Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы



бет1/3
Дата20.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#211275
  1   2   3


Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №1497 қаулысы

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық

мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;

2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендік қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсірілген екпелер;

3) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;

4) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;

5) климатип – белгілі бір климаттық жағдайлардың әсерімен қалыптасқан экотип;

6) клон – вегетативтік көбейту жолымен бір бастапқы дарақтан немесе апомиктикалық тұқымнан алынған және бірдей генотипі бар барлық ұрпақтардың (рамет) жиынтығы;

7) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрiне, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;

8) орман тұқымы плантациясы (бұдан әрі – ОТП) – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы бар сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі жоғары түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;

9) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

10) сынақ дақылдары – генетиқалық бағалау мақсатында арнайы әдістемемен артықшылығы бар ағаштарының, артықшылығы бар екпелердің, бірінші реттік орман тұқымы плантациялардың және тұрақты орман тұқым учаскелерінің тұқымдық ұрпағынан құрылған орман дақылдары.



2. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау тәртібі

     


3. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттауды осы салада мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) жүзеге асырады.

4. Мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:

1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (комиссия төрағасы);

2) мамандандырылған ұйымның мамандары;

3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі;

4) аумағында селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер анықталған мемлекеттік орман иеленушінің өкілі.

5. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау:

1) анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің аттестаттауға дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезең ішінде;

2) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша материалдар болған жағдайда жүзеге асырылады.

6. Комиссия селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен тексеру орнына барып тексеріп, олардың нысаналы мақсатына сәйкес келуін айқындайды. Тексеруді өткізу мерзімі бір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектіге 3 жұмыс күн есебінен белгіленеді.

7. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді тексеру нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау нәтижелері туралы актісінде (бұдан әрі – акт) көрсетіледі. Акт тексеру аяқталғаннан кейін бірден жасалады және оған қол қойылады.

Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік 3 күн өткен соң селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер аттестатталған болып есептеледі.

8. Анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.

9. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерге актіге қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде Комиссия осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса беріледі.

10. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі – мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі – мемлекеттік орман иеленуші қарауында болатын мемлекеттік орган; үшіншісі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, төртіншісі – мамандандырылған ұйым, бесіншісі – уәкілетті орган және алтыншысы – селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтаған ұйым үшін жасалады.

11. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер:

1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген орман шаруашылығы таңбалары басылады;

2) осы Қағидалардың 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тізілімдерге енгізіледі. Жиынтық ведомості мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.



3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді

есепке алу тәртібі
12. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және мемлекеттік орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды тексеріп отырады.

13. Вегетациялық кезеңде көзбен шолу жолымен тексеру барлық аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерде жүргізіледі.

14. Тексеру көлемі объектінің алаңына байланысты болады және осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес айқындалады.

15. Әрбір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуінің (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйінің (ағаштарды зиянкестердің бүлдіру және ауруға шалдығу, механикалық зақымдар белгілерінің болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуының сапасы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.

16. Мамандандырылған ұйым тексеру материалдарын талдайды, селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы осы Қағидалардың 15 және 16-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша уәкілетті орган мен олардың аумақтық бөлімшелеріне ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін жыл сайын ақпарат беріп отырады және оларды одан әрі пайдалану, қорғауды жақсарту, қаз-қалпында ресімдеу, қайта жаңарту (қалпына келтіру) немесе есептен шығару бойынша ұсыныстар енгізеді.

17. Уәкілетті орган күнтізбелік 30 күн ішінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы ақпаратты қарайды және оларды карағаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде олардың жай-күйін одан әрі жақсарту, пайдалану немесе есептен шығару жөніндегі шаралар туралы уәкілетті органның бұйрық нысанындағы шешімін қабылдайды.

18. Уәкілетті органның шешімі негізінде мамандандырылған ұйым күнтізбелік 30 күн ішінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің жиынтық ведомостарына, паспорттарына өзгерістер енгізеді және күнтізбелік 10 күнде орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалану үшін оларды мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жеткізеді.
______________

Мемлекеттік орман қоры

учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық

мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен

есепке алу қағидаларына

1-қосымша


Нысан
Артықшылығы бар ағашты алдын ала іріктеу карточкасы № _____
1. Облысы ____________________________________________________________________
2. Әкімшілік ауданы _________________________________________________
3. Мемлекеттік орман иеленуші _____________________________________
4. Орманшылық _________________________________________________
5. Орам №_________________________________________________________
6. Телім №_________________________________________________________
Артықшылығы бар ағаштың орамда және телімде орналасуы туралы мәлімет (орналасу схемасы, географиялық координаталары)
Ағаш табылған телімдегі екпелердің
қысқаша сипаттамасы

7. Құрамы ________________ 8. Бонитет класы __________________________
9. Орман типі (орман өсу жағдайлары)_________________________________
10. Орташа жасы ____________жыл

11. Орташа толымдылығы_______________


12. Басты тұқым бойынша орташа биіктік ____________________________метр
13. Басты тұқым бойынша орташа диаметр ___________________________метр
14. Бөктердің тіктігі, экспозициясы _________________________________
15. Теңіз деңгейінен биіктігі_______________________________________метр
16. Санитариялық және орман патологиялық жағдайы _____________________
Іріктелген ағаштың негізгі таксациялық көрсеткіштері
17. Ағаш жасы___________________________________________________жыл
18. Ағаш діңінің диаметрі (ұшар басы) _________________________ сантиметр
19. Диаметрдің орташасынан асу %_____________________________________
20. Биіктігі _____________________________________________________ метр
21. Биіктіктің орташа биіктен артуы % __________________________
22. Нысаналы мақсаты бойынша іріктеп алынатын ағашты сипаттайтын көрсеткіштер (шайыр шығымдылығы, тұқым шашуының молдығы, тұқым сапасы, сүрек құрылымы) _______________________________
Карточканы толтырған (лауазымы, тегi, қолы) _________________________
20__ жылғы «___»_____________

     


Ескертпе: телім екпесінің сипаттамасы орман орналастыру материалдарынан алынады.
___________________

Мемлекеттік орман қоры

учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық

мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен

есепке алу қағидаларына

2-қосымша


Нысан
Артықшылығы бар ағаштардың сынақ дақылдарын

(географиялық, экологиялық дақылдарды)

есепке алу карточкасы № _____________________

(керегі сызылады)


Тұқым ______________________________________________________________
1. Облысы __________________________________________________________
2. Мемлекеттік орман иеленушісі ________орманшылық__________________
орам _________________телім__________________________________________
3. Учаске алқабы, га_________________________________________________
4. Өсу орнының жағдайлар типі________________________________________
5. Отырғызу жылы____________________________________________________
6. Сыналатын тұқымдастар мен клондар саны (экотиптер, сорттар)_______
7. Ағаштардың орналасуы (арақашықтығы, м)____________________________
8. Қайталану саны____________________________________________________
9. Өсімдіктер мен ұрпағының саны (дан-дейін), дана___________________
10. Бақылаудың бар-жоғы және оның сипаты_____________________________
11. Дақылдардың жай-күйі_____________________________________________
12. Объектінің отырғызу мақсатына сәйкестігі туралы және одан әрі пайдалану режимі туралы комиссияның қорытындысы__________________________
13. Таралым-сорттарына, будан-сорттарына, клон-сорттарына кандидаттарды бөлу жөніндегі ұсыныстар (тұқымдастар, клондар, экотиптер сорттарының атаулары мен нөмірлері)__________________________________
14. Объектіні күтіп ұстау және жай-күйін жақсарту жөнінде ұсынылатын іс-шаралар __________________________________________________________
Артықшылығы бар ағаштардың сынақ дақылдары учаскесіндегі

(географиялық, экологиялық дақылдар және сорт сынау учаскесінде)

ағаштарды қайта есептеу ведомосы
(керегі сызылады)


Артықшылығы бар ағаштың № __ (артықшылығы бар ағаштардың тізілімі бойынша), сорттың атауы, шығу тегі

Қайталану

Ағаштар саны, дана

Сақталуы, %

Ағаштардың жай-күйі

1

2

3

4

5




1.

2.

3.















Тұқымдастығы, сорты, шығу тегі бойынша жиыны:













Учаске бойынша барлығы:










Бақылау

1.

2.

3.















Бақылау бойынша жиыны:









Карточканы толтырған (лауазымы, тегi, қолы)__________________________


20__ жылғы «___»_____________
________________

Мемлекеттік орман қоры

учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық

мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен

есепке алу қағидаларына

3-қосымша


Нысан
__________________________ мемлекеттік орман қоры аумағындағы

(мемлекеттік орман иеленушінің)



селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді

аттестаттау нәтижелері туралы

актісі
________________________________________________бұйрығына сәйкес

   (мамандандырылған ұйымың атауы)

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ құрамындағы аттестаттау комиссиясы (комисия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді тексерді.

Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:______________________  _______________________________________________________________________________________________________________________________________

Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің нысаналы мақсаттарын ескере отырып, олар аттестатталатын, жарамсыз деп танылатын, есептен шығарылатын себептер жазылады. Бұл ретте әрбір айда әрбір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектінің көлемі немесе олардың саны (ағаштар үшін), түр атауы, орманшылығы, орамы, телімі көрсетіледі.

Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің жай-күйін жақсарту немесе оны қайта жаңарту мақсатында белгілі бір орман шаруашылығы және өзге де іс-шараларды жүргізу қажет болған жағдайда олардың тізбесін келтіреді.

Комиссия анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді ________________________________.

(аттестаттайды немесе қабылдамайды)


Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер

Р/с №

Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің атауы

Объектілердің саны

1

2

3









     


Комиссия мүшелерінің қолы:               (тегі, қолы)
                                               (тегі, қолы)
                                               (тегі, қолы)

                                               (тегі, қолы)

                                               (тегі, қолы)
______________________

Мемлекеттік орман қоры

учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық

мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен

есепке алу қағидаларына

4-қосымша


Нысан
Қазақстан Республикасы
Облысы ____________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленушісі_________________________________________
Түрлік атауы________________________________________________________
Артықшылығы бар ағаштың № _____ (тізілім бойынша)
паспорты

1. Ағаштың орналасқан орны:
Орманшылық __________________________________________________
Орам №___________________ Телім №________________________________
Мемлекеттік орман иеленушісі бойынша ағаш нөмірі ______________________
Табиғи тұрғысында ағаш қалай белгіленген__________________________
Телімдегі артықшылығы бар ағаштың орналасуы (схемасы қоса беріледі)

2. Телімдегі екпелердің таксациялық сипаттамасы (қабат бойынша, ағаш қайда өсірілген)



Құрамы

Класс жасы/жыл

Орташа

Бонитет классы

Толымдылығы

Қоры м3/га

Екпелердің селекциялық санаты

Морфологиялық немесе фенологиялық басым нысаны

Биіктігі (Н), метр

Диаметр (D), сантиметр

1

2

3

4

5

6

7

8

9



























Шығу тегі (табиғи - тұқымдық, өскіндік немесе дақылдық) _________________

____________________________________________________________________
Орман түрі __________________________________________________________
Орманның өсу жағдайларының түрі ________________________________________
Өскіні ______________________________________________________________
Орман астары _______________________________________________________
Жамылғысы _________________________________________________________
Топырақ және топырақ құрайтын жыныс ________________________________
Рельеф _____________________________________________________________
Көлбеулігі, бөктерінің экспозициясы _________________________________
Теңіз деңгейінен биіктігі ­­______________________________________________
Екпенің санитариялық жай-күйі ________________________________________

3. Артықшылығы бар ағаштың сипаттамасы:


Шығу тегі _________________________________________________________
Фенологиялық, морфологиялық нысаны____________________________
Жасы, жыл____________________________________________________
Биіктігі, метр__________________________________________________
Дің диаметрі, сантиметр_____________________________________________
Дің көлемі, шаршы метр_____________________________________________

Өсу және даму классы (көз мөлшермен)_______________________________


Ұшар басының орташа диаметрі, метр _____________________________
Ұшар басының нысаны (конус тәрізді, сопақ цилиндр-тәрізді) және оның симметриялылығы_________________________________________________
Ұшар басының ұзындығы, метр ______________, діңнен биіктік (Н)%________
Бұтақтардың қалыңдығы (қалың, орташа, жұқа)__________________________
Діңнің бұтаққа дейінгі ұзындығы, метр __________, діңнен биіктік (Н) %_____
Өлі бұтақтардың өсуі (жақсы, орташа)_________________________________
Дің нысаны (түзу, толық сүректі)_____________________________________
Биіктік өсімі көз мөлшерлік бағамен (жақсы, орташа)__________________
Дің және емен бойындағы сулы бұталардың дамуы (күшті, орташа, әлсіз) ____________________________________________________________________
Қабық сипаттамасы (бояуы, сызаттануы және т. б.) ______________________
Ағаштың санитариялық жай-күйі, гүлдену және тұқымдану туралы мәліметтер ___________________________________________________________________
Артықшылығы бар ағаштың екпелердің орташа көрсеткішімен салыстырғандағы артықшылық көрсеткіштері:
биіктігі бойынша ________ %, диаметрі бойынша _________ %
Артықшылығы бар ағаштың мақсаты бойынша сипаттайтын көрсеткіштері (іріктелген ағаштың және екпенің шайыр өнімділігі, мол тұқым беруі, тұқым сапасы, сүрек текстурасы)
___________________________________________________________________
10 метр радиустағы қоршаған ағаштардың қысқаша сипаттамасы (тұқым, ағаштардың селекциялық санаты, ағаш сапасы), шаруашылық өкімдер _______
____________________________________________________________________
     

Мына құрамдағы комиссия ағашты іріктеп, артықшылығы бар ағаштар санатына қосты:_____________________ ұйым, тегі, қолы


           _____________________ ұйым, тегі, қолы
           _____________________ ұйым, тегі, қолы

           _____________________ ұйым, тегі, қолы

           _____________________ ұйым, тегі, қолы

   


   Паспорт _______ данада толтырылды
     

20__ жылғы «___»_____________


4. Артықшылығы бар ағаштарды күтіп-баптау 

Күні

Жүргізген іс-шаралардың атаулары

Жазбаны толтырған (қызметі, тегі, қолы)

1

2

3









5. Артықшылығы бар ағаштарды бақылау



Бақылау жылы

Өнімнің кезең бойынша бағаланауы,

бақылау балы/ күні



Бүрдің, (жемістің), тұқымның  нақты өнімі, килограмм

Тұқым сапасы

Ағаштың зақымдануы (метеорологиялық, механикалық, фито-патологиялық)

Жазбаны толтырған (қызметі, тегі, қолы)

жаппай гүлденуі

жаппай түйін шығару

пісіп-жетілуінің басталуы

1

2

3

4

5

6

7

8
























6. Тұқымдар мен қалемшелерді пайдалану



Материал түрі (тұқымдар қалемшелер)

Тұқымдар мен қалемшелердің жиналған немесе дайындалған күні

Тұқымдар (грамм) мен қалем-шелердің (дана) саны

Сақтау жағдайлары мен мерзімі

Тұқымдар мен қалемшелердің қайда жіберілгені (облыс, орман шаруашылығы)

Қандай мақсат үшін

1

2

3

4

5

6


















7. Артықшылығы бар ағаш ұрпағының қасиеттерін зерттеу нәтижелері _______


____________________________________________________________________
Күні _____________ Қызметі, қолы_____________________________________

8. Элитаға ауыстыру (ірітеу) туралы қорытынды ________ ___________________________________________________________________


Күні _____________ Қызметі, қолы____________________________________

  

Ескертпелер:



1. 4-8-бөлімдер бойынша жазбаларды мемлекеттік орман иеленуші толтырады;
     2. 7 және 8-бөлімдерде жазбалар артықшылығы бар ағаштардың қасиеттерін ұрпағы бойынша тексеріп алғаннан кейін ғылыми-зерттеу ұйымдарының зерттеу деректерінің негізінде толтырылады.
Комиссия мүшелері:

      _________________________________


            (ұйым, тегі, қолы)
      _________________________________
            (ұйым, тегі, қолы)
      __________________________________
            (ұйым, тегі, қолы)

      __________________________________


            (ұйым, тегі, қолы)

      __________________________________


            (ұйым, тегі, қолы)

      20__ жылғы «___»_____________


__________________
Мемлекеттік орман қоры

учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық

мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен

есепке алу қағидаларына

5-қосымша

Нысан
Қазақстан Республикасы


Облысы_____________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленушісі____________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы (түр тармағы, экотип, нысаны)______________

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет