Этносты танып-білуге тұс-тұсынан ат салысып, өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі – мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым – дейді академик Ә. Қайдар [3, б.13]. Этномәдениеттің тағылымы туралы К. Маркс, Ф. Энгельс: «Собственная территория и собственное имя. Каждое племя владело, кроме места своего действительного поселения, еще владело значительной областью для охоты и рыбной ловли. За пределами этой области лежало обширная нейтральная полоса, простиравшаяся вплоть до владений ближайшего племени, у племен с родственными языками это полоса была уже; у племен, не родственных друг другу по языку – шире» – дейді [4, б.92- 93]. Ру мен тайпалар өзара туыстық қарым-қатынаста болып қана қоймай, басқалармен де қоян-қолтық араласып отырды. Олар бір-бірімен салт-дәстүр, әдет-ғұрып жағынан да алмасты. Түріктер «Будун» «демосқа» [5, б.59] жақын жұрт кейіннен әртүрлі этносқа бөлінді. Қазақ елі өзіне тиесілі этномәдени дәстүрін сақтап қалды. Академик Ә. Қайдар: «Ал этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілермен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады» – деп ойын түйіндейді [6, б.18-22]. Р.Р. Гельгартд: «Географический аспект комплексного изучения различных явлений материальной и духовной культуры позволял устанавливать «культурные провинции», «культурные ландшафты», то есть такие же «культурные круги» (kulturkreise), идея и основы методики исследований которых были выдвинуты и разработаны еще Гребнером» – деп сәл басқашалау пікірін білдіреді [7, б.340]. Р.Г. Ахметьянов: «Лексика любого языка делится на слова, обозначающие общечеловеческие понятия, и слова с национальными этнокультурными значениями» – дейді [8, б.3]. Е. Н. Жанпейісовтіњ «М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі (тарихи-этимологиялық байқаулар, материалдар)» [9, б.165] ењбегініњ орны ерекше. Кейіннен бұл еңбек, М. Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағының этномәдени лексикасын зерттеуге мұрындық болды. Ол: «Ее богатство и разнообразие позволяют построить наше исследование по четырем основным тематическим разделам, в которых соответственно будет рассматриваться лексика материальной культуры, лексика духовной культуры, лексика народной метрологии (нумеративы) и лексика родственных и семейных отношений» – дейді [10, б.4]. Дәл осы сөзді М-Ж. Көпеевтің тіліне қатысты қолдансақ қателеспейміз. М-Ж. Көпеев шығармаларының тілі өзі өмір сүрген ортаны ғана қамтымайды. Тілдің даму барысындағы қазақтың көне этномәдени лексикасын да қамтиды. Мәшһүр-Жүсіп қолданысындағы этномәдени сөздердің түркі тектес тілдерде де ұшырасуы кездейсоқтық емес. Бұл түбі бір түркі тілдерінің генетикалық тұрғыдан бір болғандығының тағы да бір дәлелі. Әрине, кейбір сөздер этимологиясы жағынан көнеленіп басқа мағына, басқа сипат алғандығын да байқауға болады. Р.Г. Ахметьяновтың пікірі осы ойды жалғастыра түседі: Термины материальной культуры при совместной хозяйственной жизни быстро переходят из одного языка в другой. В ходе расселения по обширным пространствам Евразии тюрки вошли в контакты со множеством различных племен. Поэтому у них образовалось много локальных вариантов сельскохозяйственной, жилищной, ткацкой и т.д. терминологии. Но при этом все тюркские народы сохранили основной костяк словаря, относящегося к различным областям хозяйственной деятельности. Особенно прочно сохранилась терминология охоты и животноводства [2, б.170]. Бұл ойға орай Е.Н. Жанпейісов: «В прошлом материальная культура казахского во многом была связана с животноводством» – дейді [10, б.4]. Біз зерттеу объекті қылып алған: М-Ж. Көпеевтің 30 томдай [11, б.127-129] мол мұрасының баспадан шыққаны 2 томдық [12], Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағының 10 томы (2003 – 2007) және Көп томдық шығармалар жинағы [13, б.430], «Қазақ шежіресі» [14, б.75] мен «Гүлшат-Шеризат» [15, б.57-298] дастандарының түрлі нұсқасы т.б. Жиналған материалдар мен карточкалар М-Ж. Көпеев шығармаларында этномәдениеттің барлық түрлері: 1) заттық мәдениет; 2) этнонимдер мен антропоним жєне топонимикалар (оныњ ішінде: оронимдер, гидронимдер, ойконимдер, эргонимдер, некронимдер, дрогонимдер, космонимикалар); 3) рухани, қоғамдық-әлеуметтік этномәдениет; 4) халықтық метрологиясы (нуменативтер ); 5) туыстық және жақын-жекжат атаулары мен жыныс – жас ерекшеліктеріне байланысты бµлінуі; 6) діни салт-дәстүрлері; 7) егін шаруашылығына байланысты лексика; 8) мал – аң, балық лексикасы (зоонимия); 9) халыќтық метрология; 10) көне әскери қару-жарақ аттары; 11) халықтың ескілікті наным-сенімдері; 12) мифология; 13) µсімдік терминдері (фитономия) кездесетінін көрсетті. Зерттеу ж±мысында б±л салалардыњ барлыѓын т‰гел ќамту м‰мкін еместігі байќалды. Оның сыртында Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларында орыс-еуропа зиялыларының еңбектеріне талдау жасағаны байқалады. Ақынның мысалшы екендігі, мақал-мәтелдің шығу тегін қарастырып, жұмбақтарды жинап, бай мұра ауыз әдебиетінен қазына қалдырып кеткені баршаға белгілі. Мал шаруашылығына байланысты сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер М-Ж. Көпеевтің тілінде де көп кездеседі. Дегенмен, біз қазақ этносының әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен тығыз байланысты тарихи-этнографиялық мінездемесі бар, өзінің келбетімен фономорфологиялық қарым-қатынасқа түсе алатын, семантикалық мағынасы жағынан көне сөздермен этимологиялық байланыс жасауға қабілетті толық қатарлы формасы бар, және олармен гомогендік рет түзей алатын, қазақ халқының ±лттыќ тарихынан, салт-дєст‰рі мен єдет-ѓ±рпынан, мәдениетінен мәлімет беретін лексикамен ғана шектелеміз. Мәшһүр-Жүсіпті кеңінен танып білу үшін ол – туралы айтылған нақты деректерге көз жүгіртелік. М-Ж. Көпеев шығармашылығымен кеңінен таныс С. Садуақасов: «Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдық (астын сызған біз – А.Қ.) пен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді» – деді [16]. Ақынның шығармаларымен бала кезден таныс академик Ә. Марғұлан: «Мәшһүр ақындықтан басқа ғалым – адам. Күншығыс, араб, парсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылымдармен танысуына көз болған, көбінесе атақты Әбдуғали Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы бұқара ғалымдарының шығармалары, жаңа араб, фарсы, түрік кітаптарын көп оқыған» – деп, бағасын берді [17]. «Сіз қазақтың заманында дүниеге келіп қалған гауһарсыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыстағы өткен өмірде. Өйткені ескі сөздің, бұрынғы ақындардың қадірін білетіндер азайып бара жатыр» – дейді Ж. Аймауытов (ФП. № 1177. 1927 жылғы хаттан). Қазақ арасындағы сауатты ақындар – деп жазды Н. Сауранбаев қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп сіңірген Мысалы: Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің, Нұржан Наушабаевтың, Ақмоланың т.б. шығармаларының тілі – осындай тіл [18, б.140. 19, б.330]. Бұл тұжырымдар – М-Ж. Көпеев шығармаларын оқып, зерттеп барып айтылѓан пікір. Түркітану ілімінде этномәдени лексика ғылыми үрдіс ала қойған жоқ. Бұның себептері жекелей тілдердің генетикалық, этимологиялық шығу тегі әлі де болса аз зерттелуінен болуы мүмкін. Кеңестік дәуірдің қолдан жасалған жалған интернационализмі де әсер етпей қойған жоқ. Қазақ тілінің екінші сортты болып, кенже қалуы да қатты ықпалын тигізді. Ғылыми зерттеу еңбектер орыс тілінде жазылды. Сонда да қазақ халқының этномәдениетіне тікелей немесе жанама болса да қатысты мәселелер ғалым түркітанушылар тарапынан өз қолдауын тауып жатты. Қазан төңкерісіне дейін, одан кейін де аз да болса қолға алынды. Академик Ә. Қайдаров: «Тек революцияға дейін ғана қазақ этнографиясы бойынша ірілі-уақты 1000 – нан астам еңбек жарық көрген екен» – дейді [20, б.20]. Ә. Қайдаровтың редакторлығымен жарыққа шыққан М.М. Копыленконың «Основы этнолингвистики» деген кітабында 1044 еңбектің тізімі берілген [21, б.13-32]. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ш. Уәлиханов [22, б.13-32] пен Ы. Алтынсариннің [23, б.13-32] қазақтың этномәдениет лексикасына байланысты қызығушылық танытатын еңбектері жарық көрді. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде қазақ этносының мәдени лексикасын оқып-үйрену 70 - 80 жылдары кеңінен дамыды. Ғылыми сипаттағы, көптеген этномәдени лексикалық деректерді бойына сақтаған тілдік қабаттар [24] аршылып, ғылыми-көпшілік мақсаттағы қазақ халқының тұрмыс-салтынан, әдет-ғұрпынан мәлімет беретін көптеген тілдік дереккөзді жадығаттар дүниеге келді. Бұл дереккөздер М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасына да қатысты екендігін жиналған мәліметтер мен кеспеқаттамаларды (картотекаларды) сұрыптап өңдеу кезінде көзіміз анық жетті. Әрине, кей деректер ғылыми негіздемесі табылып қайта толықтырылды. Мәшһүр-Жүсіп қолданысында аталмыш сөздердің басқа мағынада қолданылатыны байқалды. Көне сөздердің этимологиясы мен семантикалық мағынасы да ашылды. Сирек қолданыстағы мағынасы көмескіленген сөздердің этнолингвистикалық сипаты фоно-морфологиялық тұрғыдан да зерттеліп, басқа түркі тілдерінің осы тақылеттес сөздермен салыстырмалы-типология негізінде бастапқы нөлдік түбір тұлғалы мағынасы бой көрсетіп, бүгінгі мәдени-заттық, рухани, метрологиялық қолданысы көрсетіліп отырды. М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасының құрамдас бөлігі – ру, тайпа аттарының шығу ерекшеліктері де болып табылады. М-Ж. Көпеевтің «Қазақ шежіресі» этномәдениеттің көзі болып табылады. Ә. Нұрмағамбетов: «Әр халық ертедегі ру, тайпалар бірлестігінен пайда болса, тіл де сол ежелгі ру, тайпа тілдерінің қосылып, араласып, біте қайнап, тұтастануынан қалыптасқан, Сондықтан да тіл зерттеушілерінің қазіргі дәуірде қалыптасып болған халық тілінен оның құрамына енген ру, тайпа тілдерінің ізін іздестіруі – табиғи нәрсе» – деді [25, б.135]. М. Тынышбаевтың «Едіге» батырдың руын таратқан сызбасы [26, б.152]. С.А. Аманжолов ру-тайпа мәселесін зерттеген еңбегі үлгі болады [27, б.7-83].
Достарыңызбен бөлісу: |