Методические рекомендации по производству и заготовке кормов для фермерского хозяйства


Алқаптар мен көлтабандарда азықтарды үдемелі өндіру



бет3/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#136965
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5

6. Алқаптар мен көлтабандарда азықтарды үдемелі өндіру
Қазақстанның аймақтарында мелиорацияланатын ең тиімді объектілерге алқаптық жерлер жатады. Бұл жерлердің көп бөлігі өнімділік көрсеткіштерін толығымен жоғалтқан деп айтуға болады. Бұндай алқаптарды жеңіл – желпі жақсарту жер отының құрамына құнды азықтық шөптердің кірмей қалуына байланысты тиімсіз болып саналады. Сол себепті бұндай алқаптарды түбегейлі жақсарту керек немесе бір жылдық дақылдарды отырғызуға пайдалану қажет.

Далалық жерлерде өсетін жайылма шөптерінің ішінде астық түсімі жоғары шөптерге қызылот арпабас, сары – көк гибридті жоңышқа, эспарцет жатады. Бір жылдық азықтық дақылдардың ішінде өнімділіктері жоғары дақылдарға судан шөбі, жүгері және бұршақ – дәнді дақылдардың қоспасы жатады.

Аса тұзды алқаптарға түйе бұршақ егу қажет. Пішеннің шығымы 18 - 26 ц/га құрайды.

Жемшөп отырғызылатын алқаптарды қосымша ылғалдандырудың арзан әдістеріне жайылма суару әдісі жатады. Бұл әдісті еріген сулардың ағысын бөгеуге мүмкіндігі бар барлық жерлерде қолдануға болады.

Жайылма суармалары бар далалық жерлерде орналасқан шаруашылықтардың көп жылдық тәжірибесі көлтабандарға көктемнен бастап жиналған ылғалдың қорының есебінен, бір гектар жерден 15 – 20 ц шалғындық пішен алуға болатындығын дәлелдеген. Сары гибридті жоңышқа немесе оның қызылот арпабаспен қоспасынан 30 – 40 ц пішендік шөп орылса, судан шөбінен 45 ц пішендік шөп орылады.

Пішеннен жақсы түсім алу үшін ең алдымен табиғи немесе егілген көп жылдық дақылдардың сумен жайылу тәртібін қатаң сақтау қажет. Сумен жайылу уақыты өте ұзақ болғанда өсімдіктер жартылай немесе толығымен өліп қалуы мүмкін, ал жайылу уақыты өте қысқа болғанда көлтабандардың топырағы қажетті ылғалды жинай алмайды.

Көлтабандарда кең тараған табиғи шөптерге жатаған бидайық пен қызылот арпабас жатады. Бұл өсімдіктер еріген судың астында 25 – 30 күнге дейін жата алады.

Бірақ, көлтабандардың айтарлықтай көп бөлігінен жүйесіз түрде пайдалануға байланысты гектарынан 8 – 10 ц пішен ғана орылады.

Мәдени шабындықтарды осындай учаскелерде құру азықтың қайтарымдылығын бірнеше есеге көтереді.

Көктемде құнарланып жетілген топырақты 2 – 4 ізбен тырмалайды. Қызылот арпабасты немесе қызылот арпабастың құмдық эспарцетпен қоспасын сұлының немесе судан шөбіне буркеп отырғызады. Арпабасты таза өзін ғана отырғызғанда гектарына 18 – 20 кг, ал қоспа түрінде отырғызғанда гектарына 10 – 12 кг арпабас шығындалса, эспарцеттің бір гектарына 25 – 30 кг шығындалады. Бүркеме дақылдың нормасының үштен бір бөлігін төмендетеді.

Арпабас пен эспарцеттің қоспасын судың жайылуы 10 – 12 күннен аспайтын жерлерге отырғызған жөн, ал судың жайылуы ұзағырақ жерлерге арпабастың бір түрлерін егу қажет. Орта есеппен шалғындарға 7 жыл шөп отырғызғанда гектарынан 22 – 24 ц пішеннен алуға болады.

Қолдан себілген шалғын құру үшін жайылма суарылатын жерлерде олардың қалай өңделгендігі маңызды. Сортаңданбаған жерлерді 25 – 30 см тереңдікте жырту қажет.

Жайылмаларды көктемде шалғындандыру тиімді. Көп жылдық дақылдарды жазда отырғызу үшін топырақтың әр түрлі өңдеулердің әсерінен құрғап қалатын жоғарғы қабатын ылғалдандыру әрдайым қолайлы болады деп айту қиын. Көктемде отырғызылатын өсімдіктер басқа өсімдіктерге қарағанда су басып кетуге төзімді болып келеді.

Көлтабандарда өсетін бір жылдық дақылдардың ішінде ең өнімдісі - судан шөбі.

Судан шөбін көлтабандарда өсіру үшін егістік жерлерді тұқымдары жыл сайын ағыстық сулармен таралатын арам шөптерден мұқият тазалау қажет. Судан шөбін отырғызар алдында екі рет қопсытқанда астық түсімі жоғары болады. Пішеннің егін шығымдылығы 5 – 7 ц/га-ға жоғарлайды.
7 Ет бағытындағы бұзаулы сиырларға дәнді дақылды жайылымдарды ұйымдастыру
Қайта игерілген бөктер мен сортаң жерлерде мәдени жайылымдар тиімділігі жоғары болып саналады. Малдарды жыл бойы жайылымдық жемшөппен қамтамасыз ету үшін олардың үстіне бір жылдық шөптер ғана емес, сонымен қатар көп жылдық шөптер де отырғызылады. Олардың әр қайсысының үлесіне жайылымның жалпы көлемінен 40 – 60 пайыз көлемінде ауытқиды.

Жайылымдық конвейерлердің бірінші звеноларына жатады – күздік қара бидай, тарлау қияқ. Күздік қара бидайды қара және бос емес пар бойынша (сұлыдан, арпадан, көп жылдық шөптен кейін) себеді.

Бірақ, бұл дақылдарды малдар аз уақыт, түтікшелену мен толығымен масақтанып шығу фазалары аралығында сүйсініп жейді. Ал, гүлдене бастағанда желінуі күрт төмендейді.

Жайылымдарда малдар күздік бидайды жақсы сүйсініп жейді, бірақ далалық аймақтарда күздік бидай қысқа төзімсіз келеді, әсіресе қары аз болған жылдары.

Маусым айында жемшөп алу үшін эспарцетті еркек шөппен, жоңышқаны қызылот арпабаспен және сұр бидайықпен араластырып егіп отыру қажет. Малдарды қашаларда баққанда қоспалардың 85 – 90 % желінеді.

Құмдық эспарцет – көп жылдық бұршақты шөптердің ішіндегі далаға себуге және табиғи жайылымдарды жақсартуға кеңінен пайдаланылатын, далалық және қуаңшылық зоналарда жақсы өсіп, кең тараған дақыл.

Отырғызғаннан кейін екінші жылы толығымен жетіледі, 4 – ші 5 – ші жылдардан бастап сирей түседі. Пішеннің астық түсімі 40 – 45 ц, тұқымының түсімі 1 га жерден 10 – 14 ц.

100 кг пішеннің құрамында орта есеппен 54 азық өлшемі және 12,6 кг қорытылатын протеин болады.

Құмдық эспарцеттің Қазақстанның солтүстік аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген сорттарына жатады:



Құмдық жақсартылған сорт, Шортанды 83 сорты.

Үлкен масақты еркекшөп – Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аймақтарында жайылымдық шөп ретінде және сапалы пішен дайындауға қолданылатын көп жылдық өсімдіктердің ең негізгілерінің біріне жатады. 1 га жерден 16 - 30 ц азық жиналады. Еркекшөп пішені өте құнарлы: 100 кг. Азықтын құрамына 47 – 52 дейін азық өлшемі, 5,1 – 5,8 кг-ға дейін қорытылатын протеин кіреді.

Үлкен масақты еркекшөптің Қазақстанның солтүстік аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген сорттарына жатады:



Карабалыкская 202, Долинский 1, Батыр.

Қызылот арпабас (қылтықсыз арпабас) – биіктігі 70 – 150 см-ге дейін жететін күздік – жаздық типке жататын көп жылдық астық тұқымдас. 100 кг көк балауса шөбінде 24 азық өлшемі және 1,6 кг қорытылатын протеин болады. Далалық аймақтарда қызылот арпабастың астық түсімі еркекшөптің астық түсімімен бірдей болады, ал ылғалды аймақтарда қызылот арпабастың астық түсімі еркекшөптің астық түсімінен асып түседі.

Қызылот арпабастың Қазақстанның солтүстік аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген сорттарына жатады:



Көлтабандық, Далалық, Ақмолалық 91 және т.б.

Көкгибридті жоңышқа – өмір сүру ұзақтығы орташа, 3 жылдан 8 жылға дейін созылатын өсімдік. Орташа биіктігі 60 – 70 см-ге дейін, қолайлы жағдай болған жағдайда өсімдіктің биіктігі 150 - 170 см-ге дейін жетеді. Барлық ауыл шаруашылық малдары сүйсініп жейді. Құнарлығы бойынша барлық көп жылдық бұршақ және дәнді тұқымдас өсімдіктерден асып түседі.

100 кг көк балауса шөбінің құрамында 16 – 20 азық өлшемі болады, ал 100 кг жоңышқа пішенінің құрамында 50 – 60 азық өлшемі, 12 – 17 кг қорытылатын протеин, 1 кг 17 – 29 мг каротин болады.

Көкгибридті жоңышқаның Қазақстанның солтүстік аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген сорттарына жатады:

Кокше, Шортандинская 2, Карабалыкская 18, Карагандинская 1.

Ақбас түйежоңышқасы – биіктігі 70 – 300 см. екі жылдық немесе бір жылдық , өте сіңімді азық. Тұзды жерлерде жақсы өседі және қуаңшылыққа төзімді өсімдік, астық түсімі жоғары. Төлдің тез өсуіне, бордақылаудағы малдың семіруіне жақсы әсер етеді. Құнарлығы жоңышқаның құнарлығынан төмендеу: 1 кг түйежоңышқасының көк балауса шөбінде 0,18 азық өлшемі болады. азық өлшеміне есептегенде 267 г қорытылатын протеин болады. ақбас түйежоңышқасынан дайындалған сүрлем ақуызға, дәрумендер мен минералды тұздарға бай болады.

100 кг көк балауса шөбінде 18,2 азық өлшемі мен 3,1 кг қорытылатын протеин болады, 100 кг пішеннің құрамында сәйкесінше 50,7 азық өлшемі мен 11,5 кг қорытылатын протеин болады.

Түйежоңышқаның Қазақстанның солтүстік аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген сорттарына жатады:

Ақбас түйежоңышқа – Ақбас, Сретенский 16, Медет, Шавекен.

Сарыбас түйежоңышқа - Альшеевский, Колдыбанский, Карабалыкский, тез пісетін Омский, Сарбас.

Орташа бидайық биіктігі 60 – 100 см, өте тұзды емес жерлерде өсетін, тамыр сабақты, күздік типке жататын, көп жылдық шөптесін өсімдік.

Жайылымдарда малдың барлық түрлері бидайықты ерте көктемнен қалың күзге дейін сүйсіне жейді, әсіресе, масақтанғанға дейін бағалы. Қазақстанда бидайықты 44 түрі өседі.

Малдарды бидайық жайылымдарына, өсімдіктін биіктігі 18 20 см-ге жеткенде, яғни бидайық азығының 3-ші жылынан бастап жаю қажет. 100 кг көк балауса шөбінің құрамында түтікшеге айналу сатысында 24,5 азық өлшемі және 3,9 кг қорытылатын протеин болады. бидайықты таза еккенде 1 га-дан 25 ц пішен шабуға болады.

Орташа бидайықтың Қазақстанның солтүстік аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген сорттарына жатады: Ростовский 31,



Омич, Карабалықтық сұр.

Судан шөбі жайылымдық шөптердің арасында бір жылдық астық тұқымдастардың ішіндегі ең құндысы болып саналады. Судан шөбінің пайдалы қасиеттері өте көп: тапталып қалуға өте төзімді, тамырының жақсы дамуына байланысты малдар жай жұлып тастай алмайды, 1 - 2 рет алшынкөк береді, ерте фазаларында шөп протеині бойынша жақсы үйлескен.

Жайылымдық конвейерде судан шөбін екі мерзімде себу қажет (әдеттегідей және 20 – 25 күннең соң).

Көп жылдық шөптер мен судан шөбін шабу аралығында малдарды сұлы мен арпаның қашаларында жаяды.

Тамыз айының екінші жартысынан бастап малдарды алдымен бірінші, содан соң екінші мерзімде отырғызылған судан шөбінің көрпекөгінде жаяды, қыркүйек айының соңында көп жылдық шөптердің көрпекөгі қолданылады.

Мәдени жайылымдарды құру кезінде жайылымдарды және мал айдайтын жолдарды қоршауға алудың маңызы өте зор.

Себебі малдарды кез келген жерге жайып, жайылымды бей – берекет пайдалануға болмайды. Ондай жағдайда өрісті аз уақытта тауысып алады. Сиырлардың алдын қайтара отырып жаймаса, бір жерге тоқтап жайылмай, көбіне шөп қуалап, жайылып кете береді. Ондай жағдайда, бірнеше күн жайылатын жерді бір күнде – ақ аралап өтуі мүмкін. Жайылымға бұл өте зиянды, мұнда сиырлар шөптің тәуір – тәуірін ғана жеп, басқа шөптерді аяқ асты етіп, таптап кетеді, арам шөптер көп қалып, кейін жайылымда қаптайды. Тәуір шөп қуалаған мал көп жерді аралап, ақырында шаршайды, соңынан жайылуыға селқос болып, сүтін кемітеді, қоңдылығы төмендейді.

Жайылымдық жерлерді дұрыс пайдаланудың негізгі шараларының бірі – жайылымдарды қоршауға алу. Қоршаулар шөптердің мезгілсіз ерте тапталып, жайпалып қалуынан қорғайды. Көп жылдық шөптері бар қашаларды тұрақты қоршаулармен, ал ал бір жылдық дақылдары бар қашаларды электрқоршаулардың көмегімен қоршайды. Бұл мақсатта ЭП-3, ЛСХА-2, ИЭ-200 электрқоршаулары қолданылады. Малдарды қашаларда жайып бағу әдісін қолданғанда әдеттегі әдіспен салыстырғанда 20 - 25 % - ға жоғары жемшөп жиналады.

Жайылымдарды қашаларға бөлгенде мына жағдайлар ескеріледі: жайылым шөбінің оттылығы және ондағы шөптердің өсіп жетілетін мезгілдері, жайылымды пайдалану маусымы және онда неше күн жайылатындығы, әр бір өрісте сиырлар неше күннен болатындығы.

Қоршауларды темір бетонды бағаналардан, тікенді және тегіс сымнан дайындайды.

Қоршаулардың тиімді көлемі 25 – 30 га. Жайылымдық алаптың ортасында ені 30 – 40 м мал айдайтын жолдар орнатылады. Осы мал айдайтын жолдар әр бір қашадан қақпасы арқылы шығатын ені 30 – 40 м шығатын есікпен жабдықталады.

Зоотехниялық және ветеринариялық жұмыстарды жүргізу үшін малдарға арналған қашалары, жинақтаушысы, фиксаторы, қалқалы бокстары, бұзауларға арналған қалқалары, малдарды дауалауға арналған станоктары, таразылары, астаулары мен науалар, малдарды тиеуге арналған эстакадалары бар әмбебап карда орнатылады.

Дәнді дақылдарды қолданғанда шөптерді үлестеп шабу тиімді. Қашаларды үлестерге бөліп пайдалану кезінде малдардың қашаларда бағылу ұзақтығы 5 – 7 күннен аспайтындай есеппен жүргізу қажет.

Дәнді дақылды жайылымдардың көлемі малдарға қажетті жем-шөптің көлеміне және жайылымдық шөптердің конвейерлерінің өнімділік көрсеткіштеріне байланысты есептеледі. Азықтандыру нормаларына сәйкес, ет бағытындағы бір бас бұзаулы сиырға тәулігіне 12 – 13 азық өлшемін жоспарлау қажет. Малдарды осындай жемшөппен қамтамасыз еткенде бұзаулар тәулігіне 900 – 1100 г үстеме салмақ қосып, сиырлардың қоңы жақсарады (1-ші кесте).
1 – кесте Ет бағытындағы бұзаулы сиырларға арналған жайылымдық конвейер


Дақылдар мен шөптердің қоспасы

Бір және көп жылдық дақылдарды егу мерзімдері

Қолдану кезеңі

Пайдалану мерзімі,

тәулік

Тарлау қияқ

тамыз

12 – 21 /V

10

Жоңышқа + бидайық

2-5-ші жылғы



5 жыл

22 – 31/V

10

Жоңышқа +бидайық пен жоңышқа+арпабас 5-ші жылғы

5 жыл

1 – 20/V1

20

Сұлы, арпа

мамыр, 1 – 3

21/V1 – 5/VII

15

Судан шөбі 1-ші жыл себілген

мамыр, 10 – 15

6 – 20/VII

15

Судан шөбі 2-ші жыл себілген

маусым, 1 – 10

21/VII, 5/VII1

15

Сұлының көрпекөгі



6 – 10/VIII

5

Құмай

мамыр, 15 – 20

11 – 25/VIII

10

Балауса судан шөбі




21/VIII – 10/IX

20

Көп жылдық шөптердің көк балаусасы.

Табиғи жайылымдар






11 – 30/IX

20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет