Методические указания по внедрению книги «введение в языкознание»


-14-ші семинарларлар тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата08.02.2024
өлшемі427.49 Kb.
#491397
түріМетодические указания
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
annotation178694

 
13-14-ші семинарларлар тапсырмалары: 
1. Буын. Буын ядросы, басы және кода, райм.
2. Екпін. Екпіннің супрасегменттік қасиеті. Сөз тіркесі және сөйлемдегі екпін 
3. Диссимиляция заңдылықтары, эпентеза ережесі. 


4. Интонация және екпін. Өзгермелі екпін. Ырғақ немесе екпін контуры. 
Екпінді және екпінсіз тілдер.
5. Фонотактикалық шектеулердің орын алуының себептері. 
6. Просодиялық фонологияның жалпы сипаттамасы.
7. Оптималдық теорияның негізі.
8. Флэп. 
Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне 
кіріспе» оқулығы бойынша 264-272 беттерде берілген жаттығуларды орындау. 
Дәріс 8. Тіл және қоғам 
Дәріс лингвистиканың қарастыратын маңызды мәселелерінің бірі «тіл 
мен қоғам» ұғымын тілге тиек етеді. Әлем тілдері мысалында тілді 
қолданудағы ерекшеліктертер әлеуметтік лингвистика қағидаттар мен 
факторларына негізделіп, ғылыми түсініктер беріледі. Дәрісте, әсіресе, 
ағылшын тілінің диалектілері мен диалектілік аумақтар кең ауқымда алынып, 
қарастырылады. Лингва франкалар, пиджин және креол тілдерінің пайда 
болуы мен тілдік сипаттарына арнайы тоқталып өтіледі. Қостілділік пен 
қостілділік жағдайында кодтардың алмасуының қандай себептері 
болатындығы айқындалады.Дәрісте келесі сұрақтар қарастырылады: Диалект. 
Диалектінің пайда болуының алғышарттары. Жеке адамның сөйлеу ерекшелігі 
ретіндегі идиодиалект. Алғашқы диалектілік атластың құрастырылуы. 
Диалектілік аумақтар. Изоглосса. Изоглоссалар шоғыры. Америкалық өңірлік 
ағылшын тілі сөздігінің (DARE) америкалық диалектологиядағы алар орны. 
Лингвистикадағы тілдік байланыс. 

15-16-шы семинарлар тапсырмалары: 
1. Диалектік континуумның түзілуі. Диалектілік теңесудің тілде орын алуы 
2. Өңірлік 
диалектілердің фонологиялық, лексикалық, синтаксистік 
ерекшеліктері. Америкалық ағылшын тіліндегі р дыбысының сөзде түсіп 
қалуы фонологиялық диалектілік ерекшелік ретіндегі орны мен пайда болу 
тарихы. Акцент. 
3. Әлеуметтік диалектілер. Тіл пуристерінің тіл тазалығын сақтаудағы 
ұстанымдары. Тілдегі «стандарт» ұғымы. Стандарт америкалық ағылшын тілі 
(СААТ). А. Росстың «Қазіргі ағылшын тіліндегі таптық лингвистикалық 
белгілер» еңбегінде кездесетін «U», «non-U» тілді қолданушылары 
4. Тыйым салынған тілдердің тарихи алғышарттары 
5. Афро-америкалық ағылшын тілінің СААТ арасындағы фонологиялық, 
синтаксистік айырмашылықтары 
6. Гендерлік тіл ерекшеліктерінің түрлі тілдердегі көрінісі 
7. У. Лабовтың америкалық ағылшын тілі бойынша жүргізген әлеуметтік 
лингвистикалық талдауы 
8. Лингва 
франкалар; 
пиджин 
және 
креол 
тілдері, 
олардың 
айырмашылықтары; креолдардың пайда болуы; суперстрат және субстрат; 
«тұрақты пиджин»; ыммен сөйлесу мен пиджиннің байланысы 


9. Қостілділік (билингвизм): жеке адам және әлеуметтік билингвизм 
10. Жеке тіл қолданушысында тілдік кодтың алмасуының себептері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет