Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет63/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   138
 
 


153 
4-
қосымша
 
Сынып сағаты: Есту, көру, түсіну 
 
Сабақтың міндеттері: 

Оқушыларда өзара түсіністікке қажеттілікті қалыптастыру; 

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға эмпатияны тәрбиелеу. 
 
Сабақтың жоспары: 
1. 
Ұйымдастыру сәті. 
2. 
Кіріспе бөлім. «Бір-бірлеріңді түсінуді үйрену үшін не істеу керек» 
тақырыбына әңгіме. 
3. 
Негізгі бөлім. «Бұзылған телефон» ойыны. Есту және сөйлеу 
аппараты бұзылған балалар туралы әңгіме. 
Мүгедек балалар туралы презентацияны талқылау. «Қиялшылдар» 
ойыны. 
4. 
Бекіту, сабақтың қорытындысы. 
Жабдық: 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жетістіктері туралы 
презентация; 

Әңгімеде сөз етілетін, сол немесе өзге заттар (жанды және жансыз)
бейнеленген тірек картинкалар. 
1. 
Ұйымдастыру сәті. Балалармен амандасу. Тақырыппен танысу. 
Педагог: 

Бүгін біз бір-бірімізді қалай түсіну керек екендігі туралы әңгімелесетін 
боламыз. Біздің достығымыз, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз осыған 
байланысты. Адамды түсіну ‒ бұл тек қана оны естуді ғана емес, оның не 
туралы айтатынын, оның сөздерінің мағынасын, оның ойын түсінуді білдіреді. 
Бір-бірін түсіну ‒ бұл әрдайым бір-бірін естуге дайын болу. 
2. 
Кіріспе бөлім 
«Бір-бірлеріңді түсінуді үйрену үшін не істеу керек» тақырыбына кіріспе 
әңгіме. (Тыңдай білу ғана емес, бір-бірлеріңді ести білу)  

Сендер қалай ойлайсыңдар, жай ғана «тыңдау» мен «естудің» 
арасында қандай айырмашылық бар? Айырмашылығы неде? 
(Балалардың жауаптары мен пікірлері) 
3. 
Негізгі бөлім 
Одан да жақсы түсіну үшін «Бұзылған телефон» ойынын ойнайық. 
Педагог ойын ережелерін түсіндіреді және басталғанын хабарлайды. 

Қазір бір-біріңді жақсырақ естуге және түсінуге тырысыңдар. 
 
«Бұзылған телефон» ойынының ережелері. 
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап отырады. Әр ойыншы кезекпен, 
жанында отырған ойыншының құлағына сыбырлап, бір сөз айтады. Соңғы 
ойыншы естіген сөзін қатты дауыстап айтады. Бірінші ойыншы ойын 
басталғанда айтқан сөзді дауыстап айтады. Егер сөздер сәйкес келсе, онда 


154 
барлық ойыншылар өз көршілерін жақсы түсінгені, егер сөздер сәйкес келмесе, 
олар бірін-бірі түсінбегені. 
Ойынның қорытындысын шығару. 
Есту және сөйлеу аппараты бұзылған балалар туралы әңгіме
Педагог: 

Біздің ойынымыз қандай қызықты және көңілді болды. Әрбір адам 
басқаны естуге және түсінуге тырысты, бірақ бұл оңай емес қой, өйткені тіпті 
сөзді естігенде де, оны әрдайым түсінуге қол жеткізе бермейсің. 

Ал енді, балалар, арамызда нашар еститін, есту қабілеті төмен балалар 
бар деп елестетіп көріңдер. Оларға қаншалықты қиын екенін ойлаудың өзі 
ауыр, себебі нашар есту салдарынан олар басқаларды бірден түсіне алмайды. 
Бірақ, басқа жағынан олар біз сияқты: олар да көңіл көтергенді және ойнағанды 
жақсы көреді, олар дос бола алады және дос былғысы келеді және басқа 
адамдарды түсінгісі келеді, олармен дос болғысы келеді. Егер оларға сәл 
көмектессе, онда олар басқаларды түсінудегі қиындықтарды жеңе алады және 
бізбен қарым-қатынас жасай алады. 

Сіз қалай ойлайсыз, олар біздің достарымыз болуы үшін осындай 
балаларға қалай көмектесе аламыз. Біз бір-бірімізді түсіне алар едік. 
Балалардың жауаптары мен пікірлері 
Педагог: 

Ал егер достарымызда сөйлеу бұзылыстары болса? Біз оларды 
түсінбегендіктен, олармен ойнаудан бас тартар ма едік. Мүмкін, сені 
түсінбегесе, бұл өте өкінішті шығар, ал сен бұған кінәлі емессің және басқа 
балалармен ойнағың және дос болғың келеді. Сіз осындай баламен ойнар ма 
едіңіз. Онымен қалай дос болар едіңіз, оған қалай көмектесер едіңіз. 
Балалардың жауаптары мен ойлары 
Педагог: 

Иә, балалар, есту немесе сөйлеу бұзылыстары бар балалармен ойнай 
алатындарың туралы айтып отырған сендер ‒ жарайсыңдар. Өйткені олар біз 
сияқты біздің қолдауымыз бен достығымызды қажет етеді. Олар нашар еститін 
немесе сөйлейтіндері үшін кінәлі емес. Олар ауырып қалды немесе осындай боп 
туылды. Олардың арасында нашар еститін балалар ғана емес, басқалары да ‒ 
көру қабілеті бұзылған балалар, жүріп-тұруы қиын балалар, дамуында артта 
қалған балалар және т.б. бар. Бірақ, осының бәріне қарамастан, олардың көбі 
жасымайды және әртүрлі істе үлкен жетістіктерге жетуде. Осындай балалардың 
суреттерін көрейік (мүгедек балалардың жетістіктері туралы презентацияны 
көрсету) 
«Қиялшылдар» ойыны» презентациясын талқылау 
Педагог: 

Балалар, осындай балалар туралы әңгіме құрастырып ойнайық. Олар 
туралы не білеміз, олар туралы не ойлайтынымыз туралы айтайық.

Ойынның мәні алдыңғы ойыншы бастаған әңгімені келесі баланың 
жалғастыра білуінде. Әр ойыншы әңгімені 1-2 сөйлеммен жалғастыра алады. 


155 
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші-пелагог 
әңгімені бастап бере алады. Мысалы: «Баяғыда бір бала өмір сүріпті. Ол 
өздігінен жүре алмайды (бұл ретте мүгедектер арбасында отырған баланың 
суреті бар картинаны көрсетуге болады). Бірінші ойыншы әңгімені 
жалғастырады, мысалы: «Ол баланың досы болыпты...». Оның оң жақтағы 
көршісі жалғастырады: «Олар жақсы достар болған …». 
Сабақ тақырыбының төңірегінде әңгіменің басы, ортасы және соңы 
болғаны дұрыс, ол үшін педагог ара-тұра сөйлемдер қосып, әңгіменің ретін 
түзеп отырады.. 
4. 
Сабақты бекіту, қорытынды
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды әңгіме: «Бүгін жаңа не 
білдіңдер? Бір-біріңді түсіну қаншалықты маңызды? Есту, сөйлеу бұзылыстары 
болғандықтан, оларды түсіну қиындықтары туындайтын адамдарды түсіну 
қаншалықты маңызды. 
Педагог: 
Жарайсыңдар, балалар. Сендер жай тыңдап қана қоймай, ести де, түсіне 
де алады екенсіңдер. Өйткені бүгін не туралы айтқанымызды барлықтарың 
түсіндіңдер. Енді біз «Әрбір адамның бізді түсіне және ести алатыны қандай 
керемет» екенін, «Кім түсінісуге мұқтаж, соларды түсіне білу қандай маңызды, 
өйткені біз барлығымыз бірге болуға тиіспіз» дегенді түсінеміз. 
Барлығымыз бір-бірімізге күлімдеп, рахмет айтайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет