«Мен және менің отбасым» тақырыбында өткізілетін тренинг бағдарламасы Мақсаты



бет2/3
Дата22.09.2023
өлшемі23.83 Kb.
#478357
түріБағдарламасы
1   2   3
отбасы тренинг

Оқушылармен ой бөлісу сәті:
1.Ата-ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келеді»дегенді қалай түсінесіз?
3. «Аға тұрып, іні сөйлегеннен без» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Жаннат аналардың аяғының астында» деген сөзді білмейтін адам жоқ. Бірақ ешбір адам бұл сөздің мағынасына терең көз жүгірте бермейді. Ата-анаңа қандай жақсылық жасаң да көзі тірісінде жасау керек. Ата-анаң қартайған шағында оларға «түһ» деуші болма, ренжіте көрме және оларға жақсы сөз айт. Екеуіне де зор мейірмен, кіші пейілмен бас иіңдер. Кішкентайыңда сені мәпелеп өсіргеніндей сен оларға рақым ет.


Жүргізуші:
Құрметте алдыменен ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.


Енді сіздерге мына бір мысалды оқып берейін.
Бір күні ардақты пайғамбарымыздың алдына бір әйел келіп:
- Сіздің жақын сахабаңыз әрі сырласыңыз болған Алқама қатты қиналып, өлім төсегінде жатыр, - деп хабар береді. Пайғамбарымыз Әбу Бәкір садық пен Біләл азаншыны жіберіп, Алқамадан хабар алуды бұйырды. Әбу Бәкір келіп, Алқамамен сұхбаттасқанда, Алқама сөйлеп, өзінің жайынан хабардар етеді. Алайда тілін кәлимаға келтіріп: «Лә иләһа иллаллаһ» деп айта алмады.Бұған таңырқаған пайғамбарымыз өзі келіп көреді. Бар жайдан қанық болған соң сахабаларына қарап:
- Бұл Алқаманың анасы бар ма? – деп сұрайды. Сахабалар:
- Әкесі ертеректе дүние салған, анасы болуы керек, - деседі.
- Ол анаға хабар беріңіздер. Егер келе алса, менің құзырыма келсін, келе алмаса, өзім барайын, - дейді. Хабарды алған Алқаманың анасы:
Пайғамбарымыздың алдына өзім барамын, - дейді. Сыртта көлеңкеде ауырып жатқан баласының жанынан өтіп барып, тіке Пайғамбардың алдына келіп сәлем береді. Пайғамбарымыз одан:
- Сіздің балаңыз Алқама қандай бала еді? –деп сұрақ қояды.
- Балам жақсы, сіздің маңайыңызда қызмет атқарады, - дейді. Сонда Пайғамбарымыз:
- Жоқ, сізбен мәмлесі қандай еді? – дегенде:
- менің баламнан көңілім қалғаны қашан, бұл баланы балам деп ұмытқалы көп уақыт болды, - дейді де, көз жасын тыя алмайды. Себебін сұрағанда:
- Баламның сәби кезінде әкесі дүние салды. Жесірліктің тауқыметін тарттым. Күйеуге де шықпадым. Осы жалғыз балама өгей әкесі көзін тігіп, қабақ шытып қараса, жүрегім бұл жағдайға шыдай алмайтынына сендім. Балам өсіп, азамат болды. Үй болды. Бірақ сол күннен бастап бар тәтті тамақты әйеліне тасыды., бар жылы сөзді әйеліне арнады. Осы жағдайларды көріп, бір үйде тұра алмайтынымды білген соң, жүгімді жинап, кетуге даярландым. Сонда балам: «анашым, сіз мені бағып-қаққан едіңіз, енді қайда барасыз?» деп сұрауға да шамасы келмей, баратын үйіме жүгімді көтеріп, апарып берді. Міне, сол сәттен бері аналық мейірім - махаббатым бұл балама теріс болды. Пайғамбарымыз:
- Балаңыз жалған дүниемен қош айтысқалы жатыр. Ризалығыңызды білдіріңіз, - дейді.
- Разы емеспін,- деп ана қайталайды. Сол сәтте пайғамбарымыз сахабаларына:
- Отын жиыңдар да, үлкен алау жағыңдар! Анасын нариза еткен баланың отта жануын анасы мен баршаларыңыз көріңіздер! – деп бұйырады. Сонда Алқаманың анасы:
Ей, Расулалла Пайғамбар, балам жанғанша, сол отта мен жанайын, балама разымын, разымын,- деп бірнеше рет қайталайды. Сол сәтте Алқама «Лә иләһа иллаллаһ» деп жан тапсырады. Пайғамбар:
- Дүниенің азған отына балаңыздың түсуін қаламадыңыз, разылық бермегеніңізде балаңыз мәңгілік тозақ отына түсер еді, - дейді.
Міне, осыдан-ақ дүниедегі ең қымбат жан ана мен әке екенін аңғаруға болады.
Халық даналығында: «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ» демей ме? Пайғамбардан: «Ең алдымен жақсылықты кімге істейміз?» - дегенде, ол:
- Анаңа! – деді
- Одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал одан кейін ше?
- Әкеңе!
/ оқушылардың пікірі/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет