86
барлық сынып оқушыларымен өткізілуі мүмкін, ұзақтығы ‒
аптасына
30-
40 минут. Сабақтардың саны және олардың ішкі мазмұндық толықтырылуы
контингенттің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеруі, толықтырылуы мүмкін.
Практикумның элементтері сабақта «психологиялық минут» ретінде барлық
сыныппен де өткізілуі мүмкін.
Осылайша, мектепте оқушылар арасында инклюзивті мәдениетті
қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу қажет.
Жасөспірімдер
ерекше назар аударуды талап етеді, себебі жасөспірімдер баланың жеке тұлғасы
қалыптасатын неғұрлым күрделі кезең болып табылады. Жасөспірімдер жоғары
сыншылдықпен, ұшқалақтықпен, келеңсіздікпен ерекшеленеді, бұл дені сау
балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен тиімді өзара іс-
қимылы үшін алғышарттар жасау және дені сау балалардың науқас балаларға
толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру
және жалпы жасөспірімдердің
инклюзивті мәдениетін қалыптастыру жолында үлкен кедергі болып табылады.
Жасөспірімдер жасы ‒ адамның психоәлеуметтік дамуындағы маңызды
кезең. Жасөспірім ‒ бала емес, бірақ ересек те емес. Ол ересек өмірге белсенді
түрде қосылады, өзінің бірегейлігін қалыптастырады, түрлі әлеуметтік талаптар
мен рөлдерді меңгереді. Оның жаһандық өмірлік бағдары оның жалпы әлемге,
өзіне және осы әлемдегі басқаларға қалай қарайтындығына байланысты.
Төзімділік пен сенім ұстанымы ‒ болашақ ұрпақтың бейбітшілік
пайдасына қарым-қатынасын қалыптастыру негізі. Мектепте төзімділік
рухының тамырын жаю, қоғамның маңызды құндылығы
ретінде оған деген
қарым-қатынасты қалыптастыру ‒ жер бетінде әлем мәдениетін дамытуға
мектептегі білім берудің маңызды үлесі.
Жасөспірімдерде толеранттықты қалыптастыру бойынша тренингтер
бағдарламасын ұсынамыз.
Жасөспірімдер үшін әзірленген тренингтер бағдарламасы ‒ оқушыларды
толеранттылық пен әлем мәдениеті рухында тәрбиелеудің психологиялық-
педагогикалық бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі. Оның басты
міндеттерінің бірі – «толеранттылық» ұғымын топтың әрбір қатысушысы үшін
жақын және түсінікті ету.
Тренингтің мақсаты:
•
Оқушыларды
«толеранттылық»
және
«толерантты
тұлға»
ұғымдарымен, төзімділік пен төзбеушіліктің өлшемшарттары мен оның
әлеуметтік
көріністерімен таныстыру, адамдармен өзара іс-қимыл жсауда,
сондай-ақ әртүрлі өмірлік салаларда толерантты мінез-құлықтың мәнін көрсету.
•
«Мен» және «басқалар» қарым-қатынасы контекстінде төзімділік
элементтері ретінде қиялын, эмпатияға, уайымдауға
және тілектестікке
қабілетін, сенімді, қадір-қасиетті және өзін-өзі тануды дамыту.
•
Жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі оң бағалауын қалыптастыру;
жасөспірімдердің өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін сезінуі;
қарым-қатынасты қандай тәсілдермен толерантты ету керектігін түсінуі.
Негізгі әдістер: рөлдік ойын, психотехникалық ойындар, релаксация.
87
Бағдарламада 7 сабақ ұсынылған. Сабақтар оқушылар тобымен немесе
барлық сынып оқушыларымен өткізілуі мүмкін, ұзақтығы ‒ аптасына
30-
40 минут. Қажетті материалдар мен жабдықтар әрбір сабақта сипатталады.
Әр сабақ үш бөлімнен тұрады:
•
Кіріспе бөлім: топқа қатысушыларды белсендендіруге, еркін, тілектес
атмосфера құруға, ұйымшылдықты арттыруға ықпал ететін жаттығуларды
қамтиды. Жүргізуші ұсынылған нұсқаларды пайдалана алады немесе қажет
болса, әрбір нақты топтың ерекшеліктеріне байланысты ширату үшін
жаттығуларды өз бетінше таңдай алады.
• Негізгі бөлім: сабақтың басты тақырыбын түсінуге
және меңгеруге
көмектесетін дәрістер, ойындар, жаттығулар, тапсырмалар кіреді.
•
Бекіту, қорытынды: әр сабақтың соңында қатысушылар өз
сезімдерімен, әсерлерімен, пікірлерімен бөлісіп, көңіл-күйлері туралы сөйлесе
алатын уақыт қалдыру керек. Тренинг сценарийінде әр сабақты аяқтау үшін
мазмұнға бағытталған үлгі сұрақтар келтірілген. Алайда, жүргізуші өз
сұрақтарының нұсқаларын да ұсына алады, оның пікірінше, соңына дейін
түсінікті болмаған немесе толық айтылмай қалған тұстарына ерекше көңіл бөлу
керек.
Курс бағдарламасы бір тараптан берілгендей болуы мүмкін емес. Ол
сыныптың
дайындық деңгейіне, оның ерекшеліктеріне, ұжымдағы
психологиялық климатқа байланысты өзгеруі мүмкін. Осы курс бойынша
сабақтарды өткізу тек оқушылармен ынтымақтастық тұрғысынан ғана мүмкін
болады, сондықтан курс бағдарламасының өзгеруі мұғалімнің өзіне (оның
дайындығына, мүдделеріне, міндеттеріне) тікелей байланысты болады.
Осылайша, толеранттылықты қалыптастыру жөніндегі тернингтер
бағдарламасы мұғалімнің шығармашылығын болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: