Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынандай ұйымдық- құқықтық түрлері бар



бет25/79
Дата16.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498907
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
bggSFxqKdBe6yuHh8GqAseX8AciLpQNUWSl278Og (1)

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынандай ұйымдық- құқықтық түрлері бар:

  1. мемлекеттік кәсіпорын;

  2. серіктестік толық жауапкершілікпен (толық серіктестік), аралас жауапкершілікпен (аралас серіктестік), серіктестік шектеулі жауапкершілікпен (шектеулі серіктестік);

  3. акционерлік қоғам (ашық және жабық типтегі);

  4. шағын кәсіпорындар (бірлескен), кооперативтер;

Жеке кәсіпорын. Жеке кәсіпорында ұйымдастырушы, меншік иесі жеке тұлға, қалғандары жалдамалы жұмысшылар. Толық серіктестік – жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұның мәні мынада. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, мебель, картина, зергерлік бұйымдар т.б. бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар (ірі кәсіпорындар) құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай серіктестікті құрудың негізі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда серітестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды.
Аралас (командиттік) серіктестік – толық серіктестіктің өзгерген түрі. Мұның негізгі ерекшелігі, бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктермен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командистер деп аталады. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ел өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды – акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит деп атайды.
Командитті серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам ретінде қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрлері әзірге дами қойған жоқ, кей жағдайда оған деген қажеттіліктің туындауы әбден мүмкін. Мысалы идеясы дайын жеке басты адам бар, осы идеяға сенім білдіріп мақұлдайтын кәсіпорын да бар. Осы идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де жоқ. Осыдан аралас серіктестік құралады, жеке адам оған шектеулі жауапкершілікпен, ал кәсіпорын толық мүшелікке енеді. Бұл жағдайда кәсіпорын банк иесінің кепілі, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам жарлық етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (шектеулі серіктестік қоғам) алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері (жеке тұлға және заңды тұлға иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды. Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында берік өзара байланыс бар. Осы себептермен ол отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар формасында заттық үлестері болуы да мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т.б.)
Қоғам мүшелерінің құқы жылына бір немесе екі рет өткізілетін қоғам мүшелерінің жиналысында анықталады, одан әрі даму алады. Жиналыстың маңызды шешімдер қабылдау құқы бар, атап айтқанда, жылдық балансты бекітеді, пайданы мақсатты, орынды пайдалануды анықтайды, шығындарды қысқартады, қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды, оған әр қилы мәселелер бойынша тапсырмалар жүктейді. Қоғамның жұмысына бақылауды бақылау комиссиясы жүргізеді, оның мүшелерін жалпы жиналыспен тағайындайды.
Акционерлік қоғам – келесі сұрақта толығырақ қарастырылады.
Кооператив. Олар жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланып, тауар (өнім өндіру, әр түрлі жұмыстар орындау және қызмет көрсету) шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.
Кооператив – ең алдымен бір топ адам – кооперативтің мүшелері болады. Жалпы ереже бойынша, олар үш адамнан кем болмауы керек. Егер кооператив әрекеті процесінде бұл сан азайса, оның жұмысы тоқталады.
Кооператив - сондай-ақ кәсіпорын, белгілі бір жағдайда қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде жекелеген ұйым болып келеді. Кооперативтің қызметшілер құрамы өзгерсе де, ол біркелкі ұйым ретінде өз әрекетін жалғастыра береді.
Кооперативтің әрекеті, олардың ортақ кооперативтік меншігі, не жалға алған немесе тегін пайдалануға берілген құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы әрекеттің нәтижесінде өндірілген қосымша өнім мемлекет пен кооперативтер арасында бөлінеді, ал оның қалған бір бөлігі осы кооперативтің дамуына бағытталады және кооператив мүшелерінің еңбек ақысына жұмсалады.
Кооперативтің негізгі принциптері кооперативке өз еркімен кіру және одан шығу; кооператив мүшелерінің өндіріс процесінде олардың жұмысын (ісін) басқаруға қатысуы; кооперативтік шаруашылық жүргізу және белгілі бір шешім қабылдауда дербестігі; кооператив мүшелерінің еңбек етуге құқығы бар және олардың кооперативке қосқан үлесіне сәйкес табыс алуын, әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік тепе-теңдікті сақтауы қамтамасыз етіледі.
Кооперативтік кәсіпорындар өздерінің мақсаты және әрекет ету мазмұны шегінде әртүрлі болып, бір-біріне ұқсамай ерекшеленеді. Олардың: өндірістік, тұтыну, аралас, өндірісті және тұтынуды үйлестіретін кооперативтер деп аталатын түрлері бар.
Кооперативті кәсіпорындардың артықшылығы да, кемшілігі де бар. Көпшілік елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде кооперативтердің салыстырмалы түрде үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген себептері бар, ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді, инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады. Бір жағынан бұл форманың үлкен артықшылығы да бар, атап айтқанда, олардың ішіндегі маңыздысы меншік пен еңбектің бірлігінен туындайтын жоғары мотивациялық тиімділік. Алайда бұл тиімділік иесіз, ұжым меншігінің орнына, сол ұжым мүшелерінің меншігін енгізсе ғана көрініс алады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың құқылық статусы көптеген елдерде әр түрлі. Тіпті бір елдің ішінде де мемлекеттік кәсіпорындардың жағдайын анықтап, реттейтін біртұтас заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекет пен нарық арасындағы қаражат және мүліктік қатынастарды реттейтін арнаулы қаулы-қарарларға сәйкес ұйымдасады, әрекет етеді. Осы аталып өткен шартты жағдайларға байланысты мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеттік кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар (Паблик Корпорейшнз), аралас акционерлік қоғамдар.
Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар енеді. Өз жағдайына қарай олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомстваға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Олар, әдетте, сыртқы қаражат көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды, барлық қалған жұмыс істеушілермен бірге оларды мемлекеттік қызметкерлер деп атайды. Бюджеттік кәсіпорындарға байланыс жүйесі, верфтер, т.б. жатады.
Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық- құқылық түрдегі мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субьектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте олар шаруашылық жұмыстармен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Басқаша айтқанда мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам түрінде де құрылуы мүмкін. Мемлекеттік корпорациялар кәсіпкерлік қызметті коммерциялық негізде тиісті министрліктер мен ведомстволардың бекіткен жоспарына сай жүргізеді. Мұндай қызметтің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капиталы, акционерлік капитал және капиталданған пайда құрайды. Сонымен қатар облигация түріндегі қарыз капиталын, банк несиелерін, басқа да қаражат тетіктерін пайдаланады. Алайда, қарыз қаржыларының шектеулілігі қаражат ресурстарын мәнді пайдалану мүмкіндігін төмендетеді. Мемлекеттік корпорациялардың рентабельдік және тиімділік көрсеткіші көбіне жеке фирмалардың сол сияқты көрсеткіштермен салыстыруға келмейді, өйткені тиімсіз өндірісті ең алдымен мемлекет өзі қорғап, өзі қаржыландырады, ал өндірістік өнімдер мен қызмет көрсету шектеулі бағамен сатылады.
Аралас компаниялар. Олар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың (вкладчиктердің) қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегер, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады. Атап айтқанда, мемлекеттік несие мен қосымша қаражатты (дотация) пайдалану, импорттық лецензияларды жеңілдік тәртіппен алу, басқа мемлекеттік кәсіпорындардан бекітілген бағамен шикізат пен жартылай фабрикат алуға кепілдік, өндірген өнімдерді өткізуде кепілді рынок, сыртқы дотация, т.б. жеңілдіктер.
Аралас фирмалардың өзіндік капиталы акционерлік капиталдан, капиталданған пайдадан, акциялары қор биржасында сатылатын болса эмиссиялық табыстан құралады. Мемлекет пен жеке акционерлер табысты өз қызметтерінің нәтижесінде дивиденд түрінде алып отырады. Аралас компаниялардың қоры қаржыларды пайдалануда мемлекеттік корпорациялармен салыстырғанда артық мүмкіндіктері бар. Аралас компаниялар шаруашылық ісін кәсіпкерлік және коммерциялық негізде жүргізеді. Алайда ел экономикасына аса маңызды деген жағдайда әкімшілік пен тиісті министрліктер мен ведомстволар бірлесе отырып жоспар да белгілейді. Мемлекеттік корпорациялармен салыстырғанда олардың үлкен шаруашылық дербестігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет