«Мен және менің отбасым» тақырыбында өткізілетін тренинг бағдарламасы Мақсаты



бет1/3
Дата22.09.2023
өлшемі23.83 Kb.
#478357
түріБағдарламасы
  1   2   3
отбасы тренинг


БЕКІТЕМІН
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
_____________А. Батырханова

«Мен және менің отбасым» тақырыбында өткізілетін тренинг бағдарламасы
Мақсаты: Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар бойына ата-анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату. Ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер
Даналық сөздер
Ата-ана қадірін білмеген-халық қадірін біле алмас.Халық қадірін білмеген-ата-ана қадірін біле алмас. Ғ.Мұстафин
Ата-ана тәрбиесінің даналығы болмаған жерде ана мен әкенің балаларға деген сүйіспеншілігінің өзі оларды жарымжан етеді.
А.Сухомлинский


Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ,ма құрметті оқушылар! Бүгінгі «Мен және менің отбасым» тақырыбындағы тренингімізге қош келіпсіздер!
1.Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?
2.Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?
3.Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім?

Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
Құт-береке – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат
Әке –шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталар болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген анаға мың тағзым.


Жүргізуші:
О, Ата – анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет