Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

Жеке көмекші – Испаниядағы жаңа құбылыс, Еуропаның басқа елдерінде 
мұндай қызмет кем дегенде 20 жылдан бері көрсетілуде. Жеке көмекші – бұл 
күнделікті тіршілік етуге көмектесетін адам деп айтуға болады, яғни ЕБҚ бар 
баланың физикалық шектеулерге немесе қандай да бір себептерге байланысты 
өзі орындай алмайтын күнделікті істеріне көмектеседі [9]. 
Жеке көмекші ата-ана кез-келген уақытта берген барлық тапсырмаларды 
орындай отырып, өз қамқорлығына алған баланының қолына, көзіне, құлағына 
айналады. 
ЕБҚ бар бала мен көмекші өзара қарым-қатынастардың қандай болғанына 
қарамастан, еңбек келісімшартпен байланысқан. Осы еңбек қарым-
қатынастарында шешімдерді көмек көрсетілетін баланың ата-анасы 
қабылдайды. 
Жеке көмекшінің құқықтары түсінбеушіліктің алдын алу үшін алдын-ала 
белгіленеді және келісіледі, осылайша көмекші өзінің «бастығы» үшін жұмыс 
істейтінін және оның барлық жұмыс уақытында оның қарамағында екенін 
түсінеді. Осы уақыт ішінде шешімдерді ЕБҚ бар баланың ата-аналары 
қабылдайды, ал көмекші оларды жүзеге асыруда қажетті мөлшерде көмектеседі. 
Жеке көмекші бір уақытта бірнеше отбасына қызмет көрсете алады, 
сонымен қатар ЕБҚ бар бір баланың да орындайтын міндеттер сипатына 
байланысты бірнеше көмекшісі болуы мүмкін. 
Жеке көмекшінің жұмыс профилі ол орындауға тиісті тапсырмалармен 
анықталады. Яғни бірыңғай профиль жоқ, жеке көмекші орындауы тиіс
тапсырмалар әртүрлі болуы керек. Кейде оларды атап айту қиын болса да, 
сонымен бірге оларды түсіну және орындау оңай, өйткені олар ЕБҚ бар баланың 
отбасы көмекшісін орындауды сұрайтын тапсырмалар. 
Бұл баланың көру қабілетіндегі бұзушылықтарға байланысты қозғалыс 
кезінде көмектесу болуы мүмкін. Ақыл-есі кем балалар үшін көмек шешім 
қабылдау деңгейінде, сондай-ақ олардың күнделікті өмірін ұйымдастыруда 
қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ көмекшілер ақыл-есі кем балалардың отбасы 
алдын-ала әзірлеген нұсқауларды орындай отырып, тірек бола алады. Олар 
парақтарды ашып отыру, сауда жасау, көлік жүргізу, жазбалар жазу, телефон 
нөмірін теру, заттарды қою, бөлмені тазарту, жеке гигиенаны жүзеге асыруға 


17 
көмектесу, оқуда және басқа да көптеген жағдайларда бірге жүру секілді 
тапсырмаларды орындай алады. Балалар қажет ететін бұл қызметтерді тізіп 
шығу мүмкін емес. 
Жеке көмекші өз қызметін ұсынатын ЕБҚ бар баласы бар отбасы жағдайына 
байланысты кез келген тапсырманы орындай алады. Олар баланың жеке 
физикалық ерекшеліктеріне байланысты анықталады және әрқашан алдын ала 
келісілуі керек. 
Тапсырмаларды келесі топтарға бөлуге болады: 
жеке тапсырмалар – баламен тікелей байланысты барлық тапсырмалар, 
мысалы, жуындыру, киіндіру, төсектен тұрғызу, дәретханаға шығуға көмектесу, 
тамақ ішуге көмектесу, төсекке жатқызу, шешіндіру, дәрі-дәрмектерді дайындау 
және беру, телефон қоңырауларына жауап беру, жазбаларды жүргізу, 
парақтарды ашып отыру және т.б.; 
- сүйемелдеу бойынша тапсырмалар – ЕБҚ бар баланы (оның жасына 
қарамастан) үйге не оқу орнына барғанда, сапарларда және демалыс уақытында 
сүйемелдеу; 
- қозғалу кезінде көмектесу – кез-келген кеңістікте және кез-келген 
қашықтықта көлденең де, тік те қозғалуға көмектесу; 
көлік жүргізу – сүйемелдеуден басқа, көмекшінің өзі ЕБҚ бар баланы да, 
үшінші тұлғаларды да алып бару (алып келу) үшін көлікті басқаруы керек; 
коммуникация тапсырмалары – есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 
сурдоаударма, сондай-ақ ЕБҚ бар, мысалы БЦП бар балалар кейде пайдаланатын 
әртүрлі баламалы коммуникация жүйелерін түсіндіруде көмек көрсету
үйлестіру тапсырмалары – күнді жоспарлауда, шешім қабылдауда көмек 
көрсету; 
- ерекше тапсырмалар
– 
баланың жеке дағдарысынан (физикалық немесе 
психикалық сипаттағы) туындауы мүмкін тапсырмалар. Мұндайда көмекші 
әркез отбасы осындай жағдайларға арналған нұсқауларға сәйкес әрекет етуі 
керек; 
- дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезінде қолдау көрсету
Жеке көмекшілерді бағдарламаға қатысушы отбасылар қауымдастықтың 
қызметке үміткерлері арасынан таңдайды. 
Көмекшілерді оқыту қауымдастықтың өзінде, жұмыспен қамту қызметін 
жүзеге асыратын «Оқыту – жұмыс» бағдарламасы шеңберінде жүзеге 
асырылады (400 сағат теория және 1200 сағат практика) [9]. 
Барлық жеке көмекшілер тәуелсіз өмір философиясы негізінде оқытылады 
және осыған байланысты олар отбасының «ерекше» баламен қарым-
қатынасында тепе-теңдікті қалай қамтамасыз ету керектігін және олардың 
міндеті оның еркінің орындалуын өзіне қабылдау емес, оны жүзеге асырудағы 
ынтымақтастық екенін түсінеді. 
ЕБҚ бар баланың отбасы мен көмекші арасындағы қарым-қатынасы – бұл 
«бастықтардың» өз қарамағындағылармен қарым-қатынасы. Осы жағдайға және 
өзара қарым-қатынастың қарқындылығына және тым жақын болуына
қарамастан, екі тараптан да өзара құрмет басым болуы керек, жұмыс уақытында 
қарым-қатынас иерархиясы туралы нақты хабардар болуы керек. 


18 
Жеке көмекшінің эмоционалды фактор шешуші рөл атқаратын жұмыс 
сипатына байланысты, жұмыс шеңберіндегі және одан тыс тапсырмаларды 
орындауды ажырата білу қажет. 
Жұмыс тапсырмаларын отбасы алдын ала және мүмкіндігінше жазбаша 
түрде белгілеп алады. Оларды орындау кезінде қатынастар кез келген басқа да 
еңбек қатынастары секілді қалыпты болуы керек. 
Аты айтып тұрғандай, көмек жеке көрсетілуі тиіс, яғни ол ЕБҚ бар баласы 
бар отбасының қажеттіліктеріне бейімделген болуы тиіс. Сол себепті мұндай 
отбасы мен жеке көмекші арасындағы қарым-қатынас сипаты сапалы көмек 
көрсетудің негізі болып табылады. 
Жеке көмекші келесідегідей қасиеттерге ие болуы тиіс: 
- әлеуметтік жағдайларға сезімтал болу; 
- ЕБҚ бар баланың отбасының нұсқаулары мен тілектерін ескеру; 
- тапсырмаларды орындаудағы ұқыптылық пен дәлдікті ұмытпай, жасаған 
жұмысына байланысты жауапкершілікті түсіну; 
- жанжалды жағдайларда ұстамдылық пен тыныштықты сақтай білу; 
- ЕБҚ бар баланың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның автономиясын 
кеңейтуге ықпал ету. 
Сонымен қатар жеке көмекші: 
1. диалог жүргізе білуі тиіс; 
2. өзінің позитивті ойларын, сондай-ақ ақылға қонымды және негізделген 
формадағы негативті ойларын білдіре алуы тиіс; 
3. орындалатын жұмысқа қатысты өтініштерді орындауы, оның ішінде 
мінез-құлықтың өзгеруіне қатысты өтініштерді орындауы тиіс және ақылға 
қонымсыз шағымдарға жауап қайтара білуі тиіс; 
4. өз құқықтарын қорғай білуі, өз пікірін негіздей және білдіре білуі тиіс; 
5. өз қателіктерін мойындай білуі және кешірім сұрай білуі тиіс; 
6. егер талқылау тақырыбы немесе қандай да бір жауап белгісіз болса, 
білмегеніне сабырлықпен қарауы тиіс; 
7. орынды айтылған сынды қабылдап, орынсыз айтылған сынға жауап 
қайтара білуі тиіс; 
8. қызметтерді пайдаланушының таңдау құқығын құрметтеуі тиіс; 
9. отбасының ішкі жағдайларын құрметтеуі тиіс, мысалы: отбасы 
мүшелерімен де, басқа адамдармен отбасыға қатысты ақпаратты талқыламауы 
тиіс. 
Тиісті автономияны қамтамасыз ету үшін ерекше білім берілуіне қажеттілігі 
бар баланың отбасы, балалардың өздері: көмек сұрай білуі керек (балаға қажет 
көмекті нақты түрде білдіру); жеке көмекшінің және жеке көмекшілердің 
қызметтерін басқа да пайдаланушылардың жеке басын және қадір-қасиетін 
құрметтеуі керек [9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет