«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Пәні: әдебиеттік оқу
Күні
Сыныбы 4 «»
Оқушының аты-жөні -----------------------------------------------------
Орындау уақыты 45 минут
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында
Қысқы кеш
Алғашқы қар жауды.Қара жер әп- сәтте аппақ түске малынды. Ағаштар да ақ ұлпа қарға оранды.
Әлгінде ауа – райы суытқан соң, Жәмила мен Керімбек үйге тығылған.Қар жауған сәттен бастап, екеуі терезе алдында сыртқа көз салумен болды.
-Жәмилә, қарашы! Аспан тола аппақ қар. Бірінен соң бірі жерге асығып түсіп жатыр, - деді Керімбек.
-Анау бір қар ұлпасы үп – үлкен екен.Қаздың мамығындай – ау. Есіктің алдыда аппақ. Қандай керемет, - деді Жәмилә терезеге үңіле түсіп.
Екеуі үй ішінде жарты сағаттай отырды. Далаға шығудың ретін таппады.Ата – анасының жұмыстан келуін асыға күтті.
Ата – аналары келген соң бәрі бірге кешкі ас ішті. Бірақ Жәмила менКерімбектің бүкіл ойы мен көңілі далаға бір рет ойнап келу болатын.
Бұлардың ойын біліп қойғандай, көрші үйлерден ұл – қыздардың сыңғырлаған күлкілері мен былдырлаған дауыстары құлақтарына анық шалынды.
-Далаға барып ойнап келе қойыңдар, - деді әкесі.
Сәлден соң – ақ көше бойы ары – бері шапқылап, аппақ қардың үстінде аунап – қунап ойнаған балаларға лық толды.Асыр салған жас бүлдіршіндер қысқы кештің көркіне көрік қосқандай, көшені нағыз хан базарына айналдырғандай болды.
А) Балалар ата – анасының жұмыстан келуін неліктен асыға күтті?
Ә) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.
Сұрақ: _____________________________________________________________
Жауап:_____________________________________________________________
2-тапсырма Берілген жоспардан қалаған бөлікті таңдап, мазмұнын І жақта өзгертіп айт.
Жоспар:
1) Жәмила мен Керімбектің алғашқы қарды қызықтауы
2) Балалардың ата-анасын асыға күтуі
3) Қысқы кештің қызығы
Достарыңызбен бөлісу: |