56
3.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТТІ
ДАМЫТУ
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды бірлескен оқытуды
көздейтін кіріктірілген оқыту мен тәрбиелеу объективті педагогикалық
шындыққа айналды. Білім беру интеграциясы идеясын іс жүзінде жүзеге асыру
жалпы және арнайы білім берудің жақындасуынан, мектепке дейінгі ұйымдар
мен жалпы типтегі мектептердің практикасына кіріктірілген оқыту мен
тәрбиелеудің әртүрлі модельдері мен нұсқаларын енгізуден көрінеді.
Инклюзивті мектепті құру жолында не ең маңызды болып табылады?
Ең алдымен, өз мектебін дамыту тұжырымдамасы болуы тиіс және
осындай даму барысында мыналарға бейімделу керек:
-
Инклюзивті мектептерді құру және дамыту инклюзия
құндылықтарын қуаттайтын көп тәртіптік
команданың бірыңғай жұмысын
талап етеді.
Осындай команданы құру және командалық жұмыс стилін ұстану
тәжірибелік жұмыста бірінші және ең маңызды қадам болып табылады.
Инклюзивті білім беру ортасын құру, мектептегі инклюзивті этностың құрылуы
мен дамуы мектепте құрылған «инклюзивті» команданың күш-жігерінің
нәтижесі болады, оған мектеп педагогтары мен әкімшілері, түзете білім берудің
тартылған мамандары ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ата-аналары,
түрлі әлеуметтік қызметтердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ал кейіннен –
және оқушылардың өздері кіруі тиіс.
-
Инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтарын түсіну,
мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдау, инклюзивті білім беру - әрбір
адамның білім алу құқығын іске асыру екенін түсіну - мұның бәрін техникалық
қолдау қызметтердің қызметкерлерін қоса алғанда, мектеп командасының әрбір
мүшесі түсінуі керек. Инклюзивті
білім беру принциптерін, мүгедектікті
түсінудің әлеуметтік моделін түсіндіруде үкіметтік емес ұйымдар, бірінші
кезекте мүгедектердің қоғамдық ұйымдары маңызды рөл атқарады.
-
Жағдайды бағалау мен талдаудан бастау керек.
Көп деңгейлі тәсілді пайдалану кезінде микро деңгейден бастау керек,
яғни, алдымен мектептегі жағдайды зерттеу керек. Зерттеудің маңызды
аспектісі мектеп ұжымының өзгерістерге дайындығының дәрежесін анықтау
болып
табылады, яғни, мектепте «типтік емес» оқушылардың пайда болуына,
оның үстіне, ұжымдық дайындық дәрежесін ғана емес, сонымен қатар әрбір
қызметкердің тұлғалық деңгейде болжамды өзгерістерді қабылдауға
қабілеттілігін анықтау болып табылады.
-
Одақтастарды іздеу өте маңызды.
Инклюзивті білім беруді жылжыту бойынша бағдарламалар мемлекеттік
жалпы білім беру жүйесімен байланысты болғандықтан,
аймақтық білім беру
басқармаларының, жергілікті билік органдарының мамандарын осы қызметке
тарту аса өзекті болады. Сонымен қатар, инклюзивті білім - бұл ең маңызды
әлеуметтік міндет, сондықтан азаматтық қоғам ұйымдарымен - қоғамдық
57
ұйымдармен, мүгедектер ұйымымен, ЕБҚ ететін
балалардың ата-аналарымен
ынтымақтастық және өзара іс-қимыл бірдей маңызды болады.
-
Мектепке осы бағытта әртүрлі деңгейдегі нормативтік-құқықтық
қолдауды енгізу қажет.
Бұл жергілікті білім беру басқармасының бағдарламаны іске асыруға
кірісуі және инклюзивті білім беру эксперименталды алаң құру туралы немесе
ЕБҚ ететін балаларға инклюзивті білім беру нысандарын дамыту бойынша
өңірлік бағдарламаға мектептің қатысуы туралы шешім қабылдау болуы
мүмкін. Сонымен қатар, білім беру ұйымының
ұйымдық құжаттамасына
өзгерістерді енгізу бойынша жұмысты бастау қажет (мектеп Жарғысына тиісті
өзгерістерді енгізу, инклюзивті білім беру сыныптары туралы ережені әзірлеу
және т.б.).
-
Инклюзияға көшу үшін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру
қажет.
Тиімді бағалау жүйесі және жоспарланған жұмысты жүргізу
табыстылығын бағалау кезіндегі өте пайдалы индикаторлар «Инклюзия
көрсеткіштері» оқу құралында әзірленді.
-
Инклюзияға көшуге дайындық мұғалімдерді кәсіби қайта даярлауды
міндетті түрде қамтуы тиіс.
Қайта даярлауда жалпы білім беру мұғалімдерінің осы немесе басқа да
даму бұзылулары туралы хабардарлық деңгейін көтеру ғана емес, сонымен
қатар әртүрлі және көп деңгейлі орталарда жұмыс істеуді үйрету,
кез келген
білім алушыға арналған дараланған оқыту бағдарламасын құруға оқыту,
педагогикалық қызметті жүзеге асырудың бейімделген әдістері мен тәсілдеріне
оқыту маңызды болып табылады. Алайда педагогтар іс жүзінде білім беру
инклюзиясын қолдануға тырысқанға дейін толық оқу курсын өткізудің қажеті
жоқ.
Инклюзивті процесті жүзеге асырудың қиындықтарымен бетпе-бет
келген педагогтар оларға тағы қандай білім жетіспейтінін, әлі неге үйренуге
керек екенін анықтау мүмкіндігі болуы үшін қайта даярлау курсының бір бөлігі
«нақты уақыт» режимде өткізілуі тиіс.
-
Мектеп қауымдастығын дайындау сонымен қатар оқушылармен
тікелей жұмыс жасауды қамтиды.
Мүгедектігі бар жастармен кездесулер, оқушылармен мүгедектікті түсіну
бойынша сабақтар («мейірімділік сабақтары») өткізу,
оқушыларға басқа да
адамдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың, көп ұзамай осы
мектепке келетін оқушылардың проблемаларын түсінуге әсер етуі мүмкін басқа
да интерактивті кездесулерді өткізу өте маңызды [32].
-
Инклюзивті білім беру нысандарына көшу кезінде бастапқыда білім
берудің үй жағдайында оқитын оқушылардың мектепте тікелей білім алуына
ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Содан кейін мектеп жасақтаудың меншікті принциптерін әзірлейді, және
мектеп үшін инклюзивті бағдарламаларды іске асыратын мектепке дейінгі
58
ұйымдармен байланыс айрықша маңызға ие болады.
Кейбір жағдайларда
мектептер мектепке дейінгі инклюзивті дайындық топтарын ашады.
-
Инклюзивті білім беруді қолдау бойынша ақпараттық кампания өткізу
қажет.
Әрі, бұл барлық деңгейлерінде қажет – мектепте, жергілікті
қоғамдастықта, қалада, аймақта, - ол үшін серіктес ұйымдардың мүмкіндіктері
мен ресурстарын пайдалану қажет.
Инклюзивті білім беру кеңістігін құру - бұл барлық кезеңдері мен
бағыттары маңызды болып табылатын кешенді процесс.
Инклюзия мектептерде жағдайды жақсарту процесін құрайтын үш тең
құқықты құрамдас бөлігін бір мезгілде дамыту кезінде қол жеткізіледі:
инклюзивті мәдениетті құру;
инклюзивті саясатты әзірлеу;
инклюзивті тәжірибені дамыту және енгізу.
Бұл аспектілер тек инклюзия саласында ғана емес, кең мағынада
мектептерді реформалауға бағытталған ойлау векторларының «осьтерін»
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: