2. БЕСІНШІ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
3.1 Зат есімнің «Қазақ тілі» бағдарламасы мен оқулықтарында алатын орны
Зат есім туралы түсінікке оқушылар бірінші сыныпта сауат ашу әліппені үйрену кезінде-ақ ие болады.
Сауат ашу оқу және тіл дамыту, грамматика, емле және тіл дамыту барысында оқушылар оқу, әріптерді және оларды бір – бірімен тіркесу тәсілдерін дұрыс меңгеру үстінде көптеген жақлылы дара зат есімдермен танысады да ұйренеді.
Әліппенің алғашқы беттері көркем суретпен безетіліп (негізінде зат есімдер) ауызекі түрде сөз қорын байытуға бейімделген. Әр бір негізгі бір тақырыптың негізінде ұрылып, оқушылар тарыпынан сол заттардың аттары аталуы тиіс, сол заттардың атын қолдана отырып сөйлем түзуге арналған [23].
Мысалы, үшінші бетте оқу құралдары мен клас жабдықтары (тақта, парта, глобус, кітап, қалам т.б.) 12 бетте құрал саймандар (ара, күрек, балға, тырма) т.б. 14 – 19 беттерде үй – жануарлары (жылқы, лақ, қозы, тай, түйе, қой, ешкі сияқты); 29бетте транспеорт (машина, автобус, мотоцикл, свитофор); 15 бетте құстар (ғаз, үйрек, тауық, тырна, шымшық, қарлығаш т.б.)
Зат есімдерді атау барысында ол сөздердің буынға бөліп айту үшін буын белгілері де шартты түрде берілген әріптерді үйренуге арналған беттерде нақтылы көркем суреттермен жабдықталған.
Мысалы: А, а әріпін (32 – 33 беттерде) үйретуде алма, аю, арба, ай суреттері, О, о әрпі (34 – 35 беттерде) от, ожау, орындық, ойын, ою орақ. Н, н әрпі (48 – 49 беттерде) нан, нәр, нан, суреттері мен Анан, айна сөздері берілген.
Ал, 62 – 63 беттерде М, м әріпті үйренуді мотоцикл, машина, мысақ, маса, мата, май, мақта, моншақ, суреттері мен Аман, Айман, мал сөздері оқып Һ, буындап жазып оқушылар осы есімдер туралы түсінік алады.
Әліппенің соңғы беттері зат есімдерді бейнелейтін суреттермен қатар, оқу, тіл дамыту және жазуда дағдыландыру мақсатында және сөздер мен байланыстырып тоқу үшін текстер берілген (қызық әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар т.б.) Көркем тақырыпты негізінде орналастырған әріптерде үйрету барысында 600 жуықи зат есімдер суреттері мен сөздері келтірілген.
Кейбір зат есімдер бірнеше рет қолдана береді. Бұл жағдай оқушыларға сол зат есімдерді есіне сақтап қалуға, мағынасын өз құрылысын игеруге оларды байланыстыра қолдануына мүмкіншілік береді. Кейбір әріптерді үйрену де оқушыларға айта кету, қийындықтар кездеспейтіндіктен
айта кетуден көп зат есімдер сол үйрету үшін берілген әріптермен басталатын әлде қайта жеңілдік береді.
Я, я, Ю, ю, Е, е, ъ, ң әріптері тек сөз арасында я сөз соңында келтірілгендіктен орысша сөздер, ал кейде басқа сөз таптарына тиісті сөздерді пайдалануға тура келетіндігін ескеру керек (январь, апрель, пальто, шахтер, мантер, ою, аю, қияр, пияз, қоян, тақия, аңдар, тың).
«Әліппе» бетіндегі кейбір суреттер сол оқылатын әліппеге тиісті емес екендігін айта кету керек, кейбір суреттердің атын айтуда оқушылар екіленіп сенімсіздікпен қарайтындарын аңғарамыз (практика негізінде). Мысалы, 104 бетте әріпке тиісті өзен бейнеленген сол беттің жоғары бұрышында өгіз сүретін көреміз, ал, бірақ өзен бойында сиыр бейнеленгеннен, неге өгіз сүреті емес? Осы бетте өрік реңде берілген, өрік екеніне сенбейсін қарала деп қарасаң, астына өрік деп жазып қойған. Бөдене сүреті де ақиқаттан алыстау сияқты, бөденені жас балалар емес ересек кісілерде (тіпті мұғалімдерде) дәлелдеп айтуы қиындау емес пекен?
Осы бетте бөтелке, бөрік сияқты суреттерді салу тиімді болмас па еді?
Екінші сыныпқа арналған «Қазақ тілі» бағдарламасының зат есімдерге көңіл бөлінген [24].
Бірінші сынып бағдарлама материалдарын қайталау негізінде (4 сағат), Ы, І дыбыстарын үйрету кезінде зат есімдер кездеседі. Зат есімдер көптеген осы дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылуы дағдыландыру барысында зат есімдерді пайдалана білу үшін жаттығулар берілген. Диктант жазу және оны талдау жұмыстары жүргізілді.
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар арқылы жауап беру жиі қолданылып отырады.
Заттың атын білдіретін сөздердің қимыл, іс - әрекеттің иесін білдіретін мысалдармен байқату жұмыстары жүргізіледі. Сөйлем ұғымы беріліп онда кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөйлемнің басында, отртасында, соңына келтіріп сөйлемдер құрау арқылы зат есімдерді, басқа сөздермен байланысты үйрете бастайды.
15 сағат көлемінде бұлардан тиісті бастауыш пен баяндауыш заттың атын білдіретін атау тұлғалы сөздерден жасалған. Сөйлемдербді үйрету және оның тыныс белгілерін қоюға, дағдыландыруға бағытталған материалдар беріледі.
Мысалы, «Бұл кітап, Бұл Марат, бұл сурет т.б.» зат есім туралы түсінік беруге бұл сабақтар диктант жазу, талдаумен аяқталады.
І – сыныпта сонымен қатар зат есімдер ұ, ү, ы, ю, б, н, д, т, г, х, к, қ, л, р, н, ң дыбыс пен әріптер олардың кейбір тіркестерін үйрету кезінде мысал ретінде беріледі. Сол сөздерді айту және дұрыс жазу, жаза білу мәселесі де біржолата шешіледі.
Сөз және оның құралы туралы түсінік беру барысында да мысал ретінде де берілетін материалдардың басымы зат есімдер. Сөздің түбірін тапқызу, қосымшаны қосқаны сөз және сөйлем құратуында сөз туралы түсінік беру жұрнақтар арқылы жаңа сөз барысында да кездестіреміз.
Зат есімдер көптеп қолданылатынын айта кету керек. Зат есімдерді сөз тобы ретінде түсінік беруде 2 сынып бағдарламасы мен оқушының түсінік беруде 2 бағдарламасы мен оқулығынан орын алған. Зат есім және оның мағынасы кім?не? сұрауларына жауап беретіндігі жөнінде алғашқы түсінік беріледі.
Сонымен қатар, зат есімнің морфологиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік беріліп жеке және көпше түрлері, жалқы және жалпы есім категориялары туралы да алғашқы түсініктер мысалдармен басланыстыра беріле бастайды.
Бұл жөнінде қағидаларда ерекше берілген жаттығулар зат есімнің жекеше не көпше түрлерін табу, сол категорияларына мысалдар көрсету т.б. бағытталған. Сөйлем туралы ұғым оның түрлерін ұйрету барысында зат есімдерге аса көңіл бөлініп, сөйлем мүшесі туралы түсінік беру кезінде зат есімдерді бастауы ретінде келетінін аңғартуға лайық, В, ф, х, һ, ц, ч, щ, ь дыбыстары мен әріптерін үйрету негізінде мысал ретінде оқушылар көптеп жаңа зат есімдермен танысады. Олардың айтылуы, жазылуы және сөз құрамы жасалуы жолдарын дағдыландыруға бағытталған жаттығуларды орындап, сөз қорын байыта түседі.
Осы тақырыптарды өту барысында экран, электровоз, электр, экипаж, емен, екпін, елеуіш, экскурсия, эловатор, авгон, верталет, совхоз, волейбол, мавзалей, телевизор, трамвай, платон, куфайка, свитофор, шкаф, чемодан, участка, резинка, станция, революция, концерт, цемент, цех, цифр, руль, лагерь, конки т.б. сөздерді мағынасы айтылуымен, жазылуымен танысады. Оқулық үстінде кездесетін кейбір сөздер эсминец, эскандрилия, фуфайка, медальон.
«Сөз және сөз таптары» тақырыптарын оқыту барысында зат есімге едәір сағат бөлініп оқушыны санасында, зат есім туралы жалпы ұғым түсінік беріліп олар жөніндегі қағидалар берілген:
«Кейбір сөздер екі түбірден құралады, екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз дейміз. Олар бірігіп жазылады. Аққу (ақ – қу), күнбағыс (күн – бағыс)» [25].
Мысалы ретінде мынадай қос сөздер берілген: қызылкөл, келтекөл, Аұмарал, Амангелді, Көкжиек, Ырық, аяқ, Ботагөз, тасбақа, қара өлең, қараағаш т.б. айтылуы мен жазылуында кездесетін кейбір фонетикалық және орфографиялық ерекшеліктері де ескерту берілген. (к – г, қ – ғ) қос дауысты дыбысты бірінің айтылуы кезінде түсін қалуы.
«Қос сөздер» тақырыбында зат есімдер мысалында түсіндіріледі: әке – шеше, бала – шаға, темір – терсек, құрал – сайман, үйрек – ғаз, келін – кешек, жауын – шашын.
«Қысқарған сөздер» тақырыбында ажыратылған сағаттар негізінен зат есімдер бар сөз тіркестері берілген.
«Зат есім» тақырыбына ажыратылған сағаттар негізінен морфологиялық ерекшеліктеріне арналған болып мұнда зат есімді жасайтын жұрнақтарымен таныстырады. Зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі және жіктелу категорияларын үйретеді. Оқушылар көптік, тәуелдік және сепетік, жіктік жалғауларымен таныса отырып сол зат есімдердің грамматикалық формалары сөздермен байланысын игере барады. Әр морфологиялық категорияға тиісті қағидалар, оқулықтар орын алған. Әр тақырыпқа тиісті де тиімді жаттығулар жүйесімен беріліп ауызша, жазбаша түрде орындауға белгіленген материалдармен қамтамасыз етілген.
Оқулық бетінде мына тектес жаттығуларды кездестіреміз: 171 жаттығу төменде ескерілген сөздердің құрамынан байқаңдар: коньки, форточка, чек т.б. сөздер оқушылар үшін айтылуында, жазылуында қиындау сияқты ал, кейбірінің қазақша басы бола тура орыс тіліндегі формалары келтірілген. Сөздердің түбірінің жұрнағын анықтаңдар.
172 жаттығу сөздерге тиісті жұрнақ жалаң, туынды сөз жасаңдар, ол сөздерді жазыңдар.
174 жаттығу зат есімнің көпше түрінің түбірін көптік жалғауын ажыратып жазыңдар.
176 жаттығу көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып сөйлемдерді көшіріңдер.зат есімнің жекеше түрін астын бір, көпше түрінің астын екі сызыңдар.
183 жаттығу сөйлемдерді оқып, тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңдар. Тәуелдеулі сөзбен онымен мағыналық байланыста тұрған сөздерді бірге көшіріп жазыңдар.
206 жаттығу көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып сөйлемді көшіріңдер. Тәуелдік жалғаулы сөздердің жазылуын түсіндіріңдер.
217 жаттығу тексті көшіріп жазып, септік жалғауы бар сөздердің астын сызыңдар.
225, 288 жаттығулар зат есімдердің атау, ілік, барыс, жатыс, табыс, шығыс және көмектес септіктердің септелуіне арналған. Бұл септіктерге берілетін сұрақтарымен олардың жалғаулары қағида ретінде ерекше берілгендігін айта кету керек.
Айта кететін жай зат есім морфологиялық категорияларын үйретуде ауызша сөйлем құру, тіл дамыту мәселелеріне бейімделген жаттығулар тіпті кем.
Зат есімнің жіктелуі 289 – 303 жаттығуларды орындау барысында оқушыларға үйретіледі.
Сонымен қорыта келгенде зат есімнің морфологиялық категориясын оқыту барысында оқушылар зат есімнің жіктелу, тәуелдену, көптелу мен септелу бағдарлама мен оқулықтар тиісті орын алған.
Сондықтан контроль сынып пен экспериментті кластарда өткізілген тәжірибе мазмұнында осыған орай ұйымдастырылады. Оқушыларға зат есімдерді көптеу, жіктеу, тәуелдену және септелу мәселесінде сұраулар мен тапсырмалар беріліп, оның нәтижесіне талдау жасалып, қорытындыға келдік (Кесте 1).
Кесте 1
Оқушыларға зат есімдерді көптеу, жіктеу, тәуелдену және септелу мәселесіндегі сұраулар мен тапсырмалар
№
|
Тапсырма түрлері
|
Оқушы саны
|
ІІІ бақылау сыныбы
|
Оқушы саны
|
Эксперимент сыныбы
|
1
|
Зат есімдерді көпше түрде қолдану
|
16
|
12
|
4
|
15
|
11
|
4
|
2
|
Зат есімдерді жіктеу
|
16
|
12
|
4
|
15
|
11
|
4
|
3
|
Зат есімдердің тәуелдеу түрін қолдану
|
16
|
10
|
6
|
15
|
10
|
5
|
4
|
Зат есімдерді септеу
|
Атау септігі
|
16
|
10
|
6
|
15
|
10
|
5
|
Ілік септігі
|
16
|
14
|
2
|
15
|
+3
|
-2
|
Барыс септігі
|
16
|
11
|
5
|
15
|
10
|
5
|
Табыс септігі
|
16
|
10
|
6
|
15
|
10
|
5
|
Жатыс септігі
|
16
|
11
|
5
|
15
|
11
|
4
|
Шығыс септігі
|
16
|
10
|
6
|
15
|
10
|
5
|
Көмектес септігі
|
16
|
11
|
5
|
15
|
4
|
4
|
Бақылау байқаудың анализ жасағанымызда оқушылар зат есімдердің көптелу формаларын қолдануды көп нәтижелерге жол қоймайтынын аңғару керек.
Зат есімдерді жіктеп, сөйлем құруда оқушылар білім деңгейінде сол мөлшерінде тек кейде зат есімнің жалғауын дұрыс айта білуде қателерге жол береді.
Зат есімнің тәуелдену түрін пайдалануда жекеше және көпше түріндегі жалғауларды шатастырып жіберіп нәтижелерге жол беретінін анықтадық. Зат есімнің септелу барысында сол септіктердің қандай сұрауларға жауап беретінін жете түсіне бермейтінін анықтадық. Сондықтан сұрау беру арқылы тапсырмаға жауап алуға мүмкіндік алдық. Бұл маселелерде оқушылар септіктердің көпше және жекеше түрлерін қолдануға қателерге жол береді.
Қорыта келгенде зат есімді оқыту барысында зат есімдердің көптелу, тәуелдену және септелу түрлерін үйрене сол грамматикалық формалары оқушылардың өз сөйлемдерінде жиі қолдана білу дағдысын қалыптастыру үстінде тиімді де үтімді жаттығулардан пайдалану керек екендігіне көзіміз жетті. Оқыту эксперимент тәжірибе негізінде осыған орай ұйымдастырылған қорытындыға келдік.
3.2 Бастауыш сыныптарда зат есімді оқытуда жиі қолданылатын тиімді әдістер мен жаттығулар, оқыту эксперименті қорытындысы
Бастауыш сынып оқушылары қазақ тілінің жүйелі курсын дайындап боларлықтай мөлшерде грамматикалық түсінікпен толық өтілген тақырып материалдарын өз сөйлемдерінде дұрыс пайдалана білетіндігі дағды алулар қажет екендігін айта кеткен қажет.
Зат есімді оқыту, оның грамматикалық заңдылықтарын үйренуде оқушылар сол зат есімдерін дыбыс құрылысын, құрамын біліммен қатар сол сөздерді бір – бірімен қазақ әдебиет тілі нормаларына сәйкес байланыстарын сөйлем құрап негізгі айтылмақ ой – пікірге бағындыра байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыра барады. Айылған тіл қабылеттерін қалыптастыру барысында оқушылар жай және құрмалас сөйлем, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері жайында түсінікке ие болады.
Грамматикалық ұғым мен емле ережелерін оқушылар санасында қалыптастыру барысында байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастыруды бастауыш мектеп бағдарламасында мектеп оқушылар тәжірибесін бақылап үйрену нәтижесінде төмендегі әдістемелық принциптерге көңіл бөлу қажеттілігін анықтап береді [26].
1. Оқыту әдістерін дұрыс іріктеп алып, оларды тиімді пайдалану бұл әдістер оқушыларға саналы білім мен ерік дағды беруі олардың ой - өрісін дамытып, ақылын жетілдіре түсуі қажет.
2. Оқыту барысында қолданылатын әдістер оқушылардың нрамматикалық ұғымдары мен орфографиялық ережелерді толық түсініп жете меңгеретінін қамтамасыз етуі керек.
3. Оқыту барысында оқушылар өздерінің жас ерекшеліктерін қабілетіне сай тіл туралы фактілер мен мәліметтерге ие болу қажет. Ол үшін оқыту материалдары мен жаттығулар оқушыларды қызықтыратындай, ойландыратындай өздігінен орындауға талпындыратындай мазмұнды да қызықты болуы талапқа сай келеді.
4. Барлық оқу тақырыптары мен материалдары оқушының тілін дамытуға бейімделген болуы тиіс. әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде жүзеге асуы мәселесін әрдайым есте сақтаған жөн.
5. Грамматика сабақтарында түрлі жаттығуларды орындау барысында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, дағдыландыру басты мақсат болып қалуы тиіс.
Көздеген мақсат оқу мен грамматика сабақтарында оқушылар тарапынан өздігінен өз ойын бірнеше сөйлемнен баяндау, қысқа әңгіме құрау, сұраққа көлемді де толық түрде жауап беру, шағын, қысқа көлемде мазмұндама мен
шығармалар жазу (ауызша және жазбаша түрде) сияқты жұмыстарды орындау арқылы жүзеге асыру керек екендігін ұмытпау қажет.
Зат есімдер бала тілінде, байланысқан текстерде өте жиі кездесетінін ескерсек, олар үстінде (дұрыс айта, жаза білу, септей білу, түрлей, жіктей білу, сөйлем құрамында орынды қолдана білу) неғұрлым көп жұмыс істеу керектігі өз-өзіне белгілі.
Оқыту үшін бейімделген текстермен оқушылар тілі құрамының 30 – 40 проценті зат есімдер құрайтын байқау, талдау нәтижелерін, қасиеттерін көрсетіп отыр (Зат есімдер орнына қолданылатын есімдіктерді ескермегенде). Мысалы, 3 сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы 487 жаттығудағы текстің көлемі 47 сөзден тұрады. Оның 27-сі зат есімдер (60 процент).
Сол оқулықтың 225 жаттығудың 34 сөздің 16-сы, 287 жаттығудағы 34 сөздің 22-сі, 491 жаттығудағы 75 сөздің 37-сі, 519 жаттығудағы 50 сөздің 23-сі зат есмдер екендігі бұл сөздер үстінде жүйелі түрде жұмыс алып бару қажет екендігі дәлелденеді.
ІҮ-ші сынып оқушыларына мазмұндама үшін төмендегі
тақырыпты ұсындық
Ұжымдағы қысқы жұмыс
Даланы қар қаптаған. Жер ұйқыда. Жұмысшылар да, егін даласында жұмыс жоқ сияқты. Бірақ олай емес. Қыс ертенгі мол өнім үшін қамдану кезеңі. Мастерскойда трактор, сеялкалар жөндеуден өтуде. Олар жаз бойы тоқтамай жұмыс істеуі қажет.
Егіндерге ылғал керек. Сондықтан егін алқаптарына қысқы су қойылуда. Бұл су жердің сорын, тұзын да жуып кетеді. Жерге ттыңайтқыш салынып жатыр. Қысқы күн қысқа. Ауа райы суық, бірақ ұжым теплицаларында қияр, пияз, помидор, капусталар өсіп жатыр. Ал, фермаларда қыс бойы жұмыс тоқтамайды.
Мазмұндаманы үйрету барысында, мына төмендегідей дайындық жұмысы жүргізіледі:
-
Кіріс сөз. Мазмұндаманы жазудағы мақсат түсіндіріледі. Оқушылар текст мазмұнын түсініп қабылдауға бейімделген, кейін әңгіме өткізілді. Текстің мазмұнын игерумен қатар грамматикалық тапсырма барлығы айтылды.
-
Текст әдеби тіл нормаларына сәйкес оқып берілді.
-
Текст мазмұны үстінде жұмыс істеу.
А) Қысқы ауа райын сипатта?
Б) Қысқы күндері ұжымда не істпеліп жатыр?
В) Қысқы суару не үшін керек?
Г) Теплицаларда не өсіп жатыр?
4. Тексті мазмұны жағынан бөліктерге бөлу, әр бөлікті жоспарлау:
-
Қысқы дала.
-
Қыс ертегі мол өнім үшін қолай мерзім.
-
Егін даласына ылғал мен тыңайтқыш керек.
-
Теплицада жұмыс қызғын.
-
Мал фермаларында жұмыс тоқтаған емес.
5. Тіл мәселесі бойынша дайындық. Мына сөздер мен тіркестер тақтаға жазылады:
Егін даласы, қамдану кезеңі, мастерской, сеялка, жөндеу, ылғал, қысқы ауа, тыңайтқыш, теплица, қияр, помидор, капуста, ферма т.б.
6. Текст қайта оқылады.
Сонымен қатар текстке қосымша грамматикалық тапсырма берілді:
-
Зат есімдердің астын сызыңдар.
-
Асты сызылған сөздердің қай септікте, көптікте, жіктікте екендігін сұрау беру арқылы анықтағдар.
Оқушылармен әр түрлі тақырыпта шағын көлемде шығарма жазу жұмыстарын ұйымдастырдық, шығарма тақырыптары таңдалып белгілі бір сұрақтар беру арқылы шығарма жазуға үйреттік.
Менің анам (шығарма)
Сұрақтар: Сенің анаңның аты кім?
Анаң туралы не айта аласын?
Анаң қайда жұмыс істейді?
Оқудан тыс уақытта анаңмен не жұмыс істейсін? т.б.
Менің досым (шығарма)
Сұрақтар: Досыңның аты кім?
Онымен қай уақыттан доссыңдар?
Досыңның несі саған ұнайды?
Сен оған ұқсағың келе ме?
Бірнеше суреттен құралған қысқа әңгіме түзу жұмысында жиі өткізу тиіс.
Әңгіме құрауда мынадай мақсат белгіленеді:
-
Хабарлас сөйлемнен құралған әңгіме түзу;
-
Әңгімеге жоспар түзу;
-
Әңгімеге негізгі өзек болатын сөздерді анықтау (негізінде зат есімдер мен етістіктер);
-
Әңгіменің тақырыбын белгілеп, анықтап мазмұнын белгілеу;
-
Сөздерді дұрыс та, орынды қолдана білу;
Картиналарда бірнеше оқушының жеміс ағаштарын егіп, баптап, өнім жинауы суреттелген.
І. Оқыту мақсаты.
Суретші 3 картина сызған, өздеріңіздің міндеттеріңіз осы картиналар көмегімен әңгіме құрау.
ІІ. Сүреттерді мұқият көру, тақырып қою, жоспар түзу. Оқушылар әр картинаның тақырыбын анықтауы қажет. мысалы:
-
Жеміс ағаштарын отырғызу;
-
Ағаштарды баптау керек;
-
Жеміс ағаштары өнім береді.
ІІІ. Негізігі тақырып пен мазмұнын анықтау.
-
Не жөнінде әңгіме жазу керек? Тақырыбы қалай? (Балалар не істеді? Қандай ағаштар екті?)
-
Әңгіменің негізгі кейіпкері кімдер?
-
Сәкен картинада қандай бейнеленген?
-
Кім оған көмектесті?
-
Балалар жеміс ағаштарын қалай баптады, өсірді?
-
Жеміс ағаштары қандай өнім берді?
-
Мол өнім алу үшін нелер қажет?
-
Текстің негізгі мазмұны қалай? (Мол өнім алу үшін аянбай еңбек ету керек, жеміс ағаштарын баптай білу керек).
-
Текстің атын атаңдар?
ІҮ. Сөздер мен емле үстінде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру керек. Оқушылар әңгімеге өзек болатын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды, олардың мағынасына мұқият көңіл бөледі. Кейбір сөздерге мағына жағынан тектес сөздерді анықтайды (Жеміс ағаштарын баптау, гүлдеді, жеміс берді, аянбай еңбек ету т.б.). Кейбір сөздердің жазылу емле ережелерімен таныстырдық.
Ү. Әңгіме жазу. Оны тексеріп бақылау, қателер үстінде жұмыс жүргізу. Осы сияқты шағын әңгімелер құрай, шығарма жазу үстінде зат есімдер мен олардың грамматикалық формаларын қолдануына баса назар аударып отырған жөн.
Бастауыш мектептердің төртінші сынып оқушыларымен өткізілген мазмұндама, шығарма жазу, әңгіме құрастыру сияқты жұмыс барысында оқушылардың зат есімдер мен олардың грамматикалық формаларын дұрыс пайдалана білу қабілеті едәуір өсті, тіл байлығы нығайды.
Сайхунабад ауданының 24 мектебінің 4 сыныбында өткізілген тәжірибе нәтижелері де осы пікірлерді дәлелдеп отыр (Кесте 2).
Кесте 2
Зат есім мен олардың грамматикалық формаларын оқушылардың қолдана білу қабілеті
Тапсырмалар түрлері
|
Бақылау сыныбы
|
Эксперимент сыныбы
|
Оқушылар саны
|
Зат есімдер мөлшері (орташа)
|
Оқушылар саны
|
Зат есімдер мөлшері (орташа)
|
Зат есімдерді қолдана білу
|
20
|
76 сөз 28 зат есім 36 процент
|
20
|
86 сөз 36 зат есім 41 процент
|
Атау септікте
|
|
10
|
|
10
|
Ілік септікте
|
|
6
|
|
8
|
Барыс септікте
|
|
4
|
|
5
|
Табыс септікте
|
|
3
|
|
4
|
Жатыс септікте
|
|
3
|
|
4
|
Шығыс септікте
|
|
2
|
|
3
|
Көмектес септікте
|
|
1
|
|
2
|
Шығармаларды талдау нәтижесі эксперимент сынып оқушыларының зат есімдік формаларын (атау септіктен тыс) жиі қолданылатынын көрсетеді.
Зат есімдерді оның грамматикалық формаларын оқушыларға үйрету барысында үлгеріміне жоғарыдағы жаттығулар мен жұмыс түрлері өз әсерін тигізгені айқындалып отыр,
Сонымен, қорыта келгенде, зат есімді оқытуда оның грамматикалық формаларына баса көңіл аударып, мазмұндама, шағын шығарма, әңгіме құру және жазу сияқты жұмыс түрлері мен жаттығулардан тиімді пайдалану оқушылардың үлгерімін көтеріп, олардың тіл қорында зат есімдер мен олардың грамматикалық формаларының молая түсетіні анықталып отыр [27].
Достарыңызбен бөлісу: |