150
алфавиттің әрбір әрпі қол саусақтарының белгілі бір орналасуына сәйкес келуі.
Арнайы мектептерде нашар көретін балалар ымдау әліпбиі бойынша оқиды.
Қанекей, мүгедектер арбасында отырған адамдарға көмектесейік. Бұл
адамдарға өмір сүру және жұмыс істеу үшін не керек? (Жауап: жеңіл электр
арбасы, тамақ дайындауға, пәтерді жуып-жинауға, жуынатын бөлмені
пайдалануға арналған құрылғылар, көтергіші бар көлік, компьютер,
тұрғын
үйлерде, дүкендерде, театрларда пандустар, лифтер мен тұрғын үй-жайларда
және кеңселерде кең есіктер).
(Балалардың жауаптары, оларды толықтыру).
Сонымен, балалар, сендер мүмкіндігі шектеулі адамдар ‒ бәрі сияқты
адамдар екенін көрдіңдер. Қайғылы оқиғаға немесе сырқатына байланысты
олар ауыр жағдайға тап болды. Барлығы сияқты бақытқа, қуанышқа, қарым-
қатынасқа
мұқтаж
және
басқаларға
қарағанда
жалғыздықтан,
немқұрайлылықтан, түсінбеушіліктен зардап шегеді. Олар сау адамдардың
көмегіне мұқтаж.
Естеріңде болсын, балалар: «
Өте тамаша адамдар болады, олар адам
төзгісіз және басқалар бар, олар барлық кемшіліктерімен де құрметті». БҰл
тамаша сөздерді француз философы Ф.де Ларошфуко айтқан екен.
VII. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ерлігі туралы оқушылардың
хабарламалары.
Қазір сендер мүмкіндігі шектеулі, бірақ шексіз қабілеті бар адамдардың
адами төзімділігі, батылдығы мен рухының күш-жігері туралы білетін
боласыңдар
( «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кейіпкерлері).
Зияткерлік бұзылулары бар балаларға
толерантты қарым-қатынасты
қалыптастырудың ең тиімді әдісі оқушылардың
интерактивті қызметін
ұйымдастыру, шығармашылық немесе спорттық сипаттағы бірлескен іс-
шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына «Спешиал Олимпикс»
дүниежүзілік қозғалысының ақыл-ой кемістігі бар адамдарға арналған
«Қосылыңдар» бағдарламасын ұсынамыз, оның негізгі мақсаты ерекше білім
беру қажеттіліктері бар адамдарға қоғамның көзқарасын өзгерту болып
табылады.
Ұсынылып отырған ақпараттық ресурс дені сау балаларға жекелеген
адамдардың дамуында ауытқушылықтың бар екендігі туралы және бар
кедергілерге
қарамастан, өз мақсаттарына қалай жетуге болатынын туралы,
сондай-ақ «Спешиал Олимпикс» қозғалысы туралы материалдарды білуге
мүмкіндік береді. Оқу материалдарында оқушылар мен қалың жұртшылықтың
ерекшет білім беру қажеттіліктері бар адамдарға деген қарым-қатынасын
өзгертуге қатысуына бағытталған интерактивті қызметті ұйымдастыру
жөніндегі ұсынымдар қамтылады.
«Қосылыңдар» бағдарламасының ортаңғы және жоғары сыныптарға
арналған бөлімі төрт сабақ сценарийінен, тарату материалдарынан және басқа
да құралдардан тұрады.
Сабақтардың мақсаттары мен міндеттері:
151
-
оқушыларда арнайы Олимпиада ойындарына және оларға қатысушы
спортшыларға қатысты құрмет пен түсіністікті қалыптастыру;
-
оқушыларды қоғамдық-пайдалы оқыту қызметіне және арнайы
Олимпиада қозғалысы желісі бойынша өткізілетін іс-шараларға тарту;
-
жеке айырмашылықтарға түсіністік пен төзімділікті ынталандыру;
-
қабілеттер, дарындылық және
дағдылар деңгейінде жеке
айырмашылықтарды анықтау және құрметтеу;
-
оқушылардың назарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды
қалыптастыру және оларға қолжеткізу маңыздылығына аудару.
Сабақтардың реті мен курстың құрылымы
Ұсынылып отырған курстың төрт сабағы логикалық байланысқан тізбекті
құрайды, әрбір келесі тақырып алдыңғы тақырыпқа негізделеді:
-
проблеманы қою;
-
проблеманы түсіну;
-
іс-әрекетке ынталандыруды қалыптастыру;
-
нақты әрекеттерге көшу.
Өз кезегінде, әрбір сабақ та дәйекті кезеңдерден тұрады:
нені есте сақтау керек ‒ сабақтың мақсаттары мен оқыту міндеттерін
баяндау.
сабаққа дайындық ‒ қажетті үлестірме формалар мен материалдарды
көшіруді қоса алғанда, мұғалім үшін сабаққа дайындалу туралы ақпарат;
сабақтың жоспары ‒ сабақтың нақты кезеңдері;
сабақтың аяқталуы ‒ қорытынды шығару және оқушылардың білімін
және сабақ материалын түсінуін бағалау рәсімі.
Нақты қызметке бағдарлаудың маңыздылығы.
Оқушылардың санасына олардың ұзақ уақытқа болмаса да қоғамдық-
пайдалы оқыту қызметіне қатысуы керектігін жеткізу өте маңызды. Бұл туралы
кідіріссіз хабарлау керек, өйткені бұл қызмет барлық курстың шарықтау шегі
болып табылады.
«Қосылыңдар» курсының төрт сабағының бағдарламасы бірнеше түрлі
тақырыптар бойынша нақты ақпаратты қамтиды:
-
ақыл-ой кемістігі;
-
Арнайы Олимпиада қозғалысы;
-
стереотиптер, олардан шығатын зиян мен оларды жеңу жолдары; жеке
айырмашылықтарды қабылдау;
-
мақсаттарды анықтау;
-
шамалы
артта қалушылығына қарамастан, табысқа жеткен, арнайы
Олимпиада ойындарына қатысушылардың өмір тарихы;
-
мектеп пен аудан игілігі үшін бірлескен жұмыс және оң іс-әрекет
әдістері.
Кейбір педагогтар қоғамдық өмір мен топтық қарым-қатынас
мәселелеріне назар аудара отырып, формальды емес контексте материалды
салыстырмалы түрде жеңіл бере алады және оқушылармен қарым-қатынас
152
жасай алады. Өзгелер үшін мұндай тәсіл жаңадан болуы мүмкін. Бірақ сіз жеке
санаттардың қайсысына
жататындығыңызға қарамастан, сабаққа дайындалу
барысында мынадай
ұсынымдарды ескеру пайдалы болады:
-
Пайымдаудың тиянақтылығынан сақтаныңдар. Сабақ барысында
дұрыс және дұрыс емес жауаптар болмайды. Оқушылар Сіздітаң қалдыруы
мүмкін пікірлерді айта алады. Сабақ барысында ашықтық пен жағымды
атмосфераны құруға тырысыңыз.
Нәзік және ауыр тақырыптарды сақтықпен қозғаңыз.
Егер оқушылар өздерінің отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі таныс
адамдарына немесе олардың өз проблемаларына қатысты мәселелерді талқылау
кезінде өздерін сенімсіз сезінсе, қалай да
талқылауды жалғастыруға
тырыспаңыз. Жеке айырмашылықтардың жағымды болуына ықпал ететін
жайлы психикалық атмосфераның сақталуы туралы ойлау маңызды.
-
Адамдарды
өзіңізді
қолдауға
тартыңыз.
«Қосылыңдар»
бағдарламасының негізгі мақсаты оқушыларды арнайы Олимпиада ойындарына
қатысуға және оларды қолдауға тарту болып табылатындықтан, оны орындау
қолда бар адамдар мен басқа да ресурстарды тартуды талап етеді. Тартылатын
адамдардың арасында арнайы білім беру бағдарламалары бойынша
оқытушылар, дене тәрбиесі оқытушылары, сондай-ақ Қазақстанның Спешиал
Олимпикс жергілікті филиалының қызметкерлері және еріктілер болуы мүмкін.
Бағдарлама туралы толық ақпарат,
сондай-ақ арнайы Олимпиада
қозғалысы туралы ақпарат алу үшін Қазақстанның Спешиал Олимпикс бас
кеңсесіне 8-(327)–250-18-87 телефоны, факс: 8(327) – 250-19-56 факсі; Е-mail:
sokmain@kaznet.kz. specialkaz@asdc.kz
Website: www.so centralasia.org
. (орыс тілінде)
арқылы хабарласыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: