Методические указания по внедрению книги «введение в языкознание»



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата08.02.2024
өлшемі427.49 Kb.
#491397
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
annotation178694

Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне 
кіріспе» оқулығы бойынша А, В, С қосымшалары негізінде мысалдар 
құрастыру. 124-132 беттерде берілген жаттығуларды орындау. 


 
Дәріс 4. Тілдің мағынасы. Семантика мәселелрі. 
Дәрісте тіл бірліктерінің мағынасын зерттейтін семасиология 
ғылымының түрлі салалары егжей-тегжейлі талқыланады. Сөйлеушілердің 
сөйлем мағынасын шындықпен байланыстыруы, мәтіндегі импликация мен 
көпмағыналылықты қабылдап, ажырату механизмі талдауға түседі. Сондай-ақ, 
дәріс лингвистикадағы прагматика мәселесі, оның негізгі бөлімі – сөйлеу 
актілері теориясына қатысты Х. Пол Грайстың постулаттары мен 
импликатура, презумпция, перформативті етістіктердің қолданылуы ағылшын 
тіліндегі мәтіндер негізінде талданады. Тілдің мағынасын анықтау барысында 
дәрісте келесі сұрақтар қамтылады: Семантика: лексикалық семантика, 
тіркестік немесе сөйлемдік семантика, прагматика. Фреге мен Б. Расселдің 
предикаттарды анықтаудағы тәсілі. Семантиканың 2 ережесі. Сөйлеушілер 
сөйлем мағынасы туралы не біледі? Композициялық семантика – 
сөйлемдердің тікелей мағынасы. Сөздердің тікелей мағынасы ретіндегі 
лексикалық семантика. Прагматика. Лингвистикалық мәнмәтін арқылы 
есімдік редакциясын анықтау жолдары. Сөйлеудегі Х. Пол Грайстың 
постулаттары: сапа постулаты, мөлшер постулаты, қарым-қатынас постулаты, 
әдеп постулаты 
 
7-8-ші семинарлар тапсырмалары: 
1. Мағына және шындық. 
2. Импликация және ұғымдардың байланысы. 
3. Көпмағыналылық және композициялық ұстаным. 
4. Композициялық семантиканың ауытқуы: аномалия, метафора, идиома. 
5. Референция. Мағына және мән.
6. Лексикалық қатынастың түрлері: синонимдер, антонимдер, омонимдер, 
полисемия, гипонимдер. 
7. Семантикалық 
ерекшеліктер. 
Семантикалық 
ерекшеліктер 
мен 
грамматиканың арақатынасы: классификаторлар; әрекеттік және статикалық 
сөйлемдер; болымсыз сөйлемдердегі грамматикалық мағынаны берудегі 
болымсыз полярлы элементтердің орны. 
8. Зат есім тіркестерінің аргумент ретіндегі қызметі. 
9. Агент және тақырып. 
10. Дейктикалық сөздер арқылы мәнмәтіннің мағынасын анықтау. 
11. Есімдік және жағдаяттық мәнмәтін. 
12. Импликатураның дискурстың мағынасын танытудағы қызметі. 
13. Презумпция. Презумпцияның импликатурадан айырмашылығы. 
14. Сөйлеуде перформативті етістіктердің қолданылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет