Дәріс 1. Тіл білімі. Тіл білімінің нысана мен пәні. Тіл дегеніміз не?
Дәрісте студенттерге тіл білімі жайлы жалпы түсініктер
ұсынылып,
адамның лингвистикалық құзыреттілігін танытатын көрсеткіш ретінде
грамматиканың салалары жеке-жеке қарастырылады. «Тіл»
атты жалпы
түсінік аясында жануарлар тіліне сипаттама беріледі. Лингвистер арасында
екіжақты пікір тудырып отырған әйгілі Сепир-Уорф болжамы «тіл мен ой,
сана» қатысында талдана отырып келесі сұрақтар қарастырылады:
Лингвистика – тіл туралы ғылым. Тілдің шығармашылық аспектісі.
Лингвистикалық құзыреттілік пен лингвистикалық шығармашылықтың өзара
байланысы мен айырмашылығы. Грамматика дегеніміз не?
Әмбебап
грамматиканың кез келген тілді меңгерудегі қызметі. Адами емес тіл дегеніміз
не? Жануарларлардың адам тілін «меңгеруіндегі» тәжірибелер.
1-2-ші семинарлар тапсырмалары:
1. Тілдің дыбыстық жүйесінің практикалық қолданылу ерекшеліктері
2. Лексика. Форма мен мағынаның шартты және еркін байланысы
3. Тілді білу және синтаксис
4. Дескриптивті (сипаттамалы) грамматиканың ерекшелігі
5. Прескриптивті грамматиканың пайда болу тарихы. Лоуфтың
прескриптивті грамматикасы
6. Оқытушы грамматиканың мақсаты
7. Әмбебап грамматиканың ым тілдеріндегі көрінісі
8. Биокоммуникация: құстар мен аралар тілі
9. Жануарларлардың адам тілін «меңгеруіндегі» тәжірибелер
10.
Тіл мен ой. Сепир-Уорф болжамы: Pro et contra (болжамның мықты
және әлсіз жақтарын талдау)
Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне
кіріспе» оқулығы бойынша 24-28 беттерде берілген жаттығуларды орындау.
Дәріс 2. Морфология мәселелері.
Дәріс инфлективті морфологияға қарсы
сөзжасамның негіздері мен
сөзжасамның заңдылықтары,
морфемалар, сөздің әмбебап/иерархиялық
құрылымы,
ым тілінің морфологиясына жан-жақты анықтауға арналады. Дәріс
бойынша келесі сұрақтар қарастырылады: 1. Морфология. Негізгі және
көмекші сөздер. Морфемалар: негізгі және қосымша морфемалар.
Сөзжасам
заңдылықтары. Грамматикалық ереженің көрнекі үлгісі ретінде сөздердің
иерархиялық құрылымын қолдану тәжірибесі.
Ым тілінің морфологиялық
ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: