Металл материалдары


А-азот, Б-ниобий, В-вольфрам, Г-марганец, Д-медь, Е-селен



бет49/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Металл материалы (1)

А-азот, Б-ниобий, В-вольфрам, Г-марганец, Д-медь, Е-селен,

К-кобальт, Н-никель, М-молибден, П-фосфор, Р-бор, С-кремний,

Т-титан, Ф-ванадий, Х-хром, Ц-цирконий, Ю-алюминий.

Әріптен кейінгі цифр легірлеуші элементтің пайыздық құрамын көрсетеді. Егер әріптен кейінгі цифр көрсетілмесе, онда легірлеуші элементтің мөлшері болжаммен 1,0-1,5 % болады. Легірленген болат негізінде сапалы болып қорытылады ( 0,035% P,  0,035% S).


Жоғары сапалы болаттарда зиянды кірмелер аз (0,025% S, 0,025% P). Жоғары сапалы болатты марка соңында «А» әрпімен белгілейді.
Егер «А» әрпі марканың ортасында болса, ол азотты, ал марка басындағы «А» әрпі (мысалы, А40) -автоматты болат, кесумен жақсы өңделетіндігін, құрамында 0,4% С бар екендігін көрсетеді.
Кейбір болаттың маркаларын ажыраталық. Мысалы, 12Х2Н4А маркалы болатта 0,12% C, 2% Cr,4 % Ni бар және марканың соңындағы «А» әрпі жоғары сапалығын көрсетеді. 18ХГТ маркалы болат 0,18 % C, 0,8 - 1,2% Cr және Mn, 0,03- 0,09% Ti-нан тұрады.


13.3 Төмен легірленген болат

Төмен легірленген болаттың құрамындағы көміртегі 0,22 %-дан аспайды, және шағын мөлшерде легірлеуші элементтерден тұрады. Құрамында 0,4-0,7% және 1,2-1,6% Mn, 0,6-1,2% Si-мен легірленген болат ыстық деформацияланған немесе термиялық өңделгеннен кейін пісірілген және тойтарылған күйінде құрылыстық, көпірлік конструкцияларында т.б. қолданылады.


Марганецті 19Г және 14Г болаттар мұнай тасымалдауда, 35ХС, 25Г2С – арматураларда және темір-бетон конструкцияларында пайдаланылады.
Төмен легірленген болаттың суыққа төзімділік қабілеті (8-- кесте), оны Сібірде, Қиыр Шығыста қолдануға жарамды етеді. Әсіресе құрылымына карбид, нитрид түзетін легірлеуші элементтер енгізілген болаттың пайдалану қасиеттері жоғары. Мысалы, термиялық өңделген 12ГН2МФАЮ маркалы болат. Көміртекті болаттың орнына жұмсалған төмен легірленген болат металды 15...30, кейде 50% үнемдейді (0,2 = 400...600 МПа, болғанда).
Төмен легірленген болат шынықтыру, төмен температуралы босату, немесе нормальдау сияқты термиялық өңдеулерден кейін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет