13.4 Арматуралық болаттар
Темір бетонды конструкцияларды арқаулау үшін көміртекті немесе төмен легірленген болат (9-кесте) қолданылады. Арматуралық болаттар тегістелген немесе профильді дайындамалар ретінде шығарылады. Беріктігі термиялық және термомеханикалық өңдеулермен нығайтылады. Арнаулы мемлекеттік стандарттармен бекітілген А-I, А-II, А-III кластағы болаттар кернеу туындамайтын конструкцияларға қолданылады, кернеу туындайтын темір бетондарды арқаулауға А IV, А-V, А-VI кластары қолданылады.
9- кесте. Арматуралық болаттар
Кластары
|
Болаттың маркалары
|
в, МПа
|
0,2 МПа
|
δ, %
|
А- 1
А- II
А- III
А- IV
А- V
А- VI
|
Ст3 (сп,пс,кп)
Ст5 сп2, 18 Г2С
35ГС, 25Г2С
80С, 20ХГ2Ц
23Х2Г2Т
22Х2Г2АЮ, 22Х2Г2Р,
20Х2Г2СР
|
380
500
600
900 (800)
1050 (1000)
(1200)
|
240
300
400
600 (600)
800 (800)
(1000)
|
25
19
14
6 (7)
(7)
(6)
|
Е с к е р т у. Кепілденген қасиеттері: ыстықтай тойтарылған күйінде жақшасыз, термомеханикалық және термиялық нығайтудан кейінгі күйі жақшаның ішінде берілген.
|
13.5 Цементтендірілетін конструкциялық (машина жасайтын) легірленген болаттар
Автомобильдің көптеген тетіктерінің ( тісті доңғалақ, беріліс қорабының білігі, шпиндель т.б.) беріктігін нығайту үшін цементтендіру жүргізіледі.
Цементтендірумен беріктігін нығайтатын тетіктерді дайындауға төмен көміртекті (0,15-0,25 % С ) болат қолданылады, легірлеуші элементтер 0,2 - 0,44 % болады.
Төмен және орта легірленген болат бұйымдарының пайдалану қасиеттері оның беткі қабаты мен өзегінің қасиеттерінің үйлесімділігіне байланысты қалыптасады. Беткі қабатының қасиеті құрамындағы көміртегінің мөлшерімен анықталады. Термиялық өңделгеннен кейінгі механикалық қасиеттері бойынша болат беріктігі орташа нығайтылатын ( т 700 МПа) және беріктігі жоғары нығайтылатын (т ≥ 700 МПа) болып екі топқа ажыратылады.
Бірінші топқа - 15ХФ, 15Х, 20Х болаттар жатады. Цементтендірілгеннен кейін майда шынықтырылады. Орташа күш түсетін шағын өлшемді тетіктерді жасауда пайдаланылады.
Екінші топқа - 12ХН3А, 20ХН3А, 20ХН4А болаттар жатады. Үлкен күш түсетін, тозуын жеделдететін ортада жұмыс атқаратын және ірі өлшемді тетіктер ( біліктер, поршеньнің саусақтары, тісті доңғалақтар т.б.) жасауда қолданылады.
Ерекше жауапты- әуе, су көліктерінің тетіктерін жасауда 18Х2Н4ВА, Х2Н4МА болаттар қолданылады.
Жиі қолданылатын цементтендірілетін болаттардың термиялық өңдеу реті, механикалық қасиеттері 10- кестеде келтірілген. Дайын бұйымдардың беткі қабатының қаттылығы HRC 60, өзегі HRC 20-40 шамасында болуы керек. Аса қымбатқа түсетін никельді үнемдеуді көздеп, хромдыникельді болаттардың орнына 18ХГТ, 30ХГТ, 25ХГТ болаттарын жұмсауға болады. Мұндай болаттар ірі көлемді, жауапты тетіктер жасауда өндірістің жаппай өнімдер шығаруында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |