Барлығы
|
Желісі (бірлік)
|
1
|
2
|
3
|
|
ЖОО саны
|
139
|
|
Оның ішінде:
|
|
1
|
Ұлттық
|
9
|
2
|
Халықаралық
|
1
|
3
|
«Назарбаев Университет» АҚ
|
1
|
3
|
Мемлекеттік
|
33
|
4
|
Мемлекеттік (АҚ)
|
16
|
5
|
Азаматтық емес
|
13
|
6
|
Жеке меншік
|
66
|
|
|
|
|
Осылайша, жеке меншік формасындағы ЖОО саны мемлекеттік ЖОО санынан 2 есе артық. Егер жоғарыда келтірілген деректерді 2008-2012 жылдар аралығында қарастыратын болсақ, оны 2 кестеден көруге болады
Қазақстан Республикасындағы ЖОО желісі (2008-2012ж.)
|
2008жыл
|
2009жыл
|
2010жыл
|
2011жыл
|
2012жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
148
|
6
|
Барлығы
|
144
|
145
|
148
|
167
|
139
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік
|
55
|
55
|
56
|
56
|
48
|
Жеке
|
89
|
90
|
92
|
66
|
66
|
2 кестеден көріп отырғанымыздай, 2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген. Жоғары білім беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының қатаңдағанымен түсіндіре аламыз. Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау үдерісі орталықсыздандырылып, ЖОО басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге тырысады.
Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне және білім беру сапасына ықпал етуші факторларды біз төмендегідей топтарға бөле аламыз:
1. Объектінің білім беру қызметтерін алу сапасы (абитуриент, студент, аспирант, даярлық курстарының тыңдаушылары, кәсіби біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары).
2. Субъектінің білім беру қызметтерін беру сапасы (оқыту бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрамының сапасы, қызмет көрсету үдерісін ресурстық қамсыздандыру сапасы, материалдық-техникалық база, ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру, ғылыми-зерттеу сапасы).
3. Білім беру қызметтерін көрсету сапасы (білім беру қызметтерін көрсетуде қолданылатын технологияларды жүзеге асыру және оны ұйымдастыру, білім беру қызметтерін көрсету үдерісін бақылау сапасы, білім беру қызметінің нәтижесінің сапасы).
4. Тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі (білім беру қызметтерін пайдаланушылардың сапаға қанағаттануы, білім беру қызметін көрсетушілердің өз жұмысына қанағаттануы, қоғам мүшелерінің білім дәрежесі).
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 тармағының 30 бабы көрсететіндей, ҚР азаматы конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқылы, ол мемлекеттің өз азаматтарының жоғары оқу мекемелерінде оқуы үшін қомақты қаржы бөлу қажеттілігін пайымдайды.
Қазақстанның жоғары білім жүйесін талдау мемлекеттің нарықтық қатынастарға көшуімен байланысты қоғамдық үрдістерге сәйкес эволюциялық үдеріспен сипатталатынын көрсетеді. Ол ең алдымен сандық көрсеткіштердің өсуінен байқалады. Қазақстандағы білім мен ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыру 2006 жылы тиісінше – 331,5 млрд.теңге, 14,2 млрд.теңге болса, 2008 жылы ол 627,3 және 18,6 млрд.теңгені құраған. 2006-2008 жылдардағы білім мен ғылымды қаржыландыру
Осыған байланысты әлемнің дамыған елдері білім саласына тұрақты өспелі қаржы жұмсайтынын айта кеткен жөн (Кесте 3).
Әлем елдеріндегі білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар
Достарыңызбен бөлісу: |