4 Өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар
«Өтініш» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Салық ирспекциясы басқармасының бастығы С.Е. Ахметовтың атына бағдарламашы ретінде қызметке алу туралы өтініш жазыңыз.
2. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры А.И. Жүсіпованың атына өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.
3. М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана меңгерушісі А.С. Болатованың атына 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш жазыңыз.
4. І. Жансүгіров атындағы орта мектептің директоры Т.С. Дәулетованың атына бір айлық сессияға баруыңызға байланысты ақылы демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.
5. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор У.М. Сағалбековтың атына күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу туралы өтініш жазыңыз.
6. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры А.Жақсылықтың атына қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.Бейсенбин атынан бір бөлмелі пәтер беру туралы өтініш жазыңыз.
7. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ-түрік гимназиясының директоры А.Асқарқызының атына отбасы жағдайына байланысты кезектен тыс демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.
«Сенімхат» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Топ басшыңыз Г.В. Нұрғалиеваға шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.
2. Желтоқсан айының шәкіртақысын алуды тарих бөлімінің 1 курс топ басшысы А.К. Зоринаға сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз.
3. Азамат Жомарт Есенгелдин, азаматша Ботагөз Серікбайқызы Қалиеваға еңбекақыңызды алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз.
4. Азамат Жәнібек Өскенбаев, азамат Өтеген Рақымбайұлы Рақымбаевқа, Дөнентаев көшесіндегі 19-үйді жекешелендіруіне сенетіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.
5. Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 2-үй, 2-пәтерді сатуды өзіңіздің апайыңыз А.А. Әлиеваға сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз.
6. Өзіңіздің ініңіз А.Е. Болатовқа «Волга-3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат жазыңыз.
7. Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |