14.5 Қалыптық (штампты) болаттар
14.5.1 Суық штамптауда қолданатын болаттар
Мұндай болатқа қойылатын негізгі талаптар: қаттылығы, тозуға төзімділігі, беріктігі, пластикалық деформацияға көрсетер қарсылығы, соққы тұтқырлығы жатады. Штампты болаттар суықтай деформациялауға және ыстықтай деформациялауға қолданатын құрал- саймандық болат деп ажыратылады. Суықтай деформациялауға У10, У11, У12, X, ХВГ маркалы қаттылығы және тұтқырлығы жоғары болаттар қолданылады. Соққы күші түсетін құрал- сайман жасауға тұтқырлығы аса жоғары 4ХС, 6ХС, 4ХВ2С болаттар қолданылады.
Ыстықтай деформациялауға арналған құрал- сайманның қызуға беріктігі жоғары, қызуға төзімді болу керек, себебі пайдалану үстінде қайта -қайта қыздырып және суытып отырғанда жарықша тудырмайтын қабілет қажет. Мұндай болаттар қатарына 5ХНМ, 5ХГМ, ЗХ2В8Ф, 5ХЗВЗМФС т.б. хромдыникельді болаттар жатады. 760...820°С-та шынықтырылып, 460...540°С-та босатылады, құрылымы - сорбит немесе троостит және босатылған сорбит.
14.6 Өлшеуіш құралдар жасайтын болаттар
Негізгі қойылатын талаптар: жоғары қаттылығы, пайдалану уақытын ұзарту үшін мөлшерін сақтау қабілеті және тозуға төзімділігі. Өлшеуіш құралдарға хроммен, марганецпен легірленген жоғары көміртекті X, ХГ, 50, 55, 20, 15 маркалы болаттар қолданылады. Термиялық өңдеу түрі - шынықтыру және төменгі температурада босату. Босатуға дейін суықтай өңдеу (шынықтырылған болатты нөльден төменгі температураға дейін салқындату) жүргізіледі. Төмен көміртекті болаттар цементтендіріледі, сонан соң шынықтырылып, төменгі температурада босатылады.
14.7 Қатты қорытпалар мен алмас құралдары
Құрал - сайман жасайтын қатты қорытпалар баяу балқитын металдардың қатты карбидтері мен оны байланыстырушылардан тұрады. Қатты қорытпаларды айыру ерекшелігі олардың қаттылығының өте жоғары болуында (82...92НRС). Олардың беріктігі құрал - саймандық болаттың беріктігімен тең түседі, изг 250МПа. Қаттылығы мен беріктігі қатты қорытпалардың құрамына, әсіресе оларды байланыстырушы фазаға және карбид түйіршіктерінің мөлшеріне тікелей байланысты. Қатты қорытпалардың тозуға төзімділігі және қызуға беріктік қабілеті өте жоғары. Қатты қорытпалардың негізгі топтарына вольфрам, титан, тантал негізді қорытпалар жатады. Қатты қорытпалар ұнтақты металлургия әдісімен алынады. Карбид ұнтақтары кобальт үнтағымен араластырылып баспақпен сығылады, соңынан 1400-1500ºС-та жентектеледі. Мұндағы байланыстырушы кобальт ұнтағы BK(WC+ CO), TK (WC+ TiC + CO) және ТТК (WC + TiC + TaC + CO). Көп тараған қорытпаларға ВК тобы: ВК3, ВК6, ВК8, ВК20 маркалары жатады. Мұндағы сандық белгі кобальттің пайыздық мөлшері (қалғаны-WC); ТК тобында: ТЗОК6, Т14Е8, бірінші сан –TiC пайыздық мөлшері, екінші сан кобальттің пайыздық мөлшері (қалғаны-WC). BK және TK қорытпалары қымбат болғандықтан, соңғы кезде вольфрам мен кобальт енгізілмеген TiC – Ni – Mo қорытпалары қолданылады.
Қатты қорытпалардан басқа құрал- сайман жасауға алмас қолданылады. Алмастың 70%-ы алмас ұнтағы ретінде егеп өңдеу (егеу, егеу табағы т.б.) құралдарын жасауға жұмсалады.
Алмас табағында қатты қорытпалардан жасалған құрал-саймандар қайралады. Алмаспен қайралған құрал- сайманның пайдалану мерзімі кремний карбиді, бор карбидімен қайралған құрал- сайманнан 2-3 есе ұзақ және өткір- жарықшақ, жалбыр қалдырмай өте тегіс қайралады. Сондықтан ысқылап тегістейтін алмас табақ пен алмас кескіштің машина жасауда маңызы зор. Алмас табиғи және жасанды түрмен алынады. Алмастан жасалған құрал- сайманның құны аса жоғары емес, оны дұрыс пайдалану үлкен үнем әкеледі.
15 ТҮСТІ МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАР
Түсті металдар мен қорытпалар соңғы уақытта темір негізді қорытпалардың орнын кеңінен алып отыр. Себебі темір негізді қорытпалар коррозияға желініп көптеп істен шығады. Көлікте пайдаланатын темір негізді бөлшектер үнемі жөнделіп отыруды керек етеді. Негізгі түсті металдар қорытпаларына алюминий, магний, мыс, титан негізді қорытпалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |