Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет8/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   138
«Инклюзивті мәдениет» ұғымы дегеніміз не? 
Философиялық энциклопедиялық сөздікте «мәдениет» деген ұғымға 
мынандай анықтама береді:
(латын тілінен аударғанда - мәдениет- білім беру, 
білім, тәрбие, даму) олардың өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ олардың 
материалдық және рухани құндылықтары [3]. 
Осыған сүйене отырып, келесі анықтама беруге болады:
инклюзивтік 
мәдениет - бұл өзара қоғамның ортақ идеялары арқылы көрінетін, 
адамгершілікке, толеранттылыққа, өзара қарым-қатынастарға, шыдамдылыққа 
бағытталған қоғам дамуының деңгейі. Оқу процесінің барлық қатысушылары 
ынталандырылады, мұнда әрбір адамның құндылығы жалпы жеткен 
жетістіктері арқылы қалыптасады. Инклюзивті құндылықтар-инклюзивтік 
мәдениеттің нормалары мен идеалдарын негізге алған маңызды 
компоненттерінің бірі.
Инклюзивті мәдениет- инклюзивті білімнің маңызды құрамдас бөлігі 
болып табылады.
Оны қалыптастырудың 
жүйесінің болмауы білім беру 
үдерісіне теріс әсер етеді және жақсы нәтиже бермейді. 
Дені сау балалар мен 
арнайы білім 
беруді қажет ететін балаларға білім беру үшін жақсы жағдайлар 
жасаға болады, бірақ осы орайда адам факторын жоққа шығару мүмкін 
емес.
Баспасөз, радио, теледидар
және басқа бұқаралық ақпарат құралдары 
өздерінің күштерін физикалық немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан ауыр 
жағдайға тап болған барлық адамдарға құрметпен қарауға жұмсауы керек
[4]. 
Қоғамның инклюзивтік мәдениетін инклюзивті білім беруді табысты 
жүзеге асыру факторы ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы көп 
мәдениетті білім беруді дамыту факторы ретінде де қарастыруға болады.
Педагогикалық мәдениет – «көп мәдениетті білім» тұжырымдамасы жас 
ұрпақты
көпұлтты және көп мәдениетті ортада өмірге дайындау идеясына 
негізделген білім ретінде анықталады.
Мұндай білімнің мақсаты 
әртүрлі ұлт, дін 
өкілдерімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және басқа мәдениетің 
өзіндік ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру, оларға қатысты теріс 
көзқарастарды жою болып табылады.
Қазіргі заманғы адам толерантты, шыдамды,
басқа мәдениеттегі 
адамдарға құрмет сезімімен қарау, олармен бейбітшілік пен келісімде өмір 
сүре алатын және белсенді өзара әрекеттесуге дайын болуы керек. 
Осындай 
дағдыларды меңгеру үшін сіз тиісті мәдениетке ие болуыңыз керек.
Шетел мәдениетіне, оның өкілдеріне, құндылықтарына, дәстүріне, тіліне 
құрметпен қарау, оның мәдениетіне 
оның мәдениетіне қолдау жасау, біздің 


17 
еліміз көпұлтты ел болғандықтан, көп мәдениетті білім беруді дамытудағы 
басты міндет басты міндет болып табылады.
Инклюзивті білім беру және 
көпмәдениетті білім беру арасында нақты 
байланыс бар, бұл көптеген идеялар мен концепциялардың бірлігінде, сондай-
ақ олардың мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табады.
Осы екі бағыттың маңызды ұқсас белгілері қоғамда адамгершілік 
тәрбиені жүзеге асыруда жоспарланған жүйемен инклюзивті мәдениетті 
дамыту, насихаттау және тарату арқылы қол жеткізуге болатын ерекше 
төзімділікті талап етеді.
«Инклюзивті мәдениет» термині 
инклюзивтік білім берудің бөлігі ретінде 
көп мәдениетті білімге қатысты. Осы анықтамада инклюзивті мәдениет ерекше 
білім беру қажеттілігі бар адамдарға ғана емес, басқа ұлтқа, дінге немесе басқа 
да ерекшеліктерге байланысты адамдарға да қатысы бар.
Адамдарға құрметпен қарау, адамгершілік көзқарас, жауапкершілік кез-
келген адам үшін маңызды. Сондықтан адамдардың, ең бастысы оқушылардың, 
ата-аналардың, педагогтардың оны меңгеруі инклюзивті білім беруді 
дамытудың маңызды негізі ретінде қарастыруға болады
[5].
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру саласы белсенді түрде қалыптасып, 
дамып келеді. Ең маңызды бағыттарының бірі білім беру ұйымдарының 
инклюзивті мәдениетін зерттеу болып табылады.
Зерттеушілер білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсартудың үш 
маңызды бағыттарын анықтайды: инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, 
инклюзивті саясатты дамыту, инклюзивті тәжірибені енгізу. Британдық 
мамандардың пікірі бойынша, бұл бағыттар- мектептердің инклюзия саласын 
реформалауға негізделген, тең бөлінген үшбұрыштың үш жағы сияқты.
Ұшбұрыштың негізінде «инклюзивті мәдениетті құру» аспектісі жатыр.
Зерттеушілердің пікірінше, 
«ортақ инклюзивтік құндылықтар мен 
кооперативтік қатынастарды дамыту басқа аспектілердегі өзгерістерге әкелуі 
мүмкін» [6].
Канадалық мұғалім Жан Ваниердің айтуынша, білім берудің инклюзивтік 
білім беру қатынастарының жаңа парадигмасын анықтап, білім берудің 
гуманистік сипатына ерекше назар аударады.
Мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін құру мүмкіндігі шектеулі 
оқушылардың мектеп социумына кіруінің маңызды шарттарының бірі болып 
табылады. Мектепте инклюзивті мәдениетті құру ынтымақтастық идеясын 
бөлісетін, барлық қатысушылардың дамуын ынталандыратын қауіпсіз, 
шыдамды қоғамдастықты; әркімнің құндылығы ортақ жетістіктердің негізі 
болып табылатын қоғамдастықты құруға ықпал етеді.
Мұндай мектеп мәдениеті 
жалпы инклюзивтік құндылықтарды жасайды, оларды мектептің барлық 
қызметкерлері, оқушылар, әкімшілер, ата-аналар/заңды өкілдер бөледі және 
қабылдайды.
Инклюзивті мәдениетте бұл қағидаттар мен құндылықтар барлық 
мектеп саясатына қатысты шешімдерге де, әр сыныпта оқытудың тәулік сайын 
практикасына да әсер етеді.
Мектептің инклюзивті мәдениетін дамыту үздіксіз 
процесс болып табылады 


18 
Мектептегі немесе мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беру 
мәдениетін қалыптастыру аспектісінде теңдік, қатысу, ынтымақтастық 
басымдықтарының құндылықтары инклюзивті білім берудің негізгі 
қағидаттарымен әлеуметтік және білім беру инновациялық процесі, 
динамикалық дамып келе жатқан тәсіл ретінде сәйкес келеді, бұл ретте жетекші 
оқушылардың әр алуандығына оң көзқарас болып табылады, ал жеке 
ерекшеліктер мәселе ретінде емес, тану процесін байыту мүмкіндігі ретінде 
қабылданады. Білім беруде инклюзивті ұстанымның негізгі принциптерін 
анықтаймыз: 
Білім берудегі инклюзияға:

Қоғам үшін барлық оқушылар мен педагогтардың тең құндылығын тану; 

Мектеп өмірінің барлық аспектілеріне мектеп оқушыларының қатысу 
дәрежесін арттыру және оқушылардың кейбір топтарының оқшаулану деңгейін 
бір мезгілде төмендету; 

Білім берудің педагогикалық әдістері мен технологияларын мектеп 
жанында тұратын барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне толық сәйкес 
болатындай етіп өзгерту; 

Білім алу жолындағы кедергілерді талдау, зерделеу және еңсеру және 
тек мүгедектігі бар немесе ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін ғана 
емес, мектептің барлық оқушылары үшін мектеп өміріне толыққанды қатысу; 

Қандай да бір топтың ғана емес, жалпы мектеп оқушыларының игілігіне 
бағытталған реформалар мен өзгерістер жүргізу; 

Оқушылар арасындағы айырмашылықтар – бұл жеңуге қажетті 
кедергілер емес, педагогикалық үдеріске ықпал ететін ресурстар; 

Оқушылардың академиялық нәтижелерін арттыруда ғана емес, сонымен 
қатар жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік құндылықтарын дамытуда 
мектептердің рөлін мойындау; 

Білім берудегі инклюзия – қоғамдағы инклюзивті аспектілерінің бірі 
жатады. 
Инклюзивті білім беру процесі негізінде жатқан бұл тұжырымдамалық 
ережелер мектептің инклюзивті мәдениетін қалыптастыру ережелерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет