік салаға инвестиция тартуға департаментінің қатысуы бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселелерін үйлестіру.Инвестициялық жобаларға жетекшілік ету. Туристік іс-шараларды өткізу, халықаралық көрмелік іс-шараларға, ақпараттық турларға қатысу жөніндегі мәселелерді үйлестіру. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу бойынша мәселелерді үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: қызмет көрсету (туризм, мейманхана бизнесі) немесе гуманитарлық ғылымдар (тарих) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.

8. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті екіжақты ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Басқарманың құзіретіне жататын шет елдермен екіжақты ынтымақтастықтарды дамыту туралы ұсыныстарын әзірлеу. Министрліктің желісімен басқармаға бекітілген үкіметаралық комиссияларды, кіші комиссия отырыстарын, жұмыс топтарын ұйымдастыру және өткізілуіне қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, шет мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту саласындағы келісімдерді, шарттарды, бағдарламаларды, іс-қимыл жоспарларын, жол карталарын әзірлеу қызметіне мониторинг жүргізу. Басқарманың құзіретіне жататын екіжақты ынтымақтастықтар бойынша министрліктің басшылығына анықтамалық-сараптамалық материалдарды дайындау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің және Министрліктің бақылауындағы өзге тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, шығыстану), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, финансы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, халықаралық бизнес, іскерлік әкімшілікжүргізу).

9. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті хаттама басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Департамент Директорының, Департамент Директорының орынбасарының және басқарма басшысының жазбаша және ауызша тапсырмаларын өз уақытылы және сапалы орындау. Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелері бойынша Министрлік басшылығының шет мемлекеттер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық шараларды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің және басқарма құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері басқа да бақылауындағы тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау. Министрліктің ғимаратына шетелдік азаматтарын кіргізу қағаздарын рәсімдеуін бақылау. Халықаралық іс-шараларды өткізуіне қажет кәдесый өнімдерді және суды сатып алу, есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізу. Министрліктің 005 «Шетелдік іс-сапарлар», сондай-ақ 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдармалар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, шығыстану), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, финансы және кредит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, халықаралық бизнес, іскерлік әкімшілікжүргізу).

10. Жер қойнауын пайдалану департаменті жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты басқармасының басшысы С-3 санаты.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын басқару; тау-кен саласына инвестицияларды тарту мақсатында өзара тиімді халықаралық қызметтестікті ұйымдастыру; тау-кен саласындағы инвестициялық климатты жақсарту үшін басым бағыттарды анықтау; отандық, шетелдік ұйымдармен бірлескен жобалар бойынша жұмысты ұйымдастыру; отандық, халықаралық ұйымдармен және шикізат бойынша серіктес елдермен келіссөздерді ұйымдастыру мен оған қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар орындарын барлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық, аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқық немесе гуманитарлық ғылымдар.

11. Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті көлік логистикасын дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Көліктік логистиканы дамыту мәселелері бойынша ақпараттық материалдар мен құжаттарды дайындау; Қазақстан Республикасының көліктік-логистика жүйесінің негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; логистика саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, көлік, көлік техникасы және технологиялар, логистика (сала бойынша) немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану).

12. Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Тексеру қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жасау; әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды қызметтік тексерулерге қатысу; азаматтық авиация саласында инспекциялық тексерістерді жүзеге асыру; ұшуда әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының тексеру материалдарын қарау; басшылар мен инспекторларды тексеру бойынша оқытуды ұйымдастыруға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялар, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану) немесе жаратылыстану ғылымдары (метеорология) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина).

13. Қаржы департаменті Даму бюджетін жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Министрліктің даму бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімін, сондай-ақ Стратегиялық жоспардың 7-бөлімін қалыптастыру және бюджетті нақтылау жұмыстарына қатысу. Жүктелген құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдері бюджеттік заңнаманың және оларды жасау бойынша Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін тексеру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Жоспарлы кезеңге арналған Министрліктің жүктелген құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру және оны мемлекеттік уәкілетті органда қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Одан әрі Департаменттің, Министрліктің басшылығына және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынылатын жиынтық ақпаратқа енгізу үшін қажетті мәліметті Басқарма, Департамент басшысына ұсыну. Министрлік және Департамент басшылығының, сондай-ақ Басқарма басшысының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауды қамтамасыз ету. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика).

14. Технологиялық және инновациялық даму саясаты департаменті инновациялық даму саясаты басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарастыруды ұйымдастырады, инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды, инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізуді жүзеге асырады, инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесуді үйлестіреді. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді. Басшылық айқындайтын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес мамандықтары бойынша немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар.

15. Құжаттау және бақылау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы, C-3 санаты.

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу; Министрліктегі мемлекеттік тілді дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; Министрлікте мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарын, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға Жауапты хатшының қолымен мемлекеттік тілде жіберілетін ілеспе хаттарды редакциялау және ЭҚАБЖ келісу; Министрлік қызметінің салаларында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру кезінде әдістемелік көмек көрсету; Министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін мемлекеттік тілді зерделеу бойынша курстар өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Министрліктің басшылығына Басқарманың құзыреті шегінде жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттардың жобаларын дайындау; атқарушылық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары.

16. Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары, С-1* санаты.

Функционалды міндеттері: Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық авиация саласын дамытуда инвестициялар тарту үшін басым шарттарды қалыптастыру бөлігінде Еуропалық одақпен (ЕКГА), Еуропалық авиация агенттігімен (JAA/EASA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) өзара іс-әрекет бойынша жұмыстарды үйлестіру; халықаралық тұрақты ұшулар кестесін бекіту; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастыру; ҚР авиакомпаниялары үшін жолаушыларды, жүктерді және поштаны тасымалдау бойынша халықаралық тұрақты авиарейстерді орындау құқығына конкурс өткізуді бақылау; бюджеттік қаражаттардың игерілуін бақылау, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жүзеге асыру; Комитет қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика).

17. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департамент басшысы - мемлекеттік бақылау жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы С-О-1 санаты.

Функционалды міндеттері: Департамент қызметін үйлестіру. Департаменттің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылаудың негізгі қызметі бағыты бойынша департамент жұмысын бағалауды талдау. Техникалық реттеу және метрология саласында міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Әкімшілік істерді қарау. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілерді, Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына бюджетті қалыптастыруға қатысу және бюджеттің ағымдағы игерілуіне қатысу. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу, шарттық міндеттердің орындалуына бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

18. Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары, санаты
С-О-2.

Функционалды міндеттері: Қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттік статистикалық есептiлiгiнің жүргізілуін ұйымдастыру; теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме жүзетін су жолдарын және навигациялық жабдық құралдарын тиісті күтіп-ұстауға бақылауды қамтамасыз ету; автомобиль жолдарының сақталуын, ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты, соның ішінде қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды бақылау; көліктік бақылау бекеттерінде отандық және шетел автокөлік құралдарының жүріп өтуін, халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; көліктік бақылау бекеттеріндегі таразы жабдықтары мен техникалық құралдарының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бақылауды; тәуекелдерді басқару жүйесін қолданып, автокөліктегі шаруашылық субъектілердің тексерістерін ұйымдастырады және бақылайды; мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылауды жүзеге асырады; сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша алдын алу профилактикалық шараларын қабылдау; қоғам және халықпен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.

19. Көлік комитетінің Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары, санаты С-О-2.

Функционалды міндеттері: Қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiнің жүргізілуін ұйымдастыру; теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме жүзетін су жолдарын және навигациялық жабдық құралдарын тиісті күтіп-ұстауға бақылауды қамтамасыз ету; автомобиль жолдарының сақталуын, ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты, соның ішінде қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды бақылау; көліктік бақылау бекеттерінде отандық және шетел автокөлік құралдарының жүріп өтуін, халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; көліктік бақылау бекеттеріндегі таразы жабдықтары мен техникалық құралдарының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бақылауды; тәуекелдерді басқару жүйесін қолданып, автокөліктегі шаруашылық субъектілердің тексерістерін ұйымдастырады және бақылайды; мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылауды жүзеге асырады; сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша алдын алу профилактикалық шараларын қабылдау; қоғам және халықпен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық.

20. Көлік комитетінің Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі Порттарының теңіз әкімшілігінің басшысы – порт капитаны, С-О-1 санаты.



Функционалды міндеттері: Порттарының теңіз әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру мен басшылық ету және ПТӘ жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыру бойынша жеке жауапты болу. Кеменің шығу әзірлігін және теңізде жүзуге жарамды жай-күйде теңізге шығуға рұқсат беруді тексеруді; кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет