Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.
Өндіріс шығындары бөлінеді:
1. Айқын шығындар - басқа жатқан алынған ресурстар үшін ақшалай төлем (шикізат, жалдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар)
2. Айқын емес шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар
Әдетте шығындар бухгалтерлік (анық) және экономикалық шығындар болып белінеді.
Бухгалтерлік шыгындар - сатып алудың нақты бағасы мен өлшеніп, шығынға жүмсалатын ресурстардың қүны.
Экономикалық шығындар - бүл уыстан шығарылган мүмкіндіктер шығыны. Олар шыгындалған ресурстардың (анық шығын + анық емес шығын) барлық балама тәсілдерінің ең пайдалысын қолданғанда алған табыс сомасына тең.
Анық емес шыгындар - бүл экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмашылыгы.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
Тұрақты шығындар (FC) бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар
Тұрақты шығындарға жататындар: кәсіпорынның қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары, қарыз пайыздарын төлеу, салық, аммортизациялық аударым, қорғау ақысы, қамсыздандыру шығыны, өндіріс тоқтаған кездегі құрал-жабдықтарға қызмет жасау шығындары, басқару аппаратының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарды кәсіпорын ұзақ мерзім кезеңінде дамуды да бақылай алады. Олар қысқа мерзім кезеңінде де өнім шығару көлеміне байланысты өзгермейді.
Өзгермелі шығындар(VC) олар өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп тұрады
Өзгермелі шығындар шығарылған өнім көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Өзгермелі шығынға жататындар: шикізат, материалдар, жұмысшылардың жалақысы, энергия, тасымалдау шығыны, т.б. Кәсіпорын өнім өндіруді көбейту үшін, алдымен сол өнім өсіміне қанша өзгермелі шығын жұмсалатынын есептей білуі қажет. Сол үшін шығындарды өлшеуге (есептеуге) ерекше тәсілдермен ерекше өлшеу белгілерін зерттеп дайындау қажет.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы жалпы өндіріс шығынын құрайды. Оның көлемі өзгермелі шығынның өзгеруіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |