13
бекітуге көмектеседі.Топтарды ашудағы екинші
мақсат- жинақталған істерді
шешу үшін кемінде бірнеше сағатқа ата-аналарды босату.
•
Қоғамдық пікірді өзгерту, стереотиптерді жеңу, ЕБҚ бар балаларға
қамқорлықпен қарау. Ақпараттық бағдарламадағы материалдар мен
арналарындағы танымал жаңалықтардан басқа жоба ЕБҚ бар балалармен
жұмыс істейтін мамандардың және ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің
қатысуымен
сұхбаттар сериясын, ток-шоу және мақалалар жинағын
ұйымдастырды.Сонымен қатар Қор инклюзия және ЕБҚ бар балалардың
құқықтары туралы тақырыптар бойынша әуежайларда, кинотеатрларда және
ұлттық теледидарда таратылатын бейнефильмдер жасауды бастады.
•
Инклюзивті білім беруді қолдау. Жобаның
одан әрі дамуы ЕБҚ бар
балалар үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда орта білім беру
мектептерді әдістемелік қамтамасыз етуде коррекциялық орталықтарын
ашумен байланысты болмақ. Пилоттық модельді әзірлеуге және енгізуге
негізделген орталықтардың мамандары мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне
ұжымдық бағалауда, жеке білім беру бағыттарын
құрастыруда және ЕБҚ бар
балаларды тұрақты сыныптарда қолдауға көмектеседі. Табысты іске асырылған
жағдайда, пилоттық модель барлық мемлекеттік органдарға одан әрі пайдалану
үшін ұсынылады.Шектелген әлеуметтік бюджет жағдайында мектеп
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мекеме болып табыладвы.
Жобаны іске асыру барысында әр өңірдің жергілікті билік органдарымен
(қалалық балансқа) ынтымақтастық орнатылып, Орталық ашылғанға дейін
аударылған үш жақты меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ ерте даму, ЕБҚ
бар балармен жұмыс жасау бағытында Қазақстан мен Ресейдің жетекші
ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен келісім жасалуда.
«ДАРА» қорының бағдарламасын жүзеге
асыру барысында жеке
демеушілер тартылып, бағдарлама географиясын кеңейтіп, 5 қалада осындай
ұқсас орталықтар ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: