Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет19/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   138
2-
принцип: Балаға бағдарланған білім беру философиясын ұстану.
Оқытуға деген дәстүрлі тәсілдер, жалпы сыныптағы тәсілдер, жатқа 
айтуға үйрету және топтық оқу, Азиядағы көптеген мәдениеттерге таныс, және 
де оларды беру мұғалімдерге оңай. Бірақ тұтастай алғанда, олар бастауыш 
мектептер кездесетін оқытудың стильдері мен тарауларының өсіп келе жатқан 
сан алуандығын ескере алмайды, бұл көптеген жүйелерде төмен қатысу және 
қайталаудың жоғары жиілігі мен шығуынан көрінеді. 


50 
Азия өңірінде дамып келе жатқан бастауыш білім беру парадигмасына 
сәйкес педагогтар арасында барлық баланың оқуға деген қабілеті бар деген 
сенім өсіп келеді. Ата-аналар, мұғалімдер және әкімшілер ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалар оқи және дами алатыны туралы үміттерін арттырады, 
және де мұғалімдер бұл процесте балаға көмектесуге міндетті. Осылайша
балаларды олардың дамуға деген қабілетіне күшті және шынайы жолдаумен 
сенімділікпен тәрбиелей бастайды. Оқыту әр баланың мықты жақтары мен 
табысты жетістіктеріне бағытталған. Қателіктер мен қиыншылықтар оқыту 
процесінің маңызды элементтері ретінде қарастырылады және жеңіп 
шығылады. Оқыту процесі жүру үшін оқытудың мазмұны, деңгейі және 
қарқыны баланың қабілетіне сәйкес келуі тиіс, баланың күнделікті өміріне және 
оның жеке қажеттіліктеріне қатысты болуы қажет.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды бастауыш мектептің негізгі 
ұйымына және оқу бағдарламасына кіріктіру барлық балалардың бір оқыту 
бағдарламасын бірдей алуын білдірмейді. Арнайы білім берудің бас ерекшелігі 
көптеген жылдар бойы, IDEA арнайы білім беру туралы жиі қайталанатын
америкалық заңнамада бекітілген, «Жекеленген білім беру бағдарламасы» (IEP) 
болып табылады. IEP – бұл, шын мәнінде, өзгертілген мектеп бағдарламасын 
қамтитын жеке оқыту жоспары болып табылады. Корея, Малайзия, Шри-Ланка, 
Қытай, Непал, Индонезия және Таиланд елдері ерекше білім беру қажеттілігі 
бар балалар орналастырылатын өз сыныптары, бөлімшелері мен мектептерінде 
IEP құрған азия елдерінің қатарына жатады.
Малайзия ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке 
білім беру жоспарларын, сонымен қатар, жеке даму жоспарын іске асыруды 
жоспарлауда. Жапония қатал академиялық бағдарламаны кемшіліктері бар 
оқушылардың санатты талаптарына сәйкес келетін «оқыту курсына» 
бейімдеуде. Кореяда педагогикалық колледжде IEP жоғары бағаланды. Барлық 
ерекше білім беру қажеттілігі бар кореялық балалар екі IEP алады: біреуі ұзақ 
мерзімді білім беру және кәсіби мақсаттары бар және сабақтың кезекті оқу 
жоспары болатын қысқа мерзімді IEP. Таиландта жақын арада өткен зерттеу
кіріктірілген сынып бөлмелерінде IEP басшылыққа алатын есту қабілеті нашар 
оқушылардың, IEP жоқ оқушылармен салыстырғанда, білімі тек жоғары ғана 
емес, сонымен олардың оқуға деген қызығушылығы да жоғары деген 
дәлелдемені ұсынды. IEP пайдаланатын мұғалімдер IEP «қолайлы білім беру 
инновациясы» болып табылады деген пікірді білдірді. 
Басқа да елдер ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға арналған 
ұлттық оқу бағдарламаларын әзірлеп жатыр деп хабарланды. Сингапурда
мемлекеттік субсидиялармен үкіметтік емес ұйымдар басқаратын жекеленген 
мектептерде оқитын ерекше білім алу қажеттіліктері бар барлық оқушылар
есту және көру кемшіліктері бар балалар бейімделген ұлттық жоспар бойынша 
оқиды, бұл оларды бастауыш мектепке қабылдағаннан кейін және оны 
өткеннен кейін емтихан тапсырғаннан кейін, орта мектеп деңгейінде оларды 
кіріктіруге дайындайды.


51 
Есту қабілеті төмен немесе нашар көретін, немесе нашар еститін балалар 
ым тілі жүйесінің қолдауынсыз жергілікті тілде оқыту жүргізілгенде ерекше 
жағдайда қалады. Осы себептен, егер мұғалім немесе көмекші мұғалім мен 
құрбы балалары ымдау тілін үйренбесе, есту кемшілігі бар балаларды кәдімгі 
сыныпқа кіріктіру қиынға соғады.
Кәдімгі аудиториямен араласқан жаңа жекеге бейімделген қызметті 
ұсыну тәсілдерінің бірі «tsukyu» болып табылады (арнайы толық емес жұмыс 
күні жүйесі, Жапония). Бұл тәсіл оқуға жауап бермейтін немесе сыныптағы 
жұмысқа кедергі жасайтын оқушылар үшін икемді қызметтерді мүмкін етуге 
бағытталған. Бұл оқушыларда оқу, арифметика немесе басқа да мектеп 
пәндерімен, әлеуметтік бейімдеу немесе ынталандырумен, немесе тіл және 
қабылдау сияқты негізгі дағдылармен қиыншылықтар туындауы мүмкін. 
Бүгінгі таңда қиын оқушылардың көпшілігі кәдімгі сыныпта іс жүзінде 
мұғалімнің бақылауысыз қалатыны анық. «Цукю» - бұл ерекшеленген, 
автономды объектілерге көп үміт күттіретін балама болып табылады. Бұл 
модель балаға арнайы осы мақсатта жабдықталған арнайы бөлмеде жеке немесе 
топпен нұсқама алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет