Металл материалдары



бет45/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Металл материалы (1)

12.2 Азотқа қанықтыру

Болаттың беткі қабатын азотқа қанықтыру үшін 500-7000С аралығында аммиакты NH3 (25-60%) атмосфераға болат орналастырылады. Азотқа қанықтыру арқылы болаттың қаттылығы мен қажуға төзімділігі өте жоғары көтеріледі, бұйымның беті коррозияға қарсы қабілеті бар қабыршықпен жабылады.


Пештің ішіндегі қызған аммиактан бөлініп шыққан азот атомдары бұйымның беткі қабатынан өтіп, бойына сіңеді. Азоттандыру үшін құрамында Cr, Mo, Al, V бар орта көміртекті (0,35-0,42%С) легірленген болаттар (38К2МЮА) алынады. Процестің жүру уақыты талапқа сай реттеледі: коррозияға қарсы қабыршық алу үшін 0,5-1 сағат; қаттылығын, төзімділігін жоғарылату үшін процесс 30-80 сағатқа дейін созылады. Азотталған қабаттың қалыңдығы 0,3-0,6 мм.
Азоттандыру үшін шынықтырылған және жоғары температурада босатылған болат алынады. Азоттандырылған болат басқа термиялық түрлермен өңделмейді. Қаттылығы HRC75. Азоттандырылған болат аса жауапты тетіктерге (танктер, БТР, автокөлік жасау саласы) қолданылады.


12.3 Циандау (нитроцементтендіру)

Болаттың бетін азот пен көміртегіне бірден қанықтыру. Циандау процесі 820-9600С, құрамында цианды натрий (NaCN) бар еріген тұзда жүргізіледі. Циандалған болаттың қаттылығы, қажуға төзімділігі артады. Циандау үшін көміртегінің мөлшері 0,2-0,4%-ды болат алынады. Циандалғаннан кейін болатты шынықтырып, соңынан босату жүргізіледі. Қаттылығы HRC 58-62.


Циандалған қабаттың құрамы циандау температурасына байланысты, температура жоғарылаған сайын көміртегінің мөлшері көбейіп, азоттың мөлшері азая бастайды. Циандаудың цементтендіруден артықшылығы - циандалған қабаттың тозуға төзімділігі мен қаттылығының көтеріңкілігі, коррозияға берілмеу дәрежесінің жоғарылығы, өнімділігі. Кемшілігі - цианды тұздың улылығында.
Циандау автомобиль және трактор жасау салаларында кеңінен қолданылады.


12.4 Бормен қанықтыру

Болаттың беткі қабатын арнаулы ортада бормен диффузия жолымен қанықтыру бормен қанықтыру деп аталады. Бормен қанықтыру көбінесе ерітілген бура (Na2В4О7) электролизінде жүргізіледі. Қанықтырылатын бұйым катод ролін атқарады. Қанықтыру температурасы 930-9500С, ұстау уақыты 2-6 сағат. Сондай-ақ бормен қанықтыру ерітілген хлорлы тұз (NaCl, BaCl2 ) құйылған ваннада , диборан (В2Н6), немесе сутегі қосылған BCl3 газды орталарда (850-9000С) жүргізілуі мүмкін.


Диффузияланған қабат FeB және Fe2B боридтарынан құралады. Қалыңдығы 0,1 - 0,2 мм. Бормен қанықтырылған қабаттың қалыңдығы (1800 - 2000 HV), тозуға төзімді, коррозияға берік, қыздыру қабыршығының пайда болуына (8000С-қа дейін) және жылуға төзімді. Бормен қанықтырылған ауыр күш түсетін бөлшектердің жұмысқа төзімділігі 2 - 10 есе артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет