3. Префикстер мен жұрнақтар.Инфикстер. Циркумфикстер
4. Түбір және негіздің айырмашылығы. Байлаулы түбірлер
5. Флективті және сөзжасам морфемаларының грамматикалық ерекшеліктері
6. Супплетивизмдер. Лексикалық кемшіліктер. Бэк-формациялар. Біріккен
сөздер: компонеттеріндегі ішкі мағыналық байланыс. «Pullet Surprises»-тің
грамматикалық білімді анықтаудағы рөлі
7. Морфемаларды идентификациялау жолдары (4 кейстік талдау негізінде)
Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне
кіріспе» оқулығы бойынша 61-70 беттерде берілген жаттығуларды орындау.
Дәріс 3. Синтаксис – тіл білімінің ірі және маңызды бағыт, пән.
Синтаксистің құрылымы.
Дәрісте тілдің синтаксис қабатында
орын алатын заңдылықтар мен
ережелер,сөйлемдер категориясын сызба көмегімен анықтау, көпқұрылымды
сөйлемдер мен трансформацияның«d-structures», «s-structures» құрылымдары,
«Move» сызбасы, ASL – ым тілінің синтаксисінің
құрылысы терең талдауға
алынады. Келесі сұрақтар қарастырылады: Синтаксистік заңдылықтар.
Сөздердің дұрыс ретін, мағыналардың арақатынасы мен олардың орналасуын,
құрмалас сөйлемдердегі грамматикалық қатынастарды анықтау тәртібі.
Сөйлемнің құраушылары мен оны айқындайтын тестілер: «дербес»,
«есімдікпен ауыстыру», «біртұтастықта қозғалу». Әмбебеап грамматиканың
бір бөлігі ретіндегі Х-бар cызбасы. Оның 3 жинақтаушы «ережесі». Әмбебап
грамматиканың қағидаттары мен көрсеткіштері (арнайы сұрақтар негізінде).
Ым тілінің синтаксисі. ASL тілінің синтаксисі. Топикализация.
5-6-ші семинарлар тапсырмалары:
1. Синтаксис туралы ұғым. Синтаксистің нысана мен пәні.
2. Грамматикадағы бейсаналық ережелер.
3. Оқытылатын тілдеріндегі (қазақ, орыс, ағылшын, т.б.) сөйлем құрылымы.
4. Сөз
тіркесіндегі синтаксистік категориялар.
Лексикалық және
функционалдық категориялар.
5. Тіркестер құрылымы: «басы», «қосымша», спецификаторлар.
6. Тіркестік құрылым заңдылықтары.
7. Синтаксистегі рекурсивті заңдылықтар.
Х-бар cызбасындағы рекурсия
дереккөздерінің көрініс табуы.
8. Сөйлемдер категориясын сызба көмегімен анықтау. Көпқұрылымды
сөйлемдер. Трансформация: d-structures, s-structures, Move сызбасы.
9. Синтаксистік бағыныңқы құрылымдар. Wh-cұрақтардағы бағыныңқылық
сипат.
Достарыңызбен бөлісу: