Металл материалдары



бет31/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Металл материалы (1)

9.5 Арнаулы шойындар

Шойынның бұл тобына қызуға төзгіш, қызуға берік және коррозияға төзімді шойындар жатады.


Сұр шойынның қызуға төзімділігі кремний (ЧС5) және хроммен (ЧХ28, ЧХ32) легірлеу арқылы көтеріледі. Шойынның қызуға беріктігін көтеру үшін 1020-1050ºС температурада жасытып, ауада суытады да, соңынан 550-600ºС босатады. Коррозияға төзімділігі кремниймен (ЧС13, ЧС15,ЧС17) және хроммен (ЧХ22, ЧХ28, ЧХ32) легірлеуде көтеріледі. Қосымша молибденмен легірленетін шойындар ЧС15М4, ЧС17М3. Никельмен легірленген коррозияға төзімді шойындар ЧН15Д7.

10. ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




10.1 Жалпы мәліметтер

Қатты металл қорытпаларының қасиетін талапқа сай келтіру үшін оның ішкі құрылысын және құрылымын өзгерту мақсатымен қыздыру, ұстау, суыту операцияларынан тұратын технологиялық процесс термиялық өңдеу деп аталады. Термиялық өңдеуді қысып өңдеуге, кесуге т.б операцияларға қорытпаны дайындау үшін немесе тетіктердің қажетті физикалық-механикалық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қолданады.


Термиялық өңдеу кезінде қорытпалардың құрылымы өзгереді. Термиялық өңдеуден кейін металл қорытпалары тұрақты немесе тұрақсыз (метатұрақты) күйде болады.
Термиялық өңдеудің негізгі факторлары - температура және уақыт. Сондықтан термиялық өңдеу режімі t - τ координаталарының бойындағы график ретінде көрсетіледі, мұндағы t – температура, τ – уақыт ( 48 - сурет).

48 – сурет. Термиялық өңдеу графигі.


Болаттың фазалық өзгеру (межелі) температуралары А әрпімен белгіленеді. Темір-көміртегі диаграммасында перлиттің аустенитке өзгеру нүктесі А1 - PSK сызығына, А2 (7680С) - МО сызығына, А3 - GS және SE сызықтарына сәйкес. Қорытпаны суыту кезінде GS сызығының бойымен аустенит ферритке, қыздыру кезінде феррит аустенитке өзгереді. Суыту кезінде SE сызығының бойымен аустениттен екінші текті цементит бөлініп шығады, қыздыру кезінде цементит аустенитте ериді.


Жылу гистерезисіне байланысты суыту және қыздыру кезіндегі өзгеріс бір температурада жүрмейді. Сондықтан қыздыру «с»- индексі және суыту температурасындағы нүктелер « r »- индексі арқылы ажыратылады. Мысалы, Ас1, Ас3 –қыздыру температуралары, ал Аr1, Аr3 – суыту температуралары. Сонымен, Ас1 –перлиттің аустенитке өзгеру нүктесі (П→А), ал Аr1 –аустениттің перлитке өзгеру нүктесі ( А→ П). Аc3 – ферриттің аустенитте еруінің аяқталу нүктесі, Аr3 - аустениттен ферриттің (GS сызығы) және цементиттің (ES сызығы) бөлінуінің басталуы. Аcт – екінші текті цементиттің аустенитте (ES сызығы) еруінің аяқталуы.
Қыздыру уақыты металдың пештегі температураға жетуі мен сол температурада ұстау уақытының қосындысынан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет