Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы мифологиялық лексика 3 Том



бет3/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бай түбірімен алтай тілінде семантикалық жағынан majgyl < maj qel ~ paj qyi `әйел аруақтарының бірі` (Радлов, 1986) тығыз байланысты. Baj matur `жер астындағы тіршілікке басшылық жасайтын мифологиялық аруақтың ұлы Ерліктің нақты аты. Маj teņiz `Ерлік сарайының қасында жер астында өмір сүретін мификалық теңіздің аты` (ОРС, 1947); ,baj qajyn `шамандардың құрбандыққа шалған малдың терісін қайың бақанына керіп тастағанын бейнелеу`, жапырақты қайың (Анохин, 1924) т.б. Сол сияқты түрік. Baj qus `сова` (сиқыршылықпен байланысты құс) деген мағынасын көрсетеді. Н.А. Баскаков байқұс*деген құсты `сова` үкімен ауыстырып алған. Байғыз ир. Зат. Арқасы ақшыл дақты сарғылт, бауыры көмескі қоңыр жолақты, жапалақ тәрізділер отрядына жататын құс. Үкі*мен байғыз түнгі жыртқыш. Бұлар сазды жарқабақтарда, опырылып қалған ескі құдықтарда, үйілген тастарда және молаларда ұялайды (ҚТТС, 30 б). М-Ж. Көпеев: Байғұс деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін бірдей жарып ұшырмайды. Екеу-екеуден жарып бала қылып ұшырады. Бәрін бірдей жарып бала қылсам тамақ жеткізе алмаспын деп. Өзі намаздігерден жоғары, бесіннен төмен бір-ақ мезгіл ұшады. Алса бір тышқан алады, алмаса алмай қалады. Сонда да құстың семізі болады. Себебі, қанағаты мол болғаннан. Адам қанағаты содан ғибрат алса керек – деп жазды [67, б.101]. Байғыз екі түбірден бай + ғыз//қыз//құс жасалған. Айтылуда байқұс жазылуда айтылудағы орфоэпиялық заңдылықты сақтаған, «Байғыз» деп жазылады. Ғ/Қ, Ы/Ұ дауыссыз, дауысты дыбыстардың алмасуы (ассимиляциялық) заңдылық бұрыннан бар. Бұл сөз иран тілінен ауысқан. Би//һуш яғни /би/ -сыз, -сіз емес, жоқ деген сөздермен пара-пар. Сова`, -ы, мн. Совы, сов, совам, ж. 1. Хищная птица с большими глазами и крючковатым клювом (ТСРЯ, 740). Үкі туралы Ш. Уәлихановта да жазылған [68, б.187]. «Игор жасағы жайындағы жорық» эпосының бас кейіпкері Боян [69, б.173, 70, б.302] сөзінің о бастағы мағынасы бай, Ұмайға жуық аруақ (дух) сөзінен шыққаны белгілі. Бұл – турасында жоғарыда біраз сөз болды. Даму эволюциясында семантикалық мағынасы бәрібір ұмай сөзіне жуық келеді.

Ұмай мен бай (Баян) мағынасы бірігіп кетіп бір ұғымға қарай тоғысты. Ұмай есімі нақты адамдар арасында ұмытылып Баян // Һумаюн // Гамаюн // Кумайык // Кумай сөздерінің құрамында сақталды. Мұны схема бойынша былай көрсетуге болар еді: Баян > ума > умай > май > бай ~ пай < ұмай > Бай // н. Һамаюн > ума > умай > май > бай ~ пай < ұмай > Һамаюн. Һамаюн // Баян > Ұмай. Сайып келгенде, Ұмай сөзі әйелдің жыныс мүшесінен А – дан басталып, жер бетіне ұрық әкелуші Ұмай//Ұрық жаратушы иесі дәрежесіне барған. Кейіннен алғашқы семантикалық мағынасы көмескіленіп әр жерде түрлі атауға ие болған. Зерттеу, Баянның бай//baj ~ paj ~ maj cинкретикалық мағынасы – емші, сиқыршы, арбаушы, дуана бір жаратушы иесі (аруақ//дух) сол сенім иесі Ұмай екенін көрсетті. Ұмай мифологиялық образының түрліше көрініс тауып, әртүрлі аталуының бір себебін С. Қасқабасов: «Соның көрінісі ретінде Тәңір мен Ұмай образын атадық. Алайда, бұл екі образ ежелгі Греция мифологиясы Зевс пен Гераның деңгейіне көтеріле алмады, өйткені түркі мемлекеті құл иеленуші империяға айналмай, ерте ыдырап кетті де, бұрынғы жекелеген «тәңір иелер» құдайларға айналып үлгермеді және ертеден келе жатқан мифтер циклға түспеді, жүйеленбеді» – дейді [71, б.91]. С. Мұқанов шығармасындағы: «Арабша Үммая (шеше мағынасында) аталған халифат 92 жыл өмір сүріп, арабияның шығыс жақ қанатын Орта Азия арқылы Үндістанға, батысын Испанияға жайып, өз тұсында дүние жүзіндегі ең зор империяның бірі болады» [72, б.44]. Үммая осы ұмайдың фонетикалық варианты. Ә. Әбіласанның мына бір пікірі алдыңғы ойымызды толықтыра түскендей: «Осы арада «куман» (қыпшақ) атауының да мәні елес бергендей. «Ұммані» – әскер болса, «куман» да осы ұғымды білдірген деп білеміз: Ұммані // Һұмман // хуман // куман» [73, б.79]. Демек, Үммая мен Ұммані да Ұмай сөзі екендігіне дау жоқ. Ұммані сөзі әскер басы деген ұғымды білдіріп, сол әскер балаларын жеткіншек есебінде қабылдап қорғаушысы, жебеп-қағып жүруші мағынасында қолданылған сияқты.



Ұмай сөзінің қолданыс аясындағы мағынасы кеңіді мысалы: Ислам уммасыныњ болашаѓы зор (Егем. Ќаз. №130 (23340) 2003); Ендеше мен уаќыт µткен сайын жері кењіп, ќатары кµбейіп, несібесі артып келе жатќан жер бесіктегі 1 миллиард 200 миллион асатын ќасиетті ислам ±ммасыныњ м‰шесімін (Егем. Ќаз. №139 (23349) 2003); ¦май // ±мма (уммасы // ±ммасы) б‰гінгі к‰нгі ќолданыс µрісінің кеңейгенінің жарқын көрінісі болады. Б. Алтаев: «Ұмай» сөзінің төркіні жөнінде мынадай жорамал бар дейді: Ұм «желін» сөзінің Ұ дыбысы Е дыбысына өзгеруінен шыққан. Сондықтан ем, емшек, алтайша емеген (ана), сахаша – емше (бие) деген мағынаны көрсетеді. Қазақтарда иіген кезде сүтті төгіп жіберетін биелерді мамабие деп те атайды» – деп, одан әрі ойын былай түйіндейді: «Ал құйрықтың қолданылуы Ұмайға табынып, отқа құйрықты (май) салудан қалған дәстүр» [74, б.26]. Бұл арада өзге май салмай нақты құйрық майды салудың да өзіндік себебі де жоқ емес. Құйрық май асату т.б. құдандалық дәстүрлерді еске түсірейік. Орналасуы жағынан құйрық пен ұмай // ұма жыныс мүшесіне жатады. Демек, ұмай//ұрық//ұрпақ сөздерінің мағынасы төркіндес оның жыныс мүшесінен басқа мағынасы анағұрлым кеңірек жатыр біріншіден, отқа құйрық май салу [75, б.182] отың өшпесін, ұрпағың жалғастырсын, дүниеге сәбилер келе берсін деген ұғыммен астасып жатса, құйрық-бауыр асату салты, біз енді бауыр болдық дегенді білдіріп, құйрық майын қосып беруі осы жерден біз шығып едік, енді осы жерден шыққан ұрпақ сендер жалғастырыңдар деген мағынаны береді. Және де барлық тіршілік иесінің жаратушысына айналған құйрық//ұманы ғана қадірлеп, ардақтау емес «Ұмай ананы» да еске алып құрметтеу болып табылады. Немесе: «Абыройын аймандай етті» тіркесінің құрамындағы «абырой» абы (ана) абысын сөзінің құрамындағы абы (ұрғашы, әйел) демек абы (А…) аб > абы > ұм > ұма > ұмай. Беті ашылмаған жас қызды әке-шешесі қатты қадағалаған. Дала заңы беті ашылған қызды да, оған кінәліні де өлтіріп жіберген. Қыздың «қыздығы» болуы руға да, ата-анаға да үлкен абырой, бедел әкелген. Қыз баланың пәк болуы, ұрпақ әкелетін ұманың былғанбауы еріне де әйелге де бақыт әкелген. От басының өмір бойы тату-тәтті өмір сүруінің кепілі болған. Күдік болмаған. Дүние жүзінде қыз бойындағы асыл қасиетті «қыздықты» ұрлағаннан асқан ауыр қылмыс болмаған. Барлық ұрпақ қадірі осы ұма тазалығынан басталған. Ұрпақ келетін жерді басқа біреудің былғамағанына қатты көңіл бөлген. Өйткені, ол күллі адамзат бастауы болып есептеліп, өзіне-өзі «су ішкен құдыққа түкірумен» тең болған. Өзі шыққан жерін құрметтемеген адам күллі адамзатты сыйламайды деген ұғым жатқан.

Қазақ дәстүріндегі ұма сөзінің мағынасын М. Оспановтың пікірі одан әрі айғақтай түседі: «Има – Ұмай (ана тәңірі) – Индия сөзі. Има (ям) егіз бала, бірі – қыз, бірі – ұл, бір-біріне үйленген. Сайрам сары (сұр) – пері, ям – еркек ұл. Монғолдар оны бозторғай ұя салған жер (Байсын)» – дейді [76, б.74]. Ќазаќтар да Жиделібайсын жері деген бар. Мағынасы өсіп-өнген жақсы жер дегенге келеді. Ям // А… өзара сабақтастығы көрінеді. Тағы да бір – ұмай сөзіне қатысы бар мына деректе: Осылайша жоғарыда сөз болған кие, иелер Анайтис, Ұмай // Ымай, Үт – бабаларымыздың наным-сеніміндегі Күн бейнесінің әр түрлі тілдік варианттағы бір ғана есімі болса керек – деп жазды [77, б.21]. Осыған байланысты Құрбанғали Халид исламда теңгені тек 658 жылдан бастап Абдул Мәлік, ибн Мруан (Умауи) соқтырған*. Баян секілді ердің аты Маруан (Ұмай) деп аталған. Мысалы, дербес иелікті ең ірі қауымдардың бірі Умма. Мұны Ұмай-ана жұрты екендігі айтпай-ақ түсінікті емес пе? – деп ой қосады [78, б.157]. Түйе атаулары: Аруана, Мая, Желмая >Ұмаядан жұғынған атаулар семантикалық мағыналары бір сөз. Мая атауына байланыстыра возможно бай – май, восходящее к теониму Умай, богини плодородия и покровительницы новоражденных – деген пікірді қайталап жатсақ артық етпейді [79, б.23]. Осыған іле айтылатын бай // баjа > баjа-ки `баjа руының еркегі`. (Салс. Бір рудың аты баjау-сал (и), екі жыныстың өкілдері, сол сияқты ру аты толығымен жатады)`[80, б.47] демек бай сөзі екі жынысқа бірдей қатысы болған. Түркі елі Ұмайға табынып [81, б.114] қана қоймаған өз таңбаларын салуға да пайдаланған. Мәселен, дөңгелек күн бейнелі (нұр сәулелі) Ұмай – ана бейнесіне ұқсас таңба «Ұмай» деп те, «Ұм» деп те оқылған секілді; кейін ол осы екі сөзде де келетін екпін, екпінсіз «м» әріптерінің таңбаларына айналған. Брахма әліпбиінде (б.з.б. III ғасыр) осы таңбалар секілді әріп-таңбалар сөз ішіндегі буын жүйесінде «ма», «мам», «муа», «му», «мо», «ми», «вуа» болып оқылады екен. Брахмада қай кезде қолданылғанына қарамастан бұл таңбаның түп-төркіні Ұмай-ана жұртымен, Ұмай бейнесімен байланысты екені даусыз болса керек. Брахманың өзге де жекелеген буын - әріп таңбалары түрікшеге ұқсайды [82, б.4].



Сонымен, Ұмай – ана бейнесі татар және башқұрт мифологиясында еске алынады. Ал, Повольжя халқының арасында оншалықты тарай қойған жоқ. Бұл тілдік бейне культ Гамбәр - ана - қорғаушы құс болып ауысты. Тарихи Гамбәр Орта Азияның шайыры Сүлеймен Бақырғани әйелінің аты болатын, аңыздар бойынша құсқа айнала алатын қасиеті де болғанға ұқсайды. Қазақ эпосындағы Қамбар батыр халық қамқоршысы, ел қорғаны Ұмай бейнесімен байланысты. Қам сөзі бақсы дегенді білдіретіні белгілі, олай болса мағынасы Ќам + бар > Ұмай сөзіне қатысты. Орал татарлары Умай мен Гамбәрді бір бейнеге қосып періштені сомдап шығарды. Тумаларды сақтаушы Умайгамбер ~ удм. Имайшбер (Смирнов 1890, 48 қараңыз). Ұмай сөзінен мүмкін тат. диал. нюмай, шуаш. нумай, мар., ноғ., кұмық. номай, ққалп., нобай, қаз. нобай `байлық` `байлыққа көз тұну` қазіргі кезде нобай сөзі нұсқасы, бейнесі деген мағынада қолданылатын туынды сөздер пайда болған сияқты [83, б.43-44, 84, б.145]. А ... > ¦МАЙ. Амытъ амыттан живое существо (монг. амі – жизнь, амітанъ-имющіе жизнь) (Будагов: 1869. – С. 796). äмір = öмÿр – жизнъ, äміт – давать сосать, кормить грудью, емäі – женская грудь, вымя (Радлов, 1893: С. 957, 946). Äміl – ядор, сердцовина, мозгъ (Радлов, 957). Бұдан шығатын қорытынды ам <> ем дыбыстық варианты ғана. Сол сияқты äм - домъ = äб, äп, äв, ÿі (Радлов, 944) <> ін <> ұя (үй) > а... семантикасы жағынан тығыз байланысты сияқты.

Ұмай сөзіне семантикалық жағынан қатысы бар қосымша деректерді ќарањыз: Жұмыста жазылған Байғұс*// үкі сөзіне қатысты: Үкі* Жапалақ тектес құс. Екі шекесінде құлаққа ұқсас қауырсыны тікірейіп тұрады. Ертеде үкі қауырсынын қыз-жігіттер тақияның, бөріктің төбесіне сән үшін тағып жүрген келтіргенді жөн көрдік (Ә. Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. – Алматы: Жалын, 1990. 55 б.); Үммия (Ұмай автор). Сол мезгілде араб елінде Үммия патшалығы (Оммейядская (Ұмая – автор) династия) құлады да, Персияда Сасани патшалығы (Сасан би – автор) (Сасанидская династия) жойылды (С. Талжанов. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1975. 40 б); Ұм // ям сөзіне қатысты: Ду. Има (ям) егіз бала деген сөздерді қараңыз. Қытай тілінде «ду» екі «бәйіт» екі тармақты өлең деген мағынаны білдірген (М.К. Хамраев. КСТТЛ. – Алма-Ата: Мектеп, 1966. – С. 29); Ель. Мурат Аджи қасиетті ағашты «ель» деген. Оның мағынасын ашып берген. Ел терминінің мағынасы өте тереңде жатыр. Ел-иль түріктер өз мемлекетін атаған сөздің аудармасы. Ель термині туралы бірыңғай пікір жоқ. Тайпалар одағы деп аударып оған «мемлекет, халық» мәнін береді (С.Е. Малов); Радлов, Мелиоранский, Бартольд, Томсен мен Хирт та осы пікірді ұстанған. Әртүрлі тайпалар ақсүйектерінің ұйымдық жағынан берік топтасқан, сонау рулық қауымнан қалған дәстүрлері бар ақсүйектік құрылыс. «Аl» мемлекеттік ұйымдарды білдіреді. Түріктік «al» бізге тарихтан өздерін «türk» деп атаған халықтың бейнесі. Л.Н. Гумилев: «Ел орда мен тайпалардың қатар өмір сүруінің бір түрі болған» – дейді Л.Н. Гумилев. (Көне түріктер. Алматы: Білім, 1994. 99-100 б); Міне, осы «ел» «Өлгенге-Ульгень» көк пен жер астындағы өмірді байланыстырып тұратын жол болып есептелген. Новогород облысындағы Ильмень түрік сөзі ель-иль түбірінен өрбіген «ел мен» «народ я» деген мағынаны білдіреді. Ильмень сөзінің этимологиясын орыс тілінен таба алмаған А.В. Барандеев өзеннің аты ильмень (ыльмень) фин-угор тілінен шыққан деп айта салған. Ал, И.Г. Добродомов түрік тілінен ауысқан деп айтқанын жоққа шығарған. Қараңыз: Ильмень И. Г. Добродомов О некоторых русских словах, займствованных из греческого языка через тюркское посредство. // Лексикология и словообразование древнерусского языка. – Москва., 1966. – С. 255-262; Барандеев А.В. Ильмень и лиман // Рус. Речь. – 1981. – № 6. – С. 95-99; Валеев Г.К. Откуда «пришли» Ильмены? // Рус. речь. – 1988. – № 5. – С. 128-131. Баранцеев А.В. Новые книги по ономастике (1989) // Русский язык в школе: Просвещение, 1999. – № 3. – С. 100; Қазақ ұғымындағы Бәйтерек, Шоқ терек Қазақ елінің символына айналды. Астана қаласында «Бәйтерек» мәңгілік символы жасалды. С. Қасқабасов: Ғылымда оны «әлемдік ағаш» («мировое дерево»), немесе «космостық ағаш» («косимческое дерево») дейді*. Осы космостық ағаш бейнесі көне мифтермен бірге шамандық нанымға да кіріккен (Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. 86 б); Топоров В. Н. О структуре некоторых архаических текстов, соотносимых с концепцией мирового дерева. – В кн.: Труды по знаковым системам. Тарту, 1971, вып. V, с. 6-92; Мировое дерево-центральная фигура «вертикальной космической модели»-ассоциируется в мифах с трихотомическим делением вселенной на небо, землю (среднюю землю) и подземный мир* Е. Жубанов, А. Ибатов. Анализ этимона ТАҢРІ `всевышний`: (опыт ретроспективного подхода) // Проблемы этимологии тюркских языков. – Алма-Ата: Ғылым, 1990. – С.315; *Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. М., 1976. – С. 213-214; Ұмай ана жердегі тіршілік қорғаушысы. Судың өз құдайы Йер су (Эрлик) т.б. болған. Көне заманда аспанды (Күн) – еркек, жерді – әйел деп түсінген. Күн адамдарға мейірімін төккен. Сондықтан да күннің жарығынан бала туған. Ежелгі дәуір әдебиетін қараңыз. Аспан көк Тәңір есебінде болған. Тәңір солардың билеушісі болған. Күн қазақ өмірінен маңызды орын алған. Å udu – «бог солнца (шум. Ud – «солнце») и иероглифу майя (Ұмая-автор) Å kin – «солнце» О. Сулеменов. Письма другу // Казахстанская правда. 2001. – № 112 (23460); Мая-тақыр жүнді нар түйе (О. Нақысбеков Қазақ тілінің ауыспалы говоры. – Алматы, 1972. 98 б); Мая-особенно высоко ценимая порода вреблюдов, помесь одногорбого верблюда с двугорбым (Қыз Жібек. – Алма-Ата: Наука, 1963. – С. 289); Мая-тақыр жүнді нар түйе. Нар түйенің жақсысы, бауыры сүтті маясы (Жақ. Жан.) (– Алматы: Ғылым, 1972. 98 б.); Хұмаюн - Панимат шайқасынан соң Бабыр қосындарының бірі Дели де тізе бүктірсе, үлкен ұлы Хұмаюн (1508-1556) Агра қаласын алуға аттанады. Жалпы осы соғыстарда Бабырдың үлкен ұлы-сол кезде 18-ақ жастағы Хұмаюн көп батырлық көрсеткен (Әбсаттар қажы Дербісәлі. Делидегі құран жарысы. Үндістанда Панипат қаласында Бабыр бабамыз 1527 жылы мешіт салдырған. Делиде Хұмаюн атында кесене бар. // Егеменді Қазақстан, 2003. – №20-23 (23233. 5 б.); Теңрі, Ұмай, удуқ Иер-суб Басы берті ерінч (Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Ана тілі,1991.34 б); Умай – әйелдер қорғаушысы; Умай - әйелдер құдайы (Ғ. Айдаров. Орхон-Енесей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы. Рауан, 1995. 152, 156 б). Амикь, мн. Глубокій, амь, глубина. Амимь. Мн. Всеобщщій; предметь оконченный, совершенный, полезный всьмь (Л. З. Будагов Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том I. Типографія иператорской акадиміи наукь. 1869. – С.767. ); «В числе собирательных суффиксов Й. Бенцинг приводит и *-ти (-тй?), обозначая его со знаком вопроса как показатель двойственного числа (Dualsuffіх?). Встречается он в небольшом количестве слов и потому, замечает автор, трудно судить о его функции: эвенк. Инмэк- `торсук` (вьючая сума) – инмэк-ти- `пара торсуков`, энин- `мать` -эн-тй- `важенка с теленком`. Далее следуют примеры с показателем мн. Ч. –л, который прибавляется к единичным формам с суффиксом парности (двойственности) -ти: ам-тй-л `родители`, `отцы` (амин- `отец`), эн-тй-л `родители`, `матери`. Заметим, что из исследователей эвенкийского и других т. -м. Языков только Г.М. Василевич суффикс -ти определила, ссылаясь на тот же единственный пример, как «суффикс двойственного числа (парных предметов) – инмэк `вьючая сума`, инмэкти `пара вьючных сум` ([11, б.793] кітаптың ішіндегі цитата). Ср. Еще ак-тыл `два старших брата` [там же]. Для устоновления формы двойственного числа в т. -м. Языках, как и в других алтайских, необходимых оснований нет. Непродуктивный показатель мн. ч. эвенк., нег. *-ти-л, оформляя усеченные основы некоторых терминов родства -ам- (< амин) `отец`, эн- (< энин) `мать` и т.п., выражает значение множественности и своеобразной парности - `отцы`, ~ `родители` (т.е. мать и отец), `матери` ~ `родители ` (т.е. мать и отец) ( О.П. Сутник. Существительное в тунгусо-манжурских языках. Ленинград: Наука, 1982. – С.31.). Б±л мысалдан кµріп отырѓанымыздай ±май сµзініњ а... т‰бірінен µрбіген тағы да жоққа шығармайды. М±ќтар ±лы Шоќан жєне µнер. – Алматы: ¤нер, 1985 (Шоќ Терек) туралы мєлімет бар. Ќарањыз 76-77, 89 б.; Є. Марѓ±лан. Ќозы Кµрпеш-Баян с±лу кешені // «Ж±лдыз» 1983. – № 2. 116 б.; Н±рм±хаметов Б. Шоќ терекке т±нѓан сыр. // Лениншіл жас. 1977. – № 103; Єбсєлім±лы Т. Ќозы мен Баянныњ ілгегі // Ана тілі. 1995. – № 42 (291); Ахметжанов Ќ.С. Алтыннан ќ±йылѓан ару Баян... // Ќазаќ елі. Аќпанныњ 26-сы, 7-10 б., 1992;

Д‰ниеде не нєрсеніњ себебіне кµзі жетпесе, сол нєрсені ќ±дай ќылып т±р деп, дін т±тынат±ѓын єдеттерініњ сарќынын біз де кей жерде кµргеніміз бар: келін т‰скенде ‰лкен ‰йдіњ отына май ќ±йып, «От ана, май ана, жарылќа!» дегізіп бас ±рѓызатын секілді // А. Ќ±нанбаев. – Алматы, 1961. 492; Название покровительницы матерей-кормилиц могло стать названием и матери-женщины, и материнских органов, т.е. органов кормления – груди- и деторожденияvulva, и названием корма, еды, съедобного, в том числе и жира. Отсюда наличие слов в казахском ±ма (вымя) с перегласовкой у в е: ем (сосать), емшек (женская грудь), алтайское емеген (мать), якутское еміе (кобыла, т.е. мать), что с выпаданием начального гласного в казахском будет Бие/мие id. Основы ем (сосать, женская грудь) с перегласовкой е в а будет означать vulvaматеринский орган. // Ќ. Ж±банов Ќазаќ тілі жµніндегі зерттеулер. – Алматы: Ѓылым, 1999. 419 б; Л. Будагов: тюрк. баян (въ составномъ имени исторического лица монголовъ: баян дөбен немесе добан, дөбен баян, баян у Аб. Г. Диөн баян – арабша криллициядан аударған - А.Қ.), у отца Iоикнөа дөбен мркн; у Санангъ - Сецена мркн дөнен) древнее тюркское слво и переводъ монгольского мркн, т.е. способный, мудрый, ловкій охотникъ, въ тат. И нын мркн значитъ: искусный стрло. Младшая жена этого Дубунъ-Баяна, по имени Аланъ-гоа (Алан қол – А.Қ.), оставшаяся во вдовств, родила чудомъ, отъ лучи свта, трехъ сыновей, изъ коихъ меньшой Бузенджиръ или Буданджаръ былъ родоначальникъ Чингизъ-хана въ 9 колн (о тождеств баяна съ русскими буянъ, баю, баять см. ТеmutcҺin der unerscҺutterliche. Erdmahh. 18627 p. 533 ) [19, б.240]. В. Радловты қараңыз [10, б.1566].

Түйін. Ұзын ырғасы «Баянауыл» мен «һумаюн» лексемасының о бастағы түбір тұлғасы осындай. «Этимология» деген ғылым аса ыждаѓаттылықты, нақты дәлелдерді сүйетін ғылым. Ой-жота болжам жасау көптеген жайттарды шатастырып, тура жолдан тайдырып жіберуі мүмкін. Демек, Ұмай мен байдың шығу тегі бір. Және де мифпен тығыз байланысты. Олай болса, «Баянауыл» сөзінің мәні біз ойлағандай жеңіл-желпі емес екен, өте тереңде болып табылады. Жалпы, бәйбіше, бәйшешек, байтал т.б. осы төркіндес сөздердің түбір тұлғасын анықтағанда абай болған жөн. Кейбір сөздер сыртқы тұлғасы жағынан ғана ұқсас, алдамшы болып көрінуі мүмкін. Айталық, Талас (өзеннің аты), тал (ағаш өсетін), талыс (ыдыс). Осындағы Талас (тал-су), тал (тұл дыбыстық варианты) талмен ысталған ыдыс деп ұғынғанмен олай емес, тал (тері – тұлмен, тұлыппен тығыз байланысты). Мінекей, көріп отырғандарыңыздай бұл жай ғана айтыла салған сөз емес, ұзақ зерттеудің нәтижесінде анықталған сөздер. Бірде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ескі нұсқасында «Тұла бойы» деп, ал жаңа нұсқасында «Тал бойы» деп жазылғандығын оқып қалдым. Әрине, соңғы нұсқасы түзелген. Түзелгенде «тал бойы» бүгінгі әдеби тіл бойынша алынған «тал» (өсетін ағаш) деп көпшілік ұғады, түзеткен адамда солай ұққан. Ал негізінде «Тұл» мен «Тал» бір сөз тек қана тілдің ұзақ жылғы даму барысында дыбыстық өзгеріске ұшырағандығын кәсіби тілші болмаса жай адам аңғармасы анық жайттың бірі. Сондықтан да, «этимология» деген байқаймыз әркімнің «ойыншығына» айналып бара жатқан сияқты. М-Ж. Көпеев шығармасында Һумаюн, хұмайын, Һомаун, Һумаюн, ғұман варианттары кездеседі. Мәшһүр-Жүсіп ұмайды бірде «ерекше күш иесі» ретінде, бірде аса мән бермей-ақ сөйлем ішіндегі теңеу сияқты да қолданады. Ұмайдың: Баян // Һумаюн // Гамаюн // Кумайык // Кумай // Кума // Құмай сияқты өзгеріске түскен түрлері де бар. Мұны схема бойынша былай көрсетуге болар еді: Баян > ума > умай > май (мая түйе атауы) > бай ~ пай < ұмай > Бай // Һамаюн > ума > умай > май > бай ~ пай < ұмай > Һамаюн. Һамаюн // Баян > Ұмай. Һумаюн > ұмай > ұма >а... < ана. Ұмай түркінің төл сөзі болып табылады. Ұмайдың ең кішірейген қасиетті ұғым болып саналатын бейнесі – ана.

Ана. Күні құрсын баланың ата-анасыз, Құдіретіне Құданың таң қаласыз (Мәшһүр-Жүсіп., 135). Ай ана Аторайды білген кім? (Манас, 295).

Қазақтар әкесіне тіл тигізсе де анаға тіл тигізбеген. Өзбектер ана (енесін) балағатайтын әдеттері баршылық. Кейінгі уақытта қазақтарда да бірен-саран «Енеңді ұрайын» деген сияқты балағаттар естіліп қалады. Ана есіміне байланысты ру-жер атаулары да кездеседі Ана образы ұмай сияқты онша мифтік дәрежеге жете алмады. Оның себебі ана күнделікті өмірге өте жақын, жуық болып, адам өмірімен бетпе-бет келіп отырды. Соның салдарынан о бастағы әулиелік мағынасы солғындаған болуы керек. Дегенмен, қазақтар ананы бірінші орынға қойып, ананың ақ сүтін ақтауға тырысады. Анаңды Меккеге төрт рет арқалап апарсаң да ана қарызынан құтыла алмайсың дейді. Ауыз әдебиетінде ана қарғысынан баян таппаған мысалдар жеткілікті. Баян, Қыз Жібек т.б. Өз анасының жүрегін алып келе жатып, сүрініп құлап түскен ұлына «Бір жерің қатты ауырмады ма? деп сұрайтын да – ана».



Ш. Уәлиханов Ай - ана-ерте замандағы мифке айналған сәуегей ана, ескі аңызарда ұмай деп аталады. Аторайат тұяғы әзер барып жететін түзара, жапан түз, ердің-ері барып жететін жер [3, б.295]. Ана сµзі аба т‰біріне µте жуыќ келеді. Алѓашќы ќауымдыќ ќ±рылыс кезіндегі тєжірибе ананыњ бар екендігін дєлелдеді. Ќауым – тобырда ана-басым рөл атқарды. Жылдар µте «±лы-єке», «патриархал ата» дегендер пайда болды. Кµптеген елдерде апа (єкеніњ анасы, ананыњ анасы) – деп айтылды. Мысалы, ана: дєу єни, зур єни, башќ. оло єсєй, олєсєй, мар. кугу ава, кува, морд. диал. покш ава, покшава, удм. диал. бадзым, анай, чув. мäн амай, мäнами), осыныњ µзі кездейсоќтыќ емес, – деп білеміз. Тотемдік ана былай аталады: тат. басу анасы `жерді бµліп беруші ана`, морд. – эрз. норов ава `кµп балалы, µсімтал жер анасы` (норов ~ мар. нур `жерді бµліп беруші`), морд.- мокш. поксява `егіс анасы` (пакся `егістік` тат. бакча, мишарск. диал. бакца `бау - баќшы`. Тат. арыш анасы, чув. ыраш амаше, мар. уржава (уржава), ыржава (ыржа ава), морд. -эрз. розява (розь ава), удм. зеганай (зег анай < рудзег анай) `ржи анасы; ќосалќы ана` (ржан нанныњ анасы); тат. ќ±м., кбал., ( сол сияќты аяќ дейді) су анасы (инєсе), чув. шыв амше, мар. вуд ава, морд. ведява (ведь ава)`су анасы`; тат. диал. ж,ил анасы (инесе), чув. сил амаше, мар. мардежава (мардеж ава) `жел анасы`; чув. сер амаше, мар. мланде ава `жер анасы`; чув. вут ама, вут амш, мар. ту ава `от анасы` т.б. [2, б.8-11]; В. Радлов ана-ана, ене, асыраушы, өгей ана, ана ата, ана баба сияқты мағына береді дейді [10, б.226]. Жалпы ана оншалыќты культ дєрежесіне кµтеріле ќоймады. Ќырѓыздар ене (Енесай) су анасы, Ертіс, Еділ м‰мкін осы ана сµзінен шыќќан шыѓар деген жорамал бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет