Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет61/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138
Роликтер көру. Талқылау. 
Топпен жұмыс (сұрақтарды пысықтау және ұсыныстар білдіру). 
Ерекше білім беру қажеттілігі бар адам, барлығы сияқты адам. Ол 
бақытқа, қуанышқа, қарым-қатынасқа, махаббатқа мұқтаж, жалғыздықтан, 
немқұрайлықтан, түсінбеушіліктен зардап шегеді және қолдауды қажет етеді. 
Ол кәдімгі адамдар қоғамына бейімделеді, ал біз оған көмектесуіміз керек.
Сіз адам толы көшемен келе жатырмын деп елестетіп көріңізші. Сіз өз 
жолыңызда қандай мүмкіндігі шектеулі адамдарды кездестіресіз? (Нашар 
көретін, нашар еститін, мүгедектер арбасымен қозғалатындар). 
Сіз жолыңызда осындай адамды кездестірген кезде сізде қандай сезім 
пайда болады?
Қазір мен түстерге байланысты 3 топқа бөлінуді ұсынамын. Әр топқа 
мынадай мәселелерді пысықтау ұсынылады: «Мүмкіндіктері шектеулі белгілі 
бір топтың адамдары не істей алады, не істей алмайды? Біз оларға қалай 
көмектесе аламыз?». 
1.Нашар көретін адамдар  

Компьютерлерде, дәрігерлер, ұшқыштар, мұғалімдер, автокөлік 
жүргізушілері, цехтарда жинақтаушы, инженер болып жұмыс істей ала ма?

Жолдан өздері өте ала ма ма?

Жолдағы кедергіні айналып өте ала ма?

Кітаптар оқи ала ма?

Өнертапқыштар мен ғалымдар бола ала ма? 

Спортпен айналыса ала ма?

Қарапайым мектепте оқи ала ма?


149 
Өз жауабыңызды негіздеңіз. Не істей алады? Не істей алмайды? Біз не 
біздің қоғам оларға қалай көмектесе аламыз? 
2. Нашар еститін адамдар 

Мұғалімдер, инженерлер, конструкторлар, автокөлік жүргізушілері, 
хирургтар, ұшқыштар болып жұмыс істей ала ма?

Спортпен шұғылдана ала ма? 

Ғалым бола ала ма? 

Кәдімгі мектепте оқи ала ма? 

Радио тыңдап, теледидар көре ала ма? 

Ойлап табушы, ғалым бола ала ма? 

Әртіс бола ала ма? 
Өз жауабыңызды негіздеңіз. Не істей алады? Не істей алмайды? Біз не 
біздің қоғам оларға қалай көмектесе аламыз? 
3. Арбамен жүріп-тұратын адамдар

Кәдімгі мектепте оқи ала ма? 

Қоғамдық көлікті пайдалана ала ма?

Жұмысқа кедергісіз бара ала ма?

Конструктор, компьютерші, заңгер, дәрігер, автомашина жүргізушілері, 
ұшқыш болып жұмыс істей ала ма?

Театрға, циркке, жануарлар бағына бара ала ма?

Спортпен шұғылдана ала ма және қандай түрімен?

Кино әртістері бола ала ма?
Өз жауабыңызды негіздеңіз. Не істей алады? Не істей алмайды? Біз не 
біздің қоғам оларға қалай көмектесе аламыз? 
Балалар, сендердің жауаптарыңа қарасақ, мүмкіндіктері шектеулі
адамдар кейде біз үшін ең қарапайым болып көрінетін нәрселерді жасай 
алмайды, мысалы: жолдан өту, немесе кітап оқу, немесе радио тыңдау, немесе 
трамвайға, троллейбусқа, автобусқа кіру немесе баспалдақпен дүкенге, 
дәріханаға, өз кіреберісіне және т.б. көтерілу. 
Нашар көретін адамдарға бізбен тең құқықта болу мүмкіндігін берейік. 
Ол үшін не қажет? (Жауап: көзілдірік, Брайль әліпбиі, мәтінді пісіругеайтып 
отыруға арналған арнайы компьютерлік жабдық, ит-жетек, кедергілерге 
белгі беретін таяқ, сигнализациясы бар бағдаршам және т. б.) 
Брайль әліпбиін көзімізге елестетіп көрейік. 
Балалар, қағаз парағын алыңдар. Бірнеше торды сызыңдар. Әрбір торда 
тесік жасаңдар, қаламмен жасауға болады. Қағаз парағын аударыңдар және 
саусақтарыңмен дөңес нүктелерді басып көріңдер. Мұндай нүктелердің белгілі 
бір саны қандай да әріпке сәйкес келеді. Брайль әліпбиінің принципі осындай. 
Осы әліпби бойынша арнайы мектепте нашар көретін балалар оқиды, осы 
әліпби бойынша нашар көретін адамдар кітап оқиды. Олардың кітаптары өте 
қалың, өйткені картоннан жасалған. Осы әліпбиден бірнеше әріпті есте сақтауға 
тырысайық (практикалық жұмыс). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет