Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет44/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   138
Денсаулығының мүмкіндігі 
шектеулі балалардың білім 
алуына ата-аналарды
тарту деңгейі 
Деңгейдің сипаттамасы 
 
1-
шідеңгей. 
Хабардарлық 
Осы, ең негізгі деңгейде мектеп жұмыс 
істеп жатқан бағдарламалар туралы ата-
аналарға хабарлайды, ал ата-аналар сұрақтар 
қояды. 
2-
ші деңгей. 
Іс-шараларға қатысу 
Ата-аналар іс-шараларға тартылады, бірақ 
шектеулі дәрежеде. 
3-
ші деңгей.
Диалог және пікір алмасу 
Ата-аналарға сыныптың мақсаттарын 
және қажеттіліктерін зерделеу ұсынылады. 
4-
ші деңгей. 
Шешімдер қабылдауға 
қатысу 
Ата-аналардан олардың балаларына әсер 
ететін шешімдер туралы пікірлерімен бөлісу 
сұралады. 
5-
ші деңгей. Іс-әрекеттері 
үшін жауапкершілік алу 
Бұл ең жоғары деңгей: ата-аналар 
мектеппен бірлесіп шешімдер қабылдайды 
және мектеп бағдарламасын жоспарлауға да, 
бағалауға да тартылған.
Инклюзивті практиканы іске асырудың табыстылығы, көп жағдайда, 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру процесі 
субъектілерінің қарым-қатынасы мәдениетіне, педагогтар мен ата-аналардың 
бірлескен өзара іс-қимыл жасауға дайындығына байланысты. 
Ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу дәрежесі баланы 
тәрбиелеу мен оқытудың тиімділігін анықтайды. Отбасында ерекше білім беру 
қажеттілігі бар баланың пайда болуымен ата-аналар өздерінің жеке 


107 
ерекшеліктеріне, мәдениет, білім деңгейіне және басқа да факторларға сәйкес 
әртүрлі әрекет етеді. Ата-аналардың бейімделушілігі олардың өз баласының 
даму ерекшеліктері, психикалық даму сапасының негізгі сипаттамалары және 
олардың жас нормаларына сәйкестігі, эмоциялық-позитивті қарым-қатынастың 
рөлі, ойын қызметі және т.б. туралы хабардарлығын білдіреді. 
Отбасы деңгейінде инклюзияны қолдауға дайын болмау себебі өз өміріне 
және баласының өміріне қатысты шешім қабылдауда құзыреттіліктің болмауы 
болып табылады. Ата-аналардың құзыреттілігі, көбінесе, ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар баламен өзара іс-қимыл жасау проблемасы бойынша білімге 
ғана емес, сонымен қатар отбасы мен мамандар арасындағы өзара қарым-
қатынастарға, бала үшін белгілі бір қызмет түрлерін алу мүмкіндігіне 
байланысты. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дені сау балалар 
сияқты өмір сүруге құқығы бар. Бұл құқық қарапайым білім беру ұйымына 
бару, қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен қарым-қатынас жасау 
мүмкіндігі арқылы іске асырылады. Осылайша, қазіргі уақытта ерекше білім 
беру қажеттіліктері бар балаларды кәдімгі құрдастарының ортасына біріктіру 
және қосу қажеттілігін түсіну уақыты келді. 
Жалпы алғанда, қоғам инклюзивті білім беруге біркелкі қарамайтынын 
атап өтейік. Әртүрлі зерттеулер инклюзияны дамытуға қарапайым балалардың 
да, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың да ата-аналары 
қызығушылық танытатынын көрсетті. 
Мәселен, қалыпты дамып келе жатқан, дені сау балалар ата-аналарының 
70%-
ы олардың балаларының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 
оқуын қолайлы деп санайды, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды 
кәдімгі құрдастарының ортасына қосу соңғыларда толеранттылықтың, өзара 
көмектің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл ретте, қарапайым балалардың ата-
аналары білім беру ұйымы педагогтарының ерекше күш-жігер көрсетуі 
керектігін атап өтеді. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар ата-аналарының арасында 
тағы 76% бірлесіп оқытудың артықшылығымен келіседі, бірақ ол үшін түрлі 
сипаттағы бірқатар кедергілерді еңсеру қажеттігін түсінеді. 
Осындай кедергілердің бірі ‒ денсаулығының мүмкіндігі шектеулі 
балаларға жағымсыз қарым-қатынастың тұрмыстық үлгісі болып табылады. 
Қарапайым балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 
бірлесіп білім алуына қатысты теріс пікірдегі ата-аналар инклюзивті білім 
беруді орынсыз деп санайды. Мұндай ата-аналардың басым көпшілігі өз 
баласына көңіл бөледі, ерекше білім беру құажеттіліктері бар баланы әдеттегі 
сыныпта немесе балабақша тобында оқыту мен тәрбиелеу білім беру сапасын 
төмендетеді, қалыпты балада психологиялық жарақаттардың дамуына ықпал 
етеді деп есептейді. 
Инклюзивті білім берудің жақтастары болып табылатын ата-аналар 
қарапайым балаларды ерекше білім беру құажеттіліктері бар балалармен 
бірлесіп оқыту және тәрбиелеу олардың баласында жеке тұлғаның әлеуметтік 
қалаулы қасиеттерін (қайырымдылықты, жауапкершілікті, мейірімділікті), 


108 
дүниетанымының оң өзгеруін, құндылық бағдарлар жүйесін қалыптастыруға 
ықпал етеді деп санайды [25]. 
Осылайша, инклюзивтік мәдениеттің мәні ‒ ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларға деген құндылық қарым-қатынас. Инклюзивті білім 
беру процесінде балалардың да, ата-аналардың да «ерекше» балаларға деген 
шыдамды қарым-қатынасы, оларға құрмет көрсету, олардың проблемаларына 
мұқият қарау сияқты тәрбиемен байланысты маңызды проблеманың шешімі 
анықталады. 
Ата-аналардың инклюзивтік мәдениеті ‒ бұл жалпы инклюзивтік 
мәдениеттің бір бөлігі. Оны ата-аналарда қалыптастыру ‒ бұл дені сау балалар 
үшін де, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жаңа позитивті 
ресурс ретінде инклюзивті білім беру идеяларын қоғамның қабылдауы. 
Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ата-аналардың инклюзивтік 
мәдениетін қалыптастырудың тиімді шарты болып табылады. Мамандардың 
ата-аналармен өзара іс-қимылының негізгі факторлары барлық балаларға оң 
көзқарас, мінез-құлықтың конструктивті тәсілдерін көрсету, тиімді өзара іс-
қимылды позитивті нығайту және ата-аналарға ақпараттық қолдау көрсету 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет