Мемлекеттiк сатып алу туралы


-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі447.5 Kb.
#170488
1   2   3   4   5

4-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк


               сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

      1. Егер осындай бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспаса, бiртектi тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргiзiледi, бұл ретте баға шешушi шарт болып табылады.


      2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
      3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiн қолдану мақсатында бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiн қаржылық жыл iшiнде олардың бiрiнiң мөлшерi осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлiкке бөлшектеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк


               сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталында мынадай:


      1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;
      2) сатып алынатын тауарлардың (техникалық шарттарын көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасын;
      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
      4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
      5) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын табыс етудi бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;
      6) елеулi талаптарын, оның iшiнде техникалық шарттарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттiк сатып алуды мынадай:
      1) негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн;
      2) тауарды лизингке беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi берушiнi айқындау үшiн және лизингтiң нысанасын егжей-тегжейлi сипаттау қажеттiгi туындағанда жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
      2. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген мәлiметтердi қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын беруi оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенiнiң нысаны болып табылады.
      3. Баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргiзедi.
      Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.
      Егер ең төмен баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушiлер берген жағдайда, өзiнiң баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын салыстыруды автоматты түрде жүргiзедi.
      4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуеттi өнiм берушiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттiк сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсiлдермен оның баға ұсынысына қатысты келiссөздер жүргiзiлуiне жол берiлмейдi.
      5. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден аз баға ұсынысы табыс етiлген болса, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттiк сатып алуды өтпедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
      6. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы:
      1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;
      2) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.
      Өзге негiздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берiлмейдi.
      7. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары оларды шығарғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде жарияланады.
      9. Тапсырыс берушi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi не осы баптың 3-тармағының үшiншi бөлiгiне сәйкес жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюға және ол мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде тапсырыс берушiге табыс етiлуге тиiс.
      Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Жеңiмпаз деп айқындалған және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiледi.
      10. Егер жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi қол қойылған мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге белгiленген мерзiмде бермесе, тапсырыс берушi:
      1) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты – осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуеттi өнiм берушiмен, ал мұндай әлеуеттi өнiм берушi болмаған кезде баға ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi ұсынған бағадан кейiн ең төмен болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiмен жасасуға;
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. БIР КӨЗДЕН АЛУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      32-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды


               жүзеге асыру негiздерi

      Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:


      1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған мемлекеттiк кәсiпорында, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнiм берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
      3) егер осындай мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды өткiзу, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiм iшiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге қажеттi осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, жылдың бiрiншi айы iшiнде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге күнделiктi және (немесе) апта сайынғы қажеттiлiктi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға қажеттiлiк болса;
      4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
      5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негiз бойынша өтпедi деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      33-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды


               жүзеге асыру

      1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жiбередi, онда мынадай мәлiметтер:


      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
      2) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттамасы көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы және талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;
      3) мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      4) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң орны;
      5) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдеме беру;
      6) төлем шарттары және елеулi талаптары көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу талаптары, нысаны, көлемi және тәсiлi;
      8) бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сома туралы мәлiмет;
      9) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
      10) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
      2. Бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғаларын көрсете отырып, әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын;
      2) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;
      3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге берiлетiн бағалардың жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.
      3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпедi деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      34-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу


               қорытындылары туралы хаттама

      1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тиiстi хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпарат:


      1) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қолдану негiздемесi;
      2) бiр көзден алу тәсiлiмен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
      3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиiс.
      2. Тапсырыс берушi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Аталған талап мәлiметтерi мемлекеттiк құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. Аукцион тәсiлiмен және тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
               асыру

       1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткiзiлуiн электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор қамтамасыз етедi.


      2. Аукцион бiр лотқа өткiзiледi, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукционның нысанасы болып табылады.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарастыру қорытындысы бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-1-бап. Аукциондық құжаттама



      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде қалыптастырады.
      2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер қамтылады:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
      3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
      5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
      6) төлем шарттары және елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
      8) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары мен оның мөлшерi;
      9) әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығын көрсету;
      10) аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету тәртiбi және аукционға қатысуға өтiнiмнiң талап етiлетiн қолданыс мерзiмi;
      11) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсiндiру туралы сауалдарды ұсыну тәртiбi;
      12) аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталатын күн мен уақыт;
      13) аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсiмдерiнiң сипаты;
      14) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары, түрлерi, көлемi және тәсiлi;
      15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
      16) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманы төмендету шамасы (ақшалай мәндегi аукцион адымы);
      17) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күн;
      18) аукцион өткiзiлетiн күн мен уақыт.
      Аукциондық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
      4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру тәртiбi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Бұл ретте аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу нысанасын өзгертуге жол берiлмейдi. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өздерi туралы мәлiметтер аукциондық құжаттама алған адамдарды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
      2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
      Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, аукционға қатысу өтiнiмдерiн табыс етудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк жетi күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.
      Ескерту. 6-тарау 35-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-2-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге


                 асыру туралы хабарлама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.


      2. Егер аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет  туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма мың еселенген мөлшерiнен аспаса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жетi күн бұрын мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      Ескерту. 6-тарау 35-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-3-бап. Аукционға қатысуға өтiнiм

      1. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенiнiң нысаны болып табылады.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзi мен тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңмен тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көрсетiлген фактiлер анықталған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұзуға келiсiм беруi туралы растауын қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң қолданыс мерзiмi аукциондық құжаттамада белгiленген, талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 6-тарау 35-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-4-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету



      1. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететiн аукционға қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрiнде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тiзбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екi бөлiктен тұрады.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгi:
      1) тауарды мемлекеттiк сатып алу кезiнде, қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауардың сипаты мен ұсынылатын техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердiң атауын және өндiрушiнiң атауын көрсете отырып, сондай-ақ егер аукциондық құжаттама сатып алынатын тауардың эскиздерiн, суреттерiн, сызбаларын, фотосуреттерi мен өзге де бейнелерiн беру туралы талапты көздеген жағдайда, онда аукционға қатысуға өтiнiмде осындай ақпарат қамтылуға тиiс);
      2) жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметтi көрсетуге келiсiмiн;
      3) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотында не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепiлдiктi ақшалай жарна түрiнде енгiзген жағдайда, кепiлдiктi ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесiн қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi банктiк кепiлдiк түрiнде енгiзген кезде оның түпнұсқасы электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген тәртiппен, аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмiне дейiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға берiледi.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң екiншi бөлiгi әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы Заңның 8-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдi оларды табыс етудiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
      4. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында хронологиялық тәртiппен тiркеледi.
      5. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталатын кезден кешiктiрмей:
      1) аукционға қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмнiң өзi енгiзген қамтамасыз етiлуiн қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты аукционға қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
      6. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.
      Ескерту. 6-тарау 35-4-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-5-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету



      1. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi, өзiнiң:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтынының не оны өзгертпейтiнiнiң және (немесе) толықтырмайтынының
      2) өзiн аукционның жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының және аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзетiнiнiң кепiлi ретiнде енгiзедi.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген тәртiппен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн аукционға бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде, оның iшiнде уақтылы орындамаған;
      3) аукционды өткiзу басталғаннан кейiн отыз минут iшiнде аукционның ешбiр қатысушысы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда, аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды. Мұндай жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебiне жатқызылады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтарады:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi жағдайда.
      Ескерту. 6-тарау 35-5-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-6-бап. Аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi


                 бөлiктерiн ашу және қарау, аукционға қатысуға
                 рұқсат беру

      1. Аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн ашуға рұқсатты аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiнiң күнi мен уақыт келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде бередi.


      2. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгi ашылатын күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукциондық комиссияның мүшелерiне, әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген, аукционға қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң электрондық журналына енгiзiлгенi туралы автоматты түрде хабарлама таратады.
      3. Аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану мақсатында аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарауды жүзеге асырады.
      4. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң мерзiмi аяқталатын күннен және уақыттан бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру туралы шешiмдi қабылдайды.
      5. Егер аукционға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлсе, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке мамандығы сәйкес келетiн мемлекеттiк қызметшiлердi не өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтемсiз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
      Аукциондық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды.
      Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      8. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) оның аукционға қатысу өтiнiмiнiң бiрiншi бөлiгi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;
      2) аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi енгiзбесе, аукционға қатысуға жiберiлмейдi (аукционға қатысушы деп танылмайды).
      9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан аукциондық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (аукционға қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукциондық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң электрондық журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.
      10. Аукциондық комиссия екеуден аз әлеуеттi өнiм берушiнi аукционның қатысушысы деп таныған жағдайда аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
      11. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 6-тарау 35-6-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-7-бап. Аукционды өткiзу



      1. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетiлген күнi және мерзiмде өткiзiледi.
      Аукционды өткiзу күнi аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күннен бастап екi жұмыс күнi өткеннен кейiнгi келесi жұмыс күнi болып табылады.
      2. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.
      3. Аукцион өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргiзiледi.
      Аукцион адымы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейiнгiнi құрайды.
      4. Аукционды өткiзу кезiнде аукционға қатысушылар өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныстар бередi, ол баға туралы ағымдағы ең төменгi ұсынысты аукцион адымы шегiндегi шамаға төмендетудi көздейдi.
      5. Аукционды өткiзу кезiнде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан төмендетiлген, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
      6. Егер аукционның осы қатысушысы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
      7. Аукционға қатысушылардың өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткiзу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы соңғы ұсыныс келiп түскеннен кейiнгi он минутты құрайды. Егер көрсетiлген уақыт iшiнде өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бiр де бiр ұсыныс келiп түспесе, аукцион аяқталады.
      8. Егер өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң аукционның басқа бiр қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келiп түскен ұсыныс үздiк болып танылады.
      9. Егер аукционды өткiзу басталғаннан кейiнгi отыз минут iшiнде аукционға қатысушылардың бiр де бiреуi өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы баптың 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпедi деп танылады.
      10. Аукционды өткiзудiң нәтижелерi туралы хаттама аукционды өткiзу аяқталған күнi автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.
      Ескерту. 6-тарау 35-7-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-8-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi


                 бөлiктерiн қарау

      1. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн қарауға рұқсатты мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күнi автоматты түрде бередi.


      2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарауды жеңiлдету үшiн аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерден материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында қажеттi ақпаратты тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Аукционға қатысу өтiнiмiн аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге орай аукционға қатысу өтiнiмiн жеткiлiксiз құжаттармен толықтыру, аукционға қатысу өтiнiмiнде ұсынылған құжаттарды ауыстыру, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiру тұрғысынан аукциондық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-қимылдарына жол берiлмейдi.
      Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген жағдайларда бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылады.
      5. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
      6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бiр де бiр әлеуеттi өнiм берушi аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
      7. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционның қорытындылары туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнi оны қалыптастырады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырады.
      8. Тапсырыс берушi аукцион қорытындылары туралы хаттама бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны аукцион жеңiмпазына жiбередi.
      9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына аукцион жеңiмпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер өзiне тапсырыс берушi қол қойған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасы табыс етiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қол қоюға тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңiмпазы осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары тiзiлiмiне енгiзiледi.
      10. Егер аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс берушi өзiнiң баға туралы ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңiмпазының баға туралы ұсынысынан кейiн ең төмен болып табылатын мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында көзделген, белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, тапсырыс берушi өзiнiң баға туралы ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты табыс етпеген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткердiң баға туралы ұсынысынан кейiн ең төмен болып табылатын, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      Аукцион жеңiмпазын қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгiленген мерзiмде табыс етпеген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлер, осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары тiзiлiмiне енгiзiлмейдi.
      12. Аукциондық комиссияның шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 6-тарау 35-8-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-9-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпедi


                 деп танудың негiздерi мен салдарлары

      1. Аукцион:


      1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлген жағдайда;
      2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
      3) егер аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс берушi осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаса, өтпедi деп танылады.
      2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған болса, тапсырыс берушi:
      1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
      3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асыру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.
      Ескерту. 6-тарау 35-9-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы


               мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

      1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тiзбесi бойынша жүзеге асырылады.


      2. Егер, биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарларды мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi биржалық тауарлар тiзбесiнде көзделген партияның ең аз мөлшерiнен аспаған жағдайда, тапсырыс берушi тауарларды мемлекеттiк сатып алудың өзге тәсiлiн таңдауға құқылы.
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет