Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет35/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138
«Комплименттер» ойыны 
Жүргізуші қатысушыларға бір-біріне арналған комплименттер ойлап 
табуды ұсынады. Ол қатысушылардың біріне доп лақтырып, оған комплимент 
айтады. Мысалы: 
«Дима, сен өте әділ адамсың» немесе «Катя, сенің шашың керемет». 
Допты қағып алған қатысушы оны өз комплиментін айтқысы келетін адамға
лақтырады. Комплименттің әрбір қатысушыға айтылуын қадағалау маңызды. 
Танысу қорытындысын шығару, қатысқандары үшін барлығына алғыс 
білдіру. 
Сабақ №2: Толеранттық деген не? 
Мақсаттары: оқушыларды «толеранттық» ұғымымен таныстыру, 
оқушылар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. 
Материалдар мен жабдықтар: геометриялық фигуралардың суреті, 
презентация, «Себет» жаттығуына арналған материалдар, ватман, қағаз, 
қарындаштар, қаламдар, А3 форматындағы қағаз парақтарында жазылған 
толеранттық анықтамалары, тақта, ватман парағы. 


90 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
«Геометриялық фигуралар» ойыны 

Сонымен, сендердің алдарыңда бес фигура: шеңбер, шаршы, 
үшбұрыш, зигзаг, тіктөртбұрыш. 

Оларға мұқият қарап, өздеріңе ұнайтын фигураны таңдап, оны 
өздеріңнің парақшаларыңа салыңдар. Егер фигуралар менікі сияқты болмаса, 
қорқынышты емес, біз әр түрліміз, сондықтан біздің суреттеріміз де бір-біріне 
ұқсамауы мүмкін. 

Енді шеңберді таңдағандар қолдарыңды көтеріңдер, олар мейірімді 
және ашық, сезімтал, батыл. 

Кім шаршыны таңдады, олар ұйымдасқан, табанды және шешім 
қабылдауда жігерлі, еңбекқор. 

Үшбұрыш таңдағандар, олар көшбасшылар, шыдамсыз және 
тәуекелге бейім. 

Зигзагты кім таңдады, олар шығармашыл натуралар, арманшыл және 
бірбеткей, көңіл-күйі мен мінез-құлқы өзгермелі. 

Кім тіктөртбұрышты таңдады, олар өздеріне, өз таңдауына сенімсіз, 
әлі күнге дейін өмірдегі орнын анықтамаған. 
Міне, көрдіңдер ме, барлығымыз әр түрлімін және бір планетада өмір 
сүріп жатырмыз. Сендердің барлықтарың әртүрлісіңдер және бұл сендердің ең 
үлкен құндылықтарың! Сендер әр түрлісіңдер, біреу кітап оқуды жақсы көреді, 
біреу спортпен шұғылданады, біреу итпен ойнайды, ал біреу гүл өсіреді, бірақ 
біз бірге болғанымыз өте жақсы. 
2. 
Негізгі бөлім 
XVIII-
XIX ғасырлардың шегінде Францияда Талейран Перигор деген бір 
адам өмір сүріпті. Ол үкімет өзгерсе де, сыртқы істер министрі болып өзгеріссіз 
қалатындығымен ерекшеленеді. Ол көптеген салаларда дарынды адам болған, 
бірақ ең бастысы ‒ айналасындағылардың көңіл-күйін ескере білген, оларға 
құрметпен қараған, сонымен бірге өз ұстанымдарын сақтаған, жағдайға көзді 
жауып бағынуды емес, оны басқаруға ұмтылған. 
«
Толеранттық» ұғымы осы адамның есімімен байланысты.
Толеранттық ‒ бұл біздің әлем мәдениеттерінің, өзін-өзі көрсету 
формаларының және адамгершілік даралығын көрсету тәсілдерінің бай 
көптүрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну (16 қараша ‒
Халықаралық толеранттық күні). 
«Толеранттық деген не?» жаттығуы 
Дайындық кезеңі: А3 форматты қағаздың қалың парақтарында 
төзімділікке анықтама жазу және оларды сабақ басталар алдында тақтаға 
немесе аудиторияға сырт жағынан қабырғаға бекіту
Жүргізуші қатысушыларды 3-4 адамнан топтарға бөледі. Әрбір топ «миға 
шабуыл» нәтижесінде төзімділіктің анықтамасын тұжырымдау керек. 
Қатысушылардан, олардың пікірінше, төзімділік мәні болып табылатынды осы 
анықтамаға қосуды сұраңыз. Анықтама қысқа және мағынасы кең болуы керек. 


91 
Талқылаудан кейін әр топтың өкілі барлық қатысушылардың ұйғарымынан 
туындаған анықтамамен таныстырады. Топтарда талқылау аяқталғаннан кейін 
әрбір анықтама тақтаға немесе үлкен ватман парағына жазылады. Топтар өз 
анықтамаларын ұсынғаннан кейін, жүргізуші алдын ала дайындалған 
анықтамаларды аудиторияға қарай «бетімен» бұрады. Қатысушылар осы 
анықтамалармен танысуға және оларға өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік 
алады. 
«Толеранттық» сөзі әртүрлі тілдерде бірдей мағынаға ие: 
• 
испан тілінде ол өзінікінен өзгеше идеяларды немесе пікірлерді тану 
қабілетін білдіреді; 
• 
француз тілінде ‒ басқалардың сенен өзгеше ойлауы немесе әрекет етуі 
мүмкін деп жол беретін қарым-қатынас; 
• 
ағылшын тілінде ‒ шыдамды, мейірімді болуға дайындық; 
• 
қытай тілінде ‒ мүмкіндік беру, қабылдау, басқаларға қарым-қатынас 
бойынша кең пейілді болу; 
• 
араб тілінде ‒ кешірім, кең пейілділік, жұмсақтық, қайырымдылық, 
жанашырлық, мейірімділік, шыдамдылық, басқаларға пейілділік; 
• 
орыс тілінде ‒ бірдеңеге немесе біреуге шыдамдылық (ұстамды, 
шыдамды, тұрақты болу, бірдеңенің, біреудің бар болуын қабылдай білу) 
таныту қабілеті. 
Әңгіме: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет